- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдардың мазмұны
- •Курстың тақрыптық жоспары
- •Дәріс тақрыбы 4. Респираторлардың классификациясы. Реанимациялы емес және транспортты моделдер. Базалы моделдер. Кеңейтілген функциялы моделдер. Жоғары деңгейлі моделдері.
- •Дәріс тақрыбы 6. Жасанды қан айнылым қазіргі заманғы аппараттарының құрылғылары. Оксигенаторла. Көпіршікті оксигенаторлар. Мембраналы оксигенаторлар.
- •2.3 Зертханалық сабақтардың жоспарлары
- •4008 Гемодиализ аппараттарының жұмыс істеу принципін зерттеу
- •1.Diapact crrt жасанды бүйрек аппаратын қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.
- •2.Diapact crrt жасанды бүйрек аппаратын қолданудың әдiстерiн игеру.
- •3.Diapact crrt жасанды бүйрек аппаратын жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.
- •5008 Терапиялық жүйесі аппаратының жұмыс істеу принципін зерттеу
- •1.5008 Терапиялық жүйе аппаратын қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.
- •2.5008 Терапиялық жүйе аппаратын қолданудың әдiстерiн игеру.
- •3.5008 Терапиялық жүйе аппаратын жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.
- •Ak 200 ultra gambro hospal геодиализді аппараттардың жұмыс істеу принципін зерттеу
- •1.Ak 200 ultra gambro hospal геодиализді аппаратын қолданудың негiзгi жолдарымен танысу.
- •2.Ak 200 ultra gambro hospal геодиализді аппаратын қолданудың әдiстерiн игеру.
- •3.Ak 200 ultra gambro hospal геодиализді аппаратын жасау жолдарын зерттеудің әдістерін игеру.
- •2.4 Оқытушымен бірге өткізілетін студенттердің өзіндік жұмысы көлеміндегі сабақтың жоспары(соөж)
- •2.5 Студенттердің өзіндік жұмысы көлеміндегі сабақтың жоспары (сөж)
- •2.6 Өзіндік бақылауға арналған тестілік сұрақтар (30 сұрақ)
- •2.7 Емтихан сұрақтарының тізімдері
- •Глоссарий
Глоссарий
Абсорбция – (лат. absorbtio – сорылу, алмасу) – газ және сұйық күйдегі заттардың барлық массасы бойынша басқа затқа сорылуын айтады.
Адреналин – (adrenalinum), бүйрек безінен шығатын гормон. А. зат алмасуға, гликогеннің ыдырауын, пирожүзім және сүт қышқылдарының тотығуын, жүрек соғуын күшейтіп-жиілетеді, ал асқазан мен ішектердің жұмысын (жиырылуын) әлсіретеді, көз қарашығын үлкейтіп, қажып-тозған бұлшықеттердің қызметін жақсартады.
Атрофия – сему, жойылу, солу (грек. atrophe – қоректенбеу). Ағзаға қажет болмаған және күнделікті шынықпаған мүше біртіндеп солып, ақырында жойылады. А. термині жасуша, ұлпа, мүшелер көлемінің кішіреюі байқалғанда ғана қолданылады.
Вена – (vena. ae), көк тамыр, қанды жүрекке қарай ағызатын тамыр.
Веналық лүпіл. В. л.-ін үлкен венаның жүрекке қосылар жерінен ғана сезуге болады. В. л. көбінесе мойын венасынан өлшеніп, оны флебограммада жазады.
Вестибулярлық аппарат – кіреберіс аппараты (apparatus vestibularis). К. а. ішкі құлақта орналасқан. Ол адамның кеңістікте қандай күйде екенін, тепе-теңдікті сақтайтын, яғни денені және басты түрлі жағдайда. Шалқайған, еңкейген және айналу кезін сездіретін мүше.
Гемодиализ – жасанды бүйректің түрі, қанға диализ жасауда қолданады. Жасанды бүйрек аппаратын қан тамырларына (жалғау) қосу арқылы орнатады.
Гидролиз – гидролиз, суда ыдырау (грек. hydor – су, lysis – бұзылу, бөлу). Г. дегеніміз – күрделі химиялық қоспалардың өзіне суды біріктіріп ыдырауы немесе күрделі заттардың суда ыдырауы.
Диастола – босаңсу (грек. diastola – кеңею), жүрекшенің немесе жүрек қарыншасының босаңсу кезеңі және оларға қанның тола бастаған кезі. Д.-дағы тәртіп – жүрек қарыншасы мен жүрекше бөлімдерінің жұптасып алма-кезек жұмыс істеуіне байланысты: екі жүрекше Д. күйінде болғанда, екі қарын-ша қысқарады (систола). Қарынша д.-ға өткенде жүрекше систола күйіне өтеді.
Дыбыс талдамасы (анализаторы). Д. т.-на шеткі дыбысты қабылдағыш орын – құлақ, өткізгіш жолы – афферентті және эфферентті жүйке талшықтары, орталық ми қыртысының самай бөлігі жатады.
Жоғарғы тыныс жолы. Ж. т .ж.: мұрын қуысы, мұрын-жұтқыншақ, көмекей жатады. Ж. т. ж. ауаны тазалайды, ылғалдайды. Жас балалар мұрнымен тыныстамаса («аденоид, полин») ақылы аз (ессіз), ал ересек кісілерде болса, бронхит ауруына ұшырайды.
Жұмсақ жүйке талшығы. Мұндай жүйкелер сезімтал келеді және қозғаушы жүйкелердің құрамына кіреді. Олар сезім түйсік мүшелерін және қаңқа бұлшықеттерін жүйкелендіреді.
Жүйке-бұлшықет препараты, жүйкемен қоса ажыратып алынған бұлшықет. Мыс.: тәжірибе үшін бақаның шонданайын жүйкесімен бірге ажыратып алғанда, сондай бұлшықет пайдаланылады.
Жүрек ішіндегі қысым (tensio infracardialis) Ж. і. қ. қояндардың оң жақ қарыншасында – 30 мм, сол жақ қарыншасында – 174 мм. Иттер жүрегінің сол жақ қарыншасында – 174 –234 мм, ал оң жақ қарыншасында – 28–72 мм болатыны анықталған.
Инотропия – (грек. in, inos – бұлшықет, сіңір, tropos – бағыт). Жүйкелердің әсерінен жүректің жиырылу күшінің өзгеруі. Жүректің жиырылу күшінің артуына оң инотроп, ал оның нашарлауын теріс инотроп деп атайды.
Кератиндер ағзадағы албуминоидтар тобына жататын эпителия және сүйек-мүйіз ұлпаларының құрамында болатын зат.
Көру талдамалары (анализаторы). К. т. үш бөлімнен: көз мүшесі, көру жүйкелері және көру орталығынан құралады. Сонда көзге түскен бейне көздің тор қабығында қабылданып, ол сезуші жүйке арқылы көру орталығына жетеді және одан түйсік пайда болған соң көрудің қозушы жүйкесі арқылы қайта келеді. К. т. арқылы осылайша көрген нәрсе анықталады.
Қозғалу (сығып айдау) қызметі, ас қорыту мүшелері бұлшықеттерінің негізгі қызметтері. Мыс: шайнау, жұтыну, қарын-ішектерде астың жылжуы.
Қолқа дыбысы – жүрек соғуына (жиырылуына) байланысты қанның қолқаға күшті қысымымен өтуінен пайда болатын дыбыс. Қ. д. кеуденің оң жағынан, ІІ-қабыртқа тұсынан жақсы естуге болады.
Лейкоцит – қанның ақ түйіршігі (грек. leukos – ақ, kutos – жасуша). Қызылтүйіршіктерге (эритроциттерге) қарағанда ақ түйіршіктер қанда 600–800 есе кем. Қ.а.т. 1 мм³–6000–8000 шамасында болады. Қ. а. т.-нің қорғаныштық қасиеті: фагацитоздық, яғни белоктан пайда болған улы заттарды усыздандырып, жойып отыру. Ол амеба тәрізді қозғалады.
Несеп шығару. Қуыққа шамамен 250–300 мл несеп (зәр) жиналады, оның қысымы 15–16 см сынап бағанасындай болғанда қуық рефлекторлы түрде жиырылады. Қуыққа зәр тез жиналғанда қуық толмаса да адам дәретке отырғысы келеді. Ал несеп өте жәй жиналатын болса, қуыққа өте көп несеп жиналады.
Өт қышқылы (acida cholica), өт құрамына кіретін органикалық зат. Ол бауырдан пайда болады. Өт қышқылы ағзада негізінен Na тұздары күйінде, әсіресе глинкохоль, таурехоль түрінде болады.
Сезім мүшелері. С. м. сыртқы және ішкі ортаның өзгерісін ағзаның орталық жүйке жүйесіне хабарлап тұратын мүшелер. С. м.-н үш жүйеге бөлуге болады: 1. сыртқы (экстро) рецепциясы (көру, есту, иіс); 2. ішкі (интеро) рецепция (ішкі мүшелер); 3. буын (проприо) рецепция (бұлшықет, дене күйін сезу).
Толық (абсолютті) ылғалдылықтар 1 см³ ауадағы булы су мөлшері. Мыс.: тұманды күндегі ауаның ылғалдылығы жаздағы ыстық ашық ауаның ылғалдылығына қарағанда едәуір көп болады.
Толық есту, абсолюттік есту, дауысты танығыштық қабілет, саққұлақтық.
Тыныс ырғағының бұзылуы (arrhythmia respiratoria), тыныс орталығының қызметіне әсер етіп, дем шығарып және дем алу басталарда жүрек қызметі төмендейді.