Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
japaev_materialdar_umk_kz.pdf
Скачиваний:
78
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.95 Mб
Скачать

B)287 МПа;

C)100 МПа;

D)50 МПа;

E)138 МПа.

30

Бұралу кезіндегі дөңгелек көлденең қималы сырықтың қатаңдық шарты қайсысы?

A)jmax £ [s ]

B)qmax £ [t ]

C)qmax £ [q ]

D)jmax £0,5[q ]

E)qmax ³[j]

Өзін өзі бақылау тестілерінің дұрыс жауаптары

Сұрақ

Дұрыс жауаптар

Сұрақ

Дұрыс жауаптар

нөмірі

(А,В,С, D,E)

нөмірі

(А,В,С, D,E)

1

D

16

B

2

E

17

C

3

B

18

A

4

A

19

A

5

E

20

B

6

B

21

D

7

D

22

B

8

C

23

A

9

A

24

B

10

D

25

C

11

E

26

B

12

C

27

A

13

C

28

A

14

A

29

C

15

E

30

C

141

2.9Курс бойынша емтихан сұрақтары

1.Материалдар механикасы» пəнінің объектілері мен тəсілдері.

2.Сыртқы жəне ішкі күштерді топтау.

3.«Материалдар кедергісі» пəнінде қабылданған негізгі жорамалдар.

4.Супепозиция принципі.

5.Сен-Венан принципі.

6.Кернеулер: тік жəне жанама кернеулер. Белгілеу жүйесі. Өлшем бірліктері.

7.Сызықтық жəне бұрыштық орын ауыстырулар мен деформациялар.

8.Гук заңы жəне күштердің өзара тəуелсіздік қағидасы.

9.Созылу жəне сығылу. Бойлық күштердің сырық бойымен таралуы.

10.Көлденең қимадағы кернеулер.

11.Созылу жəне сығылу кезіндегі ұзару – қысқару жəне Гук заңы. Серпімділік модулі.

12.Созылу жəне сығылу кезіндег көлбеу қимадағы кернеулер.

13.Созылу жəне сығылу кезіндегі көлденең деформация. Пуассон еселігі. Ығысу модулі.

14.E, G жəне m серпімді тұрақтылары арасындағы байланыс.

15.Созылу жəне сығылу кезіндегі серпімді деформацияның потенциялық энергиясы.

16.Статикалық түрде анықталмаған жүйелер. Деформацияның сəйкестік

теңдеуі.

17.Созылу жəне сығылу кезіндегі нүктедегі кернеулі жəне деформацияланған күй.

18.Материалдарды созылуға сынау. Пластикалық жəне морт материалдар.

19.Материалдардың механикалық сипаттамалары.

20.Материалдың межелік күйлері жəне қауіпсіздік еселігі.

21.Созылу жəне сығылу жағдайында беріктікке есептеу. Беріктік шарты.

22.Созылу жəне сығылу кезіндегі қатаңдық шарты. Бойлық орын ауыстыру.

23.Таза ығысу. Кернеулер орын ауыстырулар.

24.Материалдарды ығысуға сынау.

25.Ығысу кезіндегі Гук заңы.

26.Ығысуға беріктік шегі.

27.Таза ығысу кезіндегі кернеулі күй. Деформацияның меншікті потенциялық энергиясы

28.Дөңгелек көлденең қималы сырықтың бұралуы. Кернеулердің

таралуы.

29.Қиманың қауіпті нүктесі. Қиманың полюстік инерция моменті.

30.Қиманың полюстік қарсылық моменті.

31.Бұралу кезіндегі беріктік жəне қатаңдық шарты.

32.Жазық қималардың статикалық моменттері. Орталық өстер жəне

«ауырлық» орталығы.

142

33.Жазық қималардың инерция моменттері.

34.Бас инерция өстері, бас алаңдар жəне бас инерция моменттері.

35.Иілу кезіндегі ішкі күштер жəне таңбалар ережесі. Ішкі күштер эпюрлері.

36.Таралған күштер қарқындылығы (q), көлденең күштер (Q ), жəне июші моменттер (M) арасындағы дифференциалдық байланыстар.

37.Таза иілу кезіндегі көлденең қимада тік кернеулердің таралуы. Қауіпті нүктелер.

38.Таза иілу кезіндегі беріктік шарты.

39. Көлденең иілу кезіндегі көлденең қимада жанама кернеулердің таралуы. Журавский формуласы. Қауіпті нүктелер. Беріктік шарты.

40.Нүктедегі кернеулі күй жəне оның құраушылары. Бас кернеулер жəне бас ауданшалар.

41.Жазық кернеулі күй. Мор шеңбері.

42.Көлемдік кернеулі күй.

43.Нүктедегі деформацияланған күй жəне оның құраушылары.

44.Бас деформациялар жəне бас өстер.

45.Жазық жəне көлемдік күйдегі Гук заңы.

46.Күрделі кернеулі күй жағдайында беріктікке есептеу. Эквивалентті кернеулі күй.

47.Жалпыланған қауіпсіздік еселігі. Беріктік жəне пластикалық теориялары.

48.Бірінші беріктік теориясы.

49.Екінші беріктік теориясы.

50.Үшінші беріктік теориясы.

51.Төртінші беріктік теориясы

52.Бойлай сығылған жіңішке ұзын сырықтың орнықтылығы. Эйлер формуласы.

53.Тірек түрлерінің дағдарыс күші шамасына əсері.

54.Эйлер формуласының қолданылу шегі.

55.Пластикалық деформациялар жағдайындағы орнықтылық. Ясинский формуласы.

56.Серпімді жүйелерді орнықтылыққа есептеу.

57.Соққы түрінде түсірілген күштер əсеріне есептеудің алғы шарттары.

58.Соққы түрінде түсірілген күштердің динамикалық əсері. Динамикалық еселік.

59.Серпімді элементтердің динамикалық еселік шамасына ықпалы.

60.Инерция күштерінің əсеріне беріктікке есептеу.

61.Қиғаш иілу. Кернеулер. Қауіпті нүктелер. Беріктік шарты.

62.Орталықтан тыс созылу жəне сығылу. Қауіпті нүктелер. Беріктік шарты.

63.Қима өзегі.

64.Иіле бұралған жүйе элементтерінің беріктігін қамтамасыз ету жолдары.

143

 

ГЛОССАРИЙ

 

 

 

Беріктік

кепілдігі. Межелік (сындырушы)

күштің немесе

кернеудің

іс

жүзінде əсер етіп тұрған күшке немесе кернеуге қатынасы. Син. – Беріктік

 

кепілдігінің

еселігі; күрделі кернеулі күй

жағдайында

кернеулі

күйдің

құраушыларының барлығын бірге кернеулі күй межелік кернеулі күй болу үшін неше өсе көбейту керек екенін көрсететін өселік.

Беріктік шегі. Үлгі төтеп бере алатын ең үлкен күштің үлгінің көлденең

қимасының бастапқы (күш түсірілмеген кездегі) ауданына қатынасы.

 

Беріктік.

Қатты

дененің

сыртқы

күштер əсеріне сынбай төтеп беру

қабілеті.

Кең мағынада

беріктік-

материалдың сынуға төтеп

берумен

қатар

оның өз формасын қайтымсыз (пластикалық) өзгертуге қарсыласу қабілеті.

 

Верещагин əдісі. Екі функцияның көбейтіндісінен алынатын интегралды

сол функциялардың графиктерін арнаулы жолмен “көбейтумен” алмастыру.

Даламбер

қағидасы. Қозғалыстағы

материялық

нүктелер

жүйесі

үшін

барлық

пəрменді

күштердің, реакция

күштерінің,

инерция

күштерінің

векторлық қосындысы жəне осы

аталған күштердің

бас

моменттерінің

қосындысы нольге тең болады.

 

 

 

 

 

Деформация. Сыртқы күштер əсерінен туындайтын дене нүктелерінің өзара орналасуының өзгеруі.

Деформацияның потенциалдық энергиясы. Деформацияның серпімді құраушыларының арқасында пайда болып, күшті алып тастаған кезде жүйенің

сыртқы жұмысына айнала алатын деформация энергиясы.

 

Динамикалық

түрде

күш

түсіру. 1. Деформацияланатын

дене

бөлшектерінің жылдамдығы едеуір болып, яғни қозғалыстағы массаның кинетикалық энергиясы сыртқы күштер жұмысының айтарлықтай бөлігін құрайтындай жағдай туғызатын күш түсіру. 2. түріПластикалық деформациялар толық пайда бола алмайтындай күш түсіру түрі. Син. – Тез өзгеремді жүктеме.

Есептеу сүлбесі. Қарастырылатын нақты объектінің есептеу мақсатына айтарлықтай əсері жоқ ерекшеліктері алып тасталған түрі(Модель дегенді де қараңыз).

Жазық қималар болжамы. Сырықтың көлденең қимасы күш түсірілгенге дейін жазық жəне бойлық өске перпендикуляр болса, күш түсірілгеннен кейін де жазық жəне бойлық еске перпендикуляр күйінде қалады деген тұжырымға негізделген болжам. Қараңыз. – Бернулли болжамы.

Жазық фигураның бас инерция моменті. Жазық фигураның бас өстеріне қатысты инерция моменттері.

Жазық фигураның орталық бас өстері. Қиманың ауырлық орталығынан өтетін бас өстері.

Жанама кернеу. Берілген қимадағы толық кернеу векторының қима жазықтығына проекциясы.

Жаншылу. Шекті өлшемді беттескен беттердегі тік кернеудің əсерінен бұйым материалының беткі қабатының пластикалық деформация алуы.

144

Жұмсару шегі. Үлгідегі деформацияның кернеуге тəуелсіз едеуір өсетін кезіне сəйкес кернеудің мəні.

Жылжу жолақтары (Людерс-Чернов сызықтары). Беті жылтырата тегістелген үлгіні жалпы жұмсару аймағында созуға сынау кезінде оның бетінде бойлық оске45 градус көлбеу бағытта пайда градус көлбеу бағытта пайда болатын сызықтар.

Изотроптық. Денеден бөліп алынған үлгінің қасиеттерінің кеңістіктегі бағыттардан тəуелсіздігі. Керісінше дененің материалы анизотропты деп аталады.

Иілу. Сырықтың көлденең қимасында июші момент туындататын күш

түсіру түрі; иілу тік (жазық) жəне қиғаш болып бөлінеді; сонымен қатар бойлық

 

жəне бойлық-көлденең иілу түрлері кездеседі.

 

 

 

Ішкі

күштер.

Сыртқы

күштер

əсерінен

туындайтын

жүйенің

элементтерінің немесе дененің бөліктерінің өз-ара əсер . күштеріОлар

 

қарастырырылатын көлемдегі немесе нүкте маңындағы сыртқы күштер өсерін

теңгереді.

 

 

 

 

 

 

Қабық.

Бір өлшемі (қалындығы) басқа өлшемдерінен əлдеқайда кіші дене.

 

Қажуға беріктік.

Құрылма элементінің,

материалының айнымалы кернеу

 

əсеріне төтеп беру қабілеті; айнымалы күштержүйесі əсеріне беріктік. Кастилиано теоремасы. Серпімді жүйенің толық потенциялық энергия-

сынан күшке қатысты алынған дербес туынды сол күш түсірілген нүктенің күш бағытындағы орын ауыстыруына тең болады.

Қатаңдық. Қатты дененің сыртқы əсерлерді өзінің бастапқы геометриялық формасы мен өлшөемдерін айтарлықтай өзгертпей төтеп беру қабілеті.

Кернеулер эллипсоиды. Нүктедегі толық кернеу векторының ұшының геометриялық орны.

Кернеулі күйдің бас алаңдары. Кернеулі күйдің бас өстеріне сəйкес өзара перпендикуляр жазықтықтар.

Кесілу. Жанама кернеудің əсерінен бұйым материалының бір бөлігінің екінші бөлігіне қарағанда жазықтық бойымен ығысуының нəтижесінде сынуы.

Қима өзегі. Көлденең қиманың барлық ңүктелерінде бір таңбалы кернеу туындататын орталықтан тыс түсірілген бойлық күштердің түсу нүктелерінің жиынтығы.

Қималар тəсілі. Жүйедегі (денедегі) ішкі күштерді табу төсілі. Ол үшін жүйені қажет жерден ойша кесіп, бір бөлігін алып тастаса, оның қалған бөліктің тепе-теңдігін қамтамасыз өтетін əсері ішкі күшті береді.

Кернеу. Сыртқы күштер əсерінен туатын денедегі ішкі күштердің таралуын сипаттайтын шама; аудан бірлігіне келетін ішкі күштер үлесі.

Күштер əсерлерінің тəуелсіздігі қағидасы. Бірнеше сыртқы əсердің

(күштер, температура, қысым жəне т.б.) нəтижесі сол əсерлердің əрқайсысының нəтижелерінің қосымдысына теңдігі жəне оларды түсіру тəртібіне тəуелсіздігі болжамына негізделген қағида. Син. – Қондыра қосу қағидасы.

Күшті статикалық түрде түсіру. Күштің өзгеру жылдамдағы дене бөліктерінің кинетикалық энергиясына айтарлықтай əсер етпейтіндей күш түсіру түрі.

145

Мор интегралы. Сызықты серпімді жүйелердегі орын ауыстыруды табу

үшін Мор тəсілін қолданғанда пайдаланылатын интегралдар.

 

 

Нүктедегі

кернеулі

күй.

Нүктеден

өтетін

барлық

жазықтардағы

кернеулердің

жиынтығы;

басы

қарастырылатын

нүктеде

орналасқан

тікбұрышты координаттар

жүйесіндігі кернеулі күй

құраушылары арқылы

толық анықталады. Син. - Кернеулер тензоры.

Орнықтылық. Жүйенің сыртқы əсерлерге төтеп бере отырып өзінің бастапқы қалпын сақтау қабілеті.

Орталықтан тыс созылу(сығылу). Тең əсерлісі сырықтың көлденең

қимасының ауырлық орталығынан тыс жерден

өтетін бойлық бағытпен

түсірілген күштер жүйесінен туындайтын деформация;

мұны созылу (сығылу)

жəне бір немесе екі бас өске қатысты иілудің біріккен əсері деп қарастыру ыңғайлы.

Пластикалық материалдар. Стандартталған үлгілері қалыпты темпера-

турада

статикалық түрде үзілуге

дейін созылуға сынағанда салыстырмалы

ұзаруы мен салыстырмалы жіңішкеруі (10...60) % - тен кем болмайтын матери-

алдар.

Кей жағдайларда пластикалық

материалдан жасалған бөлшектердің де

морт сынуы мүмкін.

Полюстік инерция моменті. Дөңгелек немесе сақина тəрізді қималы сырықтардағы бұралу кезіндегі кернеулер мен деформацияларды табу үшін қолданылатын геометриялық сипаттама.

Полюстік қарсыласу моменті. Дөңгелек немесе сақина тəрізді қималы сырықтардың бұралу кезінде ең үлкен жанама кернеулерді анықтауцға пайдаланылатын шама; өлшем бірлігі -ұзындық өлшемінің үшінші дəрежесі.

Пропорционалдық

шегі. Материалдың

қасиеттерінің

Гук

заңына

бағынатын аралығындағы ең үлкен кернеу.

 

 

 

Сен-Венан қағидасы.

Жүйенің (дененің)

күш түсірілген

нүктесінен

жеткілікті дəрежеде алыс жатқан нүктелердегі кернеулер мен деформациялар күштің нақты түсірілу əдісіне тəуелсіздігі жайындағы ереже. Бұл қағидаға сүйеніп түсірілген күш жүйесін оған барабар қарапайым жүйемен алмастыруға болады.

Серпімділік. Дененің өлшемдері мен формасын сыртқы күш əсері тоқтағаннан кейін қайтадан қалпына келтіре алу қабілеті.

Созылу. Сырықтың көлденең қимасында тек оң (созушы)бойлық күш əсер ететін, ал басқа ішкі күш факторлары нөлге тең болатын күш түсірудің (деформацияның) түрі.

Соққы. Екі қатты дененің əрқайсысының энергиясын шекті шамаға өзгертетіндей деңгейдегі аз уақыт аралығында өзара əсерлесуінің айрықша түрі.

Статикалық түрде анықталмайтын жүйе. Тұғыр реакциялары тек тепе-

тендік теңдеулері арқылы, ал ішкі күштері қималар тəсілімен анықталмайтын жүйе.

Сырық. Бір өлшемі басқа екі өлшемінен əлдеқайда үлкен дене. Сырықтар жүйесі. Элементтері сырық болып табылатын құрылма.

Тік кернеу. Берілген қимадағы толық кернеудің көлденең қима тіктеміне проекциясы.

146

Төртінші (Хубер-Мизес-Генки)

беріктік

теориясы.

Материалда

пластикалық

деформация меншікті форма өзгерту

энергиясы

сол материалға

тəн белгілі мөлшерге жеткенде пайда болады.

 

 

Үшінші

(Треска-Сен-Венан)

беріктік

теориясы.

Материалда

пластикалық деформация ең үлкен жанама кернеудің мə(нікернеулі күйдің басқа құраушылары қандай болмасын) сол материалға тəн белгілі шамаға жеткенде пайда болады.

Эпюр. Шаманың (мысалы, ішкі күш, кернеу немесе орын ауыстыру) бір сызықтың (сырықтың бойлық осі, қиманың биіктігі т.с.с.) бойымен өзгеруін көрсету графигі.

147

Жапаев Сəдуақас Қалыұлы, Абдраимова Гүлнар Аманжолқызы

“Материалдар кедергісі”

пəні бойынша 5В070800 – “Мұнай-газ ісі”

мамандығы үшін оқу əдістемелік кешен

Редактор Техн. редактор

«Қолданбалы механика жəне машиналарды

«27» сəуір 2011 ж.

құрылымдау негіздері» кафедрасының

Хаттама №9

мəжіліс хаттамасы.

 

«Машина жасау» институтының əдістемелік

« 28» сəуір 2011 ж.

кеңесінің хаттамасы.

Хаттама № 4

Басуға қол қойылды «____» _____________2011 г.

Таралымы ___ дана

Пішіні 60х84 1/16.

Типографиялық қағаз 1.

Көлемі ___ б.т.

Тапсырыс № ____

Бағасы келісімді

______________________________________________________

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің басылымы ҚазҰТУ-дың ғылыми-техникалық баспа орталығы

Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32

148

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]