Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмысты ы готов.doc
Скачиваний:
159
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
524.8 Кб
Скачать

43. Іске аспаған қылмысқа қатысушылық үшін жауаптылық.

Іске аспаған айдап салушылық азғырушының қылмысты орындауға азғырылған адамның қылмысты істеуге көнбеуі немесе алғаш көнгенімен қылмысты нақты іске асыру кезінде оны істеуден бас тартуы болып табылады. Яғни мұндай жағдайда айдап салушы қылмыс істеуге барынша жағдай жасағанымен, бірақ оның ойы өз ырқына байланысты емес себептермен жүзеге аспай қалады. Айдап салушының мұндай әрекетінде қылмыс құрамы болса, онда ол ҚК-нің 24-бабында көрсетілген қылмысқа дайындалғандық үшін жауапқа тартылады.

Іске аспаған көмектесушілікке қылмысты орындауға алдын ала келіскен адамға қателесіп жарамды құралдың орнына жарамсыз құралдар беріп көмектесу немесе қылмыс істеуден өз еркімен бас тартқан адамға, сондай ақ қылмысты істеп бітірген адамға көмек көрсетулер жатады. Іске аспаған көмектесушілік қылмысқа дайындалғандық деп саналады және осы үшін жауапқа тартылады.

  1. Қылмысқа қатысушылықтағы арнайы субъектілердің жауаптылығы.

Кейбір қылмыстардың орындаушысы болып тек арнаулы субъектілер танылады. Мысалы, лауазымды,әскери қылмыстарды алайық. Мұндай қылмыстардың тікелей орындаушысы жай субъект емес, арнаулы субъект - әскери қызметшілер, лауазымды адамдар ғана болады. Қылмыстың басқа қатысушылары - ұйымдастырушылар, айдап салушылар немесе көмектесушілер арнайы емес жай субъектілер болады. Қылмыстық заңда бұлтуралы арнайы көрсетілген. Яғни, жай адамдар арнайы субъектілердің орындайтын қылмысына қатысқанда олардың әрекеті әр уақытта да 29-бапқа сілтеме жасай отырып сараланады.

45. Қылмысқа қатысушының қылмыстан бас тартуы және оның салдары

ҚК бойынша адамның қылмыс істеуге дайындалу әрекетін не әрекетсіздігін тоқтату, егер адам сол қылмысты аяғына дейін жеткізе алатын мүмкіндігі бола тұра қылмысты аяқтаудан өз еркімен бас тартса ол қылмысқа қатысушының қылмыстан бас тартуы болып табылады. Егер адам қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартса, ол осы қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмысты ақырына жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Өз еркімен бас тарту болған іс әрекет қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Қылмыстан өз еркімен бас тарту қылмыстың әр сатысында яғни қылмысқа даярлық, қылмысқа істеуге оқталғандық сатыларының әр қайсысында бола алады. егер қылмыскер алдын ала қылмысқа даярлағанда жүзеге асыру мүмкіндігі болмай қылмыс жасаудан бас тартса, онда бұл қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту болып табылмайды. Бас тарту себептері әр түрлі: заңнан қорқуы, басқа адамдардың үгіттеуі, жәбірленушіні аяуы және тб.

Қылмыс жасаудан бас тартудың екі белгісі:

  1. өз еркімен бас тарту керек;

  2. біржола бас тарту керек:

Жаңа ҚК бұрынғы кодекске қарағанда қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы арнайы түрде көрсетілген.

Қылмысқа қатысушылар деп ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші және орындаушыны айтамыз.

Қылмысты ұйымдастырушы мен айдап салушы адамдар мемлекеттік немесе өзге де құқық қорғау органдарына хабарлаумен немесе осындай өзге де іс әрекеттермен орындаушының қылмысты аяғына дейін жеткізуіне жол бермесе қылмыстық жауаптылыққа тартылмауға тиіс делігнен. Сонымен қатар, еген орындаушы қылмысты аяқтағанға дейін оған алдын ала уәде етілген жәрдемнен бас тартса, немесе өзге де көрсетілген көмектін салдарын жойса қылмысқа көмектесуші жауапқа тартылмайды.

Ал егер ұйымдастырушы, айдап салушының іс әрекеттері қылмысты болдырмауға әкелмесе, онда олардың бұл әрекеттері жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән жайлар болады. Алайда оны өкінумен шатастыруға болмайды. Өкіну келтірілген зиянның орнын толтыру, кешірім сұрау, материалдық зиянын өтеу сияқты іс әрекеттерден тұрады.

Орындаушының қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартуы дегеніміз оның алдын ала келісілген қылмысты мүлдем істемеуі немесе дайындық барысында бас тартуы болады. Орындаушы дайындық барысында өзге бір қылмыс құрамы бар болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Ұйымдастыраушы, айдап салушы және көмектесуші бірлесіп қылмыс істеуге көп жағдайда қылмыс істелгенге дейін қатысады және олардың іс әрекеті орындаушыға қылмыс жасауға барлық жағдайларын туғызады. Сондықтан ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесушінің қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы орындаушының алдын ала келісілген қылмыс істеуіне дейін болуы керек.Олар орныдаушыны қылмыс жасаудан бас тартқызуға, қылмыстың жасалуына барлық жағдайларды жоюға, қылмыс жайлы дер кезінде өкімет орнына, жәбірленушіге, басқа адамдарға хабарлауға және тб сол сияқты әрекеттер жасау керек. Мұндай олардың қылмыс жасаудан бас тартуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатады. Ал егер олардың әрекеттерінен ештене шықпаса, онда жаза тағайындауда бұлар ескеріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]