Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

tursynova_memlekettik_umk_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
49
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
625.73 Кб
Скачать

Жеделхаттың құрылымына төмендегілер кіреді:

қай категорияға жататыны туралы белгі(үкіметтік, халықаралық, жедел, категориясы жоқ, кезектен тыс, шторм, байланыс, табиғат немесе əр түрлі апаттар жəне т.б.).

индексі; республикасы; елі туралы;

мекен-жайы, мəтіні, мəтінге қол қойған лауазымды адамның аты жөні;

жіберуші лауазымды адамның қолы, мөр, айы, күні.

жиі қолданылатын сөздер: жіберіңіз, шешім қабылдаңыз, салып жіберіңіз, алдым, жеткізілді, келеді, орындалады, барады жəне т.б.

Жеделхаттар

арнайы

баспахана

қағаздарына

толтырылады. Оның

мəтініне

ерекше

телеграф

стилі :

тəнкіріспе,

көмекші

сөздер,

жалғаулықтар, тыныс

белгілері

қойылмайды. Жеделхаттың

мəтіні қысқа, дəл,

анық болуы керек.

Халықаралық жеделхаттар орыс жəне латын шрифтерімен, жаңа

жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.

 

 

Халықаралық

жеделхаттың

мекен-жайы

бөлімінде

жеделхатты

категориясы туралы

белгі, қабылдаушының аты, жіберілген елдің

атауы

көрсетіледі. Мəтінге ұйым басшысының қолы қойылады.

Халықаралық жеделхаттың сол жақ төменгі бұрышында нөмірі, күні, орындаушының аты-жөні, қызмет телефонының нөмірі көрсетіледі.

64-тапсырма. Жеделхаттың үлгілерімен танысыңыздар.

Ж Е Д Е Л Х А Т

Ү л г і:

480013, Алматы, Пушкин 22, ҚР ҰҒА Ядролық физика институты. Директорға.

Сынақтың екінші кезеңі сəтті аяқталды. Зерттеу жұмысын жалғастыру талаптарын күтемін. Материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіз: Атырау, Абай 7, Өмірбеков А.

* * * * *

480020, Алматы, Сəтбаев 22, ҚазҰТУ. Ректорға

Қазақ ұлттық техникалық университетінің ашылғанына70 жыл толу мерекесімен бүкіл университеттің ұжымын құттықтаймын! Жас кадрларды, инженер мамандарын даярлауда үлкен жетістіктерге жете беріңіздер.

ҚР Білім жəне Ғылым министрлігінің министрі Б.Т. Жұмағұлов

65-тапсырма. ҚР-ның Президентіне, ҚазҰТУ ректорына, өздеріңіз оқитын институттың директорына жұмыстағы ірі-ірі жетістіктерімен құттықтау мəтінін құрастырып, жеделхат жазыңыздар.

4-апта. 7-сабақ

66-тапсырма. XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттеуінен қысқаша мəлімет алып, өзара пікір алысып, ой бөлісіңіздер.

67-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына сұрақтар қойып, оларға жауап дайындаңыздар.

68-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Бұйрық-жарлық құжаттары

* * * * *

XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттелуі

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің тарихы үшін де өте құнды деректердің бірі болып табылатынXIV ғасырда жазылған жарлықтар тілін зерттеуге арналған А.Ибатовтың «XVI ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі» еңбегі де іс қағаздары тілінің қалыптасу кезеңін көрсететін, нақты материалдарға ғылыми талдау жасаған құнды зерттеу жұмысы. А.Ибатов: «Жарлықтар сан жағынан өте аз іс қағазы болғандықтан, көлемі жағынан да

шағын

болып

келеді. Бірақ соған қарамай, онда қолданылған сөздер мен

олардың

неше

алуан

өзіндік ерекшеліктері– қазіргі тілдердің қалыптасып

тұрақталу тарихын байыптап аңғару ісінде бірден-бір қажет материалдар», –

деп, жарлық мəтіндері

тілінің қазіргі ресми іс қағаздары тілінің

қалыптасу

тарихын зерттеуге қажетті, құнды материал екендігін атап көрсетеді.

 

Қазіргі

қазақ тілінде əмір, бұйрық, мағынасын беретін

ресми іс

қағазының бір түрінің атауы ретінде қолданылатын жарлық сөзі Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тілінде йарлық формасында кездеседі. Ол осы күнгі жарлық сөзінен өзгеше емес.

XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарын қазіргі қазақ қағаздарыіс тілімен тікелей тарихи байланысы бар мұра ретінде қарастырады. Бұл жөнінде А. Ибатов: «Жарлықтар тексті болса, сол орта ғасыр жазба əдеби тілінің стильдік бір тармағы ретінде, іс қағаздарының стилімен жазылған мұралар қатарында танылуы қажет», – деп жазады.

XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарынан бізге жеткені он шақты ғана. Жарлықтар бір бет көлемінде болып келеді. Зерттеуші А.Ибатовтың пікіріне сүйенсек, жарлық мəтіндерінде шамамен350-дей түрі жəне туынды сөздер қолданылған. Ол сөздердің көпшілігі түркі тілдеріне тəн сөздер болғандықтан,

түркі

тілдес

ұлт өкілдері

жарлықтардың мазмұнын қиындықсыз-ақ түсіне

алады.

 

 

 

 

Жарлық мəтіндерінде түсініксіз сөздер де кездеседі. Олардың біразы

монғол

тілімен байланысты болса, біразы араб сөздері.

Жарлық мəтіндерінде

жер-су, кісі аттары жиі кездеседі.

 

XIV ғасырда іс қағаздарының əлі жеке іс қағазы болып қалыптаса

қоймағандығы

байқалады.

Ондағы грамматикалық

ерекшеліктер араласа

беріліп отырған. Бірақ жарлықтың өзінде анықтамалық-ақпараттық құжаттарға тəн ерекшелік – баяндауыштың ашық райда берілуі. Ал өкімдік құжаттарға тəн

ерекшелік –

баяндауыштың

бұйрық рай формасында келуі. Екіншіден,

бұл

құжаттарды

құрылымына

 

қарайкуəлік, анықтама, бұйрық, жарлық

деп

бөлуге

болса

, даіс

қағаздарын

жүргізу

мəдениетінің

əлі

қалыптаса

қоймағандығынан,

олардың

бəрін жарлық деп

атаған. Сол дəуірдегі Темір-

Құтлұғ жарлығы мазмұны мен құрылымы жағынан қазіргі бұйрыққа жақын.

 

4-апта. 8-сабақ

69-тапсырма. Жарлық қандай жағдайда шығарылады, оның құрылымына не кіреді? Берілген ақпаратты меңгеріп алыңыздар.

Ж А Р Л Ы Қ

Жарлық – басқарудың шұғыл мəселелері бойыншашығарылатын құқықтық акт. Оған жұмыс орнындағы бірінші басшы қол қояды. Жарлықтың мəтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады. Оның мазмұны толық, дəл, анық болуы керек.

Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған«БҰЫРАМЫН» деген сөзден

басталады.

Мəтіннің

бұл

бөлімінде

орындалатын

, істероған

жауапты

адамдардың

аты-жөні, лауазымы,

іске

асыру

мерзімі

көрсетіледі. Ол

нөмірленген

тармақтарға

бөлінуі

мүмкін. Əр тармақ

үшінші

 

жақ бұйрық

райдың ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктерден (тапсырылсын, жариялансын, т.б.) жəне бұйрықты орындаушыны(лауазымды адамды немесе бөлімшені)

көрсетуден басталады.

 

 

 

Орындауға

жауаптылықты:

«Бұйрықтың

орындалуын

бақылау

(лауазымы, аты-жөні) «жүктелсін» деп көрсетіледі.

 

 

Жекеленген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкін жəне

бұйрық мəтінінде

оларға сілтеме

қосымшаға

сəйкес жасалуы.

Егертиіс

қосымшалар бірнешеу болса, олардың əрқайсысы нөмірленеді.

Жарлық сөзінің мағынасы əмір беру, бұйыру, бұйрық беру сөздерінің мағынасына өте жақын. Көне замандағы хан, қаған жарлықтары да, қазіргі үкіметтің, президенттің жарлықтары да бір адамға немесе адамдар тобына ғана емес, көпшілік халыққа берілетін, жалпыхалықтық сипаттағы əмір, бұйрық.

Жарлықтың бұйрықтан негізгі айырмашылығының өзіоның барлығына жарияланатын, барлығы орындауға, бағынуға, назарға алуға тиіс құжат екендігінде.

70-тапсырма. Жарлықтың үлгілерімен танысыңыздар.

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты даму институты

Қазақ тілі кафедрасы бойынша

ЖАРЛЫҚ №10

Ү л г і:

Ф.ғ.к., доцент С.С. Айтжанованың отбасы жағдайына байланысты 2010 жылдың қараша айындағы 19-20 күндердегі сабақтарын өткізу төмендегі оқытушыларға жүктелсін.

Жұма:

11 25 -12 15 5В072100-0№1 р/о-1к 611

ГУК

12 25- 13 15 5В072100-0№1 р/о-1к 611

ГУК

13 30 -14 20 5В072100-0№1 р/о-1к 611 ГУК 14 25 -15 20 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК 1525 - 16 15 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК 16 30 - 1 720 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК

Сенбі:

14 25 - 1520 5В071200-0№0 р/о-1к 611а ГУК

15 25 - 16 15 5В072300-0№1 р/о-1к 611а ГУК 16 30 –-1720 5В072300-0№1 р/о-1к 611а ГУК

Сабақты жүргізетін аға

 

оқытушы:

_____________

Сағымбаева В.М.

 

қолы

 

Оқытушы

_____________

Қалықова Ə.Ж.

 

қолы

 

Жарлыққа қол қойған

 

кафедра меңгерушісі, профессор

________ Г.Т. Тұрсынова

 

 

қолы

Ү л г і:

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты даму институты

Қазақ тілі кафедрасы бойынша

 

ЖАРЛЫҚ №12

 

 

Аға

оқытушы А.М.Монтаеваның

25.01.2011-04.02.2011

аралықтарында сессияға шығуына

байланысты, осы

күнгі

сабақтарын аға

оқытушы В.М.Сағымбаева жүргізсін.

 

 

 

25.01.11.

сағ.1230-1520

5В072000 №1Р/о – 1к,

608 ГУК

26.01.11.сағ.925-1215 5В070900 №1Р/о – 1к, 614 ГУК

29.01.11.

сағ.925-1215 050722 №1Р/о – 2к, 609 ГУК

01.02.11.

сағ.1230-1520

5В072000 №1Р/о – 1к, 608 ГУК

02.02.11.сағ.925-1215 5В070900 №1Р/о – 1к, 614 ГУК

Сабақты жүргізетін аға оқытушы ________ Сағымбаева В.М. қолы

Жарлыққа қол қойған кафедра меңгерушісі, профессор ________ Г.Т. Тұрсынова

қолы

71-тапсырма.

Сіз

Қ.И.Сəтбаев

атындағы

Машина

жас

институтының директорысыз. Сіз басқарып отырған институтта белгілі

 

бір мəселеге байланысты жарлық шығарыңыз.

 

 

 

72-тапсырма.

Бұрыштама қалай жазылады? Берілген

мəліметпен

 

танысып, бұрыштама жазуды үйреніп алыңыздар.

Б Ұ Р Ы Ш Т А М А (Резолюция)

Бұрыштама (Резолюция)

– келіп түскен іс қағаздарының бұрышына

 

жазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.

 

 

 

 

Бұрыштама

жазу

түскен

құжат

мазмұнымен

сізді

танысқандығыңыздың ғана емес, сонымен қатар ол бойынша қандай шешім

 

қабылдағаныңыздың,

нұсқау

бергендігіңіздің

белгісі. Сіздің

күнделікті

 

танысып, нұсқау беретін құжаттардың сан түрлілігіне ,қарайжазылатын

 

бұрыштама түрі де соншалықты көп болуы мүмкін. Ең бастысы бұрыштама

 

қысқа жазылуы, нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындау мерзімі, не істеу

 

керектігі анық көрсетілуі керек. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер

 

жазылмайды.

 

 

 

 

 

 

Бұрыштама үлгілері:

 

 

 

 

 

1.Таныстым;

 

15. Шара қолданылсын;

 

 

2.

Келісемін;

 

16. Өтемақы төленсін

 

 

 

3.

Бекітемін;

 

17. Жəрдемақы берілсін;

 

 

4.

Растаймын;

 

18. Мəселе қаралады;

 

 

5.

Куəландырамын;

19. Бекітілсін;

 

 

 

6.

Қарыс емеспін;

 

20. Қабылданбайды;

 

 

 

7.

Қызметінен босатылсын;

21. Жеке еңбек шарты бұзылсын;

 

8.

Орындалсын;

 

22. Бақылауға алынсын;

 

 

9.

Шешілсін;

 

23. Өзгерістер енгізілсін;

 

 

10. Қаралады;

 

24. Тағайындалсын;

 

 

 

11. Іске қосылсын;

25. Арнайы комиссия құрылсын;

 

12. Тапсырылсын;

26. Қосымша мүмкіндіктер

 

 

13. Жолға қойылсын;

 

қарастырылсын.

 

14. Жауапты адам

27. Жарамсыз деп танылсын;

 

 

 

тағайындалсын;

26. Жұмыстан шығарылсын

 

 

Бұрыштама ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мəні ғана айтылады. Бұрыштама соңына күні жазылып, басшы қолы қойылады немесе фамилиясы жазылады.

73-тапсырма. Екі мəселе бойынша мəтінін өздеріңіз құрастырып, өтініш жазып, өтініштегі мəселеге байланысты бұрыштама жазыңыздар.

74-тапсырма. Өзіңіз оқитын институт директорының атына денсаулығыңызға байланысты академиялық демалыс сұрап өтініш жазып, оған бұрыштама жазыңыздар.

75-тапсырма. Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ ректорының атына өз еркіңізбен жұмыстан босатуын сұрап өтініш жазып, оған бұрыштама жазыңыздар.

76-тапсырма. Төмендегі

сөздердің

синонимдік қатарын жазып,

оларды қатыстыра отырып,

ресми іс

қағаздары стилінде сөйлемдер

құрастырыңыздар.

 

 

Беделді, бөтен, бірдей, дағдылану.

5-апта. 9-сабақ

77-тапсырма. XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары қанай дəрежеде болды? Сабақ барысында талқылаңыздар.

78-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің дамуы, қалыптасуы кезеңдерін анықтау үшін не маңызды? Пікірталасболды ұйымдастырыңыздар.

79-тапсырма. Мəтінді оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары

Т.Р.Қордабаевтың «Тарихи синтаксис мəселелері» атты еңбегінде XVIII

 

ғасырда жазылған іс қағаздары тіліндегі септік жалғауларының, шылаулардың

 

қызметі, сөйлем мүшелері жəне олардың бір-бірімен байланысы талданып,

 

құжаттардағы

жай

сөйлем

мен

құрмалас

сөйлемдердің

синта

қарастырылады. Ресми іс қағаздары тіліне байланысты ғылыми пікірлер мен

 

тұжырымдар

І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Исаев, Р.Сыздықова,

т.б. да

 

ғалымдардың

қазақ əдеби

тілінің

тарихына

қатысты

жазылған

еңбектерінде

айтылған. Олар қазақ əдеби тілінің тарихына XVIII ғасырдан бастап талдау жасағанымен, оған дейін де қазақ əдеби тілін танытатын үлгілердің болғанын жоққа шығармайды.

Ол жөнінде: «XVIII ғасырдан бұрын да қазақ

көркем

əдеби тілін

танытатын үлгілер болғанын ескере отырып, əдеби

тіліміздің

тарихын

қолымыздағы талдау объектісі боларлық материалдары

барXVIII ғасырдан

бастадық», – деп жазады. Бұл

еңбекте XVIII, XIX, XX

ғасырлардағы қазақ

ресми іс қағаздары тілін танытатын материалдарға талдау жасалады.

Р.Сыздықованың қазақ

ресми іс қағаздары

тілінің , дамуқалыптасу

кезеңдерін анықтап, талдап, оның ерекшелігін көрсету мақсатында жүргізген еңбектерінің зерттеу жұмыстары үшін маңызы .зорXVIII ғасыр мен XX ғасырдың I жартысындағы ресми қағаздардың тілі туралы: «Аталған кезеңдегі қазақ даласында тіл тəжірибесінің жəне бір түрі болды. Ол – қазақтың хан, сұлтан, старшындарының əкімшілік орындарына жəне бір-біріне жазысқан əр түрлі сипаттағы (мазмұндағы) қағаздары мен хаттарының тілі болды», – деп көрсетеді.

80-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Т.Р.Қордабаевтың қай еңбегінде не қарастырылды? 2. Ресми іс қағаздары тіліне байланысты ғылыми пікірлер кімнің еңбектерінде айтылды? 3. Олар нені жоққа шығармайды? 4. Ол жөнінде не деп жазды? 5. Ол еңбекте неге талдау жасады? 6. Р.Сыздықованың еңбектерінің не үшін маңызы зор? 7 XX

ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздарының тілі туралы не аталып көрсетілді?

5-сабақ. 10-сабақ

81-тапсырма. Танысқы (визитка) қандай болу керек, ол не үшін керек? Мəлімет алыңыздар. Танысқыны пайдаланыңыздар.

Т А Н Ы С Қ Ы (Визитка)

Танысқы (визитка) – дегеніміз бір-бірімен танысқан адамдардың бір-біріне беретін қысқаша мəліметі бар іс қағазы.

Танысқы іскерлік қатынас жасау үшін өте керекқұжат. Ол 14-ші шрифтпен толтырылады, сөздері анық, бояуы қанық болуға тиіс. Аты-жөні жазылады, фамилиясы бас əріптермен теріледі. Мысалы БЕКБОЛАТОВ Аслан Қайырбекұлы.

Қызметі туралы тек ресми атқаратын қызметі жазылады. Уақытша атқаратын қызметтері жазылмайды.

Ғылыми дəреже, атақтары қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Құпия ұстайтын мəліметтері жазылмайды.

Жұмыс, ұялы телефондары, жұмысының мекен-жайы жазылады. Ал үйдің телефонын көп жағдайда əркімнің өзінің шешіміне қарайкөрсетпейді. Танысқы көп жағдайда 50x90 мм-лік көлеміндегі қатты қағазға жазылады. Қызметіне қарай олардың түр-түсі əр түрлі болып келеді. Мысалы:

1. Үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер көбінесе ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сəйкестендіріп жасайды. Ақ түс – қолының жəне ниетінің ақтығының символы болса, мемлекеттік ту түсі–

мемлекет құрылымында істейтіндігін білдіреді жəне Отанына адал қызмет

ететіндігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.

Қаржы

бөлімдерінің,

 

банктердің

қызметкерлері

 

сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасалады. Олар: алтын

 

түсті, металл түсті, қызыл түсті, сұр, күміс, жасыл

түстері.

 

 

 

 

3.

Түрлі дəрежедегі басқару орындарында істейтіндер классикалық

 

үлгідегі түстерді (фоны – көгілдір, ақшыл сия түсті, ақшыл қоңыр, шрифтары –

 

қара көк, сия түсті, қара қоңыр, т.б.) қалайды. Əр мамандық иесі өз қалауына

қарай таңдап жасатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Шығармашылық

адамдары

бірден

көзге ұрып

тұратындай

 

болғанын

қалайды. Жазушының танысқысынан төгілген

сияның

суретін,

музыканттікінен

нота белгілерін көруге болады.

 

 

 

 

 

 

5.

Ғылыми

интеллигенция, Ішкі

істер

министрлігі, Қорғаныс

 

министрлігі, Мемлекеттік

қауіпсіздік

комитеті,

мемлекеттік

құрылым

 

қызметкерлері

қарапайым

түрде жасатқанды

 

ұнатады.

Тағы

басқа

да

қызметтерге қарай əр түрлі болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Танысқыларды

кейбір

жағдайда

бір-екі

ауыз

сөз

жазы

тапсыруға

болады.

Мысалы: «Жауап

күтемін», «сенбі күні

сағат1400-де

 

келемін», « жұма сағат 1500-де күтемін», т.б. түрінде жазып беруге болады.

 

 

Дүниежүзі практикасында іскерлік қатынас кезінде де, жеке басқа

 

қатысты жағдайда да қолданылатын, визит карточкалары арқылы жүзеге

 

асыруға болатын бірнеше жағдайды ескеруге болады:

 

 

 

 

1. Латын əріптерімен берілген «p.f», белгісі құттықтау мағынасын береді.

 

«p.f» 2000 – жаңа жыл қарсаңында, «p.f» 8 – 8 наурыз, «p.f» –

(кез келген

 

қуанышты

күн, мейрам күндері) белгілерін қойып, танысқыңызды

өзіңіз

 

немесе біреу арқылы тапсыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.«Р.С» (латын) – көңіл айту мағынасын білдіреді.

3.«Р.r» (латын) – алғыс айту, рахмет айту, ризашылық білдіру мағынасын білдіреді.

4.«Р.р» - ескі əріптестеріңізге жаңа адамды таныстырған кезде ұсыныс, кепілдеме (рекомендация) орнына қолданасыз.

5.«Р.р.с» (латын) – (Р.р.s) постскриптум белгісімен шатастырып алмайтындай жағдайда Р.р.с белгісін жазып танысқыңызды жіберуге болады.

Бұл айтылған белгілердің кез келгенін ресми, ресми емес, іскерлік, іскерлік емес қатынастың барлық түрінде қолдануға болады. Танысқыда жазылған мəлімет шын болуы керек.

82-тапсырма. Танысқыға берілген мəтіннің мағынасын түсініп, меңгеріп, мазмұндаңыздар.

83-тапсырма. Өзіңіздің бірнеше қызметіңізді көрсетіп, танысқы жазыңыздар.

84-тапсырма. Танысқының үлгілерімен танысыңыздар.

Ү л г і:

Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ ЖТТДИ

Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор

Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы

___________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56 480091, Алматы қаласы факс (3727)392-50-31

Ұялы телефон: 8 701 756 28 16

ASTUR корпорациясы Микрохирургия орталығы Итемирова Ақмарал Сейітқызы Бас дəрігер

___________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56 480091, Алматы қаласы факс (3727) 392-50-31

Ұялы телефон: 8 701 756 28 16

Корпорация Kaz Book Promotion

Ахметбаева Ұлан Жапашқызы Президент

___________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56 480091, Алматы қаласы факс (3727) 392-50-31

Ұялы телефон: 8 701 756 28 16

Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ ЖТТДИ

Қазақ тілі кафедрасы Профессор

Шүленбаева Ұлбике Рахымбердіқызы

____________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92 480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15

Ұялы телефон: 8 701 342 67 19

Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ ЖТТДИ

Қазақ тілі кафедрасы Ф.ғ.к., доцент

АйтжановаСəуле Сейіткəрімқызы

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92 480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15

Ұялы телефон: 8 701 342 67 19

Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы Садақбаев Тəңірберген Тұрсынбайұлы

_________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92 480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15

Ұялы телефон: 8 701 342 67 19

6-апта. 11-сабақ

85-тапсырма. Іс қағаздарындағы тілдік норманы қалай түсінесіздер? Мəтінмен танысып, тақырып төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар.

86-тапсырма. Мəтінді екі мағыналық бөліктерге бөліп, бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар. Екінші мағыналық бөлігін орыс тіліне аударыңыздар.

87-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма

Норма – тілдің өзі ұсынып отырған тəртіп, нормалану – сол тəртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы. Жалпы тілдік норма, мүлдем өзгермейтін құбылыс емес. Қоғамдағы түрлі қарым-қатынастың өзгеруіне байланысты тілдік норма да өзгеріп отырады. Сондықтан тілдік норманы сөз еткенде, қазіргі қазақ іс қағаздарына тəн тілдік норма тарихи құбылыс ретінде қарастырылады. Тілдік норманың қалыптасып, даму процесінде қоғамның əлеуметтік, саяси өміріндегі факторлар үлкен рөл атқарады.

Іс

қағаздары

тілінде

жиі қолданылатын«талқылау»

сөзі бұрын

«теріні талқыға салып жұмсарту»

мағынасында

тілдік

норма болып

қолданылса, кейін «мəселені

жан-жақты

тексеріп,

ікір

алысу»

мағынасында

қолданылып, тілдік

нормада айтылған. «Талқылау»

сөзіндегі

«талқы»

илеуден

шығып

шала

кептірілген

теріні

 

жұмсарту үшін

қолданылатын ағаштан жасалған құрал-аспап.

Бір кезде қолданылған түрлі құрылымдар мен формалар уақыт өте келе əдеби тіл нормасынан шығып қалуы .мүмкінМысалы, XVIII-XIX ғасырлардағы іс қағаздары үшін ресми хаттың басында адресатты мақтайтын, дəріптейтін сала құлаш сөздер мен ұзақ эпитеттердің қолданылуы сол кездегі ресми стиль үшін норма болып табылған.

 

1773 жылы 18 желтоқсанда

жазылған

Досалы

сұлтанның

Е.И.Пугачевқа жазған хатының аудармасынан мысал келтірейік. Хат: «Аса

жоғары

мəртебелі

держава ,

иесіұлы

император, бүкілресейлік

самодержавец жəне басқа да сансыз көп аймақтардың əміршісі, аса

мархаббатты патша жəне менің жоғар мəртебелі патшамЕмельян

Ивановичке », – деп басталады.

 

 

 

 

 

Мұндай мадақ

сөздердің

тек

хат мəтіндерінде

ғана, ісемес

қағаздарының басқа түрлері үшін де норма болғандығын1823 жылы жазылған құжаттардан да көруге болады. Тіл дамуының бір кезеңінде норма емес элементтер нормаға, керісінше норма болып есептелетін элементтер нормаға жатпайтын элементке айналуы мүмкін. Бұл айтылғандарға ғылыми-зерттеу еңбектерінен мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

Іс қағаздарын

тек сауатты жазу ғана талап

етілмейді, ондағы

сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс, тілдік номада қолдану талап етіледі.

88-тапсырма.

Қызметтік

хаттардың

жеке

хаттардан

айырмашылықтарын ажыратып, өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер.

89-тапсырма.

Қызметтік

хаттарды

жазудың

қалыптасқан

тəртібі қандай, оның құрылымына не кіреді? Өзара пікір алмасыңыздар.

90-тапсырма.

Қызметтік

хаттардан

мəлімет

алып, мəтінді

мазмұндаңыздар.

 

 

 

 

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар

* * * * *

Қ ы з м е т т і к х а т т а р

Қызметтік хаттар – қандай да бір мəселе туралы мекемелер, ұйымдар жəне жеке тұлғалармен ақпарат, пікір алмасу, байланыс жасау құралы қызметін атқаратын, ресми мақсаттарда қолданылатын əр түрлі мазмұндағы басқару құжаттарының бірі.

Қызметтік хаттар жұмыс барысында, басқару қызметінде туындайтын жеке мəселелерді шешу үшін қолданылады. Оның негізгі мақсаты – іс-əрекетке кірісудің қажеттілігін сендіру, көрсету, түсіндіру болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]