Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛАБОР. ЖУМ. ЭТ.docx
Скачиваний:
967
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.05 Mб
Скачать

5.3. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

  1. Токтар резонансына анықтама беріңіздер.

  2. Қай тізбекте және қандай шарттар орындалған кезде токтар резонансы пайда болады?

  3. Кернеу резонансы мен токтар резонансының айырмашылығы қандай?

  4. Қандай параметрлерді өзгерту арқылы токтар резонансын алуға болады?

  5. Токтар резонансы пайда болғанда, тізбектегі жалпы ток неліктен минималды болады?

  6. Токтар резонансы пайда болуына аспап және қандай белгі арқылы тұжырым жасауға болады?

  1. Электр тізбекте (6-сурет) токтар резонансы кезінде I1 = 10 A, I2 = 5 A, индуктивтік элементтің кедергісін есептеу керек, егер XС = 40 Ом тең болса.

6-сурет

  1. Сыйымдылық элементінің параметрін (Xc) есептеу керек, егер тізбекте (7-сурет) токтардың резонансы кезінде элементтердің параметрлері: R=6 Ом, XL=8 Ом болса.

7-сурет

№6 Зертханалық жұмыс электр қабылдағыштары жұлдызша жалғанған үш фазалы электр тізбегін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Жұлдызша жалғанған симметриялы және бейсиметриялы электр қабылдағыштарының үш сымды және төрт сымды үш фазалы электр тізбегін зерттеу. Симметриялы және бейсимметриялы режимде фазалық және желілік токтар мен кернеулердің мәндерінің арасындағы негізгі ара қатынастарды, сонымен қатар фазаның үзілген кезіндегі бейтарап сымды және қысқа тұйықталу режимін тәжірибеарқылы зерттеу.

6.1. Қысқаша іліми мағлұматтар

Амплитудалары және жиіліктері өзара тең, бірақ фазалары бір-бірінен 1200 - қа ығысқан ұш синусоидалы ЭҚК-і бар тізбектердің жинағы үш фазалы электр тізбегі деп аталады.

Ұш фазалы электр тізбегінде синхронды генератор электр энергия көзі болып табылады. Қарапайым синхронды генератордың статорында бір-бірінен 1200 -қа ығысқан ұш бірдей орама болады. Ораманың басын А, В, С аяғын X, Y, Z әріптерімен белгілейді. Орамалардың аяқтары түйінделген нүктені бейтарап нүкте деп атап, оны «N» әріпімен белгілеп, генератор орамаларының жұлдызша жалғанған сұлбасын аламыз (1-сурет).

1-Сурет

Ротордың магнит өрісінің тиісті таралу кезінде статордың орамасында, амплитудалары мен жиіліктері өзара тең, фазалары 1200-қа ығысқан, үш синусоидалы ЭҚК-і индукцияланады. Егер ЭҚК -нің бастапқы фазасын нөлге тең деп алсақ, онда ЭҚК-нің лездік мәндері мына түрде болады:

ЭҚК-ң үш фазалы жүйесін -қа ығысқан үш векторлар арқылы бейнелеуге болады:

Генератор орамаларының (фазаларының) бастары мен аяқтарының арасындағы кернеуді фазалық кернеу деп атаймыз - ,,.Орамалардың (фазалардың) бастарының арасындағы кернеуді желілік кернеу деп атаймыз - ,,.Фазалық және желілік кернеулер бір-бірімен мына теңдік пен байланысты:

Оларға фазалық және желілік кернеулердің векторлық диаграммалары сәйкес келеді.

Желілік кернеулердің векторының үшбұрышы фазалық кернеулердің векторына салынған болса, онда оны топографиялық диаграмма деп атайды:

Осы диаграммадан:

немесе

Жұлдызша жалғанған генератор орамасы тұтынушыға екі түрлі кернеу алуға мүмкіндік береді: фазалық және желілік.

Үш фазалы үш сымды жүйеде электр энергиясын ток көзінен тұтынушыға желілік сымның көмегімен беріледі (Аа, Вв, Сс). Төртсымды үш фазалы жүйеде төртінші бейтарап сым (Nn) бар, сол сым арқылы ток көзінің «N» және тұтынушының «n» фазаларының нүктелері жалғанған (2-сурет). Желілік сымдардағы ток ,,желілік ток деп, фазалардың токтары (,,) фазалық ток деп, ал бейтарап сымның тогыбейтараптық ток деп аталынады.

Үш фазалы қабылдағыштар сұлбада «жұлдызша» немесе «үшбұрышша» жалғануы мүмкін.