Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tursynova_memlekettik_umk_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
49
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
625.73 Кб
Скачать

7.Факс арқылы жіберілетін құжаттардың жеделхат, елефонхаттардан айырмашылығы – мəтін, сурет, кесте, сызба, басқа да заттардың көшірмесі ешқандай өзгеріссіз жеткізілетіндігінде.

8.Суреттің, мəтіннің, сызбаның жəне басқа да заттардың дəл көшірмесін факсимилле деп атайды немесе лауазымдыадамның қойған қолының көшірмесін де факсимилле деп атайды.

9.Факстың құндылығы – басқа байланыс түрлері факс сияқты қызметті орындай алмайтындығында.

Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарының құрылымы:

1.Жіберушінің толық мекен-жайы;

2.Жіберуші мекеменің аты;

3.Бланкінің ортасына «факс арқылы» деп жазылады.

4.Алушының аты-жөні барыс септігінде жазылады. Мысалы, кімге:

Самат Асқарұлы Кеңесовке.

5.Жіберушінің аты-жөні шығыс септігінде жазылады. Мысалы: кімнен:

Дамир Досжанұлы Дəуітовтен.

6.Факс нөмірі жазылады. Мысалы, факс: 15-06.

7.Құжат көлемінің неше беттен тұратыны жазылады. Мысалы, көлемі: 7

(жеті) бет.

8.Факс нөмірінен кейін ақпарат жіберілген аппарат нөмірі жазылады.

Мысалы: 8-8167-24-49-05.

9.Факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады. Мысалы:

Жарты жылдық есеп.

10.Қажет болған жағдайда құжаттың көшірмесін алған адамның -аты

жөні

жазылады. Мысалы: көшірмесі:

Акерке

Алтынбекқызы

Бекболатоваға.

 

 

 

 

 

11. Осылардан кейін: «Тез қаралуы

тиіс», «Құпия», «Қажетті

белгілер

соғу үшін» деген сияқты қосымша ескертулер жазылады. Мекемеге

факс арқылы жіберілген құжаттар арнайы журналға тіркеледі.

 

110-тапсырма.

Факс арқылы

жіберілетін іс

қағаздарының

құрылымын пайдалана отырып, құжат жіберіңіздер.

 

 

111-тапсырма. Ұлағатты

сөздердің

мағынасын

түсіндіріп,

олардың тəрбиелік мəнін өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.

 

 

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселерімен озады.

(Абай)

Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен. Тағдыр қылды деулерді, Шығарамын сөзімнен.

(С. Торайғыров)

Егер де адам баласы өзінің бойындағы зиянды əдет-дағдыларды- түп тамырымен бір уақытта жою үшін аз да болса бар күш-жігерімен кіріссе, одан құтылу да қиынға түспес еді... Бірақ та оның қиыншылығы сонда– мысқылдап ұзақ уақыт енген жаман əдет-дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресу керек.

(К.Д.Ушинский)

112-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Факс – это рановидность переписки между деловыми партнерами, организациями. Ряд телефаксов указывает код ошибки и страницу, на которой произошел сбой при приеме. Большая часть коммерческой переписки хранится три года и передача на архивное хранение не подлежит. Условия обмена документами по факсу должны быть оговорены в договорах.

113-тапсырма. Төмендегі

сөз жəне

сөз тіркестерін қазақ тіліне

аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Документ, ряд телефаксов,

приложения,

указание (код) отправителя,

таблица, партнер, информация, недолговечна, связь, переписка, копия, время и продолжительность передачи.

114-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп, оларды аудармаларымен сəйкестендіріңіздер.

Ү л г і: Басшылық қызмет – руководящая должность.

1.

алға қойған міндет

1.

квалифицированный

2.

лауазым, қызмет

2.

прения

3.

білікті, өз ісін жетік білетін

3.

командировать

4.

рəсімдеу

4.

переплетчик

5.

жарыссөз

5.

должность

6.

іссапарға жіберу

6.

актуальные проблемы

7.

өзекті мəселелер

7.

оформить

8.

түптеуші

8.

поставленные задачи

115-тапсырма. Өлеңнен

не түсіндіңіздер? Мағынасын меңгеріп,

мазмұндаңыздар. Отаныңыздың патриоты болыңыздар.

Жігіттің жігіт болғаны –

Менің жаным Отандық,

Жаудан елін сақтаса,

Отан деп өлем, өлсем де,

Жау шапқанда еліне,

О, сүйікті Отаным,

Қояндай бұғып қашпаса.

Балам деп көм, көмсең де, –

дейді Н. Байғанин. Ақын нағыз отаншыл, елі мен халқы үшін аянбай қызмет етуді өзінің басты міндеті деп санайтын адамгершілігі жоғары батырдың бейнесін жырлайды.

8-апта. 15-сабақ

116-тапсырма. Ресми іс қағаздарындағы терминдердің қалыптасу жолдарын сабақ барысында талқылаңыздар.

117-тапсырма. Қазақ халқының даму барысындаенген кірме сөздердің пайда болуы тарихына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

118-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы

 

Қазақ іс қағаздары терминдерін жасау, қалыптастыру, жүйелеу, реттеу

жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы даму бағытын белгілеу– бүгінгі күннің

ең өзекті мəселелерінің бірі болып отыр. Соңғы жылдары термин мəселесіне

айрықша көңіл бөлініп, тілші ғалымдардың,

жалпы көпшіліктің

жаппай пікір

білдіріп, атсалысып жатқандығына қарамастан, қазақ іс қағаздары терминдерін

қалыптастырудың өзіндік проблемалары аз емес.

 

 

 

Қазақ халқы өзінің даму тарихының

əр кезеңінде түрлі елдермен

араласып, əр түрлі

қарым-қатынас

жасағаны белгілі. Бұл қарым-қатынастың

нəтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамында бірқатар кірме сөздер пайда болды.

Олар

негізінен VIII-XI ғасырларда

ислам

дінінің

енгізілуімен байланысты

енген

араб-парсы

жəне XVIII ғасырдан

бастап

Ресеймен

арадағы қарым-

қатынастың күшеюіне байланысты енген орыс сөздері.

Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің көпшілігі қазіргі кезде ана тілінің төл сөздеріндей болып, негізгі сөздік қорынан орын алуда. Солардың бірқатары ресми іс қағаздары тілінде қолданылып, жалпы халыққа түсінікті болып қолданылып келеді.

Олар: нарық, қарыз, емтихан, ақпар, құн, қазына, жəрдем, жарнама, хабар, куə, мөр, саясат, кеден, өкімет, өкіл, құқық, əкім, мəртебе, азамат, айып, мырза, мекеме, мағлұмат, мəжіліс, мемлекет, бұқара, салтанат, абырой, əйел,

т.б.

 

 

 

 

Қазір қолданыста жүрген іс қағаздары

атауларының

бірқатары - араб

парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған. Мысалы: арыз, есеп, ереже, үкім,

өкім, шарт, кепілдеме, мəлімет, т.б. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде ислам

діні халық арасына кең таралып, оқу негізінен

мұсылманша

болғандықтан,

қазақ іс қағаздары тілінде араб-парсы тілдерінің элементтері көп қолданылды.

Уақыт ілгерілеген сайын араб-парсы тілдеріндегі

элементтердің жаңасы

кірмей, олардың сан жағынан азая бастағандығы байқалады. Қазан төңкерісінен

кейінгі кезеңде іс қағаздары тілінде қазақтың

төл сөздері

мен

орыс тілінен

енген сөздер біршама көбейе бастады.

 

 

 

 

119-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша

берілген

сұрақтарға

жауап беріңіздер.

 

 

 

 

1. Қазақ іс қағаздары терминдері қалай қалыптасқан? 2. Қазақ халқының даму тарихында əр түрлі елдермен жасаған қарым-қатынасының нəтижесі не берді? 3. Орыс сөздері неге байланысты енді? 4. Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің қазақ тілінің сөздік қорындағы орны қандай? 5. Қазақ тіліне сіңіп, төл сөзіміздей болып кеткен кірме сөздерді атаңыздар. 6. Қолданыста жүрген іс қағаздары атаулары қай тілдерден енген сөздерден жасалған? 7. Іс қағаздары тіліндегі тілдік элементтер неге байланысты көп қолданылды? 8. Орыс тілдерінен енген кірме сөздер қай уақыттан бастап көбейе бастады?

120-тапсырма. Орыс тілінен енген кірме сөздерді сөзбе-сөз аударып, қолданудағы жіберіліп келген кемшіліктерден мəлімет алыңыздар.

Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс– іс қағаздарын, олардағы терминдерді түгелдей орыс тілінен аударып алып жатыр. Сөзбе-сөз аудару арқылы, сөздердің дұрыс мағынасы берілмейді. Мысалы: орыс тіліндегі

делопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасқан. Соңғы кезде орыс тіліндегі нұсқасындақағаз сөзі жоқ болғандықтан, іс жүргізу деп айтылып жүр.

Негізінде іс жүргізу заң саласында қолданылып жүрген термин.

Мысалы: істі болды, ісі сотта қаралды, қылмысты іс тоқтатылды, істі

жүргізу тапсырылды, т.б.

Олай болса, делопроизводство терминін іс жүргізу деп қолдану дұрыс мағына бермейді. Сондықтан, делопроизводство терминін іс қағаздарын жүргізу деп қолданған дұрыс. Себебі:

1. Біріншіден, іс қағаздарын жүргізу термин ретінде бұрыннан қалыптасқан.

2.Екіншіден, ол сөз мағынасын толық, айқын бере алады.

3.Үшіншіден, іс жүргізу заң термині ретінде қалыптасқан.

4.Делопроизводство – іс қағаздарын жүргізу; деловые бумаги – іс қағаздары болып қолданылуға тиіс

121-тапсырма. Іс қағаздарына қандай құжаттар жатады? Жазбаша жазып, іс қағаздарындағы терминдердің бірнешеуімен 5-6 сөйлемдер құрастырыңыздар.

122-тапсырма. Төмендегі

тілімізде

қолданыста

жүрген

і

қағаздарына қатысты терминдердің аудармасын есте сақтаңыздар.

 

анкета – сауалнама

аннулирование – күшін жою

 

 

адресат – қабылдаушы

виза – бұрыштама

 

 

адресант – жолдаушы

выписка – көшірме

 

 

актуальный – көкейкесті

дубликат – екінші дана

 

 

документирование – құжат рəсімдеу инструкция – нұсқаулық

административная ответственность – əкімшілік жауаптылық

8-апта. 16-сабақ.

Аралық бақылау жұмысы.

9-апта. 17-сабақ

123-тапсырма. XIX ғасырдың I жартысында ресми іс қағаздары қандай дəрежеде қалыптаса бастады? Өзара ой бөлісіңіздер.

124-тапсырма.

XIX ғасырдың

II жартысында

қандай ілгері

дамушылық болды? Пікірталас ұйымдастырыңыздар.

 

125-тапсырма.

Берілген

мəліметпен

толық

танысып, мəтінді

мазмұндаңыздар.

 

 

 

 

 

XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы

XIX

ғасырдың

I

жартысындағы

ресми іс қағаздары тіліндегі

лексикалық,

грамматикалық,

синтаксистік

ерекшеліктері XVIII ғасырдағы

ресми іс қағаздары тіліне жақын болғанымен, бұл кезеңде ресми іс қағаздары тілінің халыққа біршама түсінікті, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағандығын көрсетеді.

XIX ғасырдың II жартысында қазақша жазылған іс қағаздары тілі өз алдына едəуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылады. Бұл дəуірде патшалық Россияның əкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа

жүзінде

жарияланып

отырды. Ресми

іс

қағаздары XIX ғасырдың

II

жартысында жанрлық тұрғыда көбейіп, тілі мен стилі жетіле түсті.

 

Қазақ даласының саяси-əлеуметтік, экономикалық-мəдени өмірінде

XIX

ғасырдың

II жартысының орны ерекше. Бұл кезеңде қазақ əдеби тілі

дамуының жаңа дəуірі, үлкен өзгеріс, жаңа құбылыс басталды. Оны əдеби

тілдің бір тармағы ресми іс қағаздары тілінен де анық байқауға болады.

 

XIX ғасырдың

II жартысында

қазақ

жері орыс

патшалығының

əкімшілік территориясы болғаны тарихтан белгілі. Осыған орай, патша үкіметі

жергілікті

халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін жəне

отаршылдық

саясатты

қарқынды түрде жүргізе беру үшін əрбір əкімшілік бөлікте екі тілде

газеттер

шығара бастады. Олар: «Түркістан

уалаяты» (1870-1882), «Дала

уалаятының газеті» (1888-1902), «Торғай газеті» (1899).

 

 

Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патша

өкіметінің

жергілікті

əкімшіліктерінің

органы

болды. Аталған

газеттер

қазақ

əдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздары стилін одан əрі жетілдіруде үлкен рөл атқарып, оның əрі қарай дамуына ықпал етті.

126-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. XIX ғасырдың I жартысында ресми іс қағаздарының дамуы қандай дəрежеде болды? 2. Бұл кезеңде қазақша жазылған іс қағаздары не ретінде танылды? 3. Қазақ даласының өмірінде XIX ғасырдың II жартысының орны қандай болды? 4. Бұл кезеңде қазақ əдеби тілінде не басталды? 5. Аталған дəуірде патша үкіметі неге байланысты екі тілде газеттер шығара бастады? 6. Газеттер қалай аталды? 7. Газеттер қандай рөл атқарды?

9-апта. 18-сабақ

127-тапсырма. Іс қағаздарының бір түрі– хаттамамен таныссыздар ма? Мəлімет алып, хаттама жазуды біліп алыңыздар.

128-тапсырма. Хаттама қай уақытта жазылады, оның құрылымына не кіреді? Бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.

129-тапсырма. Мəтінмен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

БҰЙРЫҚ-ЖАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ

** * * *

ХА Т Т А М А

Хаттама

– мекеменің, ұйымның, кəсіпорынның

жиналысы мен

мəжілістерінде

тыңдалған, қаралған, талқыланған,

қорытындыланған

мəселелер барысында жазылатын іс қағаздарының бір ,түріөкілетті құжат.

Сондай-ақ жиналыс,

отырыс, мəжілістерде

қарастырылған

мəселелерді

талқылау жəне шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат.

 

Хаттамада «Шешті», «Шешілді», «Қаулы

етеді», «Қаулы

қабылдады»

деген сөздер пайдаланылады. Қаулыны (шешімді) хаттамада толық көрсетеді. Шешімдердің қаулы қабылдайтын бөлігі нақты болуға тиіс.

Хаттамалар жыл бойы нөмірленіп отырады. Келесі

жылы

қайтадан

бірінші нөмірден басталады. Хаттамалар

кəсіпорын, мекеменің

маңызды

құжаттарының

біріне

жатады, сондықтан

оны 10

жыл

сақтап, одан

соң

мұрағатқа (архивке) жібереді.

 

 

 

 

 

Хаттама

мəтіні:

1.

Кіріспеден жəне 2. негізгі

бөлімнен

тұрады.

Кіріспеде:

мекеменің,

ұйымның, кəсіпорынның

жəне

құжаттың

атауы,

мəжілістің өткізілген орны, күні, қатынасқандар туралы, төраға туралы мəлімет, күн тəртібі жазылады. Негізгі бөлімде қаралған негізгі мəселелер бойынша тыңдалған баяндамашылардың пікірі, тұжырымдар, қабылданған қаулы, шешім жазылады.

Хаттама құрылымында көрсетілетін негізгі мəліметтер:

I. Мекеменің, ұйымның, кəсіпорынның жəне құжаттың

атауы. Мысалы:

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты даму институты

Қазақ тілі кафедрасы мəжілісінің № 6 Хаттамасы

II. Мəжілістің өткізілген орны мен күні. Мысалы:

Алматы қаласы

25.05.2011

III. Қатысқандар туралы мəліметте мəжіліске қатысушылардың

аты-жөні, лауазымы жазылады. Мысалы:

Қатысқан оқытушылар тiзiмi: профессор Г.Т.Тұрсынова, п.ғ.д.,

профессор К.Б.Жақсылықова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева,

ф.ғ.к.,

доцент

С.С.Айтжанова,

п.ғ.к.,

доцент

Р.Ш.Əбдiсүлейменова,

ф.ғ.к.,

доцент

Т.Садақбаев,

ф.ғ.к., аға

оқытушы

Г.Ө.Зəуірбекова, ҚазҰТУ доценттері:

Г.Д.Рыскелдиева, М.Қарамендина,

А.С.Итемирова, аға

оқытушылар:

Ұ.Ж.Ахметбаева, А.М. Монтаева, Қ.С.

Рысқұлбекова, Ш.М.Оспанова,

А.Ə.

Өмірбеков,

Р.Б.Қадырқұлова,

Р.Т.Төлегенова,

В.М.Сағымбаева,

М.Б.Бердиллаева.

IV. Мəжіліске төрағалық етуші. Мысалы:

Мəжіліс төрайымы:

Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т. Тұрсынова; Хатшы: аға оқытушы А.Бакиева.

V.Күн тəртібі. Мысалы:

1.Ректорат жарлықтары.

2.Жазғы сессияға дайындық.

3.Мерекелік іс-шараны өткізу мəселесі.

4.Баспа бетіне басып шығаруға дайындалған басылымды қарастыру.

5. К.С.Рысқұлбекованың «Қазақ ресми іс қағаздары тіліндегі синтаксистік құрылымдар» атты тақырыпқа жазған кандидаттық диссертациясын талқылау.

VI. Тыңдалған мəселелер туралы мəлімет. Мысалы: Тыңдалды:

1.Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойыншаҚазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Т.Тұрсынованың ректорат жарлықтары туралы хабарламасы тыңдалды.

2.Жазғы сессияға дайындық барысы туралы профессор Ұ.Р. Шүленбаева қысқаша мəлімет берді.

3.9 мамыр Жеңіс күнінің 66 жылдығына байланысты мерекелік ісшараларды өткізу жұмыстары қарастырылды.

4. Кафедра оқытушылары профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор

Ұ.Р.Шүленбаева, доцент Т.Т.Садақбаев, аға оқытушы А.Ə.Өмірбековтердің

дайындаған студенттің пəндік оқу-əдістемелік кешені туралы мəлімет тыңдалды.

5. Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысыКүнəркүл Сейітқазықызы Рысқұлбекованың «Қазақ ресми іс қағаздары тіліндегі синтаксисті құрылымдар» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациясы талқыланды.

VII. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мəлімет. Жарыссөз бөлімінде сөз сөйлеушілердің айтқан пікірлері, тұжырымдары жазылады.

VIII. Қабылданған қаулы туралы мəліметте мəжілісте қарастырылған мəселелер бойынша шығарылған шешім, ұйғарылған қорытынды жазылады. Мысалы:

Қабылданған қаулы:

1.2011 жылдың жазғы сессиясына қажетті материалдарды, емтихан билеттерін дайындау профессор Ұ.Р.Шүленбаеваға тапсырылсын.

2.9 мамыр Жеңіс күнінің 66 жылдығына байланысты іс-шараны өткізуге жауапты етіп кафедраның аға оқытушылары: Р. Қадырқұлова, В.Сағымбаева, Г.Аужановалар тағайындалсын.

3.Профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, доцент Т.Т.Садақбаев, аға оқытушы А.Ə.Өмірбековтердің «Қазақ тілі» пəні бойынша дайындаған жоғары техникалық оқу орындарындағы барлық мамандықтарына арналған «Қазақ тілі» атты студенттің пəндік оқу-əдістемелік кешені баспадан басып шығаруға ұсынылсын.

4.Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысыКүнəркүл Сейітқазықызы Рысқұлбекованың 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындаған«Қазақ ресми іс қағаздары тіліндегі синтаксистік құрылымдар» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациясын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ОК 18.09.26 Диссертациялық кеңесіне қорғауға ұсынылсын.

IX. Төрағаның жəне хатшының қолы.

Мысалы:

Төрайым:

 

Қазақ тілі кафедрасының

 

меңгерушісі, профессор ____________

Тұрсынова Гүлбаршын

қолы

Тұрсынқызы

Хатшы: оқытушы _____________

Бакиева Айгүл

қолы

Əдікенқызы

130-тапсырма. Төмендегі қаулы қабылдауға байланысты берілген мəліметпен танысып, қаулы шығаруды меңгеріп алыңыздар.

Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру шараларының жүзеге асырылу барысы туралы

Қазақстан

Республикасы

Президентінің«Тілдерді

қолдану

мен

дамытудың 2001-2010 жылдарға

арналған мемлекеттік

бағдарламасы

туралы» Жарлығын жəне Алматы

қаласы əкімдігінің«Алматы

қаласындағы

жергілікті атқарушы органдарындағы іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге

көшіру туралы» қаулысын орындау мақсатында, сонымен бірге Алматы қаласы

 

əкімдігі қаулысының орындалу барысы туралы«Алматы

қаласындағы

мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын

кеңейту

жұмыстары» туралы ақпаратты тыңдай отырып, Алматы қаласының əкімдігі

 

 

Қ А У Л Ы Е Т Е Д І :

 

 

Аудан

əкімдері,

департаменттер

мен

басқармалардың

басшыларына:

 

 

 

 

 

1. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы,

Алматы

қаласының

əкімдігі «Алматы

қаласындағы

мемлекеттік

органдардағы

мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту

жұмыстары

»туралы2003

жылдың 26 мамырындағы

№ 2

⁄ 316 қаулысының

жүзеге

асырылу барысы

туралы ақпаратын назарға алсын.

 

 

 

 

2.Қаулының орындалуын бақылау қамтамасыз етілсін.

3.Іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру бойынша белгіленген дайындық шараларын көрсетілген мерзімде жүргізсін.

4. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басты Жақсылықова Күлəй Бəймендіқызы Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарындағы іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі дайындық шараларына талдау жасасын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы əкімінің орынбасары Аспандияр Əденұлы Өмірбековке жүктелсін.

Алматы қаласының əкімі ___________ Есімов Ахметжан Смағұлұлы қолы

Хаттама бөлімінің меңгерушісі ___________ Рыскелдива Гүлдария Дəулетқазықызы

қолы Əкімшілік хатшысы____________ Шимаева Салтанат Мұсаханқызы

қолы

131-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады? 2. Хаттаманың құрамына қандай мəліметтер кіреді? 3. Оның негізгі бөлімінде не жазылады? 4. Мəжіліске қатынасқандар туралы қандай мəлімет беріледі? 5. Хаттаманың қаулы шешімінде, «қаулы» деп аталатын бөлігінде не жазылады? 6. Хаттаманың «тыңдалды» деген бөлігінде не жазылады? 7. Ал «жарыссөз» деп аталатын бөлігінде не жазылады? 8. Хаттама жазылатын мəжілісті кім жүргізеді, хаттамаға кімдер қол қояды?

132-тапсырма. Сөз

жəне

сөз

тіркестерімен

сөйлемдер

құрастырыңыздар.

 

 

 

 

Мəжіліс,

хаттама, кəсіпорын, мекеме, бекіту,

күн тəртібі, əр

түрлі

мəселелер, сөз

сөйлегендер,

қабылданған

қаулы, дəлелденген себептер,

мөр

басу, қатынасқандар саны.

133-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

1. Кафедра мəжілісінің хаттамасы. 2. Мəжілістің күн тəртібінде қаралған мəселелер. 3. Бірінші мəселе бойынша. 4. Қаулы қабылдау. 5. Дауыс беру нəтижесі. 6. Қаулы бірауыздан қабылданды. 7. Мəжілісте талқыланған мəселелердің орындалу мерзімі.

134-тапсырма. Хаттаманы жазуда жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін дəптерлеріңізге жазыңыздар.

135-тапсырма. Сол жақ бағанадағы сөз жəнесөз тіркестерінің аудармасын оң жақ бағанадан тауып, оларды сəйкестендіріңіздер.

1.

Кеңейтілген мəжіліс.

 

1.

Вести протокол.

 

2.

Бірлескен

 

мə

жілістің2. Копия протокола.

 

 

хабарландыруы.

 

 

3.

Расширенное заседание.

 

3.

Мəжілістің қаулысы.

 

4.

Прения.

 

4.

Жарыссөз.

 

 

5.

Постановления заседания.

 

5.

Хаттаманың көшірмесі.

 

6.

Объевление о совместном

 

6.

Хаттама жазу.

 

 

 

заседании.

 

7.

Кафедра

мəжілісінің

7.

Протокол заседания кафедры.

 

 

хаттамасы.

 

 

 

 

 

136-тапсырма. Төмендегі мəселелермен байланыстырып хаттама жазыңыздар:

1. Қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілетін студенттердің

ғылыми конференциясының дайындық жұмыстары;

 

 

2. 2011

жылы өткізілетін «ҚазҰТУ көктемі» конкурсына ЖТТДИ

кафедраларында жүргізілетін дайындық жұмыстары;

 

 

3. Қазақ

тілі кафедрасының ашылғанына20 жыл толуына байланысты

өткізілетін

іс-шараларды

орындау

жұмыстарын

талқылауға

байланысты

кафедра мəжілісінің хаттамасын жазу.

10-апта. 19-сабақ

137-тапсырма. «Армян-қыпшақ» тобы туралы не білесіздер? Өзара пікір алмасыңыздар.

138-тапсырма. Қыпшақ тіліндегі еңбектер қай жылдардан, неге байланысты пайда болды? Мəлімет алыңыздар.

139-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]