Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лемдік социология классиктері.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
43.68 Кб
Скачать

Гаэтано Моска

Гаэтано Моска (Gaetano Mosca) (1858 - 1941) - итальян саясаттанушысы әрі социологы, саяси қайраткер, заңгер.

Моска “Элементтері” (1895) шыққан уақытта неоконтшылдардың Ф.Ницше мен

А.Бергсонның идеялары кең танымал болып, итальяндық неогегельшілдер өз позицияларын нығайта бастағандығына қарамастан, позитивизм ықпалы әлі де сезіліп тұрған еді. Моска позитивзмге екі жақты көзқараста болды, өйткені осы мектептің кейбір өкілдерін сынай отырып, оның жалпы парадигмасына берілгендігін сақтап қалды. Конттың ілімін қарастыра отырып, итальян социологы оның қолданатын теологиялық, метафизикалық және позитивті сатылар ұғымдарына қарсылық білдірген жоқ. Алайда ол осы сатылардың үшеуі де адамзат дамуының әрбір кезеңінде бірге өмір сүреді деп есептегенімен, бұл сатылардың біртіндеп ауысу заңымен келіспейтіндігін білдірді. Итальян социологының байқауы бойынша, “позитивті сатыдағы” адамның ғылыми білімі дінге деген қажеттілікті жоққа шығармайды, “ал ол әлсіреген жерде социал-демократияның бұрынғыдан да пасық ырымшылдығы мен метафизикалық сандырағы күшейді”. Ол тарихи деректермен бекітілген интеллектуалды үш саты мен бірін-бірі алмастыратын саяси ұйымдар формалары арасындағы Конт параллельдерін таба алмады, оның ішіндегі бірінішісі - балалық шақты, екіншісі - есею кезін, ал үшіншісі - адамзаттың жетілуін білдіреді. Герберт Спенсер ілімінде Моска қоғамның екі типке: әскери (күштеуге негізделген) және индустриалды (еркін келісімге негізделген) болып бөлінуіне көңіл аударады. Бұлайша жіктеуді Моска “долбарлап” қабылданғандықтан қолайсыз деп есептеді. Спенсер үшін әскери қоғамнан жеке-дара қоғамға өту қоғамдық реттеудің сапалы жаңа дісінің пайда болғандығын білдіреді. Орталықтандырылған әскери мемлекеттегі “оң” реттеуден (яғни, “күштеуден іс-әрекет көшу”) қоғам өнеркәсіптік мемлекеттегі “теріс” (яғни, белгілі бір іс-әрекеттерге ғана тыйым салынған кездегі жеке-дара еркіндік) реттеуге өтеді. Моска Спенсермен пікір талас барысында кез келген мемлекет “оң” және “теріс”, яғни күштеуші және шектеуші әрекеттерді қатар жүргізіп отыратындығын баса көрсетті.

Географиялық детерминизм тұрғысындағы әлеуметтік саралану мәселесін Моска

Геродоттан, Гиппократтан және Ш.Монтескьеден бастап зерттейді. Оның тұжырымы бойынша өркениет дамыған сайын қоғам өміріндегі географиялық фактордың ықпалы әлсіреп, мәдени фактордың әрекеті күшейеді. Бұл айғақты дәлелдеу үшін Моска Г.Кардтың итальян социологы әрі криминологы Н.Колаяннидің еңбектерімен қатар көптеген деректерді пайдаланды.

Нәсілдік теорияларға көңіл аудара отырып, Моска өзінің заманында әлеуметтік

ғылымдарда бұл теориялардың нағыз экспансиясы жүзеге асқандығын көрсетті. Оның пікірі бойынша, қоғамдық прогресс пен халықтардың саяси ұйымы нәсілдік белгілерге тәуелді дейтін ілімдер, өзінің өмірге келуімен Дарвин іліміне және салыстырмалы лингвистика мен артықшылығы туралы көзқарасты теріске шығарды.

Өз заманындағы әлеуметтік теорияларға көзқарасын білдіре отырып, Моска социологиялық ғылым әдісі мен пәні туралы жеке түсінігін анықтады. Оның міндеті ретінде ол бұқаралық іс-әрекетке бағынатын заңдар мен тұрақты психологиялық үрдістерді ашу деп біледі және оның позициясы бұл жөніндегі Паретоның “Жалпы әлеуметтану тезисінің” бастапқы тезистеріне сәйкес келеді. Бірақ та Парето үшін социология Конт рухындағы қоғамды зерттейтін барлық ғылымдардың жалпылама көрінісі болса, ал Моска, негізінен, социология пәнін саясаттану зерттеулерінің бүкіл кешенінен бөліп қараған жоқ. Конт ұсынған социология пәнінің мазмұнын Моска тым ауқымды және анық емес деп есептеп, оны саяси ғылым деп атауды ұйғарды. Оның басты міндеті, саяси билік құрылысын анықтайтын тұрақты үрдістерді зерттеу деп есептейді, өйткені билік жүйесі осы уақыттағы қоғамның қандай екенін және неге ол дәл осы бағытта дамып отырғандығын білдіреді.