Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
леуметтану_силлабус.doc
Скачиваний:
65
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
148.99 Кб
Скачать

СИЛЛАБУС

«Әлеметтану» пәні

1. ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

бЕЙМИШЕВА аЙГУЛЬ СЕЙТЖАНқызы

Саясаттану және құқық кафедрасы. тел. 377-19-98

Кафедрада болатын уақыты – сабақ кестесіне сәйкес.

2. курсқа қысқаша мазмұны:

Пәннің мақсаты:

Студенттерге негізгі теоретикалық бағыттар мен ғылымда қолданылатын эмперикалық әдістер жөнінде кешенді білімдерді беру. Бағдарлама авторларының алдында “Соцология” пәнінің- фактілерге, өлшемдерге және болжамдарға сүйенетін, әлеуметтік қатынастарды зерттейтін ғылым ретінде пәндік зерттеу саласын ашу міндеттері тұр.Берілген пән әлеуметтік құрылым туралы, әлеуметтік процестер және әлеуметтік институттар - қоғам дамуының өте маңызды элементтері ретінде, әр түрлі социологиялық бағыттар мен мектептер, жинау әдістемесі және әлеуметтік ақпараттарды өңдеу жөнінде жүйеге келтірілген білімдерді алуға бағытталған.

Курстың міндеттері:

  • студенттерді Қазақстанда және одан шет жерлерде болып жатқан әлеуметтік үрдістерді еркін түсініп, талдай білуге үйрету.

  • әлеуметтану қызметтерін білу.

  • әлеуметтік ілімдердің тарихын, әлеуметтанудың қазіргі мектептерін білуге үйрету.

  • Қоғамдық құрылым ұғымын, топ әл.институттар, ерекшеліктерін, әлеуметтік жүйенің мәнін, құрылымын, қызметтерін, әлеуметтік топ түрлерін оқыту.

  • Тұлға түрлерін, тұлға әлеуметтену үрдістерді өту сатыларын білуге үйрету.

әлеуметтік зерттеу әдістерімен жұмыс жасау бағдарлама құру алғашқы мәліметтерді жинау болжам жасау, анықтау

3. курстың мазмұны

3.1 Дәріс сабақтарының тізбесі

Тақырып атауы

Көлемі, сағ.

Ағымды бақылау, балл

1.Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.

Әлеуметтанудың гуманитарлық пән ретінде қалыптасуының себептері мен жағдайы. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Әлеуметтік факт ұғымы. Әлеуметанудың қызметтері.

1

0,4

2.Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.

Классикалық әлеуметтану – О.Конт, Г.Спенсер, К.Маркс. ХХғ. әлеметтануы: А.Тойнби, В.Парето, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон. Негізгі парадигмалар: әлеуметтік факт (Э. Дюркгейм), әлеуметтік тәртіп (М. Вебер), әлеуметтік детерминизм (К. Маркс). Отандық әлеуметтанудың ерекшелігі. Қазақ әлеуметтік ойының дамуы.

1

0,4

3. Қоғам жүйе ретінде.

«Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі. Қоғамдардың жіктелуі. Қоғамның даму жолдары. Әлеуметтік институттар. Әлеуметтiк институттардың атқаратын қызметтері. Әлеуметтік топтар және оның түрлері.

1

0,4

4. Әлеуметтік стратификация және мобильділік.

Әлеуметтік құрылым қоғамның элементі ретінде. Әлеуметтік құрылым мен стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Стратификация теориялары. Жіктелудің тарихи түрлері. Таптық құрылым. Әлеуметтік мобильділік теориясы. Мобильділіктің түрлері.Мобильділіктің каналдары

1

0,4

5. Тұлға және әлеуметтену.

Тұлғаны зерттеудегі әлеуметтанулық бағыт. Әлеуметтік статус ұғымы: туабіткен, өсе келе жеткен, жеке, басты. Әлеуметтік рөл концепциясы. Рөлді сипаттау мінездемесі. Рөлдік таңдау. Әлеуметтену үрдісі. Әлеуметтенудің кезеңдері, түрлері және ерекшеліктері

1

0,4

6. Девиация және әлеуметтік бақылау.

Әлеуметтік нормалар мен құндылықтар әлеуметтік іс-әрекетті реттеуші ретінде. Әлеуметтік бақылау және оның қызметі. Девиация түсінігі.

Делинквентті және девиантты іс-әрекеттер. Санкция ұғымы.

1

0,4

7. Эмпирикалық әлеуметтану.

Алғашқы эмпирикалық зерттеулер. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы. Социологиялық зерттеудің әдіс- тәсілдері.

1

0,4

8. Отбасы әлеуметтануы. Отбасы институт ретінде, қызметтері мен түрлері. Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы. ХХғ. отбасының дамуы. Тұрмыс түсінігі мен түрлері.

1

0,4

9. Мәдениет әлеуметтануы.

Мәдениеттің әлеуметтанулық түсінігі. Мәдениеттің атқаратын қызметі. Мәдениет түрлері.

1

0,4

10. Экономикалық әлеуметтану.

Экономикалық әлеуметтану ғылым ретінде. Қоғамды әлеуметтанулық зерттеудегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер. Экономикалық іс-қимылдың әлеуметтік мәні. Экономикалық әлеуметтанудың пәні, объектісі және міндеті.

1

0,4

11. Этникалық әлеуметтану

Этноәлеуметтік процестер қазіргі кездегі ғылымдағы пәнаралық зерттеулердің феномені мен объектісі ретінде. Этникааралық қатынастарды социологиялық зерттеу.

Этносаяси қауымдастық және ұлттық саясат.

1

0,4

12. Дін әлеуметтануы

«Дін» ұғымының мәні. Діннің алғашқы формалары. Діннің негізгі элементтері. Діни сана. Әлемдік және ұлттық діндер. Қоғамдағы клерикализация, секуляризация, сакрализация процестері.

1

0,4

13. Қала және ауыл әлеуметтануы.

Әлеуметтік және территориялық бірлестіктер. Қалалық және ауылдық өмір салттары. Урбанизация процесі. Миграция және оның түрлері.

1

0,4

14. Жастар әлеуметтануы.

Жастар әлеуметтік бірлестік ретінде. Қазіргі жастардың құндылықтары. Жастарға тән субмәдениет.

1

0,4

15. Саяси әлеметтануы.

1

0,4