Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмысты ы готов.doc
Скачиваний:
159
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
524.8 Кб
Скачать

76. Төлеев көршісі Ивановты өлтіруді көздеп, күртешесінің астына балта тығып, Ивановтың үйіне кетіп бара жатырғанда полицияның учаскелік инспекторына ұсталды.

1. Төлеевтің әрекеттері қылмыс жасаудың қай сатысында тоқтатылды?

Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады. Бұл қылмыс аяқталмаған қылмыс болып саналады. Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде соның себебінен қылмыс ақырына дейін жетпеген мән-жайлар ескеріледі. Бұл жерде қылмыскер қылмысқа оқталып, құрал тайындап және белгілі бір адамға зиян келтіремін деген ниетпен қылмысқа оқталған алайда белгілі бір себепке байланысты қылмыс аяғына дейін аяқталмай қалды.

77.Ауыл дүкенінен Дрыгин және Моисеев бағалы заттар ұрлау үшін Носовпен уәделесті. Бірақ кейін Носов өзінің уәдесін орындай алмайтындығын айтып бас тартты.

Носов жауаптылыққа тартыла ма, жауапты негіздеңіз. Носов жауаптылыққа тартылмайды.

26-бап. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту

1. Адамның дайындау iс-әрекеттерiн немесе қылмыс iстеуге тiкелей бағытталған дайындалу iс-әрекетiн тоқтатуы не iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам қылмысты ақырына дейiн жеткiзу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту деп танылады. Егер адам бiр қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен және бiржола бас тартса, ол осы қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.       2. Қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

Егер орындаушы қылмысты аяқтағанға дейiн оған күнi бұрын уәде берген жәрдемнен бас тартса немесе көрсетiлiп үлгерген көмектiң салдарын жойса, қылмысқа көмектесушi қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.

78. Кобиков Семеновтың пәтеріне балкон арқылы кіріп, магитафонды алып кетті. Біраз уақыттан кейін ол ұрлық жасау мақсатымен сол пәтерге қайтып кірді, бірақ пәтер иесіне ұсталып қалды.

Кобиковтың әрекеттері бір әрекет пе, әлде бірнеше рет жасалған қылмыс па екендігін анықтаңыз.

Бірінші рет қылмыс аяқталды деп саналғанымен, Кобиковтың біраз уақыттан кейін пәтерге екінші рет кіргені - екінші рет оқталу болып табылады. Сондықтан да, бұл жағдайда бірнеше рет жасалған қылмыс болып саналады.

Бұл қылмыс – Ұрлық, 175-баппен сараланады. Ол ерекше бөлімінің 6-тарауында орналасқан. Баптың 2-ші тармағындағы б және в пункттерімен анықталған. Яғни, 1)бірнеше рет жасалған ұрлық; 2)тұрғын қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралының салонына заңсыз кірумен анықталады.

79. Ғалым дәрігерлер Гусев және Малошенко мүгедіктікке .....

Олардың жасаған әрекетін ақтауға болмайды. Өйткені:

бұл жерде вакцинаны егіп тексеруде, олар тәуекел етіп тұр. Және бұл тәуекел орынсыз болып, ақталмады. ҚКте Егер ол адамдардың өміріне, денсаулығына көрінеу қатер төндіретін, экологиялық апатқа немесе өзге де зардаптарға әкеліп соқтырса, тәуекел орынсыз деп танылады.деп көрсетілген. Бұл жерде олар қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

80.Қосаева тұтынушыларды алдағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айыруға, қатаң режимдегі түзеу колониясында жаза өтеуге сотталды. 1. Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жiберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегi түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.

2. Үкiм шығару кезiнде он сегiз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жалпы немесе күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.

5. Бас бостандығынан айыру:       а) абайсызда жасаған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға - колония-қоныстарға;

в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезiнде және қылмыстардың аса қауiптi қайталануы кезiнде әйелдерге - қатаң режимдегi түзеу колонияларына;

1.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]