Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмысты ы готов.doc
Скачиваний:
159
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
524.8 Кб
Скачать

62. Қосымша жазалар және олардың сипаттамасы

Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын,жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса,онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда бұл туралы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні соттаған кезде қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табылса, сот оны ҚК-нің 55бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана ҚК-нің 55бабына сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолданбауы мүмкін.Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-нің 41 немесе 50баптарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгілеген шектен аспауы керек. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалынбайды.Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны ҚК-ң 55бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып,қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін. Қосымша жаза жеке дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

1)арнаулы, әскери немесе құрмет атағынан,сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен,біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

2)мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.

63. Аралас жазалар және олардың сипаттамасы

Жаза – сот үкімімен тағайындалатын мәжбүрлеу шарасы.

Аралас жазалар түрлері:

  1. Айыппұл

  2. Белгілі қызметпен айналысу немесе лауазым иелену құқығынан айыру

  3. Қоғамдық жұмыстарға тарту.

Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы мүмкін.

Адамды жазалаған кезде ол оған әсер ететіндей болу керек.

Айыппұл. Қылмыстық Кодекстің 40 бабы бойынша: «Айыппұл – осы Кодексте көрсетілген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең шіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу» (40 бап, 1-бөлігі).

Қылмыстық жаза шарасы ретінде айыппұл төлеуге сотталған адам белгілібір материалдық қиындыққа тап болады. Айыппұлдың жазалау қасиеті дәл осындай жағдайда көрініс табады. Кінәлі адамнан үкім бойынша ақшалай өндіру сотталған адам және басқалар үшін тәрбиелік мәні зор және мұның өзі қылмыстан сактандыруда ерекше рөл атқарады.

Айыппұл 25-20мың есептік көрсеткіш көлемінде немес сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді. Заңда айтылған өзге де табыстар деген ұғымға жалақыдан басқа алатын жеке еңбек қызметі, авторлық қаламақы, мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады.

Қылмыстық атқару құқығы бойынша айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды төлеуді міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге мұршасы жоқ болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді немесе төлеуді заңда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.

Айыппұлды төлеуден қасақана жалтару белгілері:

  • табыстарын жасыру;

  • өзінің жасырынуы;

  • бас тарту.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.

Б.л. а.... айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (41 бап).

Қылмыстық Кодекстің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза біріктірілген:

Белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру. Жазаның бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануы мүмкін болмаған жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296 бап), тұтынушыларды алдаған адамдарға (223 бап), қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176 бап) қолданылуы мүмкін.

Мұдай жазаны қолданеу негізінен қызмет бабын немесе кәсіптік қызметін пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты қайталап жасауына бөгет қою, мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру б.т. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара айырмашылығы мынада: біріншісі сотталған адамды мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым иесі болуға тиым салады. Мысалы, материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдық қызмет атқармау.

Екіншісі, сотталған адамның белгілі қызметпен (кәсіппен) шұғылдануына тыйым салу. Мысалы, дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға тыйым салу, көлік құралдарын ж.ргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю және т.б.

Б.қ.а.немесе л.и.қ.а. негізгі жаза ретінде 1жылдан 5 жылға дейін, қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға дейін тағайындалады. Бұл жаза осы лауазымды немесе қызметті пайдаланып қылмыс жасаған жағдайда қолданылады.

Негізгі жаза ретінде қолданғанда басқа жазаны қолдануға болмайды, ал қосымша жаза бас бостандығынан шектеуге, айыруға қосып тағайындалады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту. Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады. Жазаның бұл түрі негізгі немес қосымша жаза ретінде ҚКтің Ерекше бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығын сот 60 сағаттан 240 сағатқа дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын егер сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе оқумен айналыспаса күніне сегіз сағатқа дейінгі, бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес мөлшерде тағайындайды және сотталған адам оны негізгі жұмысынан және оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталған адамдардың істейтін қоғамдық жұмысарының тізбегі жергілікті өкімет немесе жергілікті өзін өзі басқару органдары арқылы белгіленеді. Сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған ретте олар осы Кодекстің тиісінше 45, 48баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бір күні қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледі.

Әскери қызметшілерге, елу жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, І немесе ІІ топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға тарту тағайындалмайды.

64. Бас бостандығынан айыру жазасының сипаттамасы..Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі. Қамау сотталған адамды тағайындаған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау б.т. Бас бостандығынан айыру сотталушына колония қонысқа жіберу, жалпы, қатағ ,ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Өлім жазасы ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай ақ соғыс уақытында жасаған аса уары қылмыстары үшін ең ауыр жаза ретінде белігленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтінім ету құқығы беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]