Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конспект лекций (1).doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
715.78 Кб
Скачать

Пиротехникалық құрамдардың негізгі компоненттері.

Пиротехникалық құрамға кіретін компоненттерді шартты түрде келесі категорияларға бөлуге болады:

  1. тотықтырғыштар;

  2. отын;

  3. жалынға түс беретін зат;

  4. түсті түтін құрамындағы түтін түзетіндер;

  5. әрлендіретін түтін құрамындағы түтін түзетіндер;

  6. нығыздалған затқа мықтылықты қамтамасыз ететін цементаторлар;

  7. арнайы эффектіні арттыратын зат;

  8. құрамның жану жылдамдығын арттыратын зат;

  9. құрамның химиялық тұрақтылығын арттыратын тұрақтандырғыш;

  10. арнайы технологиялық қоспалар.

Кейбір жағдайларда құрамдағы бір компонент бірнеше әртүрлі функциялардың қызметін атқара алады. Мысалы, цементатор отында бола алады, ал тотықтырғыш – стронций нитраты жалынға қызыл түсті бере алады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қандай пиротехникалық құрамдар шартты түрде категорияларға бөлінеді?

  2. Пиротехникалық заттар мен құрамдарға қойылатын негізгі талаптарды ата?

  3. Пиротехникалық құрамдарға қандай компоненттер кіреді?

Тотықтырғыштар.

Пиротехникалық құрамдағы отынды жандыру үшін әдетте ауадағы оттекті емес, өзінің жеке тотықтырғышын, яғни оттекті термиялық ыдыратқанда түзілетін күрделі қосылысты қолданған жақсы. Отын ауаада өте баяу жанады. Бұның ең басты себебі тотықтырғыштарды термиялық ыдыратқанда атомдық оттек түзіледі, ол молекулалық оттекке қарағанда белсенді. Кейбір жағдайда тотықтырғыш ретінде оттектік қосылыстардан басқа оттексіз қосылыстар, мысалы, хлор- немесе фтор құрамды заттар қолданылады. Тотықтырғыш ретінде қарапайым заттарды да қолдануға болады, мысалы қалыпты жағдайдағы қатты күйдегі бейметалдар (күкірт, фосфор, көміртек, бор және тағы басқалар).

Тотықтырғыш ретінде күрделі қосылысты таңдау үшін келесі талапты орындау керек: ыдырау жылулығы жанғыштың тотығу кезіндегі бөлінетін жылулықтан төмен болу керек.

Төменде негізінен оттекқұрамды тотықтырғыштар жайлы айтылады.

Тотықтырғыштарды таңдау және оларды жіктеу.

Оттекқұрамды тотықтырғыш ретінде балқу температурасы 5060 0С төмен емес және төмендегі қасиеттерге ие болатын қатты затты қолдануға болады:

  1. оттектің мөлшері максималды болу керек;

  2. құрам жанғанда оттектің көп мөлшерін оңай беру керек;

  3. -60+60 0С температура аралығында тұрақты және суда ыдырамау керек;

  4. мүмкіндігінше төменгигроскопты болу керек;

  5. улы әсері болмау керек;

  6. отын жанған кезде қажетті жылдамдықты қамту керек;

Кейбір жағдайда осы талаптар сақталмайды, себебі NaNO3 және NaClO4 гигроскоптығы жоғары, ал қорғасынның көптеген қосылыстары улы. Осыған байланысты пиротехникалық қосылыстарды сыртқы ылғалдан мүмкіндігінше контактіде аз болдыру керек, көп жағдайда пиротехникалық заттарды герметизирлеуге тура келеді.

Тотықтырғыштарда және алынған пиротехникалық құрамдарға қойылатын маңызды талабының бірі – механикалық әсерге сезімталдылығы төмен болу керек және жарылғыштық қасиетке ие болмау керек.

Тотықтырғыштар ретінде келесі қосылыстарды қолданады:

Тұздар

  1. нитраттар – NaNO3 КNO3 Sr(NO3)2 Ва(NO3)2;

  2. перхлораттар – КClO4 NaClO4;

  3. хлорат – КClO3

Пероксидтер

Барий пероксиді ВаО2

Тотықтырғыштар ретінде келесілерді де қолдануға болады – KMnO4, NaClO3, Ва(ClO3)2, Рb(NO3)2, SrO2, NН4ClO4, NН4NO3 – соңғы екеуінің жарылғыштық қасиеті жоғары.

Тотықтырғыштардың тағы бір түрі бар, олар ыдырау үшін жылудың көп мөлшерін талап етеді және белсенді металдар қоспасында ғана қолдануға болады (магний, алюминий, цирконий), олардың қатарына келесілер жатады: Fe3O4, Fe2O3,BaSO4, CaSO4, Pb3O4, PbO2, PbCrO4, BaCrO4 және тағы басқалары.