Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмысты ы готов.doc
Скачиваний:
159
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
524.8 Кб
Скачать

31.Қылмыскердің жеке басы және қылмыс субъектісі ұғымдарының ара қатынасы.

Қылмыскердің жеке басы мен қылмыс субъектісі ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Қылмыскердің жеке басы ұғымы қылмыс субъектісі ұғымына қарағанда кең ұғым. Енді осы екі ұғымды жеке жеке талдайық. Сол кезде неге қылмыскердің жеке басы ұғымы қылмыс субъектісі ұғымына қарағанда кең ұғым екендігі ашыла түседі.

Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық заң қылмысттық жауаптылыққа өзінің істеген іс әрекетіне есеп бере алатын және өзін өзі басқаруға қабілеті бар адмды, яғни есі дұрыс емес адамды ғана тарта алады. Қоғамға қауіпті іс әрекет істеген кезде есі дұрыс емес күйде, өзінің іс әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын, өз әрекетін басқара алмайтын адам қыдмыс субъектісі бола алмайды. Демек, қылмыстың субъектісі болып кез келген адам ғана емес, тек есі дұрыс адам танылады.

Қылмыс субъектісі жауаптылық жасына , яғни белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс тұлға болуы керек.

Ал қылмыскердің жеке басы қылмыс субъектісінің критерийлерімен қоса басқа да ұғымдарды қамтиды. Қылмыскердің жеке басы белгілі бір жауаптылық жасына толуы, есі дұрыстығы секілді критерийлерді қамтумен қатар қылмыскердің әлеуметтік жағдайы, белгілі бір қызметпен айналысуы немесе айналыспауы және т.б. ұғымдарды қамтиды. Сол себепті қылмыскердің жеке басы кең ұғым. Қылмыскердің жеке басы мәліметтеріне оның аты жөні, туған жылы, жұмыс орны, қандай жұмыспен айналысатындығы, мекен жайы, отбасы туралы мәліметтері, табыс мөлшері, басқа да табыс көздерімен айналысатындығы туралы мәліметтер және де т.б мәліметтер жатады. Қылмыскердің жеке басы ұғымы немесе осыған байланысты мәліметтер негізінен крминолистикада пайдаланылады. Белгілі бір адамды ұстау немесе оның аңду, ол адамның басқа да қылмыстық топтарға қатысы бар ма жоқтығын білу үшін қажет. Ал қылмыс субъектісі деген ұғымды және оның белгілері жауапкершілікке тартып, жаза тағайындау үшін қажет.

32. Қылмыс жасау сатылары, оның түрлері. Қылмыс жасау сатылары дегенiмiз—қылмыскердiң өз ниетiн жүзеге асыру дəрежесi мен нақты бiр

қылмыстың обьективтiк жағын жүзеге асыруды бiр-бiрiнен ажырататын қасақана қылмыстың дамуының

белгiлi бiр кезеңдерi. Аталған сатыларды анықтау қылмыскердiң қылмыстық жауаптылығын жəне жазасы жөнiндегi мəселенi шешу үшiн қажет болып табылады.

ҚР қылмыстық заңы қылмыс жасаудағы қылмыскердiң ниетiн жүзеге асыруды үш сатыға бөледi:

1).Қылмысқа дайындалу,

2).Қылмысқа оқталу;

3).Аяқталған қылмыс.

Қылмыс жасау сатылары терминiн заңшығарушы қылмыстық заңда «аяқталған« жəне «аяқталмаған«

қылмыстар терминiмен сипаттайды. ҚК-ң 25-бабына сəйкес аяқталған қылмыс деп – адамның жасаған

əрекетiнде қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi болса танылады. Ал

аяқталмаған қылмысқа қылмыстық əрекеттiң 2 түрiн жатқызады;

а). адамның еркiнен тыс себептермен үзiлген қылмыстар қылмысқа дайындалу жəне қылмысқа оқталу;

б). əрекет етушiнiң еркiмен тоқтатылған қылмыс, яғни қылмысты аяғына дейiн жасаудан адамның өз

еркiмен бас тартуы.

Дегенмен, аяқталмаған қылмысты құрайтын қылмысқа дайындалу жəне қылмысқа оқталу əрекеттерiне адам ойындағы қылмыстық ниеттi табуды, бiлiп қоюды жатқызуға болмайды. Себебi, адамның ҚК-ң Ерекше бөлiмiнде қарастырылған қылмысты жасауға бағытталған, бiрақ зиянды əрекеттермен нақты көрiнбеген қылмыс жасау ниетiн қылмыстық iс-əрекет деп тануға болмайды. Iс-əрекетпен көрiнбегеннiң барлығы қылмыстық құқықтық реттеуден тыс жатады.

Сондықтан, қоғамға қауiптi iс-əрекетте көрiнбеген қылмыстық ниеттi табу (мысалы,күнделiктi

жазбалардан белгiлi болған ойлар) қылмыстық жауаптылықты көздемейдi. Алайда, қылмыс жасауға деген кiнəлiнiң ниетiн алдын-ала табу құқық қорғау органдарының қылмыстылықпен күресу қызметтерi үшiн маңызды болып табылады.

Қылмыс жасау сатыларының қылмыстық құқықтық маңызы ең алдымен, қылмысты саралау кезiнде

байқалады. Белгiлi бiр қылмыс аяқталды ма, жоқ əлде аяқталмаған қылмыс па, егер аяқталмаса қандай сатыда тоқтатылды деген мəселенi шешу үшiн маңызды. Бұл жағдайда қылмыс жасаудың əрбiр алдыңғы сатысын екiншiсi сiңiрiп отыратынын ескеру қажет. Басқаша айтқанда, адам алдымен дайындықəрекеттерiн жасайды, содан соң адам өмiрiне қол сұғады жəне соңында оны өлтiредi. Мұнда дайындық сатысы оқталу сатысына сiңiрiлiп, адам аяқталған адам өлтiру қылмысы үшiн жауапқа тартылады.

Сонымен бiрге қылмыс жасау сатыларын анықтаудың елеулi тəжiрибелiк мəнi бар. Қылмыстық құқықта жауаптылық пен жазаны жекелеу iстiң барлық мəн-жайларын, соның iшiнде қылмысқа дайындалу дəрежесi мен қылмыстық ниеттi жүзеге асыру туралы мəселенi ескеруге негiзделедi.

ҚК 24-бабына сəйкес «тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, əзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мəн-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.

Тiкелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған iс-əрекет, егер бұл орайда қылмыс адамға

байланысты емес мəн-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмыс жасауға оқталу болып

танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]