Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций (1).doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
715.78 Кб
Скачать

Тотықтырғыштарға қойылатын техникалық талаптар

Тотықтырғыштарға келесі талаптар қойылады:

  1. Негізгі заттың құрамы максималды болу керек (әдетте 98-99  кем емес).

  2. Ылғал аз болу керек (0,1-0,2  аспау керек).

  3. Гигрокопты және ауыр металдардың тұздардың қоспалары аз болу керек.

  4. Тұздардың сулы ортадағы реакциясы нейтралды болу керек.

  5. Мехнаикалық әсерді қоздыратынжанғыш және қатты заттардың қоспалары болмау керек.

  6. Құрамның арнайы эффектісін және химиялық қасиетін төмендететін қоспалар болмау керек.

  7. Тотықтырғыш ұнтақтарының көлемі белгілі бір дәрежеде болу керек.

Төменде мысал ретінде техникалық барий азотқышқылының техникалық жағдайлары келтірілді (ГОСТ 1713-53):

    1. Таза Ba(NO3)2 99  кем емес

    2. Ылғалдылығы 0,5  кем емес

    3. Суда ерітілмеген қалдық 0,25  кем емес

    4. BaCl2 есебіндегі хлоридтер 0,1  кем емес

    5. Сулы ерітіндінің реакциясы нейтралды

    6. Сыртқы түоі және түсі ақ түстен әлсіз сары түске

дейінгі ұсақ кристалдар

Көп металдардың хлоридтері гигроскопты, сол себепті тотықтырғыш ретінде мүмкіндігінше қолданбаған дұрыс.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Пиротехникада тотықтырғыштардың қандай типі қолданылады?

  2. Тотықтырғыштар негізінен қандай қаксиеттерді қанағаттандыру керек?

  3. Оттекқұрамды тотықтырғыш ретінде қандай қосылыстар қолданылады?

  4. Тотықтырғыштардың негізгі физикалық қасиеттерін атаңыз?

  5. Тотықтырғыштарға қойылатын техникалық талаптарды атаңыз?

Жанғыштар Таңдау және жіктеу

Жанғыштарды таңдар алдында құрамдарға қойылатын барлық жалпы талаптарды ескеру қажет.

Тұтандырғыш, жарықтандырғыш және тасымалдағыш құрамдарда арнайы эффект өте жақсы болу үшін жанудың өте жоғары температурасына жету қажет, ол үшін жоғары калориялы жанғыштар қолданылады. Пиротехникалық отындарда да жоғары калориялы жанғыштар қолданылады.

Түтінді құрамдар үшін жоғары температура мүмкіндігінше қажет емес. Оларды дайындау үшін орташа калориялы жанғыштарды таңдайды немесе жанғышты толық жандырмайды (мысалы көміртектің СО-ға дейін жануы).жанғышты таңдар кезде тотықтыратын өнімнің физика-химиялық ұасиетін ескеру қажет, бірінші орында бөлме температурасы мен құрам жанудағы температура кезіндегі агрегаттық жағдайын естен шығармау керек. Жарықтандырғыш құрам үшін жалынның мөлшеріне күшті әсер ететін газтәрізді өнімнің мөлшері мен сәулелендіретін бөлшектегі қатты және сұйық жалындардың концентрациясы арасындағы оптималды қатынасты қатаң сақтау керек. Газтәрізді өнімнің жетіспеуі немес артық мөлшері жарық күшін төмендетеді.

Қатты пиротехникалық отынның және газогенератордың құрамында максималды мөлшерде газ және мүмкіндігінше аз мөлшерде қатты отын болу керек.

Түтіннің құрамында жану кезінде түзілген газдың мөлшері көп болу керек, себебі олар атмосфераға газтүзетін заттардың буын ығыстырып шығарады.

Өзінің аты айтып тұрғандай, газсыз құрам жанғанда түзілетін газдың мөлшері минималды болу керек.

Жалынды құрамдар үшін жанғыштарды таңдағанда тотықтыратын өнімдегі жарық сәулесінің қарқындылығын, сонымен қатар энергия сәулесінің спектрге таралуын ескеру қажет.

Жанғыштарды таңдар кезде маңызды рольді тотырғыш атқарады. Мысалы, кремний не болмаса графит күшті тотықтырғыш (таза оттекте немесе KClO3 қоспасында) қатысында үлкен қиындықпен тотығады, нәтижесінде оларды жанғыш ретінде қолдану орындары шектеулі ғана болады.

Опа немесе ұсақ дисперсті ұнтақ күйіндегі алюминий оттегі қатысында және ауадағы оттек есебінің кейбір жағдайларында да (бұл жерде ауадағы алюминий опасының салмағы туралы келтірілген) өте жақсы жанады.

Оңай тотығып жанатын, әсіресе ұсақ ұнтақталған магнийдің өзіде ауадағы оттектің қатысында ғана толығымен жанады.

Кейбір жанғыштар өте оңай тотығады, бірақ олар соққы мен сызатқа өте сезімтал не болмаса тұтану температурасы өте төмен болады. Мысалы, ақ фосфорды қандай да бір тотықтырғышпен араластырмайды және ауада сақтамайды, себебі өздігінен тұтанады. Қызыл фосфорды хлораттармен араластырғанда өздігінен тұтанады, ал басқа тотықсыздандырғыштармен (мысалы нитраттар) араластырғанда соққыға және сызатқа сезімталдығы артады.

Жанғышты жандырған кезде мүмкіндігінше аз мөлшерде оттек қолдану керек, себебі, пиротехникалық құрамдағы тотықтырғыштың мөлшері азаяды, нәтижесінде жану кезінде түзілетін жылу кемиді.

Сонымен қатар жанғышты таңдағанда сақтау кезінде құрам химиялық тұрғыдан жеткілікті тұрақты болу керек. Кейбір жағдайда тотықтырғыш пен жанғыш қосылғанда химиялық тұрақтылығы жеткіліксіз болатынын ескеру қажет.

Құрамдағы жанғыштар келесі талаптарды қанағаттандыру қажет:

  1. құрамның арнайы эффектісін әсерлендіруге жеткілікті жану жылулығы болу керек;

  2. ауадағы не болмаса тотықтырғыштағы оттектің есебінде оңай тотығу керек;

  3. жану кезінде арнайы эффектіні әсерлендіріп көрсетуге қажет өнімдерді беру керек;

  4. өзі жану үшін оттектің минималды мөлшерін талап ету;

  5. -60 пен +60 0С температура аралығында тұрақты болу және әлсіз қышқылдар мен сілтілер әсеріне мүмкіндігінше тұрақты болу керек;

  6. гигроскопты болмау керек (гигроскоптылығы төмен болу керек);

  7. оңай ұнтақталу керек;

  8. адам ағзасына улы болмау керек.

Қолданылатын жанғыштарды келесі категорияларға бөлуге болады:

Бейорганикалық жанғыштар.

  1. Калориясы жоғары металдар: магний, алюминий және олардың балқымалары; цирконий және оның балқымасы, сонымен бірге титанда сирек қолданылады.

  2. Калориясы орташа металдар: цинк, темір, марганец, вольфрам және сурьма.

  3. Бейметалдар: фосфор, көміртек (күйе не болмаса ағаш көмірі түрінде), күкірт, кейде бор.

  4. Бейорганикалық қосылыстар:

  • Гидридтер – борсутектер (В10Н14) және олардың туындылары;

  • Сульфидтер – фосфордікі (P4S3), сурьманыкы (Sb2S3) және тағы басқалары;

  • Басқа да бейорганикалық қосылыстар – металдардың карбидтері, силицидтері және фосфидтері.

Органикалық жанғыштар.

  1. Жеке көмірсутектер: бензол, толуол, нафталин және тағы басқалар;

  2. Алифаттық және карбоциклдік қатардағы көмірсутектердің қоспалары: бензин, керосин, мұнай, мазут, парафин және тағы басқалары.

  3. Көмірсулар: крахмал, қант (сүттік және қызылшалық), ағаш ұнтақтары.

  4. Басқа кластардың органикалық заттары: стеарин, уротропин, дициандиамид, тиомочевина және басқалары.