Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Силлабус Cаясаттану Мехмат

.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
147.97 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және саясаттану факультеті

«Саясаттану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

Бекітемін

Философия және саясаттану факультетінің Ғылыми кеңесінде

Хаттама № ___ «___» ____ 2013ж.

Факультет деканының қ.а. ____________ Исмагамбетова З.Н.

4 негізгі элективті модуль «Саясаттану» пәні бойынша

СИЛЛАБУС

1-курс, қазақ бөлімі, семестр (күзгі), 3 кредит көлемінде

Модульдің пәндерін жүргізетін оқытушы (лектор): с.ғ.к., доцент М.А. Мекебаева

e-mail: maigul-07@mail.ru

каб.: ФФП 404

Семинар: Садибеков Ермек Өміржанұлы

Саясаттану магистрі

Модульдің МАЗМҰНЫ:

§ Мақсаты: қоғамның саяси өмірі, процестер мен құбылыстар, саясат туралы студенттер қауымының дүниетанымын, азаматтың демократиялық мәдениетін қалыптастыру.

§ Міндеттері:

- саяси құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіну, әлемде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беру қабілетін қалыптастыру;

- болашақ маманның саяси өмірге еркін араласуын, өзіндік саяси тұғыры

болуын қамтамасыз ету және оның азаматтық белсенділігі мен қоғамдық саяси қызметке қабілетін қалыптастыру;

- студенттің жоғары саяси азаматтық парызы, жоғары деңгейдегі саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру

§ Жалпы құзырлықтар:

- құралдық: Саясаттану білімінің концепцияларын, теорияларын, ғылыми идеяларын, категориалды аппараттарды түсініп пайлана алуға икемі болуы керек. Уақытты рационалды жоспарлап басқару және ғылыми негізде өзінің еңбегін ұйымдастыра білуі; стандартты жағдайларда дәстүрлі амалдар мен әдістерді пайдалана отырып саясаттанудың ақпараттық кеңістігін талдау қабілеті мен сыни баға бере алуы; үлгі, трафарет, ұсынылған алгоритм бойынша міндеттерді шешу үшін игерілген саясаттанулық білімді пайдалану және бейімделуді ұғыну.

- тұлғааралық: Өзіне жауапкершілікті ала білуі; жетістікке ұмтылуы; лидерлік қасиетті дамыту; әртүрлі пікірлер негізінде өзіндік шешім қабылдай білуі; креативті ойлана білуі; физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамытуы, эмоционалды өзіндік реттеу мен өзіндік көмек амалдарын игеру; ауыспалы жағдайға бейімделе білуі. Сыни сараптау қабілеті мен өзіндік сараптама жасай білуі; әртүрлі пікірлер негізінде шешім қабылдай білуі; топта жұмыс жасай білуі; басқа саланың сарапшыларымен қатынас жасай алу қабілеті; мәдени әралуандық пен әралуандықты қабылдай білуі; толеранттылық; халықаралық контексте жұмыс жасай білуі.

- жүйелік: Концептуалды тұтастыққа, ақпараттық толықтыққа байланысты логикалық байланыстағы концептуалды ұйымдасқан саясаттанулық білімді жекеленген кванттардың жүйесі ретінде көрсете білу; жаңа ақпаратты контекстей білуі және оны талқылай алу; саяси даму процестерді Қазақстандағы, әлемдегі әлеуметтік-экономиалық, тарихи жағдайлармен және ҚР конституциялық-құқықтық негіздермен байланыстыра білуі. Оқу, оқу-зерттеу, ғылыми-теориялық қызметте пайдалану мақсатында пәнаралық білімдерді концептуалдау мен жобалай білу; кәсіби қызмет саласында пайда болатын міндеттерді, қазіргі әлемдік ғылымның және қоғамдық өмір негізінде шеше білу; саяси процестер мен қатынастара орай ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын жоспарлап жасай білу.

- пәндік: Игерілген білімді логикалық негізде жеткізе білу; қазіргі саяси ғылымның әдістерін білу және оларды саясаттанулық зерттеулерде қолдану; қазіргі динамикалық өзгерістегі өмірде саяси мәселелерді шешуде шығармашылық жолдарды пайдалану; стандарттық емес жағдайларда саясаттанулық білімдерді пайдалана білу. Әртүрлі ақпарат көздерінен алынған саясаттанулық білімдерді игеру негізінде, өзіндік танымдық қызметтер атқара білу; саяси сауаттылық яғни, саясаттанудың әлемдегі рөлін түсіну, жақсы негізделген саяси сөз сөйлеу; саяси шынайылықта болатын мәселелерді тани білу; қазіргі саяси ғылымның теоретикалық базасына негізделген зерттеу болжаулары мен моделдерін қалыптастыра білу.

§Пререквизиттер: Саясат қоғамдық басқару қызметінің саласы ретінде әрбір адам өміріне таныс құбылыс. Ол, әсіресе тәуелсіз Қазақстан жағдайында өте үлкен маңыз алып отыр. Саясат азаматтарға бүгінгі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін ұғып, өмірдегі өз орнын анықтауға, өз құқықтары мен бостандықтарын дұрыс түсініп, пайдалануға мүмкіндік береді.

§Постреквизиттер: Саясаттану көптеген гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланыстың екі жақтылық сипаты бар екені ескеріледі. Бір жағынан саясаттану ғылымы экономика, әлеуметтану, құқықтану, мәдениеттану, дінтану, мораль, психология ғылымдарымен байланысты. Саясаттануды оқытуда осы ғылымдардың жетістіктері ерекше орын алады. Сонымен қатар саясаттану пәні студенттің дүниетанымын қалыптастыруда аталған ғылымдар жүйесінде танымдық тұрғыда өзіне лайықты аса маңызды ерекше орынды иеленеді.

Апта

Тақырыбы

Сағ саны

Максималды баллдар

Модуль 1 Саясат туралы ғылымның теоретикалық-әдістемелік негіздері

1

Лекция Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

2

Семинар сабағы Саясаттану ғылымының пайда болуы мен дамуы. Саясаттанудың негізгі мектептері

1

2

Лекция 2. Саясаттың қоғамдық өмір құрылымындағы рөлі

2

Семинар сабағы Саясаттың жіктелуі және қоғамдық сананың басқа түрлерімен байланысы. Қоғамдық дамудағы саясаттың рөлі

1

5

3

Лекция 3. Саяси ілімдер тарихы

2

Семинар сабағы Ежелгі мемлекеттердегі саяси ойлары. Европа елдеріндегі саяси ағымдар. Қайта Өрлеу және Реформация кезеңдері. Қазақ саяси ойы

1

7

СОӨЖ. Реферат. әл-Фараби еңбегін конспектілеу «Қайырымды қала туралы»

8

4

Лекция 4. Саяси билік.

2

Семинар сабағы Билік табиғаты: мәні, құраушылары, принциптері. Саяси билік және оның жіктелуі. Биліктің легитимділігі мен легитимділіктің түрлері

1

7

СОӨЖ. Глоссарий құрастыру. Саяси билік тақырыбына байланысты негізгі терминдер жиынтығын анықтау

8

5

Лекция 5. Саясат субъектілері.

2

Семинар сабағы Жеке тұлға және әлеуметтік топтар - саясат субъектілері ретінде

1

7

СОӨЖ. Макс Вебердің «Политика как призвание и профессия» атты еңбегін талдау

8

6

Лекция 6. Саяси элита және саяси көшбасшылық

2

Семинар сабағы Саяси элита және саяси көшбасшылық түсініктері

1

7

СОӨЖ. Саяси көшбасшаның харизмасына презентация жасаңыз.

8

7

Лекция 7. Саяси жүйе

2

Семинар сабағы. Қазіргі саяси жүйелер, режимдер.

1

7

СОӨЖ. Адам саяси жануар (эссе)

8

1 Аралық бақылау

20

100

Модуль 2 Саяси процесстер

8

Лекция 8 Мемлекет басты саяси институт ретінде

2

Семинар сабағы Мемлекеттің құрылымы мен көрсеткіштері

1

4

СОӨЖ. Мемлекеттік басқару формаларын салыстыру (таблица құрастыру)

6

9

Лекция 9. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

2

Семинар сабағы Азаматтық қоғамның қалыптасуы

1

4

СОӨЖ. Тақырыпқа байланысты негізгі ұғымдарға глоссарий құрастыру

6

10

Лекция 10. Саяси партиялар және партиялық жүйелер

2

Семинар сабағы Саяси партиялардың мәні, ерекше белгілері, типтері.

1

4

СОӨЖ. «Идеология керек пе?» деген тақырыпқа эссе жазу

6

11

Лекция 11. Саяси процесстер

1

Семинар сабағы Саяси процесстер ұғымы

1

4

СОӨЖ. Бір мемлекеттің саяси процесін талдаңыз

6

12

Лекция 12. Қоғамның саяси модернизациясы

2

Семинар сабағы. Қазақстан қоғамының саяси модернизациясы

1

4

СОӨЖ. Эссе Қазақстанның саяси партиялары

6

13

Лекция 13. Саяси қақтығыстар

2

Семинар сабағы. Саяси қақтығыстар теориясы

1

3

СОӨЖ. Келесі халықаралық ұйымдардың мақсаттарын анықтаңыз ООН, ЮНЕСКО, НАТО, ДКБ, ШОС, АСЕАН, СНГ, ЕвразЭС, СВМДА, ОБСЕ

6

14

Лекция 14. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

2

Семинар сабағы. Халықаралық саяси процесстердің ерекшеліктері

1

3

СОӨЖ. К.Токаев «Преодоление» (еңбекті талдау)

7

15

Лекция 15. Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде.

2

Семинар сабағы. ҚР сыртқы саяси басымдықтары.

1

4

СОӨЖ. Кроссворд «Саясаттанудың негізгі категориялары»

7

2 Аралық бақылау

20

100

Емтихан

100

ВСЕГО

100

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Василик М.А. Практикум по курсу политологии. М., 1999.

2. Общая и прикладная политология. //Под ред. В.И. Жукова. 1997.

3. Байділдинов Л.Ә. Теориялық саясаттану. А., 2005.

4. Байдельдинов Л.А. Казахстан как политическая реальность. А., 2000.

5.Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. А., 1999.

6. Әбсаттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.

Қосымша:

1. Гаджиев К.С. Методологические принципы политологии.// Вест.МГУ.Сер.12. 1994.№3.

2. Алмонд Г. Политическая наука: история дисциплины. //Полис.1997. №2.

3. Ильин М.В. Основные категории политической науки. //Полис.1996. №4.

4. Фундаменьтальные проблемы политической науки. //Вест. МГУ. Сер.2 1996.№6.

5. Ильин М.В. Власть.//Полис. 1997. №6.

6. Голенкова З. Становление гражданского общества. //Социс. 1996. №5.

7. Арендт Х. Массы и тоталитаризм. //Вопросы социологии. 1992. Т. Вып.

Білім және құзыретті бағалау тәртәбі, % баллдар

Практикалық сабақтарға қатысуы және белсенділігі

35

Жеке немесе топтық тапсырмалар (СОӨЖ)

45

Аралық бақылау (емтихан)

20

Емтихан

100

Барлығы

100

Білім мен құзыретті бақылау формалары:

Бақылау жұмыстары: семестрде 5 жұмыс

СӨЖ: жеке және топтық тапсырмалар СӨЖ ұйымдастыру технологиясына байланысты (реферат, презентация, эссе, жобаны қорғау, аналитикалық шолу және т.б. тапсырмалар жобалық-зерттеу сипатында).

АБ: 2

Аралық бақылау: емтихан емтихан сессиясы кезінде.

Аралық бақылау пәннің мазмұнына кіретін теориялық және практикалық сұрақтар бойынша жүргізіледі (7, 8 апта).

Модульдің пәндері бойынша кеңесті оқытушының кеңсе-сағаты (СОӨЖ) уақытында алуға болады.

Аралық бақылау ауызша және емтихан өткізу формасы – жазбаша

Білімді бағалау шкаласы:

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

% мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанақаттанарлықсыз

I

(Incomplete)

-

-

Пән аяқталмаған

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

P

(Pass)

-

-

«Есептелінді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

NP

(No Рass)

-

-

« Есептелінбейді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

W

(Withdrawal)

-

-

«Пәннен бас тарту»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AW

(Academic Withdrawal)

Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AU

(Audit)

-

-

« Пән тыңдалды»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

Атт-ған

30-60

50-100

Аттестатталған

Атт-маған

0-29

0-49

Аттестатталмаған

R (Retake)

-

-

Пәнді қайта оқу

Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясаты

Толерантты болыңыз, басқалардың пікірлерін құрметтеңіз. Қарсылықтар нақты формада тұжырымдалсын. Плагиат және басқа әділетсіз жұмыстарға жол жоқ. СӨЖ, аралық бақылау және емтихан тапсыру барысында көшіруге және басқадан көмек сұрауға, басқа адамдардың шығарған есептерінің көшірмесін алуға, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген мәліметін бұрмалаған студенттің қорытынды бағасы «F» болады.

Кафедра мәжілісінде қарастырылды

___ хаттама «____» ____________ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі,

с.ғ.д., профессор Г.Ө. Насимова

Оқытушы, с.ғ.к. М.А.Мекебаева

М.А. Мекебаева