Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций (1).doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
715.78 Кб
Скачать

Пиротехникалық заттар мен пиротехникалық құрамдардың жалпы сипаттамасы. Құрамдардың жануы.

Пиротехникалық құрамдардың (ПҚ) жануын тотығу-тотықсыздандыру реакциясы ретінде қарастыруға болады. Тотықтырғыш және тұтану көзі болған кезде ғана жану жүреді. Жанудың сыртқы сипаттамасы жалын. Жалын жарықтанады және жылу бөледі. Кейбір конденсірлі жүйелер жанғанда жалын болмайды, сол кезде жалынсыз жану немесе шоқтану болады. Жану процесін басқа да химиялық реакциялардан айыратын негізгі белгілері төмендегідей:

  1. жоғары температурасы және жану реакциясының өнімінен бастапқы затты айыратын реакцияның жылжымалы аумағы (жану фронты) болу керек;

  2. реакция аумағында жоғары қысым болмау керек (жану процесі жарылыстан осы қасиетімен ерекшеленеді);

Жану кезінде реакция аумағынан бастапқы зат қабатына жылу беріледі, сол кезде жану процесіне дайындық жүреді (жалын алдындағы аумақ).

Пиротехникалық заттар мен құрамдардың жану процесі жылу импульсі, жалын сәулесі және жылытылған дене әсерінен жүзеге асады.

Пиротехникалық құрамдардың ашық кеңістіктегі сызықты жану жылдамдығы секундына милиметрді құрайды.

Егер жану жабық кеңістікте немесе бастапқы импульс ретінде соққы не болмаса капсуль-детонатор жарылысы қолданылса, онда пиротехникалық құрамның жануы жарылысқа айналуы мүмкін, себебі жылдамдық бірден артады. Пиротехникалық құрамдардың көп мөлшері жанатын болса, онда жану процесі жарылысқа айналады.

Пиротехникалық құрамдар көп жағдайда механикалық қоспалардан тұрады. Пиротехникалық құрамдар қалыпты әсер ету үшін құрамындағы компоненттер өте ұсақ болу қажет және бір-бірімен жақсы араласуы керек.

Құрамның тығыздалуынан жану процесі баяулайды.

Пиротехникалық заттар мен құрамдардың классификациясы.

Пиротехникалық құрамдар пиротехникалық заттардағы қолданылуы бойынша келесі категорияларға бөлінеді:

  1. жарықтанғыш;

  2. фотожарықтанғыш;

  3. трассаланатын;

  4. түнгі дабыл отынының құрамы;

  5. түсті дабыл отынының құрамы;

  6. жоғарытемпературалық, тұтандырғыш құрамдар;

  7. әрлендіретін және қорғайтын түтіндер құрамы;

  8. тұтану;

  9. инфрақызыл сәулелену;

  10. дабыл эффектісінің құрамдары (имитациялық, динамикалық, ысқыратын және тағы басқалары).

Пиротехникалық құрамдар жану процесінің сипатына тәуелді келесі топтарға бөлінеді:

  1. жалынды;

  2. жылулық;

  3. түтінді;

  4. ауадағы оттек есебінде жанатын құрамдар;

Пиротехникалық құрамдарды жоғарыда аталған категорияларға шартты түрде ғана бөлу керек, себебі әртүрлі пиротехникалық заттарда пиротехникалық құрамдардың бірнеше категориялары қолданылуы мүмкін.

Пиротехникалық заттар мен құрамдарға қойылатын талаптар.

Пиротехникалық заттарға қойылатын негізгі талаптар:

  1. арнайы эффектіні максималды түрде алу;

  2. барлық пиротехникалық заттар қолданғанда және сақтағанда қауіпсіз болу керек;

  3. пиротехникалық құрамдар ұзақ сақталу кезінде қасиеттерін жоғалтпау керек;

  4. қолданылатын пиротехникалық заттардағы пиротехникалық құрам компоненттері мүмкіндігінше арзан, оларды дайындаудың технологиялық процесі қарапайым, қауіпсіз және механикалық болу керек;

Пиротехникалық заттардағы пиротехникалық құрамдар келесі қасиеттерге ие болу қажет:

  1. бастапқы заттардың аз мөлшерінде арнайы эффектіні максималды түрде алу;

  2. берілген жылдамдықта теңдей жану;

  3. сақтау кезінде химиялық және физикалық тұрақты болу керек;

  4. сыртқы жылулық әсеріне сезімталдығы төмен болу керек;

  5. минималды жарылғыштық қасиетке ие болу керек;

  6. реакция өнімінде күшті әсер ететін уландыратын заттар болмау керек;

  7. өндірісте қарапайым технологиялық процеске ие болу қажет;

  8. улы компоненттер облмау керек;

  9. қымбат заттар болмау керек;

  10. пиротехникалық құрамнан тұратын нығыздалған зат механикалық мықты болу керек.