Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмысты ы готов.doc
Скачиваний:
159
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
524.8 Кб
Скачать

67. Асановтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 9-бабының 2-бөлімінде көрсетілген ережеге сай келе ме?

Жоқ, Асановтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 9-бабының 2-бөлімінде көрсетілген ережеге сай келмейді. Себебі бұл бапта елеулі маңызы болмайтын қоғамдық қауіпті емес, яғни мемлекетке, жеке адамға, қоғамға зиян келтірмеген, ондай қауіпті туғызбаған әрекет/әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды деп айтылған. Бұл жерде Асановтың әрекеті оқталу емес, бұл қорқыту мен тонау әрекеттері, яғни бұл қылмыс.

68. 15 жасар Бокин алмаспен бірнеше автобуспен троллейбустың орындықтарын алмаспен тіліп тастады.

  Бокиннің әрекетінде қылмыс құрамы бар ма?

Бұл есепте қылмыс объектісі меншіктік қатынастар (бөтен адамның меншігіндегі мүлік), объективтік жағы бөтен адамның меншігіндегі мүлікке зиян келтіру. Субъективті жағы бөтен дамның мүлкін тікелей қасақана түрде. Субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға болу керек, алайда есептің берілгені бойынша Бокинның жасы 15. Сол себепті бұл есепте Бокинның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ.

69.Есеп.

Козлов өзінің әйелін көршісі Смирновтан қызғанып, мас күйінде қолына балға алып, Смирновтың меншігіндегі Вольво көлігіне жоғары мөлшерде зиян келтірді, яғни әйнегін сындырды, есігін, капотын майыстырды. Барлық келтірілген зиян 980 мың теңгені құрады.

Қылмыстың объектісін және затын анықтаңыз.

Қылмыс объектісі: меншіктің нақты бір нысаныжеке тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады. Бұл жағдайда – жеке тұлғаның меншігіне қол сұғу. Қылмыстың заты: меншік объектісі деп танылған жеке тұлғаның Вольво көлігі.

70. Сердюковтың әрекеті абайсызда жасалған қылмыс деп бағалауға болады...Ең алдымен кінә формасын анықтау керек. Бұл абайсыздықпен жасалған қылмыс болып табылады. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенсе, қылмыс менмендiкпен жасалған қылмыс деп танылады.

71. менин ойымша себепти байланыс жок, ойткени медицина сараптамасымен далелденген төбелес кезінде Ребровтың денсаулығына келтірілген зардап жәбірленушінің өліміне әкелуіне мүмкін емес екені.

72. Кәмелеттік жасқа толған Сәлімов пәтер ұрлау үшін топ құрды. Топтың құрамына 12 жасар Шөкеев, 15 жасар Асқаров кірді. Осы топ бірнеше ұрлық жасады және тағы да бөтен пәтерге кіру кезінде ұсталды

1. Қылмыстың субъектісі кім болып табылады?

2. Аталған адамдар арасында қылмысқа қатысушылықтың белгілері бар ма?

1.Бұл жерде, қылмыстың субъектісі-қылмысты ұйымдастырушы+қатысушы+орындаушы кәмелеттік жасқа толған тұлғадан және қылмыс құралы болып табылатын кәмелеттік жасқа толмағандардан тұратын топ. Яғни, қылмыстың субъектісі-топ.

2.Иә, аталған адамдар арасында қылмысқа қатысушылықтың белгілері бар. Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар қылмыс құралы болып табылса да, бұлардың қылмысқа қатысушылықтың белгілері бар. Олар: объективті және субъективті белгілер. Объективті: бір қылмысқа бірнеше адамдардың қатысуы; ұрлық істеуге, оның орындалуын жүзеге асыруға бағытталу. Субъективті: қылмысты қасақана істеу; келісушілікпен жүзеге асыру, нәтижеге жету үшін ортақ қылмыстық ниеттің болуы.

73. 1. Паршин қылмыстық жауаптылыққа тартылады, себебі қылмыс жасаған кезiнде психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипатымен қоғамдық қауiптiлiгiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

2. Жоқ, себебі есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдетушi мән-жай ретiнде ескередi және ол Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн негiз бола алады.

74 есеп. Бұл жердегі жасалған қылмыстағы кінәнің формасы абайсызда жасалынып отыр, Есин Будзинді атып, оны жарақаттаймын немесе өлтіремін деген ниет істеген жоқ, бұл жерде байқаусызда шананы бұру кезінде оқталған қарудың шүріппесін іліп кеткендіктен болып отырған қылмыс. Алайды Есин байқаусызда, абайсызда жасады, ол шүріппен басылуын тілеген жоқ деп оны жауаптылықтан босатуға болмайды, себебі Қылмыстық Кодекстің 253-бабының санкциясында, атыс қаруын ұқыпсыз сақтауда былай жазылған: атыс қаруын оны басқа адамның пайдалануы үшін жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол белгілі бір зардаптарға әкеп соқса – екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады делінген. Сондықтан бұл есептің жауабы ретінде: Ия, Есинді жауаптылыққа тартамыз деп жауап беремін.

75 . Аверкин берковты өлтіру ниетімен оның басынан ауыз затпен ұрды. Берковты өлді деп санап, Аверкин қылмыстың ізін жасыру үшін оны өзенге лақтырды. Қылмыстық істі тергеу барысында анықталғандай, Берковтың өлімі келтірілген соққыдан емес, өзенге батудан болған, ал соққы бар болғаны уақытша есін жоғалтуға себеп болдған.

Жасалған әрекетке қатысты Аверкиннің психикалық қатынасын анықтаңыз. Кісі өлімі қасақана жасалды ма, әлде абайсыздықта жасалды ма? 

1. психикалық қатынасы- интеллектуалдық белгілері- адамның өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін сезінуі, одан белгілі бір зардаптың туындайтынын көре білу;еріктілік белгісі- сондай іс-әректтің болуын тілеуі.2. тікелей қасақаналық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]