Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tursynova_memlekettik_umk_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
49
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
625.73 Кб
Скачать

орай ________ теңге көлемінде əр айдың штат кестесіне сəйкес еңбекақы белгілейді.

Жұмысшыға жылына бір рет, ұзақтығы 18 жұмыс күні мөлшерінде ақылы демалыс беріледі. Бұл келісімшарт қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:

·екі жақтың бірі келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда;

·кəсіпорын я мекеме таратылған жағдайда;

·кафедра, факультетте қысқарту болған жағдайда;

·жұмыс көлемі қысқарғанда;

·заңда көрсетілген басқа да жағдайлар негізінде;

Тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін белгіленген заңдарға сəйкес материалдық жауапкершілік жүктеледі.

Жұмыс беруші ____________ Қ.М. Сабырханов қолы

Жұмысшы _____________ К.Ж. Додаева қолы

14-апта. 27 сабақ

207-тапсырма. Бұйрық құжатының тарихынан мəлімет алып, ол жөнінде өз пікірлеріңізбен ой бөлісіңіздер.

208-тапсырма. Бұйрықты кім береді, ол неге байланысты беріледі? Сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

209-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Б Ұ Й Р Ы Қ Қ Ұ Ж А Т Ы

Бұйрық – қазіргі жүргізілетін іс қағаздарының ішінде жетекшінің мекемені басқару барысында алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мəселелерді шешу мақсатында берілетін қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттардың бір түрі.

Көне түркі ескерткіштері мəтініндегі бұйрық сөзінің қолданыс аясы, мəн-мақсаты мен мазмұны қазіргі басқару саласында қолданылып жүрген бұйрық сөзінен, іс қағазы түрінен алыс емес, мазмұндас. Оны көне түркі жазба ескерткіштеріндегі мысалдардан көруге болады. Мысалы, Темір-Құтлұғ жарлығы мазмұны мен құрылымы жағынан қазіргі бұйрыққа жақын. Себебі, жарлықтың негізгі өкімдік бөлігі жазылмас бұрын жарлықтың берілуіне, жазылуына себеп болып отырған мəселе сөз болады. Яғни қазіргі іс қағаздары тілімен айтқанда, констатациялық фактілер келтіріледі.

Қазіргі іс қағаздары

тілінде өкімдік құжаттардың

негізгі, өкімдік

бөлігінде баяндауыш бұйрық

рай формасында тұратын болса,

Темір-Құтлұғ

жарлығында да негізгі, өкімдік бөлігіндегі баяндауыш етістіктің бұйрық рай

формасында берілген.

Мысалы:

күч ога текүрма+сүн– күш көрсетіп,

зорлық жасамасын; тартнақ алма+сун – таразының ақы алмасын.

Мысалдардан

көріп

отырғанымыздай, бұйрықтық реңк негізінен

етістікке -сун, -сүн қосымшаларының қосылуы арқылы берілген. Қазіргі қазақ тіліндегі бұйрық райдыңIII жақ жекеше, көпше түрлеріндегі етістікке - сын, -сін қосымшаларының қосылуы арқылы жасалатыны белгілі.

Көне

түркі ескерткіштеріндегі мəтіндерде

бұйрық

басқару

əдісі,

басқару шеберлігі,

дұрыс басқара білуі мағынасында қолданылады. Ал қазіргі

қазақ тілінде

қолданылып жүрген бұйрық сөзінің шығу тегі,

төркіні осы көне

түркі жазба ескерткіштерінде

кездесетін бұйрық сөзі екені дау тудырмайды.

 

Бұйрықтың мəтіні екі бөліктен тұрады:

 

 

 

 

1.

Констатациялық; 2. Өкімдік.

 

 

 

 

 

 

 

1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші

бөлігі)

бөлікте

бұйрықтың

мақсаты,

бұйрықты

беруге

негіз

болған

факті

көрсетіледі. Ол

мемлекеттік

органдардың нормативті

құжаттары,

директорлар

кеңесінің,

акционерлердің

жалпы

жиналысының

шешімдері

немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Егер

берілетін

бұйрық

түсіндіруді

қажет етпейтін болса, онда

констатациялық бөлік жазылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

2.

Бұйрықтың

екінші

бөлігі

өкімдік

бөлік деп

аталады.

Ол

«БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Бұйрықтың өкімдік

бөлігінде кімге

не тапсырылғаны,

оның

орындалу мерзімі көрсетіледі. Барлық

бұйрықтардың

мəтінінде етістік бұйрық райдың III жағында

жазылады.

 

 

 

 

Мысалы:

жүргізілетін болсын;

қабылдансын;

босатылсын;

белгіленсін;

жүктелсін; тағайындалсын;

ауыстырылсын;

шығарылсын,

т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өкімдік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады. Мысалы:

Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

№ 8 – 748 Б Ұ Й Р Ы Қ

25 маусым 2011 жыл

Күндізгі бөлімде ақылы негізде оқитын студентті оқудан шығару туралы

Бұйрықтың негізгі мазмұны өкілеттік бөлікте жазылады. Мысалы:

Машина жасау институтының ақылы негізде оқитынII курс студенті Жанайдаров Сəндібек Дəулетұлы жазғы сессияны тапсырмай, сабақтарды үлгермеуіне байланысты 01.07.2011 жылдан бастап университетте оқудан шығарылсын.

 

15.08.2009 жылғы № 487 келісімшарт бұзылсын. Келісімшарттың 3.4-

тармағына сəйкес төленген ақша кері қайтарылмайды.

 

 

 

Жеке құрылым бойынша бұйрықтар кадрлар бөліміндедайындалады.

Онда

мекеме

жұмысшыларының атқаратын

қызметіне

байланысты

қабылданған шешімдер орын алады.

 

 

 

Бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі, мысалы:

 

 

басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

кəсіпорынның өз жұмысын тоқтатуына байланысты;

өз өтініші бойынша;

ресми сапарға кетуіне байланысты;

бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты;

айрықша жұмыс жағдайлары үшін жəне т.б.

Бұйрықтың түрлері:

1.

Жыл

бойы

үздіксіз атқаратын

жұмыстарға

байланысты

бұйрықтар

ұйым

жұмысының

жалпы

тəртібін

реттеу

мақсат

шығарылады. Онда ұйымның күн тəртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі

 

жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті

ұйымдастыру тəртібі,

тексеру,

 

бақылау тəртібі,

т.б. белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

Мұндай бұйрықтарға мекемедегі

жыл

бойғы

жұмысқа байланысты

 

толықтырулар енгізіліп отыруы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

2.

Күнделікті

мəселелерге

байланысты

бұйрықтармекеме

жұмысының күнделікті болып жататын мəселелеріне байланысты беріледі.

 

Оған: жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішінде басқа жұмысқа

 

ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу, т.б.

жатады.

 

 

 

 

3.Төтенше жағдайларға байланысты бұйрықтармекемеде күтпеген оқиға болған кездегі іс-əрекет, жұмыс тəртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі.

4.Арнайы бұйрықтар көбінесе қаржы-экономикалық мəселелерге байланысты беріледі. Мысалы: жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлықтар тағайындау; еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, марапаттау, көтермелеу, т.б.

210-тапсырма. Төмендегі жағдайларға байланысты бұйрық шығарыңыздар.

1.А. Асановты «Қуат» құрылыс компаниясына құрылысшы-инженер мамандығы бойынша жұмысқа қабылдау;

2.Университет ішінде жəне ауласында шылымшегуге тыйым салу

туралы;

3.Ж. Досановты жатақханада тəртіпсіздік жасағаны үшін жатақханадан шығару туралы;

4.К. Мəдиеваны қысқы сессияны«5»-ке тапсырғаны үшін ақылы бөлімнен грантқа ауыстыру туралы.

5. Ж. Умархановқа белгілі себептерге

байланысты оқу төлемақысына

 

30 % жеңілдік беру туралы.

 

 

 

 

211-тапсырма. Берілген

сөз

тіркестерін

қазақ

тіліне

аударыңыздар.

О приеме на работу, в связи с уходом, в связи с переходом на другую работу, текст приказа, приказ по личному составу, испытательный срок, с двухнедельным испытательным сроком, приказ о приеме на работу, особые условия труда.

212-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Өндірістік қажеттілік, еңбек тəртібін бұзу, себепсіз жұмыстан қалу, штаттық кестеге сəйкес, үстемақы тағайындау, жеке құрам бойынша бұйрық, негізгі қызмет бойынша міндеттерді шешу, мемлекеттік органдар.

213-тапсырма. Мəтіннің мазмұны

бойынша берілген

сұрақтарға

жауап беріңіздер.

 

 

 

1. Бұйрық қай құжат түріне жатады?

2. Бұйрықтың

негізі

қай кезден

бастау алады? 3. Темір-Құтлұғ жарлығы

мен бүгінгі

іс қағаздарындағы

бұйрықтың жасалу жолын түсіндіріңіздер. Бұйрықтың мəтіні неше бөліктен

тұрады? 5. Бұйрықтың əр бөлігінде нақты

не көрсетіледі? 6.

Бұйрық қай

бөлімде шығарылады? 7. Бұйрықтың

қандай түрлерін

білесіздер? 8.

Бұйрықтың əр түріне тоқталыңыздар.

 

 

214-тапсырма. Бұйрықтың үлгілерімен танысыңыздар.

 

Б Ұ Й Р Ы Қ

№ 16

 

Ү л г і:

 

 

20 сəуір 2000 жыл

Алматы қаласы

 

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша нұсқаулықты енгізу туралы

Кəсіпорында құжаттармен жұмыс жасау ісін дамыту жəне олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

1. Кəсіпорында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша берілген Нұсқаулық бекітілсін.

2.Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша Нұсқаулық 20 сəуір 2000 жылдан бастап күшіне енгізілсін.

3.Кəсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері 20 сəуір 2000 жылдан бастап іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша

Нұсқаулықты, құжаттармен жұмыс жасау жөніндегі

Ережені басшылыққа

алсын.

 

 

 

 

 

 

 

4.

Хатшы

іс

қағаздарын

мемлекеттік

тілде

жүргізу

бойын

Нұсқаулығын көбейтіп,

барлық құрылымдық бөлімшелерге26

сəуір 2000

 

жылға дейін жеткізсін.

 

 

 

 

 

5.

Осы бұйрықтың орындалуын кəсіпорын директорының

орынбасары

 

Зауырбекова Гүлхадиша Өгізбайқызы бақыласын.

 

 

 

Кəсіпорынның

 

 

 

 

 

директоры

______________ Төлегенова Раушан Төлегенқызы

 

 

 

 

қолы

 

 

 

 

* * * * *

Б Ұ Й Р Ы Қ № 20

Ү л г і:

Алматы қаласы 19.02.2009

Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында тапсырмаған студенттер туралы

Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында тапсырмаған студенттер үшін

БҰ Й Ы Р А М Ы Н

I.Төмендегі студенттер институттан шығарылсын:

1. Қайназаров Т.М., 050907, 3К-08-1р. 2. Сұңқаров Ə.Б., 050724, ТМО б-08-1р.

Рүстемов К.Н., 070700, ГДб-08-1р.

II. Себепті жағдайларға байланысты төмендегі студенттерге:

М.Қ. Мақсұтов, Қ.Т. Наймановтарға қысқы сессия мерзімі бір айға (28 қаңтардан 28 ақпанға дейін) ұзартылсын.

Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен институтының

директоры, т.ғ.д., профессор _________ Искаков Б.М. қолы

* * * * *

Б Ұ Й Р Ы Қ № 6

Ү л г і:

«Aser» компаниясында қызметін көтеру, жұмысқа қабылдау туралы

 

2009 жылдың 19

қарашасында компанияда шығарылған

 

 

 

 

1130 қаулысына сəйкес

 

 

 

 

 

 

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

 

 

1.

Есепші

қызметіндегі

Жаналиева

Бақытжамал

Салауатқызы

өз

қызметіндегі жетістіктері,

ерекше

көрсеткіштері

үшін бас есепші қызметіне

 

тағайындалсын.

 

 

 

 

 

 

 

2.

Ноғайбаева

Ғазиза

Əмірқызы бас техник-программист

қызметіне

 

жұмысқа қабылдансын.

«Aser» компаниясының

директоры _____________ Карамендина Мағжан Өміртайқызы қолы

* * * * *

Б Ұ Й Р Ы Қ № 27

«Дат» спорттық тауарлар компаниясының қызметкерлерін шетелдік іссапарға жіберу туралы

Компанияның 2008 жылдың 15 желтоқсанында шығарылған № 5469 қаулысына сəйкес

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

1. Менеджер қызметіндегі Едіге Шынболатов Будапешт қаласында өтетін халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысу үшін бір аптаға

(23.12.2010 – 30.12.2010) іссапарға жіберілсін.

2. Қызметкерлер Иманғалиев Асылжан мен Саттарбеков Еламан Токио қаласында өтетін суретшілердің халықаралық көрмесіне өз туындыларын қою

үшін іссапарға жіберілсін.

 

«Дат» компаниясының

 

директоры ____________

Бердиллаева Меңдіқыз

қолы

Бексұлтанқызы

215-тапсырма. Берілген сөздерді мағынасына қарай іріктеп, дұрыс мағыналы сөйлемдер құрастырыңыздар.

1.2 тұрады, мəтіні, бұйрық, бөліктен;

2.Бөлікте, беруге, бірінші, негіз, дерек, болған констатациялық, көрсетіледі, бұйрық;

3.Бойынша, қызмет, екінші, өкімдік, деп, бөлігі, негізгі, аталады, бұйрықтың, бөлік;

4.Бірнешеу, егер, болса, əр тармақ, басталады, жолдан, азат, тармақ, тапсырмалар;

5. Негіз, мəтініне, көрсетіледі, бұйрықтарда, мұндай, кейін, бұйрық.

14-апта. 28-сабақ.

216-тапсырма. Хабарландыру қандай, не істейтін құжат? Бірбіріңізбен ой бөлісіңіздер.

217-тапсырма. Хабарландыру беріп көрдіңіз бе, оның құрылымына не кіреді? Сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

218-тапсырма. Хабарландыру туралы берілген қысқаша мəліметпен танысып, бұл құжаттың жазылу үлгілерімен танысыңыздар.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын ісшаралар туралы хабарлап жеткізетін құжаттың түрі – хабарландыру.

Мұнда хабарланып отырған мəселенің (жиналыс, мəжіліс, кездесі, т.б. жайлар) айы, күні, жылы, болатын уақыты мен орны көрсетіледі.

Соңынан хабарландыру беруші мекеменің , ұйымның аты қойылады. Хабарланатын мəселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру

түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді. Ол белгі бір оқиғаны немесе жағдаяттың болатын мерзімін, орнын баяндайтын ресми құжат. Хабарландыру жазбаша да, ауызша да болуы мүмкін.

219-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын есте сақтаңыздар.

Хабар – информация; сообщение; уведомление; передача Хабарлау – сообщить; уведомить; известить Хабарлаушы – уведомитель

Хабарландыру – объявление; уведомление; оповещение; объявить; известить; оповестиь; оповещать Хабардар болу – быть в курсе дела

Хабарласу – сообщаться; давать друг другу известие Хабарсыз – известно; хабарсыз кетті – пропал без вести Хабаршы – вестник Хабар иесі – человек, который известил

Хат-хабар – известия; корреспонденция Хабарландыру беру – давать объявление Хабарландыру жазу – писать объявление Хабарлама – извещение; сообщение

Радиомен соңғы хабарларды беру – передача последних известий по радио; қуанышты хабар – радостное известие Хабарландыру іліп қою – повесить объявление Ақпараттық хабарлама – информационное сообщение

220-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Хабарландыру ненің негізінде хабарланады? 2. Хабарландыруды ауызша беру мүмкін бе? 3. Хабарландыруды кім жазады? 4. Оны қандай жағдайда бірнеше жерге ілу керек? 5. Хабарландыруды кімнің жазғанын көрсету керек пе?

221-тапсырма. Төмендегі мəселелерге байланысты хабарландыру жазыңыздар.

1.Емтиханды уақытынан ерте тапсыру;

2.«ҚазҰТУ көктемі» атты конкурсқа талапкерлерді шақыру;

3.Қазақ тілі пəнінен пəндік олимпиаданы өткізу;

4.I курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау мəдениіс шарасына қатысу туралы, т.б.

222-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қосып жазыңыздар.

1. Тақтада хабарландыру... үлгісі ілулі тұр. 2. Студенттер жазылған хабарландыру... оқыды. 3. Жиналыстың болатынын хабарландыру... білдім. 4. Күн тəртібі хабарландыру... жазылған. Студенттер кешінің болатынын хабарландыру... жазыңыздар. 5. Хабарландыру... көлемі əр түрлі болады. 6. Эдвайзер хабарландыру... айтуға келді.

223-тапсырма. Хабарландырудың үлгілерімен танысыңыздар.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

2003 жылдың 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да университеттің үлкен мəжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу болады.

Бағдарламада: 1. ҚазҰТУ ректорының құттықтау сөзі.

2.Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-əңгімелері.

3.Көркемөнерпаздардың концерті.

Ректорат

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

«Томирис» мейрамханасына сымбатты қыз-жігіттер конкурс негізінде жұмысқа қабылданады. Қатысамын деушілерге есік ашық, талапқа сай құжаттарды 1 мамырға дейін тапсыруға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 15-үй, Абай даңғылының қиылысы.

Телефон: 356-48-31, ұялы телефон: 8-777-768-65-34

Мейрамхана басшысы

 

 

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

 

Ертең,

15 мамыр

күні, сағат 19.00-де, Республика

сарайында

Қазақстанның

халық əртісі Р.Рымбаеваның «Шақырады көктем» атты концерті

болады. Билеттер Қазақконцерт кассасында сатылады. Келіңіздер! Көріңіздер!

Мəдениет министірлігі əкімшілігі

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

2011 жылы 17 ақпан күні сағат11.00-де «Математика» пəні бойынша университет көлемінде олимпиада өткізіледі. Келіп қатысуға болады. Олимпиада ҚазҰТУ мəжіліс залында өткізіледі.

Деканат

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Бəріңе! Бəріңе! Бəріңе! 22 наурыз күні университет өнерпаздарының дайындаған «Əн – көңілдің ажары» атты концертіне шақырамыз. Концерт Наурыз мерекесіне арналады.

Келіңіздер! Көріңіздер!

Университет көркемөнерпаздарының ұйымы

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетініңII курс студенттері 2011 жылдың 25 мамыры күні мемлекеттік аралық(ПГК) бақылау тестін тапсырады. II курс студенттері түгел қатысуға міндетті.

Ректорат

К Е П І Л Х А Т

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне ұқсас. Кепілхат та, қолхат та біреуден белгілі құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша, т.б.) алынғанын жəне оны белгілі бір мерзімдеқайтарып беретіндігін міндеттеп көрсететін, кепілдік беретін, куəландыратын ресми құжаттың бір түрі.

Мұнда алынған заттың аты, көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші адамның

аты-жөні, қызметі, заттың

қайтарылу мерзімі

толық көрсетіледі. Сандық

белгілер жақшаның ішіне сөзбен жазылады.

 

Соңынан қолхат, кепілхат берген адамның

аты-жөні толық жазылып,

күні, айы, жылы қойылады.

Нотариалдық кеңседе тіркеліп, мөр басылады.

224-тапсырма. Кепілхаттың үлгісімен танысыңыздар .

К Е П І Л Х А Т

Ү л г і:

Алматы қаласы 27.02.03 №5 нотариалдық кеңсе

Мен, Сəрсенбай Алмат Айсұлтанұлы, мекен-жайым: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 58 үй, 76 пəтер, жеке басымның куəлігі № 77779998419, ҚР IIМ берген.

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 128-үй, 18-пəтерде тұратын азамат Айтбеков Асан Мəлікұлынан 250000 (екі жүз елу мың) теңге алдым.

Өз міндеттерімді орындауға кепілдік беремін:

1.келісімшартқа сəйкес пайыз төлеп тұруға;

2.алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;

3.келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда айып төлеуге;

4.мекен-жайым өзгерген жағдайда, 3 күн мерзім ішінде хабарлауға. Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған, 1 данасы Алматы қаласы № 5 кеңседе

тіркелген, 2-ші данасы – Айтбеков Асанда, 3-ші данасы Сəрсенбай Алмат Айсұлтанұлында сақталады.

27.02.03

Тараптардың қолы ____________ А.А. Сəрсенбай Мөр басылады.

15-апта. 29-сабақ

225-тапсырма. Анықтама

құжаты туралы берілген мəліметпен

танысып, анықтама жазуды үйреніп алыңыздар.

 

226-тапсырма. Анықтаманы

кім береді,

оның құрылымына не

кіреді? Пікір алмасыңыздар.

 

 

227-тапсырма. Берілген

мəтіннің

мағынасын меңгеріп,

мазмұндаңыздар.

 

 

АН Ы Қ Т А М А (С п р а в к а)

Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні, оқиғаны растайтын, дəлелдейтін, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының бір түрі.

Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған күні, туған жері,

еңбек стажы, атқаратын қызметі, білімі туралы мəлімет, мамандығы, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]