Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кылмысты ы готов.doc
Скачиваний:
159
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
524.8 Кб
Скачать

65. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасының сипаттамасы

Қоғамдық жұмыстар деп сотталғанның негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос уақытында қоғамдық пайдалы жұмысты тегін орындауын айтады. Оның түрлерін жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталғанның тұрақты тұратын жерінде қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейтін объектілерде қылмыстық-атқару инспекциясы атқарады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза жөніндегі сот үкімі соттың тиісті қарарының көшірмесін қоса қылмыстық-атқару инспекциясына келіп түскен күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірілмей атқарылады.

Қылмыстық-атқару инспекциясы: сотталғандардың есебін жүргізеді; оларға жазаны өтеудің тәртібі мен ережелерін түсіндіреді; жергілікті атқарушы органдармен немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қоғамдық жұмыстардың объектілерін белгілейді; сотталғандардың мінез-құлқын бақылайды; жазаны өтеуден жалтарған сотталғандарды ұстау туралы шешім қабылдайды; олардың атқарған уақытының жалпы санын жүргізеді және сотталғандардың орындаған жұмыстары үшін қаржының тиісті бюджетке уақытында түсуін бақылайды.

Сотталғандар жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен ережелерін сақтауға, еңбекке адал қарауға, өздеріне бөлінген объектілерде жұмыс істеуге және сот белгіленген қоғамдық жұмыстардың мерзімін атқаруға, тұрған жерінің өзгергені туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлап отыруға міндетті.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандардың еңбегін пайдаланушы ұйымдардың әкімшілігі сотталғандардың істеген жұмысы үшін бюджетке ай сайын қаржы аударып отырады. Сотталғандардың жасаған жұмысының құны ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша айқындалады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден сотталғанның қасақана жалтарғанына мыналар кіреді: қоғамдық жұмыстарға дәлелді себептерсіз бір айдың ішінде екі реттен астам шықпаса; еңбек тәртібін бір айдың ішінде екі реттен артық бұзса; жазаны өтеуден жалтару мақсатынан жасырынғаны.

66. Қазақстан кемесі шетел мемлекетінің айлағында тұрған уақытта жолаушылар Гаев пен Ким кеме бортында төбелесіп қалды. Төбелес кезінде Гаев Кимді пышақтап жарақаттады.

1. Кеме қай мемлекеттің аумағында тұрған болып есептеледі.

2. Гаевтың жауаптылығын шешіңдер.

ҚР-ның айлағында тіркелген ҚР-ның шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңестігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, қылмыстық кодекс б-ша қылм жауапқа тартылады.ҚР-ң әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыс жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы кодекс б-ша қылмыстық жауапқа тартылады. Осылайша, Гаев ҚР-ң қылм кодексі б-ша жауапқа тартылу керек. Ол қылм кодекстің 6-бабы б-ша жауапкершілікке тартылуы керек болады.

ҚР шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған ҚР азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, Қылмыстық Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады, аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асрыуға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]