Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tursynova_memlekettik_umk_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
49
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
625.73 Кб
Скачать

Жаңа түркі дəуіріндегі ресми іс қағаздары

XIV-XVII ғасырларда қазіргі Украина, Молдавия, Румынияларда қоныс теуіп, қауым (община) болып өмір сүріп, армян дінін қабылдап, қыпшақ тілінде сөйлеген этникалық топ тюркологияда «армян-қыпшақтар» деп аталып, олардың армян алфавитімен жазып қалдырған мұралары«армян-қыпшақ жазба ескерткіштері» деп аталып жүр, – деп жазады зерттеуші А.Н. Гарковец.

Алтын Орда жерінен бірте-бірте ығысып барған оларXV ғасырдың

аяғында сол кездегі ең үлкен саяси жəне

экономикалық

орталық болып

саналатын Львов жəне т.б қалаларда топтасады.

Львовта

қыпшақ тілінде

мектеп, баспахана болған, армян-қыпшақ-полякша

сөздіктер,

діни

еңбектер,

«Төре бітімі» деп аталатын заңдар жинағы болған.

 

 

 

Армян қыпшақтары тұрған жерлерінде түрлі кəсіптермен шұғылданады. Олардың арасында саудагерлер, дипломаттар, армян алфавитін қыпшақ тілінің

заңдылығына негіздеп, жазу дəстүрін

қалыптастырушылар да шыққан. Армян

қыпшақтары өздері бағынышты

болған Польшакорольдігінің саяси-

экономикалық өмірінде елеулі рөл атқарады. Олар өздерінің дербестігін, суверенитетін сақтау үшін көп күш салады. Ақырында 1496 жылы король армян қыпшақтарына өздерінің істерін өздерінің заңымен шешулеріне рұқсат етеді. Осыдан бастап қыпшақ тілінде көптеген аударма еңбектер пайда болады. Іс қағаздары, ресми құжаттар қыпшақ тілінде жүргізіледі.

Қыпшақ тілінде жазылған ресми құжаттары Львов қаласының əкімшілік

сот орындарында поляк, украин, латын

тілдеріндегі документтермен бірдей

дəрежеде

қабылданып, мемлекеттік

ресми

іс

қағаздары жүргізілетін тіл

дəрежесіне көтеріледі.

 

 

 

 

1572-1663 жылдарда түрлі

іс қағаздары

тіркеліп отырған қолжазба Киев

архивінде

сақталған. «Документтерде

кеңсе

қағаздары стиліне тəсөзн

оралымдары, əр документтің

датасын, билердің

аты-жөндері, текстердегі

қайталаулар көптеп кездеседі. Сондықтан да бұл документтерді бір ғасыр бойы хатқа түскен, стилі қалыптасқан қыпшақ тілінің іс қағаздарының үлгісі ретінде бағалау керек», – деп жазылған.

Құжаттардың қашан, кімдердің жүргізгені жазылып отырған. Қауымның өзін-өзі басқаруының құрамында жыл сайын ағалар кеңесі сайлайтын судьявойт жəне армян заңын жетік білетін 12 адам болған. Ал акт кітабында армян соты қараған түрлі істер тіркеліп отырған. Олар: өтініш, қолхат, өсиет қағаз,

түрлі келісімшарттар, төлем қағаздары, анықтамалар, кепілдік, куəлік, арыз, дүние мүліктің тізімі, ант ішу жəне түрлі құжаттардың көшірмелері.

140-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Армян-қыпшақ жазба ескерткіштері, – деп не аталады? 2. Армянқыпшақ тобы қай жерлерде топтасқан? 3. Львовта нелер болған? 4. Армян

қыпшақтары немен шұғылданған жəне олардың арасында кімдер болған? 5. Олар не үшін күш салған? 6. Қыпшақ тіліндегі еңбектер неге байланысты пайда болған? 7. Қыпшақ тілінде жазылған ресми құжаттар қандай дəрежеге дейін көтерілген? 8. Документтерде кеңсе қағаздары стиліне тəн нелер кездеседі? 9. Акт кітабында тіркеліп отырған құжаттарды атаңыздар.

141-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына жоспар құрып, жоспар бойынша əңгімелеп беріңіздер.

142-тапсырма. Мəтіннен алынған іс қағаздарына қатысты сөз жəне сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Өсиет қағаз, куəлік, дүние мүліктің тізімі, қолхат, анықтама, кепілдік, төлем қағаз, келісімшарт.

10-апта. 20-сабақ

143-тапсырма. Хаттамадан үзінді не үшін қажет, онда не қамтылады? Өзара ой бөлісіңіздер.

144-тапсырма. Хаттамадан үзіндіде хаттаманың қай бөліктері алынады? Пікір алмасыңыздар.

145-тапсырма. Хаттамадан үзінді туралы берілгенмəліметпен танысып, хаттамадан үзінді жазуды меңгеріп алыңыздар.

Х а т т а м а д а н ү з і н д і

Кез келген құжаттың үзіндісі құжаттың толық мəтіні қажет болмай, тек құжатта жазылған бірнеше мəселенің ішінен біреуінің ғана көшірмесі қажет болған жағдайда немесе белгілі бір мəселенің мəжілісте қарастырылып, ол

туралы қаулы қабылданғанын растайтын құжат

талап етілгенде немесе

құжаттың толық мазмұнын құпия ұстау қажет болғанда дайындалады.

Құжат үзіндісінде жазылған мəліметтің растығын,

дұрыстығын дəлелдеу

үшін, орыс тілінде «выписка верна»

деп жазылып,

жауапты

қызметкердің

қолы қойылып, мекеме мөрі басылады. Құжат үзіндісінің

дұрыстығын,

растығын дəлелдейтін жазба үзіндісі

рас, үзіндісі заңды, үзіндісі дұрыс деп

тағы басқа да нұсқада қолданылып жүр. Бұлардың ішінен үзіндісі дұрыс деген нұсқа іс қағаздары тілінде қолдануға ыңғайлы, құжаттың заңдылығын, дəлдігін растайтын жазба ұғымын бере алады. Құжаттың үзіндісі емес, көшірмесі берілген жағдайда көшірмесі дұрыс деп жазылады.

Хаттаманың үзіндісіне төмендегі мəліметтер кіреді:

1.Мəжіліс өткізілетін ұйымның атауы;

2.Құжаттың аты;

3.Мəжілістің өткізілген орны мен күні;

4.Күн тəртібінде қарастырылған бірнеше мəселенің тек сізге ғана қатыстысы, сізге қажеті ғана көрсетіледі.

5.Сізге қатысты мəселе туралы қабылданған қаулы;

6.Төрағаның жəне хатшының қолы;

7.Үзіндіні растайтын жазба;

8.Мекеменің мөрі.

Аталған бөліктердің рəсімделу үлгісі хаттаманың рəсімделуімен бірдей. Мəжіліс өткізілген ұйымның атауы мен құжат аты көрсетіледі, бірақ құжаттың үзіндісінде хаттама деп емес, хаттамадан үзінді деп жазылады.

146-тапсырма.

Хаттамадан

үзінді

құжатының

үлгісіме

танысыңыздар.

 

 

 

 

Ү л г і:

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты даму институты

Қазақ тілі кафедрасының

№ 6

 

ХАТТАМАСЫНАН

ҮЗІНДІ

Алматы

қаласы

21.01.11

Төрайым: Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т.Тұрсынова Хатшы: А.А.Бакиева

Қатынасқандар: профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор К.Б. Жақсылықова,

профессор Ұ.Р.Шүленбаева, ф.ғ.к.,

доценттер: С.С.Айтжанова,

Т.Садақбаев,

п.ғ.к, доцент Р.Ш.Əбдiсүлейменова, ф.ғ.к., аға

оқытушы Г.Ө.Зəуірбекова,

ҚазҰТУ доценттері: А.С.Итемирова, Г.Д.Рыскелдиева, М.Ө.Карамендина, аға

оқытушылар: Ш.М.Оспанова, Г.А.Аужанова, А.Ə.Өмірбеков, Қ.Рысқұлбекова,

Р.Б.Қадырқұлова,

В.М.Сағымбаева,

М.Б.Бердиллаева,

Қ.Ə.Ілесова,

Р.Т.Төлегенова.

 

 

 

 

 

 

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

 

 

 

 

 

Баспаға әзірленген әдістемелік нұсқауды қарастыру.

 

 

Қ.И.Сəтбаев

атындағы

Қазақ

ұлттық

техникалық

университетінің

профессоры

Г.Т. Тұрсынова,

профессор

Ұ.Р Шүленбаева,

доцент

А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пəні бойынша дайындаған «Кен байлығы – ел байлығы» тақырыбына жазған əдістемелік нұсқауды талқылау жəне баспадан шығаруға ұсыну .

ТЫҢДАЛДЫ: п.ғ.д., профессор К.Б. Жақсылықованың профессор Г.Т.

Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пəні бойынша дайындаған «Кен байлығы – ел байлығы» тақырыбына жазған əдістемелік нұсқауды баспаға ұсыну туралы хабарламасы тыңдалды.

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ: Профессор Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пəбойыншані

дайындаған «Кен

байлығы –

ел байлығы»

тақырыбына жазған əдістемелік

нұсқау баспадан басып шығаруға ұсынылсын.

 

Қазақ тілі кафедрасының

 

меңгерушісі, профессор

___________

Тұрсынова Гүлбаршын

 

 

қолы

Тұрсынқызы

Хатшы

__________

Бакиева Айгүл Əдікенқызы

 

қолы

 

 

147-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Хаттамадан үзінді қандай жағдайда жазылады? 2. Хаттаманың үзіндісіне қандай мəліметтер кіреді? 3. Құжаттың атын қалай жазу керек? 4. Хаттама үзіндісінің күн тəртібінде не жазылады? 5. Хаттама үзіндісіне енгізілетін мəліметтерді атаңыздар.

148-тапсырма. Хаттамаға байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыздар.

1.Хаттамаға .......................... қолы қойылады.

А) Мəжіліс төрағасы мен хатшының Ə) Мекеме басшысының Б) Хатшының

В) Мəжіліске қатысушылардың

2.Хаттамада ......................... мəлімет жазылады.

А) Мəжілісте қаралған мəселелер туралы

Ə) Азаматтардың құқығы туралы Б) Мекеменің таратылуы туралы В) Жеке адамның азаматтық хал-

жағдайы туралы.

3.Хаттаманың күн тəртібінде ......................... жазылады.

А) Хатшы туралы мəлімет Ə) Қатысқандар туралы мəлімет Б) Сөз сөйлегендердің сөзі

В) Мəжілісте қаралатын мəселелер

4. Хаттаманың «тыңдалды» бөлігінде ................. жазылады.

А) Мəжіліс төрағасы туралы Ə) Күн тəртібіндегі талқыланған мəселелер туралы

Б) Нақты қарастырылған мəселе туралы В) Қабылданған қаулы туралы

5.Хаттаманың «жарыссөз» бөлігінде ................ жазылады.

А) Жасалған баяндама туралы Ə) Сөз сөйлеушілердің пікірлері Б) Жасалған баяндама туралы

В) Мəжіліс төрағасының қорытынды сөзі

149-тапсырма. Берілген мəселелерді қатыстырып, хаттамадан үзінді жазыңыздар.

Күн тəртібі:

1.Мекеме бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі жөнінде;

2.Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдай штабының қызметі жөнінде;

3.Ғимараттарды жөндеу бөлімінің жұмысы жайлы.

Тыңдалды:

1.

Еңбекті қорғау

жəне

техника

қауіпсіздігі

бөлімінің

бастығы

Сағымбаева Венера Маратқызы баяндама жасады.

 

 

 

 

2. Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдай штабының

бастығы

Төлегенова Раушан Төлегенқызының хабарламасы тыңдалды.

 

 

 

3. Ғимараттарды жөндеу бөлімінің бастығыМамекеева Ырыскүл

Құсайынқызының ақпараты тыңдалды.

 

 

 

 

 

 

150-тапсырма.

Көп

нүктелердің

орнына тиісті

сөздерді

қойып

жазыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиналыстың күн тəртібінде …………….. .

2. Күн тəртібіндегі бірінші

мəселе

бойынша

кафедраның

аға

оқытушысыАужанова

Гүлжан

Аужанқызының ……………… . 3. Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойынша

үш адам

……………

. 4. Г.Аужанованың пікірін көпшілік ………..... .

5.

Бірінші мəселе бойынша ……………. . 6. Дауысқа салған кезде ……………

болған жоқ. 7. …………….. директордың

орынбасары Қадырқұлова Роза

Баймолдақызы хабарлама жасады.

 

 

 

 

 

 

Сөйлемдерді толықтыруға керекті тілдік бірліктер: қалыс қалғандар,

қаулы қабылданды, жарыссөзге шықты, баяндамасы тыңдалды, үш мəселе қойылды, бірауыздан мақұлдады, екінші мəселе бойынша.

151-тапсырма. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Повестка дня: а) Создание и название МЧП. б) Принятие устава МЧП. 2. Слушали: а) М.С.Кравченко сообшил о планах создания и названия МЧП. б) К.Н.Насыров ознакомил присутствующих с уставом. 3.

Постановление: а) Ходатайствовать о создании и названии кооператива. б) Принять предложенный устав. 4. Повестка дня: а) О реализации Закона РК «О труде в Республике Казахстан». б) О работе отдела маркетинга и государственных закупок. в) О работе отдела контроля и документационного обеспечения.

152-тапсырма. Төмендегі мəселелер бойынша хаттамадан үзінді жазыңыздар.

1.Диплом жұмысының тақырыбын бекіту;

2.Оқу құралын баспаға ұсыну;

3.Диссертациялық жұмысты Ғылыми кеңеске қорғауға жіберу туралы жəне т.б.

 

153-тапсырма.

Сөздердің

дұрыс

мағыналарын

тауып, оларды

сəйкестендіріңіздер.

 

 

 

 

 

 

 

1. Төраға

 

1.

Құқықты жою, құқыққа шек қою.

 

 

2.

Қаулы

 

2.

Екі адамның əңгімесі, сөйлесуі.

 

 

3.

Еңбекақы

 

3.

Жиналысты, мəжілісті басқарушы.

 

 

4.

Сұхбат

 

4.

Көпшіліктің шешімі.

 

 

5.

Деканат

 

5.

Факультет басқармасы орналасқан бөлме.

 

6.

Дискриминация

 

6.

Басқа ауру адамға құю үшін қанын беретін адам.

 

7.

Донор

 

7.

Орындалған жұмысына, істеген қызметіне

 

 

 

 

 

алатын ақша.

 

 

 

11-апта. 21-сабақ

154-тапсырма. Тілдің түрлі стильдік тармақтарынан мəлімет алыңыздар. Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

155-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің стилін сабақ барысында талқылаңыздар.

156-тапсырма. Берілген мəтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Ресми іс қағаздары тілінің стилі

Жазба əдеби тіл – қоғамның, мемлекеттің ресми тілі болғандықтан, оның қызметі де, қолданылу аясы да барынша кең болады. Тіл – мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, əдебиеттің, оқу-ағарту, тəрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық-ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің стильдік тармақтары пайда болады. Қазіргі қазақ əдеби тілінің мынандай стильдік тармақтары бар:

1.Ресми іс қағаздары тілінің стилі;

2.Публицистикалық стиль;

3.Ғылыми-көпшілік əдебиет стилі;

4.Көркем əдебиет стилі;

5.Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.

Ресми іс қағаздары тілінің стилі кейде: а) кеңсе стилі; ə) ресми стиль;

б) іс қағаздары стилі деп те айтыла береді. Ресми іс қағаздары стилінің ерекшелігі – онда факті дəл көрсетіліп, бір ізбен, жүйелі, нақты, қысқа, нұсқа жазуға айрықша мəн беріледі. Өйткені, іс қағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты.

Ресми құжаттарда қоғамдық-саяси лексиканың, əкімшілік терминдердің қолданылуы басым келеді. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр жəне мазмұн жағынан əр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады: а) белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау түрінде жазылады; ə) лексика-фразеологиялық құрамы басқаша болып келеді; б) ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

Іс қағаздары ресми түрде жазылуы керек, бірақ кейбір іс қағаздарында

эмоционалды

бояуы

бар

тілдік

құралдар

да

қолдан. Мысаллады:

халықаралық

ұйымдар

мен

мекемелердің, белгілі қоғам қайраткерлерінің

мүшел тойына

арналған

құттықтаулар. Құттықтау мəтіндерінде жігер, қуатқа

толы жақсы тілектер айтылады, олар жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоционалды бояулы сөздердің қолданылуы заңды.

Көптеген сөздер белгілі бір стильде болып, қолданылуы жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама

берілді, мəселе көтеру, алғыс, сөгіс жариялау, бұйырамын, қаулы қабылдау

жəне т.б. сөздер мен сөз тіркестері ресми іс қағаздары стиліне тəн.

Ресми іс қағаздарында кейдебір заттың немесе ұғымның атауы қолданылу орнына қарай əр түрлі аталады. Мысалы: адам деген сөз:

1.Ресми құжаттарда – азамат;

2.Үйде – ата-ана;

3.Телефон станциясында – абонент;

4.Ательеде – заказ (тапсырыс) беруші;

5.Шаштаразда – клиент;

6.Ауруханада – науқас, емделуші;

7.Санаторийде – демалушы, тынығушы, емделуші;

8.Қоғамдық көлікте – жолаушы;

9.Кітапханада – оқырман;

10.Сауда орнында – тұтынушы;

11.Қызмет орнында – маман, қызметкер, т.б. болып айтылады. Яғни, кез-келген адам күнделікті өмірде белгілі бір əлеуметтік рөлді атқарады.

Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне: өтініш, сенімхат, қолхат,

анықтама, мінездеме, хабарландыру, акт, мəлімдеме, хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, жарлық, қаулы, есеп, т.б. жатады.

Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажеттілігінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздары бұрыннан қалыптасқан нақты үлгілер бойынша жазылады. Іс қағаздарын жазу – жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Сөйлемнің баяндауышы ашық райда

пайдаланылады, мысалы: қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілді немесе бұйрық райда– орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын, шара қолданылсын, іске қосылсын сөздерінен тұрады.

Көнерген сөздер, диалектілер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, тілдік қолданыстан шығып қалған сөз тіркестері, сөздер қолданылмайды.

157-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Жазба əдеби тілі мен ауызша сөйлеу тілінің айырмашылықтары неде? 2. Тіл қай салаларда қызмет атқарады? 3. Қазақ əдеби тілінде стильдің қандай тармақтары бар? 4. Ресми іс қағаздары стилінің ерекшелігін атаңыздар.

5. Бұл стиль немен байланысты болып келеді? 6. Ресми құжаттарда терминдер қолданыла ма? 7. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттарға ортақ сипаттарды атаңыздар. 8. Іс қағаздарының үлгілерін атаңыздар.

158-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің стиліне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

159-тапсырма. Төмендегі құжаттардың жазылу үлгісімен танысып, олардың стиліне назар аударыңыздар.

Қосымша демалыс беру жөнінде

Бостандық аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Сəрсекеева

Гүлназ Айдарқызының баласы үш жасқа толғанға

дейін

бала күтімін

байланысты 2011 жылдың 19 қарашасынан бастап 2014 жылдың 8 қыркүйегіне

дейін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берілсін.

 

 

Негіздеме: Г.А.Сəрсекееваның өтініші. Баланың

тууы

туралы

куəлігінің көшірмесі бірге тіркеліп отыр.

 

 

Алматы қаласы Бостандық аудандық қаржы бөлімінің

меңгерушісі ____________ Айтжанова Сəуле Сейіткəрімқызы қолы

Еңбек демалысынан шақыру туралы

Өндірістік

қажеттілікке

байланысты, ұйымдастыру

кадр

бөлімінің

бастығы Бакиева Айгүл Əдікенқызы2011 жылдың 15 қаңтарынан

еңбек

демалысынан шақырылып, пайдаланбаған күндерін өзіне қажетті басқа уақытта пайдалану құқығы берілсін.

«Капитал» компаниясының директоры _____________ Оспанова Шолпан Мұхтарбекқызы

қолы

Ж ы л д ы қ д е м а л ы с ж ө н і н д е

Ү л г і:

Қазақстан Республикасының 10.12.1999 жылғы № 493-1 «Қазақстан Республикасындағы жұмыс туралы» Заңының 60 бабының 3 тармағы бойынша əлеуметтік жұмысқа байланысты категориясыз (Q-12) маман Абдиев Жұман Сайынұлына 2011 жылдың 1 қыркүйегінен 19 қыркүйегіне дейін 18 күнтізбелік күнге жыл сайынғы жылдық демалысы берілсін.

Негіздеме: Ж.С.Абдиевтің 2011 жылдың 18 тамызындағы өтініші.

Аудан əкімінің

____________ Садақбаев Тəңірберген Тұрсынбайұлы

орынбасары

қолы

Енгізілсін:

Аудан əкімі аппаратының басшысы _____________ Рыскелдиева Гүлдария Дəулетқазықызы

қолы

Келісілді: Мемлекеттік құқық

бөлімінің бастығы _____________ Итемирова Ақмарал Сейітқызы қолы

160-тапсырма. Жоғарыдағы үлгілерді пайдаланып, төмендегі мəселелерге байланысты құжат үлгілерін жазыңыздар.

1.Жұмысқа қабылдау туралы;

2.Белгілі қызметке тағайындау туралы;

3.Жұмыстан шығару туралы;

4.Тəртіптік жаза беру туралы;

5.Белгілі бір міндетті жүктеу туралы.

11-апта. 22 сабақ 161-тапсырма. Түйіндеме қандай құжат, оны қай уақытта, неге

байланысты талап етеді? Сабақ барысында талқылаңыздар. 162-тапсырма. Түйіндеменің құрылымына не кіреді? Бір-біріңізбен

пікір алмасыңыздар.

163-тапсырма. Түйіндеме туралы берілген мəліметпен танысып, оның жазылу үлгісін есте сақтаңыздар.

Т Ү Й І Н Д Е М Е (Резюме)

 

Түйіндеме

(резюме)

француз тілінен аударғанда

айтылған немесе

жазылған мəселенің «қысқаша түйіні» деген мағына береді.

 

 

 

Түйіндеме

белгілі

бір

тұлғаның өмірбаяны, білімі,

мамандығы,

кəсіптік шеберлігі,

біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа

мəлімет беретін

анықтамалық-ақпараттық іс қағаздарының бір түрі.

 

 

 

Түйіндеме

жұмысқа тұру

мақсатында немесе істеп жүрген қызметінен

өзіне

лайықты

 

басқа қызмет іздеген жағдайда, бос орынға

жарияланған

конкурсқа құжат

тапсырған кезде, т.б. да көптеген жағдайларда жазылады.

Түйіндеме мəтінінің соңына түйіндемені жазған тұлға өз қолын қояды.

 

Сіздің түйіндемеңізді оқыған адам сіздің кім екендігіңізден,

қашан, қайда

оқып,

жұмыс

істеп, қандай

тəжірибе жинағандығыңыз,

алға қойған

мақсатыңыз, кім

болып

жұмыс істегіңіз келетіндігінен, жеке

басыңыздың

қасиеттерінен хабардар болып, мəлімет ала алуы керек.

 

 

 

Түйіндеменің құрылымы төмендегідей:

 

 

1.Құжаттың аты. Мысалы: Түйіндеме.

2.Түйіндемені жазушының жеке басы туралы мəлімет.

Аты-жөні, туған, оқыған жері, жылы. Мысалы: Айдарова Кəмшат Жансерікқызы 1967 жылы 22 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келдім, ұлтым – қазақ.

3.Мекен-жайы, телефоны. Мекен-жайым: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 141 үй, 56 пəтер. Үй телефоны: 368-71-26. Ұялы телефоным: 8-701- 246-13-36.

4.Үміттеніп отырған вакансиясы. Мысалы: Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ, Қазақ тілі кафедрасында доценттік қызмет; баспа қызметкері; инженерлік қызмет.

5.Білімі мен қызметі туралы мəлімет. Мысалы: Білімім жоғары,

мамандығым: қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарынан оқытушы. Əрі қарай қай жылдары қай мекемелерде не қызмет атқарғаны жазылады.

6.

Қоғамдық, кəсіптік,

т.б. жұмыстары

туралы

негізгі

мəліметтер. Бұл бөлікте түйіндеме иесінің кəсіптік, қоғамдық, ғылыми жəне

басқа да

жұмыстарының түйіндеме мақсатына қажетті

деп

табылатын

негізгілері

ғана айтылады.

Мысалы: Қоғамдық

жұмыстарға

белсене

араластым. Көпшілікпен

тіл

табыса

аламын,

ұйымдастырушылық

қабілетім бар.

Тапсырылған іске

жауапкершілікпен

қараймын. Баспа ісін

жақсы білемін.

Компьютерді толық меңгергенмін, т.б. Сондай-ақ еңбектегі

табыстары, ғылыми атағы мен ғылыми дəрежесі.

 

 

 

 

7.

Қосымша мəліметтер.

Бұл бөлікте ана тілінен басқа меңгерген

тілдері,

компьютерлік

техниканы

меңгеру

деңгейі,

интернет

бағдарламаларымен жұмыс

істеу деңгейі,

спортқа, өнерге

қатысы,

шетел

сапарлары,

жеңіл

көлік

немесе транспорттың

басқа

түрлерін

жүргізе

алатындығы, т.б. атап көрсету қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

8.

 

Кепілдеме. Соңғы

жұмыс

орнынан

немесе

жеке тұлғалардың

атынан алынған кепілдеме болса,

оның бар екендігі түйіндемеде бір

сөйлеммен

айтылады.

Қажет деп тапқан жағдайда

оны

түйіндемемен бірге

тапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.

 

Түйіндеменің

жазылған

күні,

ізденушінің

қолы.

Түйіндеме

соңынан

 

түйіндеме

жазылған

күн, аты-жөні, фамилиясы, қолы

қойылады.

Мысалы: Қожанова Жібек Əлиқызы, 27 шілде 2009 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Грамматикалық ерекшеліктер:

 

 

 

Түйіндемеде жазылатын құжат иесіне қатысты мəліметтің барлығыI жақ

жекеше

түрде

баяндалады,

оның жалғауы:

-м. Етістіктің жедел

өткен шақ

формасының жұрнақтары: -ды, -ді, -ты, -ті қолданылады. Мысалы: дүниеге

кел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.

 

 

 

 

Түйіндеме иесінің дəл қазіргі кездегі

өмірін, білімі мен қызметін

баяндайтын мəліметтер етістіктің нақ осы шақ формасы

арқылыI жақта

беріледі. Мысалы: оқы+п жүрмін, істе+п жүрмін, атқар+ып жүрмін, т.б.

Нақ осы шақтың дара түріотыр, жүр, жатыр, тұр етістіктеріне

жіктік

жалғауының

тікелей

жалғануы

арқылы

жасалады. М салы: мен

отыр+мын, сен жатыр+сың, сіз тұр+сыз, ол жүр, біз тұр+мыз, сендер

жүр+сіңдер, сіздер отыр+сыздар, олар отыр.

 

 

 

 

 

Нақ осы шақтың күрделі түрі лексикалық мағыналы етістікке: -ып, -іп,

-п жұрнақтары

жалғанып,

тұр, жүр, жатыр, отыр

етістіктеріне

жіктік

жалғауының жалғануы арқылы

жасалады.

Мысалы:

Мен

оқы+п

отыр+мын.

Сен көр+іп жатыр+сың. Сіз ал+ып тұр+сыз. Сендер біл+іп жүр+сіңдер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]