Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛАБОР. ЖУМ. ЭТ.docx
Скачиваний:
967
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Қуаттар балансы

Тізбектегі қорек көзіннің қуаты деп басқа түрлі энергияның электр энергиясына түрлендіру жылдамдылығын айтамыз:

Қабылдағыштардың қуаты – электр энергиясын басқа түрлі энергияға түрлендіру жылдамдылығы деп есептеуге келеді:

Кез келген электр тізбекте энергиялардың балансы – қуаттар балансы арқылы зерттелінеді.

Қуаттар балансы дегеніміз – ЭҚК-дің қуаттарының алгебралық қосындысы қабылдағыштардағы қуаттардың алгебралық қосындысына теңдігі:

Егер тармақтағы токпен ЭҚК-тің бағыттары бағыттас болса, ЭҚК-ті генератор режимінде істейді деп есептейміз, ал қарама-қарсы болса ЭҚК қабылдағыш ретінде энергияны қабылдайды деп оның таңбасын (-) аламыз.

  1. Дайындық жұмысына тапсырма

    1. ЭҚК-тер (Е1, Е2) мен кедергілер (R1 ,R2 ,R3) берілген (2.2-сурет) тізбекті жинаңыз.

    2. Беттестіру әдісін қолданып токтар мен кернеулерді есептеңіз.

    3. Токтармен кернеулердің есептік мәндерінің дұрыстығын Кирхгоф задары бойынша тексеріңіз.

    4. Тізбек үшін қуаттар балансының теңдеуін жазып, ЭҚК көздерінің жұмыс әлпін анықтаңыз.

2.3 Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі

    1. Тәжірибе УЛК ТОЭ стендінде орындалады. Стендпен, әсіресе қорек көздерімен және оларды қосып ажырататын аспаптармен танысыңыз. Кернеу блогынан екі кернеу көзі алынады.

    2. Қорек көзінің кернеуін реттей отырып, тізбек элементтеріндегі токтар мен кернеулерді өлшеңіз. Өлшеу деректерін 1÷3 кестелерге жазыңыз.

а) 2.2, а-суретте келтірілген сұлба бойынша тізбек жинастырып, Е1 ЭҚК көзі тудырған жекеше токтармен кернеулерді өлшеңіз (Е1=15 В).

Өлшеу деректерін 2.1-кестеге жазыңыз.

б) 2.2, ә-суретте келтірілген сұлба бойынша тізбек жинастырып, (Е2) ЭҚК көзі тудырған жекеше токтармен кернеулерді өлшеңіз. Өлшеу мәндерін 2.2-кестеге жазыңыз (Е2=10÷15 В).

в) 2.2, б-суретте келтірілген сұлба бойынша тізбек жинастырып, (Е1, Е2) ЭҚК-тер көздері тудырған токтар мен кернеулерді өлшеңіз (Е1=15 В; Е2=10÷15 В). Өлшеу мәндерін 2.3-кестеге жазыңыз.

Есептелген және өлшенген токтар мен кернеулер деректерін салыстырыңыз.

2.2, а, ә, б-сурет. а) бірінші қарапайым сұлба. ә) екінші қарапайым сұлба. б) күрделі электр тізбегі.

2.1 кесте

Е1, В

Е2, В

I1/, A

I2/, A

I3/, A

U1/, В

U2/, В

U3/, В

0

2.2 кесте

Е1, В

Е2, В

I1//, A

I2//, A

I3//, A

U1//, В

U2//, В

U3//, В

0

2.3 кесте

Е1

Е2

I1, A

I2, A

I3, A

U1

U2

U3

  1. Тәжірибе деректерін өндеу және оларды қорытындылау

    1. 2.1÷2.3 кестеде келтірілген токтардың сандық мәндерін салыстырып, беттестіру принципы туралы қорытынды жасаңыз.

    2. 2.1-2.3 кестеде келтірілген жекеше токтар мен кернеулердің мәндері бойынша 2.2, а, ә, б-суреттерде келтірілген тізбектің токтары мен кернеулерін есептеп, бағыттарын анықтаңыз.

    3. Жұмыс бойынша ақпар жазып, оны қорғауға дайындалыңыз.