Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

лемдік саясат жне халыаралы атынас

.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
120.32 Кб
Скачать

1. Халықаралық қатынастар жүйесінің әлеуметтіктен тыс ортасы ретінде келесі түсінік беріледі:

А) *адам және адамзат қоғамы пайда болуына дейін болған тіршілік;

В) алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде қалыптасқандар.

С) антика әлемі дәуірінде қалыптасқан

D) ортағасырлар дәуірінде қалыптасқан

Е) индустриалдық дәуірінде қалыптасқан.

2.«Халықаралық қатынастар» терминін ғылыми айналымға енгізген:

А) 18-19 ғғ. кезеңінде ағылшын философы Дж. Бентам;

В) 20 ғ-да американдық футуролог және саясаттанушы Э. Тоффлер;

С) *20 ғ-да швед географы Р.Челлен;

D) 20 ғ-да неміс ғалымы К.Хаусхофер;

Е) француз әскери зерттеушісі П.Галлуа.

3.Қазіргі заманның халықаралық қатынасында орталық жүйе құрушы орнына тән

А) *халықаралық саяси қатынастарға;

В) халықаралық экономикалық қатынастарға;

С) халықаралық әскери қатынастарға;

D) халықаралық ұлттық қатынастарға;

Е) халықаралық мәдени қатынастарға.

4.«Халықаралық қатынастар теориясы» термині пайда болды:

А) *бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң;

В) франк-пруссиялық соғыс аяқталған соң;

С) наполеон соғысы аяқталған соң;

D) ағылшын-бур соғысы аяқталған соң;

Е) Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң.

5. Халықаралық қатынастар теориясы саласындағы ең беделді мамандар: Г.Моргентау, Д.Розенау, Д Модельски, М. Каплан, К.Дойч қай саяси ғылымның өкілдері болып табылады:

А)* американдық саяси ғылым;

В) неміс саяси ғылым,

С) француз саяси ғылым;

D) ағылшын саяси ғылым;

Е) италиялық саяси ғылым.

6. Дәстүрлі Қытайдың сыртқы саясатындағы конфуциандық көзқарас:

А) *изоляциондылық тенденцияларды дәлелдеді;

В) сыртқы әлемге ашықтықты талап етеді;

С) азиялық мемлекеттермен сыртқы қатынастарды шектеді;

D) еуропалық мемлекеттермен сыртқы қатынастарды шектеді;

Е) теңіз державаларымен сыртқы қатынастарды шектеді.

7. Алғашқы рет халықаралық қатынастардағы күш факторының рөлі анықталған «Пелопонес соғысы тарихының» авторы:

А) *ежелгі ойшыл Фукидид;

В) италиян ойшылы Н. Макиавелли;

С) неміс философы Г.Гегель;

D) голландық гуманист Э. Роттердамский;

Е) голландық ойшыл Гуго Граций.

8. Жалпы барлық халықтар үшін халықаралық құқықтың әмбебап нормалары қажеттігін дәлелдеген:

А) *Цицерон;

В) Н. Макиавелли;

С) Фукидид;

Е) П. Галлуа.

9. «Қайта өрлеу» дәуірінің қай белгілі саясаткері ішкі саясатқа ғана емес, сыртқы (халықаралық) саясатқа да моральдық нормаларды енгізбеді:

А)* Н.Маккиавелли;

В) Ш. Боден;

С) Л. Бруни;

D) М. Монтень;

Е) Я. Буркхярдт.

10. «Мемлекеттер – бір бірінен әскер мен қару арқылы қорғанатын «әскери лагерлер», деген фраза кімдікі:

А)* Т. Гоббс;

В) Г. Гегель;

С) Ж.Руссо;

D) А. Цицерон;

Е) Д. Локк.

11. Бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жоғалпаған қүрделі еңбектің авторы кім?

А) Гуго Граций;

В) Э.Роттердамский;

C) Д.Локк;

D) Э.Крюсе

E)* Ж.Руссо

12. И.Кант соғыс және бейбітшілік мәселесін қарастыра отырып, келесі идеяны корғады:

А)* мемлекет арасындағы қатынастарға құқықтың пайдалы ықпалы;

В) шиеленісті шешу үшін күш қолдану;

C) барлық мемлекеттерде әскерді көбейтудің қажеттілігі;

D) өзара қатынастарда моральдық нормаларды елемеу;

E) мемлекеттерді оқшаулау (изоляция).

13. Д.Бентам 1786-1789 ж.ж. мына құру жоспарларын ұсынды:

А)* әмбебап халықаралық ұйымды;

В) мемлекетаралық әскерді;

C) халықаралық үкіметті;

D) халықаралық сотты;

E) халықаралық парламентті.

14. Әлемдік масштабта жүзеге асырылатын, капиталдың басымдығын аяқтауға көзделген пролетарлық революция концепциясын жасаған:

А) *К.Маркс; Ф.Энгельс;

В) Д.Гоббс; Д.Локк;

C) Д.Бентам, Г.Гроций;

D) Л.Козер; Г.Зиммель;

E) А.Бентли, Ф. Оппенгеймер.

15. Жаңа ғасырда география мен саясаттың байланысты екеніне назар аударған:

А) Ж.Боден;

В) *Ш.Монтескье;

C) Ш.Мелье;

D) Д.Бентам;

E) Ж.Руссо.

16. Ф.Ратцельдің көзқарасы бойынша келешек халықаралық саясатында үстемдік болатын:

А) *кең континенталды кеңістікте орналасқан, ірі мемлекет;

В) ірі қарулы күші бар мемлекет;

C) құқықтың қазіргі заман жүйесін жасаған мемлекеттер;

D) бірұлттық мемлекет;

E) унитарлық мемлекет.

17. Геосаясаткер Р.Челлен халықаралық саясат туралы еңбектерінде қарастырды:

А)* күштің құқықтан басымдылығы тұрғысынан;

В) құқыттың күштен басымдылығы тұрғысынан;

C) халықаралық ережелерді елемеу тұрғысынан;

D) халықаралық құқықты бұзбау тұрғысынан;

E) мемлекеттердің экономикалық деңгейінің дамуы тұрғысынан.

18. Геосаясат теоретиктері арасында саясатты жүзеге асыруда күш тәсілдеріне бағдар алуы таратылған:

А)* неміс мектебінде;

В) Чикаго мектебінде;

C) Париж мектебінде;

D) Бостон мектебінде;

E) Италия мектебінде.

19. Мюнхендегі К.Хаусхофер басшылық ететін геосаясат институтының негізгі мақсаты:

А) *Германияның территориялық экспансия құрудың қажеттілігінің теориялық дәйектемесі;

В) Еуропалық Одақты құрудың қажеттілігінің теориялық дәйектемесі;

C) НАТО-ның әскери-саяси блогын құрудың теориялық дәйектемесі;

D) Ұлт лигасын құрудың теориялық дәйектемесі;

E) БҰҰ- ны құрудың теориялық дәйектемесі.

20. Геосаясаттық зерттеулеріне - « панидей тұжырымдамасына» ерекше үлес қосқан авторы:

А)* К. Хаусхофер;

В) К.Франц;

C) Ф.Науман;

D) К.Брук;

E) Ф.Ратцель.

21. Геосаясат ғылымына «Әлемдік арал» ұғымын енгізген.

А) *Х.Макинер;

В) К.Хаусхофер;

C) К.Франц,

D) К.Брук;

E) Ф.Ратцель.

22. Н.Спайкменнің геосаясаттық тұжырымдамасы мынаны дәлелдеді және негіздеді:

А) *қырғиқабақ соғыстың басты кезеңінің американдық сыртқы саясатын;

В) Германияның Батыс және Шығысқа бөлінуін;

C) АҚШ-тың Вьетнамдағы әскери экспанциясын;

D) КСРО-ны жоюды;

E) НАТО- ның ықпалын арттыру.

23. Н. Спайкмен сыртқы саясаттың мақсаты төменгідей болуын негізге алған:

А) *мемлекеттің күш потенциалын сақтау және көбейту;

В) көрші мемлекеттермен қалыпты қарым-қатынасты

C) шиеленісті реттеу қабілеттілігі бар халықаралық ұйымды құру;

D) халықаралық құқықтың ықпалын айналаға кеңейту;

E) мемлекеттер блогын құру.

24. Таяу және Орта Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азия қатарына қосылған «Бөлу белдеуі» ұғымын енгізген:

А) *американдық саясаттанушы Н.Спайкмен;

В) американдық геосаясаттанушы С.Коэн;

C) британ саясаттанушысы Х.Макиндер;

D) неміс саясаттанушысы К.Хаусхофер;

E) неміс саясаттанушысы К. Брук

25. АҚШ-тың саяси реализм мектебінің негізін қалаушы және белгілі өкілі:

А) *Г.Моргентау;

В) В.Вильсон;

C) Ф. Келлог;

D) Р. Нибур;

E) Л.Халле.

26. Р.Арон бойынша мемлекеттердің сыртқы саясаты үшін екі символикалық тұлға тән, олар:

А) дипломат және сарбаз;

В) ел басшысы және дипломат;

C) заң шығарушы және сарбаз;

D) судья және қылмыскер;

E) мұғалім және дәрігер.

27. Модернизм халықаралық қатынастар концепциясы ретінде енген жылы:

А) 1950 ж.ж. ортасында;

В) 1960 ж.ж. ортасында;

C) 1970 ж.ж. ортасында;

D) 1990 ж.ж. ортасында;

E) 21-ғасырдың басында.

28. Өзі біріктірген мемлекеттердің тәртібін белгілейтін құрылымның халықаралық қатынастарды өзара байланысты бөлімнен тұратын жүйе ретінде қарастыру пікірінің авторы:

А) Ч.Маккленд;

В) Р.Арон;

C) К.Райт;

D) М.Капплан;

E) К.Дойч.

29. М.Вебердің методологиясы бойынша Н.Форвард сыртқы саясаттық шешімді қабылдайтын тұлғаның үш идеалды түрін атайды. Қай жауап дұрыс?

А) асығыстар, тынымсыздар, арманшылдар:

В) интеллектуалдылар, тәжірибелілер, мемлекет қызмекерлері;

C) білімді, ұстамды, ұлтшыл;

D) харизматикалылар, қайраттылар, реалистер;

E) адал жандылар, жоғары білімділер, идеалистер.

30. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар туралы 1970-жылдан бастап дәстүрлі көзқарасқа негізгі қарсы болған тұжырымдама:

А) транснационализм;

В) модернизм;

C) неомодернизм;

D) консерватизм;

E) этатизм.

31. Дәстүрлі реализмнің неореализмге айнала бастаған жылы:

А) 1970 ж.

В) 1980ж.

C) 1985 ж.

D) 1990 ж.

E) 2000 ж.

32. Американ ғылымының неореализмінің негізін қалаушы :

А) Кеннет Уолтц;

В) Р.Макнамарру;

C) К.Райт;

D) Р.Энели;

E) Д.Дерияна.

33. К.Уолтцтың 1979 жылы шыққан және неореализмнің негізі болған кітабы:

А) «Халықаралық саясаттың теориясы»;

В) «Халықаралық құқық»;

C) «Қазіргі заманның халықаралық қатынастары»;

D) «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар»

E) «Жаһандану: процесі және ұғу»

34. К. Уолтцтың көзқарасы бойынша ең тұрақты халықаралық жүйе:

А) халықаралық жүйенің биполярлық моделі;

В) халықаралық жүйенің бірполярлі моделі;

C) халықаралық жүйенің көпполярлы моделі;

D) халықаралық жүйенің аралас моделі;

E) халықаралық жүйенің құрылымында ықпалдың айқынды полюстарының жоқтығы.

35. Неомарксистер 20 ғасырдың 70-жылдарында негізгі глобальды шиеленісті деп есептеген:

А) бай Солтүстік және кедей Оңтүстіктің қарама-қайшылығында;

В) екі астам держава – АҚШ және КСРО-ның қарама-қайшылығында;

C) НАТО және Варшавалық Келісім - екі әскери-саяси блоктың қарама-қайшылығында;

D) христиандық Еуропа және ислам әлемінің қарама-қайшылығында;

E) демократиялық және демократияға қарсы режимдердің қарама-қайшылығында.

36. Халықаралық қатынастар теориясының қандай бағыты «Географияның соңы» тұжырымдамасын ұсынды;

А) постмодернизм;

В) неомарсизм;

C) неореализм;

D) неоконсерватизм;

E) неолиберализм.

37. Ұлттық мемлекеттің моделіне кемітіп қарайтын:

А) постмодернизм;

В) неомарксизм;

C) неореализм;

D) неоконсерватизм;

E) неолиберализм.

38. Қай белгілі постмодернист дипломатия туралы бейбітшілік пен жарастырушылықтың құралы ретіндегі көзқарасты, Батыстың нақты сыртқы саяси практикасының мәнін жасыруға шақыратын миф деп қарастырған

А) Д.Дериан;

В) Р.Уокер;

C) С.Хардинг;

D) Р.Грант;

E) И.Валлерстайн.

39. Әлемде ерлердің үстем болуы легитимацияға (заңдылыққа) әкелгенін және саясат саласынан принциптерді алып тастауын айтқан феминистканың есімі:

А) Р.Грант;

В) С.Хардинг;

C) Ж.Хабуан;

D) В.Гардинг;

E) У.Смилден.

40. 20 ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық интеграцияның бірінші концепциясы:

А) функционализм концепциясы;

В) феминизм концепциясы;

C) постмодернизм концепциясы,

D) традиционализм концепциясы;

E) шиеленістіктің концепциясы.

41. 1943 жылы ағылшын зерттеушісі Д.Митрани қандай мақаласында Ұлттық Лига жеңілгенінің себебін, мемлекеттер оны өздерінің тәуелсіздігіне қауіпті екенін көрді, деп жазған?

А) «әлем және халықаралық ұйымның функционалдық дамуы»

В) «биполярлық әлемнің дезинтеграциясы және жаңа әлемдік тәртіптің перспективалары;

C) «басқарылатын хаос: халықаралық қатынастардың ерекше жүйеге қарай ауысуы»;

D) «әлемдік жүйелерді және қазіргі әлемдегі жағдайды талдау»;

E) «қазіргі кезеңдегі стратегиялық тұрақтықтық».

42. Федералдық құрылыс приципі бойынша құрылған мемелекеттерді құру мақсаты болған халықаралық интеграция концепциясын ұсынғандар:

А) неофункционалистер;

В) неомарксистер;

C) неолибералдар;

D) неореалистер;

E) неоконсерваторлар.

43. «Амальгамды» және «плюралистік» - саяси бірлестіктің екі түрін ұсынған интеграцияның функционалдық теориясының өкілі:

А) К.Дойч;

В) Д.Митрани;

C) В.Вильсон,

D) Р.Уокер;

E) Д.Дериан.

44. Қазіргі Европа Одағының негізін салушы;

А) көмір және болат Еуропалық қоғамы;

В) Ұлттық Лига;

C) Солтүстік-Атлантика блогы;

D) МАГАТЭ;

E) Халықаралық валюта қоры.

45. Еуропалық қоғамдастығын құру туралы Рим келісімінің бекітілуі:

А) 1957;

В) 1961;

C) 1965;

D) 1971;

E) 1975.

46. 1992 жылдың ақпан айында бекітілген бірлескен Еуропаның құрылу тарихындағы маңызды кезеңі болған:

А) Маастрихт келісімі;

В) Париж келісімі;

C) Версаль келісімі;

D) Рим келісімі;

E) Болон келісімі.

47. Федерализм, интеграцияның функционалдық теориясының негізгі бағыты ретінде, екі әлемдік соғыстың себебі және жауынгерлік ұлтшылдықтың көздері деп төменгіні санайды:

А) «мемлекет-ұлт»;

В) «ұлттылық партиялар»;

C) «ұлттылық идеология»;

D) бірнеше елдердің экономикалық артта қалуы;

E) мемлекеттердің территориялық талабы.

48. Реалистік бағыттың өкілі Томас Гоббстың болжамы:

А) мемлекетаралық шиеленіс пен соғыс тоқтатылады;

В) мемлекетаралығық шиеленіс пен соғыс тоқтатылмайды;

C) мемлекетаралық шиеленіс пен соғысты дипломатия арқылы тоқтатуға болады;

D) мемлекетаралық шиеленіс пен соғыс даму үшін қажет;

E) мемлекетаралық шиеленіс пен соғысты халықаралық саяси ұйымдар арқылы тоқтатуға болады.

49. «Саяси режим» ұғымының классикалық анықтамасы: «Халықаралық режимдер – белгілі салада акторлардың күтетіні үйлесетін шешімдер қабылдау принциптері, нормалары, ережелері және процедураларының» авторы:

А) американдық саясаткер - халықаралық саясатты білетін С.Краснер;

В) ағылшын зерттеушісі Д.Митрони;

C) американдық саясаткер Г.Алмонд,

D) американдық саясаткер Д.Розенау;

E) американдық саясаткер Г.Моргентау.

50. «Тарих соңы» еңбегінің авторы:

А) Ф.Фукуяма;

В) О.Шпенглнр;

C) Р.Гриффитс;

D) О.Янг;

E) Э.Гидденс.

51. Белгілі қазіргі заман саясаткері С.Хантингтонның мақаласы 1993 жылы маңызды дискуссия тудырды:

А) «Цивилизациялардың қайшылығы»;

В) «Тарихтың соңы»;

C) «Еуропаның соңы»;

D) «Батыс ерекшелі, бірақ әмбебапты емес»;

E) « Ұлы шахмат тақтасы».

52. С Хантингтон саясаттану ғылымына «бөлінген елдер» ұғымын енгізді. Олар:

А) Туркия, Мексика, Ресей;

В) Чехословакия, Германия, Югославия;

C) Кытай, Индия, Индонезия;

D) Грекия, Испания, Япония;

E) Молдавия, Грузия, Бельгия.

53. «Цивилизациялардың қайшылығы» тұжырымдамасын жетілдірген:

А) С.Хантингтон;

В) Ф.Фукуяма;

C) А.Тойнби;

D) З.Бжезинский;

E) И.Валлерстайн.

54. Саяси ғылымға «туысқан елдер синдромы» ұғымын енгізген:

А) С.Хантингтон;

В) А.Салмин;

C) Г.Хозин;

D) А.Неклесс;

E) А.Бэттлер.

55. Халықаралық қатынастар теориясындағы геосаясат концепциясының авторы:

А) З.Бжезинский;

В) С.Хантингтон;

C) Г.Киссинджер;

D) Д.Саймс;

E) Л.Турроу.

56. Американдық саясаттанушы З.Бжезинскийдің геосаясат тұжырымдамасында маңыздысы:

А) Ресей мемлекетімен қарым-қатынастар;

В) Қытай мемлекетімен қарым-қатынастар;

C) ислам әлемімен қарым-қатынастар;

D) Шығыс еуропа елдерімен қарым-қатынастар;

E) Еуропа одағымен қарым-қатынастар.

57. З.Бжезинскийдің пікірі бойынша Ресей империясының реставрациясына қауіптікті болдырмауында посткеңестік геосаясаттық кеңістігінде басты позицияда тұрған:

А) Украина;

В) Белоруссия;

C) Прибалтика мемлекеттері;

D) Қазақстан;

E) Молдавия.

58. Халықаралық қатынастар теориясының тұжырымдамасы «Әлемдік жүйелілік талдаудың» авторы:

А) И.Валлерстайн;

В) Г.Киссинджер;

C) Х.Магдалене;

D) В.Клаус;

E) Р.Зекрист.

59. Қай белгілі қазіргі заман саясаттанушысы кең таратылған пікірге қарсы, қырғиқабақ соғыс жеңіспен емес, либерализмнің тарихи жеңілісімен аяқталды деген пікір білдірді:

А) И.Валлерстайн;

В) Г.Киссинджер;

C) Х.Магдалене;

D) В.Клаус;

E) Р.Зекрист.

60. И.Валлерстайнның пікірі бойынша келешекте «Әлем-экономика» көлемінде инвестициялардың көпшілігі мына елдерге бағытталады:

А) Қытайға, Ресейде; Шығыс еуропа елдері;

В) оңтүстік-шығыс Азияға;

C) Украинаға, Грузияға, Молдавия;

D) Балкан елдері;

E) Үнді, Израиль, Мысыр.

61. И.Валлерстайнның әлемдік жүйелі талдау теориясына сәйкес өкіметтің репрессивті ықпалының күшейуі және либералды демократияның принципінен таяну мынаған әкеледі:

А) әлеуметтік және ұлттық қауырттылықты (напряженность)күшейуіне;

В) жаңа идеологияның пайда болуына;

C) діннің қоғамның сана-сезіміне ықпалының күшейуіне;

D) қылмыстылықтың көбейуіне;

E) студент жастардың толқынысына.

62. Американдық саясаттанушы И.Валлерстайн Ресейдің келешегін былай болжамдайды:

А) апат емес, өркендеу емес, Ресейге тән ойық тарихын;

В) экономикалық және әскери потенциалдың төмендеуін, оны дамудың перефериясына шегіндіруін;

C) экономика мен әскери өнеркәсіптің тез және тиімді дамуын;

D) өмірдің деңгейі мен сапасының төмендеуін;

E) өмірдің деңгейі мен сапасының елеулі жақсаруын, дамуын және өркендеуін.

63. З.Бжезинский Ресейге геосаясилық қарсыласы ретінде қандай посткеңестік мемлекеттерді атады:

А) Украина, Әзербайжан, Өзбекстан;

В) Литва, Латвия, Эстония;

C) Қазақстан, Тәжікістан, Түркменістан;

D) Молдавия, Белоруссия, Приднестровье;

E) Армения, Грузия, Абхазия,

64. Ф.Фукуяманың тұжырымдамасы «Тарихтың соңы» аталуына себеп болған:

А) қырғиқабақ соғыстың аяқталуымен байланысты өзгерістер;

В) Ауған жерінен кеңестік әскерлерді шығару;

C) Вьетнамда әскери әрекеттердің аяқталуымен;

D) Германияның қайта қауысуы (қосылуы);

E) Югославияның ыдырауы.

65. Халықаралық қатынастар өз сипаттамасы бойынша саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, идеологиялық, мәдениетті, әскериге бөлінеді, Оның ішінде ең маңыздысы:

А) саяси;

В) экономикалық;

C) ғылыми-техникалық;

D) идеологиялық;

E) әскери.

66. Халықаралық қатынастардың құрылымында ….. ерекшелейді:

А) алты деңгейді;

В) бес деңгейді

C) төрт деңгейді;

D) үш деңгейді;

E) екі деңгейді.

67. «Қырғиқабақ соғыс» кезеңінде халықаралық саясаттың глобальды деңгейі көбінде байланысты болды:

А) екі жақты кеңестік-американдық қатынастармен;

В) екі жақты кеңестік-еуропалық қатынастармен;

C) екі жақты еуропалық-американдық қатынастармен;

D) екі жақты еуропа-қытайдың қатынастармен;

E) екі жақты еуропа-азиялық қатынастармен.

68. «Қырғиқабақ соғыстың» соңғы кезеңінде глобалды деңгейдегі топтық қарым –қатынастар стратегиялық «Треугольникте» құрылды:

А) АҚШ-ҚХР-ҚСРО;

В) Англия-Франция-Германия;

C) АҚШ-Израиль-Пакистан;

D) Үндістан-Қытай-Еуропа;

E) Югославия-Түркия-АҚШ.

69. Халықаралық жүйелердің құрылымының мультиполярлық және биполярлық түрлерінің классификациясының негізі болып табылады:

А) осы құрылымға кіретін ұлы державалар саны;

В) осы құрылымға кіретін мемлекеттердің жалпы саны;

C) ядерлі қарулары бар мемлекеттердің саны;

D) бұрын колонияға ие болған мемлекеттердің саны;

E) ең үлкен территориясы бар мемлекеттердің саны.

70. Халықаралық қатынастар жүйесінің қызмет атқаруының негізгі құқығы:

А) динамикалық тепе-теңдікті қолдау құқығы;

В) әр мемлекеттің тәуелсіздігінің құқығы;

C) барлық мемлекеттердің теңдігінің құқығы;

D) атом энергиясын бейбітшілік мақсатында қолдануды регламенттейтін құқық;

E) саяси ауғындардың (беженцы) мәртебесін белгілейтін құқық.

71. Келесі пікірді кім айтқан: «Күш балансы және оны сақтауға мақсатталған саясат тәуелсіз мемлекетердің қоғамдастығында маңызды тұрақтандырушы факторды құрайды»?

А) Г.Моргентау;

В) З.Бжезинский;

C) И.Валлерстайн;

D) Д.Най;

E) Р.Кеохейн.

72. Американ саясаттанушысы М.Каплан ….анықтаған:

А) халықаралық жүйенің алты түрін;

В) халықаралық жүйенің бес түрін;

C) халықаралық жүйенің төрт түрін;

D) халықаралық жүйенің үш түрін,

E) халықаралық жүйенің екі түрін.

73. Халықаралық қатынастарды әмбебап жүйесінің тиімді жүйесі ретінде ұсынған:

А) американдық саясаттанушы М.Каплан;

В) американдық саясаттанушы С Хантингтон;

C) ағылшын геосаясаткері Д.Фейргрив;

D) ағылшын геосаясаткері Х.Макиндер;

E) неміс геосаясаткері К.Хаусхофер.

74. 1950 жылдары халықаралық қатынастардың дамуы БҰҰ-ның қызметінің тоқтауына әкелген:

А) АҚШ және КСРО-ның қатаң конфронтациясы;

В) АҚШ және Батыс Еуропа елдерінің катаң конфронтациясы;

C) Африка халқының колонияға қарсы қүресі;

D) ғылыми-техникалық революция;

E) әскери-саяси блоктарына қосылмау қозғалысының пайда болуы.

75. Регионалдық шиеленісудің пайда болуына себеп болған, Үшінші әлемде қарсыласатын блоктардың бәсекелесінің қүшейуі қай жылы басталды:

А) 1950 жылдардың аяғында;

В) 1960 жылдардың аяғында;

C) 1970 жылдардың аяғында;

D) 1980 жылдардың аяғында;

E) 1990 жылдардың аяғында.

76. Қазіргі заманның қай саясаттанушысы екінші әлемдік соғысынан кейін Германия мен Жапонияның халықаралық жағдайын сипаттай отырып, оларды «саяси карликтер» деп атады:

А) С.Хоффман;

В) С.Кортунов,

C) М.Каплан;

D) А.Раппопорт;

E) А.Бэттлер;

77. АҚШ Иракқа қарсы әскери операцияны .....өткізді:

А) БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің келісімі арқылы;

В) БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің келісімісіз;

C) Сол кездегі мемелекет басшысы Саддам Хусейннің келісімі арқылы;

D) Саддам Хусейннің келісімісіз;

E) Жетекші араб елдерінің келісімі арқылы

78. Қазіргі кезде астам державалар рөліне талап ететіндер:

А) АҚШ;

В) Ресей;

C) Қытай;

D) Германия;

E) Франция.

79. Посткеңестік кеңістігінде қазіргі кезде күштің басты орталығы:

А) Ресей;

В) Украина;

C) Белоруссия;

D) Казахстан;

E) Әзербайжан.

80. Өзінің ядерлік потенциалы бойынша әлемде екінші орындағы мемлекет:

А) Ресей;

В) Солтүстік Корея;

C) Иран;

D) Қытай;

E) Үндістан.

81. АҚШ-тың сыртқы саясаты бұрыңғы шектеуші елден келесіге байланысты айрылды:

А) биполярлық жүйенің ыдырауымен және екінші астам державаның жойылуына;

В) 2003 жылғы 11 қыркүйектің террактына;

C) Еуропа Одағының біртұтас конституциясын қабылдамауына;

D) біртұтас Германияның қайта қауысуына (қосылуына);

E) әлемдік экономиканың долларизациясына.

82. М.Капланның халықаралық жүйелердің теориялық моделіне сәйкес, «вето» жүйесі бойынша:

А) мұндай жүйенің мүшелері одақтың құрылуына бейімді емес;

В) мұндай жүйенің мүшелері міндетті одақтарға енеді;

C) мұндай жүйенің мүшелері қандай болса да бір актордың жеке билігінің орнатылуына ұмтылады;

D) мұндай жүйенің мүшелері қосылмаған мемлекеттердің рөлімен санаспайды;

E) мұндай жүйенің мүшелері міндетті атом қаруына ие болады.

83. Халықаралық қатынастар теориясының негізгі проблемасы:

А) халықаралық шиеленістің проблемасы;

В) экономикалық өзара байланысы проблемасы;

C) идеологиялық келіспеушілік;

D) атмосфераға өнеркәсіптік қоқыстар проблемасы;

E) ішетін су проблемасы.

84. Халықаралық шиеленісудің пайда болуы мен дамуы мемлекеттер арасында пайда болатын объективті қарама-қайшылықпен ғана емес, мына субъективті факторлармен де байланысты:

А) мемлекеттердің өзінің сыртқы саясатымен;

В) мемлекеттердің өзінің ішкі саясатымен;

C) мемлекеттердің өзінің экономикалық мәселелерімен;

D) мемлекеттерлдің өзінің әлеуметтік мәселелерімен;

E) Халықаралық валюталық қорының қызметі.

85. Халықаралық шиеленістердің классификациясында көбінде оларды мыналарға бөледі:

А) симметриялық және ассиметриялық;;

В) ішкі және сыртқы;

C) экономикалық және әлеуметтік;

D) ұлттық және конфессионалдық;

E) аумақтық және эксаумақтық.

86. Канадалық саясаттанушы А.Раппопорт халықаралық шиеленістің классификациялық критерийі ретінде ұсынды:

А) халықаралық щиеленістің өтуінің түрі;

В) халықаралық шиеленістің арта түсуінің себебін табу;

C) халықаралық шиеленіске тартылған мемлекеттердің саны;

D) ядерлік потенциалды шиеленісте қолдану;

E) шиеленістің өтуінің ұзақтығы.

87. Канадалық саясаттанушы А.Раппопорт бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ең қауіптісі төменгі формада дамыған шиеленіс деп санаған:

А) «шайқастар»;

В) «ойындар»;

C) дебаттар»;

D) «талаптар»;

E) «ескертулер».

88. Халықаралық саяси дағдарыстың қауіптілігінің мағынасы мынада:

А) ол шиеленіскен жақтарды қарулы қақтығысқа әкеледі;

В) экономиканың қатты құлдырауын тудырады;

C) қоғам идеологиясының радикалды өзгертеді;

D) шиеленісуші елдерде үкіметтің ауысуына әкеледі;

E) шиеленісуші елдердің азаматтарының меншігін қайта бөледі.

89. Халықаралық шиеленістің шарты бойынша келіссөздер процесі бөлінеді:

А) төрт кезеңге;

В) алты кезеңге;

C) бес кезеңге;

D) үш кезеңге;

E) екі кезеңге.

90. Халықаралық шиеленістің аралығында келіссөздің кеңістігі деген:

А) ұстанымдардың (позиция) жартылай түйісуінің негізінде және келіссөзге потенциалды қатысушылардың бір-біріне жол берудің кандай да бір өзара келісімділік нәтижеге жету осы жағдайда мүмкін болады;

В) осы мемлекеттердің басшыларымен бірге халықаралық шиеленістің қатысушылары арасында келіссөздер өтетін мемлекеттердің аумақтары;

C) халықаралық шиеленіске қатысушылар, мемлекеттердің бірінші басшылары қол қойған келіссөздердің шарттарын және олардың қортындысын белгілейтін құжаттардың тізімі;

D) шиеленісуші мемелекеттер арасында үшінші жаққа уақытша бітім (бейбітшілік) жасауға ерік беретін, халықаралық құқыққа негізделген құқықтық база;

E) қарулы күштерді, әскери қақтығыстар өткен және шиеленістің себебі мен қарулы қақтығысты бастағандардың жауапкершілігінің дәрежесіне объективті баға беру себебі бойынша келіссөздік процестің өтетін жері бола алатын территориялардан шығару.

91. «Жаһандану» терминін 1983 жылы алғашқы рет «Гарвард бизнес ревью» журналында басылған мақаласында қолданған:

А) Т.Левит;

В) С.Амир;

C) И.Валлерстайн;

D) Й. Гантлунг;

E) Д.Розенау.

92. «Нашар квазимемлекеттерде бизнес үшін қажетті минималды тәртіпті қамтамасыз ететін жергілікті полиция бөлімі деңгейіне дейін тез жеткізуге болады: олар жаһандық корпорациялардың бостандығын шектейді деп қауіптенбеуге болады» деген пікір кімдікі

А) З.Бауман;

В) Т.Левит;

C) Д.Розенау;

D) Д.Сорос;

E) Д.Снайдер.

93. «Бостандық және оның шегі» атты еңбегінде басылған 1997-1998 жылдарғы қаржылық дағдарысты талдаудың авторы:

А) Д.Сорос;

В) С.Хаффман;

C) Д.Рудквист;

D) Э.Геллнер;

E) Б.Льюис.

94. Батыс Еуропа елдерінде қазіргі кезде жаһандану жағдайында айқын күшейеді:

А) негізгі тенденциялар;

В) орталық тенденциялар;

C) экономикалық интеграция;

D) миграциялық тенденция;

E) реэмиграциондық тенденция.

95. Белгілі саясаттанушы Д.Снайдердің пікірінше бұқаралық ұлтшылдықтың өсуіне әрдайым себеп болатын:

А) демократияның кеңейуі және бостандығы;

В) демократияның тарылуы, сөз бен баспасөз бостандығының шектелуі;

C) экономикалық артта қалудың және жұмыссыздықтың өсуі;

D) мемлекеттерде мигранттардың көбейуі және ұлтаралық қатынастарда шиеленістіктің күшейуі;

E) билеуші элитаның мұқият ойланбаған ішкі саясаты.

96. Посткеңестік кеңістікте Еуроазиялық экономикалық қоғамның құрылуының жетекшісі:

А) Н.Назарбаев;

В) Б.Ельцин;

C) А.Акаев;

D) Э.Шеварднадзе;

E) Г.Алиев.

97. Елшілікті қоса, дипломатиялық өкілдердің қызмет атқаруы, олардың қызметкерінің іс-әрекеті, мынадай нормалармен регламенттеледі:

А) 1961 ж. дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвециясы;

В) 1965 ж. сыртқы байланыстары туралы Лондон келісімі;

C) 1966 ж. халықаралық байланыстар туралы Вашингтон пакті;

D) 1967 ж. елшілер туралы Париж хартиясы;