Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tursynova_memlekettik_umk_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
49
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
625.73 Кб
Скачать

бүгінгі

күнге дейін

созып .келдіНе себепті

төлемей

келгені белгісіз,

сылтаулары əр түрлі.

 

 

 

Осыған орай, ҚР-сы

Ата Заңының 13 бабының

2 тармағын, 24 бабының 1

тармағын,

76 бабының

3 тармақтарын басшылыққа ала отырып, жоғарыда

айтылғандардың негізінде өтінемін:

 

 

а) менің моральдық құқығыма жəне

 

 

ə) материалдық жағдайыма қиындықтар туғызып,

 

б) 1,5 жыл бойғы еңбек ақымды төлемегені үшін менің

1 млн. 200 мың

теңге мөлшеріндегі жалақымды өндіріп берсін.

Куə ретінде сотқа У.Қадыров, Г.Салимова, Н. Айдосов, О.Надыроваларды шақыруыңызды сұраймын.

Қосымша құжаттарды ұсынып отырмын:

1.Есептелген, бірақ төленбеген жалақының мөлшері туралы анықтама;

2.ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасы туралы анықтама жəне өсімпұлдық есебі;

3.Талап арыз көшірмесі;

4.Мемлекеттік салықтың төленгендігі туралы түбіртек.

Қолы__________

Күні: 06.10.2011

30-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.

Заявитель, краткое содержание письма, срок исполнения, дата передачи на исполнение, расписка в получении документа, факты подтвердились, решено положительно, результат рассмотрения заявления, характер задания.

2-апта. 3-сабақ

31-тапсырма. Қазақ іс қағаздары тілінің тарихының алғашқы басталу кезеңінен мəлімет алыңыздар.

32-тапсырма. Тарихи деректерге сүйеніп, мəтінді толықтырыңыздар. 33-тапсырма. Мəтінге жоспар құрып, жоспар бойынша əңгімелеп

беріңіздер.

VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы

Қазақ іс қағаздары тілінің тарихыVI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба

 

ескерткіштерінен

басталады.

Осы

ғасырлардағы

көне

түркі

жазба

ескерткіштеріндегі іс қағаздарының үлгілері қазіргі іс қағаздарына қойылатын

 

талаптардың бірқатарына жауап береді.

 

 

 

 

 

Орта түркілік дəуірде жазылған хан жарлықтары ресми іс қағаздарының

 

стилімен жазылған мұра ретінде танылады. Бұл құжаттардың мазмұнында,

 

грамматикалық

құрылысында,

стилінде

қазіргі

өкілеттік, анықтамалық-

 

ақпараттық деп

бөліп жүрген құжаттармен сəйкестік

. көпОрта

түркілік

 

дəуірден бізге жеткен құжат үлгілері сан жағынан өте аз болғанымен, жарлық

мəтіндерінің тілі сол дəуірдегі іс қағаздарының тілі мен өзіндік стилінің қандай

болғанын көрсете алады.

 

 

 

 

 

XV-XVII

ғасырларда

жазылған

армян

жазулы

қыпшақ

тіліндегі

құжаттарда іс

қағаздары терминдері қалыптаса бастаған. Істің

мазмұнының

тақырып ретінде ірі əріптермен беттің ортасында жазылуы, құжатқа тақырып беру, оны жолдың ортасында жазуXVI ғасырда жазылған кейбір құжаттарда ғана көрсетіліп, кейін əр мəтіннің атын жолдың ортасына жазудың жүйелі сипат ала бастауының қалыптаса бастағандығын көрсетеді.

Қазақ тіл білімінде қазақ əдеби тілінің тарихына байланысты жазылған зерттеу еңбектерінің ресми іс қағаздары тақырыбына да қатысы бар екендігі даусыз. Бұл еңбектерде ресми іс қағаздарының тарихы көне түркі жазба

ескерткіштері

 

жазылған

кезеңнен

басталып

қарастырылғандық,

ескерткіштер

тілін

зерттеуге арналған Ғ. Айдаров, Ə.

Құрысжанов, М.

 

Томановтардың еңбектерінің түркі тілдері тарихын, оның ішінде қазақ ресми іс

 

қағаздары тілінің тарихын зерттеуде өзіндік маңызы бар екендігі сөзсіз.

 

 

34-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап

 

беріңіздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазіргі

іс қағаздары тілі қай кезеңнен басталады? 2. Мұра ретінде не

 

танылады? 3.

Орта

түркілік

дəуірдегі

құжаттардың

мазмұнында

қай

құжаттармен сəйкестіктер кездеседі? 4. Сол дəуірдегі іс қағаздарының тілі мен

 

стилінің қандай болғанын не көрсете алады? 5. Қазіргі іс қағаздарының

 

құрылымының

ерте

ғасырларда-ақ

қалыптасқандығына

қай

тілдегі

мəтіндер

 

дəлел бола алады?

6.

Құжаттарда

іс қағаздары стиліне тəн не қалыптаса

 

бастады? 7. XVI ғасырда

жазыла

бастаған

құжаттарда

ненің

қалыптаса

бастағандығын

көрсетеді? 8.

Қазақ

əдеби тілінің тарихына байланысты

 

жазылған зерттеу еңбектерінің ресми іс қағаздарына қандай қатысы бар?

 

 

35-тапсырма. Мəтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, əр бөлігіне тақырып қойыңыздар.

36-тапсырма. Мəтіннен ресми іс қағаздарына қатысты сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Көне; көне түркі; көне түркі ескерткіштері. VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі іс қағаздары үлгілері қазіргі іс қағаздарына қойылатын талаптардың бірқатарына жауап береді.

2-апта. 4-сабақ

37-тапсырма. Сенімхат пен қолхаттың қызметтері қандай, олар қандай жағдайларда жазылады? Берілген мəліметті меңгеріп алыңыздар.

С Е Н І М Х А Т. Қ О Л Х А Т

Сенімхат – белгілі бір тұлғаның, құжат иесінің басқа біреуге, екінші бір тұлғаға бір істі атқаруға, нақты бір мəселеге байланысты(көбінесе мүлік

сипатындағы) өз өкілеттігі мен құқығын пайдалануға рұқсат беретін құжаттарының, іс қағаздарының бір түрі.

Сенімхат кез келген төлем түрлерін, атап айтқанда, жалақы, шəкіртақы, зейнетақы, алимент, ақша аудару, сондай-ақ мүлікті ортақ пайдалану, көлік құралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куəлік алу үшін, сату, сатып алу, үй ауыстыру, сыйлық алу, автокөліктерді ауыстыру , сату жəне т..б толып жатқан жағдайларда беріледі.

Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куəландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім беруші мен сенім алушы тұлғалардың жеке куəліктері арқылы жеке бастары анықталып, іс-əрекетке қабілеттілігі тексеріледі.

Сенімхат бір дана болып дайындалады, оның мазмұнына мыналар кіреді:

1.құжаттың аты;

2.жазылған жері мен уақыты;

3.сенімхат берушінің жəне сенімхат алушының тегі; аты-жөні, мекен-жайы қоса көрсетілген негізгі мəтін;

4.ұйым мөрі басылған, жазылғандарды растайтын жазба.

Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы– 3 жыл. Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, онда ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.

38-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сенімхат қандай мақсатта жəне қандай жағдайларда жазылады? 2. Сенімхатты кім куəландырады? 3. Сенімхат қандай мерзімге беріледі? 4. Сенімхатқа кімнің қолы қойылады? 5. Сенімхатта жазылу мерзімінің көрсетілуі қажет пе?

39-тапсырма. Сенімхаттың жазылу үлгісін есте сақтаңыздар.

С Е Н І М Х А Т

Ү л г і:

Қазақстан Республикасы

Алматы

қаласы

 

Он бесінші ақпан, екі мың он бірінші жыл

 

Мен, Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызы, мекен-жайым Алматы қаласы,

Əуезов көшесі 48 үй, 26 пəтер. Осы сенімхат арқылы Алматы қаласы Төле би көшесі 15 үйдің 41 пəтерінде тұратын Қайназаров Алмат Омарбайұлына өзімнің атыма жазылған пəтерді мекен-жайы Алматы қаласы, 3 ықшамаудан, 7 үй, 26 пəтер, сеніп тапсырамын.

Қайназаров Алмат Омарбайұлы қай кезде, қандай жағдайда болмасын аталған пəтерді қалаған бағасына сатуға, жалға беруге, ауыстыруға, сыйға тартуға, мұраға қалдыруға байланысты кез келген құжатты менің атымнан

толтыруға, қол қоюға жəне аталған істердің барлығын менсіз-ақ сенімхат арқылы жүзеге асыруға құқы бар.

Сенім білдіруші _____________ Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызы қолы

Мөр басылады.

40-тапсырма. Сенімхаттың екінші үлгісімен танысыңыздар.

С Е Н І М Х А Т

Ү л г і:

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы Жиырма бесінші мамыр, екі мың он бірінші жыл

Мен, Монтаева Ажархан Молдаханқызы, Алматы қаласы, Тілендиев көшесі 211 үй, 5 пəтерінің тұрғыны, Алматы қаласы, Ақсай-1 шағын ықшамауданы, 12 үй, 62 пəтерде тұратын Сауытбеков Дəулет Жақсыбайұлына жеке куəлігі №012480193, 1995 ж. 14 сəуірде ҚР ІІМ-ігі берген, жүргізуші куəлігі АА №1026115, «Toyota» маркілі автокөлікті, двигателі IW 813772, шасси IMЗ – hv123807, мемлекеттік № phg 02113, түсі – ақ, маған тиесілі көлікті, уақытша жүргізуіне сенім білдіремін.

Сенімхат 25 мамыр 2014 жылға дейін берілді.

қолы ___________

 

Мөр басылады.

А. Монтаеваның

 

қолын растаймын

41-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Предоставляю ему право заключить договор купли-продажи жилого дома. Предоставляю ему право получать необходимые справки связанные с данным поручением. Предоставляю ему право получить следуемые мне деньги. Предоставляю право выполнить все действия связанные с данным поручением. Полномочия по этой доверенности не могут быть переданы другим лицам.

42-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар

1. Сатуға \аталған пəтерді\М.С.Қайырбеков\ құқы бар. 2. Аталған пəтерді \М.С.Қайырбеков\құқы бар\ жалға беруге. 3. М.С.Қайырбеков \құқы бар\сыйға тартуға\ аталған пəтерді. 4. Аталған пəтерді\ құқы бар\ М.С.Қайырбеков\мұра етіп қалдыруға. 5. Құқы бар \ М.С.Қайырбеков \ауыстыруға\ аталған пəтерді. 6. Құқы бар \ осы сенімхат арқылы\ аталған істердің барлығын\ жүзеге асыруға\ М.С. Қайырбеков.

43-тапсырма. Өз атыңызға пошта арқылы жіберілген 30 мың теңгені алу үшін досыңызға сенімхат жазыңыз.

44-тапсырма. Университет кассасынан сіздің шəкіртақыңызды алу үшін досыңыздың атына сенімхат жазыңыз.

45-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.

сенімхат – доверенность

сенім – доверие

сенім білдіру – доверять

сену – верить

сенім білдіремін – доверяю

сенім беруші – доверитель

сенім алушы – доверенное лицо

əрекет – действие

менің көзімше – в моем присутствии

жеке тұлға – физическое лицо

əрекетке қабілеттілік – дееспособность

46-тапсырма. Сенімхатқа байланысты берілген тест тапсырмаларын

орындаңыздар.

 

1. Сенімхат белгілі бір тұлғаның

................... растайды.

А) өмірбаянын

 

Ə) өкілеттігі мен құқын

 

Б) мекен-жайын

 

В) сенімхаттың жарамдылығын

 

2.Сенімхатқа ................... қолы қойылады.

А) хатшының Ə) сенім алушының

Б) сенім білдірушінің жəне нотариустың В) ата-анасының

3.Сенімхаттағы мəлімет ................ баяндалады.

А) бірінші жақта Ə) екінші жақта Б) үшінші жақта

В) жасырын формада

Қ О Л Х А Т

47-тапсырма. Қолхат іс қағазы қалай жазылады, оның құрылымына не кіреді, оның тарихы қай кезден бастау алады деген тұрғыда берілген ақпаратпен танысып, мəтінді мазмұндаңыздар.

Қолхат – қағаз иесінің біреуден, не мекемеден бір затты(бағалы зат, құжат) алғандығын жəне оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін құжат.

Мұнда алынған заттың атауы, көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші адамның аты-жөні, қызметі жəне заттың қайтарылу мерзімі толық көрсетіледі. Сандық белгілер жақша ішінде жазумен жазылады.

Соңынан қолхат берген адамның аты-жөні толық жазылып, күні, айы, жылы, қолы қойылады.

* * * * *

Көне түркі Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде іс қағаздарының жеке түрлері кездеспегенімен, оларға тəн тілдік бірліктер мен стильдік ерекшеліктер кездеседі. Ал VIII-XIII ғасырлардағы жазба ескерткіштерінен көне түркілік

дəуірге тəн іс қағаздарының үлгілерін кездестіруге болады. Оған көне түркі жазба ескерткіштерінен алынған материалдар дəлел бола алады.

Онда (ол ескерткіштерде): Қавсыду деген адамның бір күріні (күрі – өлшем атауы) алғандығы, оны күзде екі күрі етіп беретіндігі, ал бере алмай кешіктірсе, өсіммен беретіндігін, берешек адам қайтыс болған жағдайда, оның інісі Қасұқ туыстарымен бірлесе отырып қайтаратындығы жазылған. Мəтін соңында Қабан жəне Бөдөк есімді екі куəнің аты жазылып, мұны Қавсыдудың өзі жазғандығы жəне өзінің белгісін қойғандығы жазылады.

Бұл мəтінде жазылған қолхаттың қазіргі іс қағазының бір түрі ретінде қолданылып жүрген қолхаттан еш айырмашылығы жоқ. Тіпті белгісін (мөрін) соғып, өз қолымен жазғандығына дейін көрсетілгендігіне, куəлардың аттарына дейін жазылғандығына қарап, сонау түркі дəуірінің өзінде іс қағаздарына тəн – заңдылық, дəлдік, құрылымдық, стильдік элементтердің бəрі бойынан табылатын құжаттардың болғандығына көз жеткізуге болады.

Құжатта егер қолхат иесі өзіне алынып отырған жауапкершілікті орындай алмай, қайтыс болған жағдайда бұл жауапкершілікті кімнің орындайтығына дейін көрсетілген. Құжатта куə, белгі, мөр, өзім жаздым деген мағынадағы сөздер қолданылған.

48-тапсырма. Мəтіннің

бірінші

мағыналық

бөлігіне сұрақ-жауап

 

құрастырыңыздар.

 

 

 

 

 

49-тапсырма. Мəтінге жоспар құрып, жоспар бойынша əңгімелеп

 

беріңіздер.

 

 

 

 

 

50-тапсырма.

Сөз

жəне

сөз

тіркестерімен

сөй

құрастырыңыздар.

 

 

 

 

 

Қолхат беру, кепілақы, мерзімінде қайтару, қарызға алу, жауапкершілік, іс қағаздарының үлгілері, стильдік элементтер.

51-тапсырма. Қолхаттың үлгісімен танысыңыздар.

Қ О Л Х А Т

Ү л г і:

Мен, Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ Машина жасау институтының МФ- 01-2қ. тобының студенті Досаев Абзал Қаржаубайұлы, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқы басылымын 08.01.11 күні уақытша пайдалану үшін алдым. Кітапты бір айдың көлемінде 18.02.11 күні қайтарып беремін депміндеттенемін. Жеке куəлігімнің № 136459896.

18.01.11

қолы_____________

 

А.Қ.Досаевтың қолын

Мөр басылады.

растаймын

52-тапсырма. Берілген мəселелер бойынша қолхат жазыңыздар:

қарызға ақша алу;

мекеменің автокөлігін уақытша пайдалануға алу;

жекеменшіктегі пəтерді уақытша пайдалану;

мекеменің бухгалтериясынан несие алу.

3-апта. 5-сабақ

53-тапсырма.

Қазіргі

іс

қағаздары

құрылымы

бөліктерінің

қалыптасу кезеңдерін сабақ барысында талқылаңыздар.

 

54-тапсырма.

Мəтіннің

мазмұнын тарихи

деректергесүйеніп

толықтырыңыздар.

55-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVII ғасырлардан бастау алады

Қазіргі

іс

қағаздары

құрылымының

негізгі

бөліктеріXV-XVII

ғасырларда-ақ

қалыптасқандығына XV-XVII ғасырларда жазылған армян

жазулы қыпшақ тіліндегі құжат мəтіндері дəлел бола алады. Құжаттарда іс қағаздары стиліне тəн стандарт тілдік бірліктер қолданылып, əр құжаттың датасы мен билердің аты-жөндері көрсетілген. Ант ішкен адам (присяжный), төреші, сот, қолхат сөздерінің қолданылуы жəне іс қағаздарын жүргізу мəдениетінің сол дəуірдің өзінде қалыптаса бастағандығын көрсетеді.

Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттар тілін Алтын Орда дəуірінде қолданыста болған əдеби тілдің, зерттеушілер еңбегінде хан

жарлықтарының тілі деген атпен беріліп жүрген іс қағаздары тілінің

жалғасы

деп тануға болады. Сондықтан да бұл құжаттар бір ғасыр бойы

хатқа түсіп,

ресми іс қағаздарына тəн өзіндік стилі қалыптасқан қыпшақ тілінің іс қағаздары үлгісі ретінде бағалау керек.

Қазақ іс қағаздары тілінің негізі– XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары. Бұл дəуірде жазылған іс қағаздарының, атап айтқанда Ресеймен арадағы қарымқатынасқа байланысты жазылған құжаттардың көпшілігінің Ресей архивінде сақталып, кейіннен жинақ болып баспадан шығуы сол кездегі ісқағаздары тілінің қандай сипатта болғандығын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандардың, батырлардың, старшиналардың патшаға жəне орыс əкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары сол кезеңдегі саяси-құрылыс туралы жəне т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, əлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, XVIII ғасырда қазақ іс қағаздары тілі қандай болғанын да көрсете алады.

56-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктеріXV-XVIII ғасырларда қалыптасқандығына не дəлел бола алады? 2. Құжаттарда не қолданылған? 3. Əр құжаттың нелері көрсетілген? 4. Сол дəуірде қай сөздердің қолданылуы қалыптаса бастаған? 5. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттардың тілін ненің жалғасы деуге болады? 6. Қазақ іс қағаздары тілінің негізі қай ғасырда жазылған? 7. Сол кездегі іс қағаздары тілінің қандай сипатта болғандығын анықтауға не мүмкіндік береді? 8. Кімдерге жазған хаттар сол кездегі іс қағаздарына жатады?

3-апта 6-сабақ

57-тапсырма. Хаттың түрлері – телефонхат жəне жеделхатпен мұқият танысып, берілген мəліметті есте сақтаңыздар.

Т Е Л Е Ф О Н Х А Т

Телефонхат (телефонограмма) – мазмұны телефон немесе радио арқылы жеткізілетін жедел сипатты құжат.

Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы– сіз өз ақпаратыңызды

телефон

немесе

радио арқылы тікелей мəлімдей .аласызМекеменің екі

лауазымды адамы бір-бірімен тікелей сөйлесе алады. Лауазымы төмен адамға

тапсырма

бере

алады. Байланыстың екінші жағында тұрған адам сіз

телефонмен айтқан ақпаратты жазып алады, сағат қаншада қабылдап алғанын журналға тіркейді, ал телефонхат мəтіні аса күрделі болмауы керек.

Телефон арқылы жіберілген ақпараттың, хабардың тақырыбы, нөмірі,

жіберілген күні жəне қабылданған уақыты жөніндегі мəлімет, байланыс жүйесін іске асырған адамның аты-жөні, телефонның немесе рацияның нөмірі тіркеледі.

Телефонхат, радиохат мəтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазға жазылып алынады, оған мекеме немесе жауапты қызметкер қол қояды.

Бұл құжаттың ерекшелігі– оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі. Телефонхаттар басқа қызметтік хаттар сияқты есептеледі, қабылданады, сақталады.

Телефонхат құрылымына төмендегілер кіреді:

1.Адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон немесе радио арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндікт, мекен-жайы көрсетілмейді;

2.Негізгі мəтін (1000 белгінің шегінде болуы керек, 9-10 сөйлем);

3.Жіберушінің аты-жөні;

4.Ақпаратты телефон арқылы жіберуші адамның аты-жөні, телефонхат жіберілген телефонның нөмірі;

5.Телефонхат жіберіліп болған уақыт жəне айы, күні, жылы. Телефонхатты қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе, сол адамға

телефонхаттың келгендігі туралы бірден мəлімдейді. Телефонхатты жіберуші адам қабылдап алған адамның аты-жөнін журналға жазып алады.

Мекемеде жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын арнайы

«Телефонхаттар журналы» болады. Ол екі бөліктен тұрады: Бірінші бөлікте

мекемеге келіп түскен телефонхаттар жазылады. Екінші бөлігі жіберілген телефонхаттар мəтіндерін жазуға арналады.

58-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Телефонхат қандай қызмет атқаратын құжат? 2. Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы неде? 3. Телефонхат қалай, не арқылы беріледі? 4. Телефон арқылы жіберілген хабар қалай тіркеледі? 5. Телефонхатты қалай қабылдап алады? 6.Телефонхаттың құрылымына не кіреді? 7.Телефонхаттың қабылданған уақытын не үшін көрсетуге тиіс?

59-тапсырма. Телефонхаттың үлгілерімен танысыңыздар.

Т е л е ф о н х а т

Үл г: і

4 зауыт өндіріс бөлімінің бастығы Аспандияр Өмірбековке!

Желтоқсанның 25-сі күні сағат таңертеңгі 9.00-дан 16.00-ға дейін өндіріс

цехы мен зауытқа қарасты № 3, 4, 6, 7 тұрғын үйлерге ыстық су беру тоқтатылады. Осы мəліметті зауыт əкімшілігі мен №3, 4, 6, 7 тұрғын үй кооперативтерінің төрағаларына жеткізуіңізді сұраймыз.

Қол қойған: № 3 ЖЭС бастығы Ілесова Қынагүл Əбілқасымқызы. Жіберуші: Абилмажинова Əсел Қуанышбекқызы тел. 395-46-80.

Желтоқсанның 24-і, 2010 жыл, сағат 16.00.

Т е л е ф о н х а т

Ү л г і:

20.07.2010

№ 18

 

 

 

ҚР-сы

шығармашылық

ұйымдарының

жетекшілері– Ақмарал

 

Итемирова, Мағжан Карамендина, Гүлдария Рыскелдиеваларға!

 

2010 жылдың 23 шілде күні сағат 11.00-де Республика сарайында ҚР-сы

 

шығармашылық

ұйымдары

жетекшілерінің

Халықаралық

конкурс

кандидатуралар

дайындау жөнінде

бас қосуы болады. Бас қосуға белсенділік

 

танытуларыңыз сұралынады.

Тағайындалатын күнге сіздердің қарамағыңыздағы ұйым мүшелерінен кандидатураларды қатыстыру мəселесін ұйымдастырыңыздар.

Қол қойған: Республикалық шығармашылық ұйымдар бірлестігі

ақпарат бөлімінің бастығы Оспанова Шолпан Мұхтарбекқызы.

Жіберген хатшы: Қалықова Əлия Жұманқызы.

20.07.2010 күні сағат 9.00-да қабылдап алған Абилмажинова Əсел Қуанышбекқызы.

60-тапсырма. Əр түрлі мəселелермен байланыстырып, 2-3 телефонхат жазыңыздар.

61-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерімен сөйлемде құрастырыңыздар.

Телефонхат, мəлімет, жауапты қызметкер, кеңсе қағаздары, телефон байланысы, телефонхаттың құрылымы.

62-тапсырма. Төмендегі жағдайлармен байланыстырып, телефонхат жазыңыздар.

1. Сіз Тау-кен институтының директорысыз. Институттағы барлық кафедра меңгерушілеріне телефонхат жіберіңіз. Қандай мəселеге байланысты

телефонхат жібересіз?

2. Сіз қазақ тілі кафедрасының меңгерушісіз. Кафедра оқытушыларына

қандай мазмұнда телефонхат жібересіз?

Ү л г і:

Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық иституттарының директорларына!

Үстіміздегі жылдың 26 күні сағат 16-дан 18-ге дейін барлық иституттарға қарасты ғимараттарда электр қуатын беру тоқтатылады. Институт директорларының осы уақыттағы сабақтардың өткізілу мəселесін шешуі сұралынады.

Қол қойған: ҚазҰТУ ректоры Ж.М. Əділов.

Жіберген хатшы: Бакиева Айгүл Əдікенқызы, тел.: 292-04-71. 2010 жылдың 25 маусымы, сағат 12.00.

63-тапсырма. Жеделхат қандай қызмет атқаратын құжат? Мəлімет алыңыздар.

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар

** * * *

ЖЕ Д Е Л Х А Т

Жеделхат – телеграмма; жеделхат жіберу – послать телегармму; жеделхат алу – получить телеграмму.

Жеделхат:

1.Телеграф арқылы берілетін, жеткізілетін ресми құжат.

2.Жеделхатты əр адам немесе əр мекеме бір-біріне жібере алады.

3.Жеке адам немесе мекеменің қабылдаушысы жеделхат алғаны үшін қол қояды.

4.Жеделхатта құпия ақпарат берілмейді.

5.Жеделхатта қате кетпеуі үшін, цифрлар сөзбен жазылады.

6.Жіберілген жеделхаттың сағаты, минуты, күні анық көрсетілуі тиіс.

7.Жеделхат тиісті уақытында жеткізілмесе, оған пошташы жауап береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]