Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саясаттану лекций.doc
Скачиваний:
456
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Тірек сөздер

  1. Автократия ( лат.aftoritas - бедел, дәреже, kratos – күш, билік) –бір адамға шексіз жоғарғы өкімет билігін беру арқылы басқару жүйесі.

  2. Аналогия (грек.analogia- тән,сипатты) - объектілердің кейбір жақтарының сапалы белгілерінің ұқсастығы.

  3. Аристократия (грек. aristos – ізгі жақсы, kratos - күш, билік) – ізгі, ақылды сауатты адамдардың билігі.

  4. Болмыс - санадан тәуелсіз объективті материяны, шынайлықты білдіретін философиялық түсінік.

  5. Демократия ( грек.demos –халық және kratos – күш, билік) –халақтың билігін демократиялық жаңа принциптермен байыту, саяси, экономиқалақ және қоғамдық өмірдің басқа салаларында демократиялық бастауларды дәйекті түрде дамыту және күнднлікті өмірде қолдану.

  6. Диалектика (грек.dialegomai – пікірді дамыту) – табиғаттың, қоғамның дамуының жалпы заңдылықтары жайлы ғылым.

  7. Идеал ( грек.idea –образ, түсінік) – идеалды мемлекет - мінсіз, саяси - эканомикалық және әлеуметтік теңсіздіксіз қоғам.

  8. Логос (грек. logos – сөз, ой, заң) - әлем дамуының негізін, тәртібі мен гормониясын белгілейтін жалпы заңдылық туралы термин.

  9. Монархия ( грек. monarchia - дара билік) – бір адамның билігі арқылы мемілекетті басқару.

  10. Миф (грек. mythos – жыр ету, айту ) – 1) ойдан шығарылған, фантастикалық, шындыққа жанасымсыз; 2) қазіргі саяси лексикада қоғамдық процесстердегі, құбылыстардағы шындықты әдейі бұрмалап көрсетуді айтады.

  11. Охлократия ( грек. оchlos – тобыр, kratos – күш, билік) – 1) небір төңкеріс, көтерілістің нәтижесінде билік басына келген тобырдың билігі, қоғамдағы рухани, хұқықтық нормалардың ескерілмей қалуы. 2) популистік әдістерді қолдану арқылы халыққа ықпалын тигізген саяси-әлеуметтік күштердің үкімет басына келуі.

  12. Олигархия (грек. oligarchia – шағын топ) – мемлекетті аз ғана, шағын, бай топтың басқаруы.

  13. Полис (грек.polis) - қала, мемлекет.

  14. Тимократия – спартандық билік түрі, әскери адамдардың басқаруы.

  15. Тирания – деспоттың, қатал да рахымсыз билеушінің үкімет билігіне келуі.

  16. Этика (грек.ethos - әдет – ғұрып, дәстүр ) мораль ұғымын зерттеуге негізделген ежелгі теоретикалық пәндердің бірі.

  17. Рационализм –(лат.) - ақылды, негізді, объективизм.

  18. Абсолюттік монархия (лат.absolutus- шексіз) – шектеусіз монархия, өкімет билігінің барлық салалары монархтың жеке билігінде болуы.

  19. Догматизм (грек. doqma – пікір, шешім ) – дүниетанымдық, саяси мәселелерді зерттеуде ғылым мен тәжірибенің даму барысындағы жаңалықтарды ескермеу, қатып, семіп қалған түсініктерді ұстану.

  20. Доктрина (лат.doctrinus – тұжырым, ілім) – ғылыми-философиялық теория, саяси жүйе, саяси принцип.

  21. Еретик ,ересь ( грек. hairesis) – мемлекеттегі ресми діннен алшақтау, кейде ресми дінге оппозиция ретінде қалыптасу.

  22. Идеология- таптық тұрғыдан әлеуметтік шынайылықты білдіретін теориялар мен көзқарастар жиынтығы.

  23. Ыждихад – қоғамдық тәртіп, рухани-әлеуметтік және саяси заң

  24. Патристика – Платан мен неоплатониктердің қағидаларына негізделген шіркеу өкілдерінің ілімі.

  25. Позитив (лат. rositivus- жақсы, жағымды) – саяси мағынада ол -заманның талабына сай,тиімді билік түрін құруды айтады.

  26. Процесс (лат.processus -өту, жылжу) – кез-келген құбылыстың бір жағдайдан екінші жағдайға заңды түрде алмасуы.

  27. Реформация (лат. reformare-өзгерту, жаңарту) – XVIғ. бірінші жартысындағы Евсропа елдеріндегі қоғамдық құрылысты өзгертуге бағытталған аитифеодалдық, антикатоликтік саяси-әлеуметтік қозғалы

  28. Светтік- діннен ажыратылған мемлекеттік биліктің түрі.

  29. Сословие - әлеуметтік тап.

  30. Теология (грек. theos – құдай, loqos – ілім) – христиандардың қасиетті кітабы Библияға негізделген жүйелі діни ілім.

  31. Халифат- исламдық діни қағидаларды ұстана отырып билеген халифтың мемлекеттік билігі.

  32. Шариғат- ислам дінінің Құранда берілген заңдар жинағы.

  33. Аналогия (грек.analogia- тән,сипатты) - объектілердің кейбір жақтарының сапалы белгілерінің ұқсастығы.

  34. Анархизм (грек. аnarchia – биліксіздік) – мемлекеттікті жоюды мақсат ететін саяси ағым, биліксіздік, белгілі бір саяси тәртіпсіз бостандық, кез-келген билік түріне қарсылықтағы көзқарастар.

  35. Антагонизм (грек. аntaqonisma - күрес) – ешқашан бітіспейтін, жауласқан таптардың арасындағы күресті көрсететін әлеуметтік қайшылықтар.

  36. Государь – билеуші, патша.

  37. Деспотия – (грек.despot - билеуші ) – шексіз, жеке билік түрі.

  38. Гуманизм – (лат.humanus - адамгершілік) – адамның тұлғалық қасиеттеріне, құндылықтарына және оның жан-жақты дамуы мен өркендеуіне қоғамдық өмірде қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі көзқарастар жиынтығы.

  39. Компромисс ( лат. сompromisus - келісім )– екі жақтың бір-біріне шегініс жасау арқылы ымыраға келуі.

  40. Мораль (лат. Mores - мінез) – қоғамның барлық саласында адамның мінез-құлқын реттеуші қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғамдық сана.

  41. Прогресс (лат.proqressus – алға жылжу) – қоғамдық құрылыстың алға жылжып, дамуы, өркендеуі.

  42. Республика – (лат. respublica – мемлекеттік істер, саясат) – мемлекетті суверендік хұқығы бар топтың немесе көпшіліктің билеуі, саяси билікті халық атынан көпшілік сайлаған орындар жүзеге асырады.

  43. Радикализм (лат. Radix – түбір, тамыр )- саясатты жүргізуде батыл, кесімді іс-әрекеттерге жүгіну.

  44. Узурпатор – жаулап алушы, зорлық, озбырлық

  45. Утопия ( бұл терминді алғаш рет қолданған Т.Мор) - өмір шындығына жанаспайтын, идеалды, қоғамдағы теңсіздіксіз, мінсіз саяси - әлеуметтік ұрылыс түрі, қиял.

  46. Эстетика (грек. аisthetikos – сезіммен қабылдау) – шынайылықты сезіммен, сұлулық тұрғысынан қабылдаудың табиғаты мен заңдылықтары жайлы ғылым.