Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус Информатика.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
113.66 Кб
Скачать

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Саясаттану кафедрасы

Білім беру бағдарламасы негізінде

Философия және саясаттану

Факультетінің Ғылыми

кеңес отырысында

Бекітілді

Хаттама №__ «__» «_______» 2013ж.

Факультет деканының . ______ Масалимова А.Р.

СИЛЛАБУС

Пәнің аты – Саясаттану

Дәріскер:

Лұқпанов Абылай Имашевич., саяси ғылымдарының кандидаты., доцент., Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар):

Садибеков Ермек Өміржанұлы., саясаттану магистрі

e-mail: Sadybekov.Ermek@mail.ru

Пәннің мақсаттары мен міндеттері:

Мақсаты: қоғамның саяси өмірі, процестер мен құбылыстар, саясат туралы студенттер қауымының дүниетанымын, азаматтың демократиялық мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері: - саяси құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіну, әлемде болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға беру қабілетін қалыптастыру;

- болашақ маманның саяси өмірге еркін араласуын, өзіндік саяси тұғыры

болуын қамтамасыз ету және оның азаматтық белсенділігі мен қоғамдық саяси қызметке қабілетін қалыптастыру;

- студенттің жоғары саяси азаматтық парызы, жоғары деңгейдегі саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру

Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):

§ Жалпы құзырлықтар:

- құралдық: Саясаттану білімінің концепцияларын, теорияларын, ғылыми идеяларын, категориалды аппараттарды түсініп пайлана алуға икемі болуы керек. Уақытты рационалды жоспарлап басқару және ғылыми негізде өзінің еңбегін ұйымдастыра білуі; стандартты жағдайларда дәстүрлі амалдар мен әдістерді пайдалана отырып саясаттанудың ақпараттық кеңістігін талдау қабілеті мен сыни баға бере алуы; үлгі, трафарет, ұсынылған алгоритм бойынша міндеттерді шешу үшін игерілген саясаттанулық білімді пайдалану және бейімделуді ұғыну.

- тұлғааралық: Өзіне жауапкершілікті ала білуі; жетістікке ұмтылуы; лидерлік қасиетті дамыту; әртүрлі пікірлер негізінде өзіндік шешім қабылдай білуі; креативті ойлана білуі; физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамытуы, эмоционалды өзіндік реттеу мен өзіндік көмек амалдарын игеру; ауыспалы жағдайға бейімделе білуі. Сыни сараптау қабілеті мен өзіндік сараптама жасай білуі; әртүрлі пікірлер негізінде шешім қабылдай білуі; топта жұмыс жасай білуі; басқа саланың сарапшыларымен қатынас жасай алу қабілеті; мәдени әралуандық пен әралуандықты қабылдай білуі; толеранттылық; халықаралық контексте жұмыс жасай білуі.

- жүйелік: Концептуалды тұтастыққа, ақпараттық толықтыққа байланысты логикалық байланыстағы концептуалды ұйымдасқан саясаттанулық білімді жекеленген кванттардың жүйесі ретінде көрсете білу; жаңа ақпаратты контекстей білуі және оны талқылай алу; саяси даму процестерді Қазақстандағы, әлемдегі әлеуметтік-экономиалық, тарихи жағдайлармен және ҚР конституциялық-құқықтық негіздермен байланыстыра білуі. Оқу, оқу-зерттеу, ғылыми-теориялық қызметте пайдалану мақсатында пәнаралық білімдерді концептуалдау мен жобалай білу; кәсіби қызмет саласында пайда болатын міндеттерді, қазіргі әлемдік ғылымның және қоғамдық өмір негізінде шеше білу; саяси процестер мен қатынастара орай ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын жоспарлап жасай білу.

- пәндік: Игерілген білімді логикалық негізде жеткізе білу; қазіргі саяси ғылымның әдістерін білу және оларды саясаттанулық зерттеулерде қолдану; қазіргі динамикалық өзгерістегі өмірде саяси мәселелерді шешуде шығармашылық жолдарды пайдалану; стандарттық емес жағдайларда саясаттанулық білімдерді пайдалана білу. Әртүрлі ақпарат көздерінен алынған саясаттанулық білімдерді игеру негізінде, өзіндік танымдық қызметтер атқара білу; саяси сауаттылық яғни, саясаттанудың әлемдегі рөлін түсіну, жақсы негізделген саяси сөз сөйлеу; саяси шынайылықта болатын мәселелерді тани білу; қазіргі саяси ғылымның теоретикалық базасына негізделген зерттеу болжаулары мен моделдерін қалыптастыра білу.

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Құқықтану.

Постреквизиттері:. Саясаттану көптеген гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланыстың екі жақтылық сипаты бар екені ескеріледі. Бір жағынан саясаттану ғылымы экономика, әлеуметтану, құқықтану, мәдениеттану, дінтану, мораль, психология ғылымдарымен байланысты.