Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лаб1жАНС.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
265.67 Кб
Скачать

Жоспар

 

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

 1. Алгоритм ұғымы мен жазылуы қасиеттері жэне блок-схема құру тэсілі.

1.1. Сызықты алгоритмдерді эзірлеу.

1.2. Тармақталған алгоритмдерді эзірлеу.

1.3. Қайталантын циклді алгоритмдерді эзірлеу.

2. Алгоритмдерді Паскаль программалау тілінде эзірлеу.

2.1. Сызықты алгоритмдерді программалау.

2.2. Тармақталған алгоритмдерді программалау.

2.3. Есептерді шешудің алгоритмі мен блок-схемасын әзірлеу.

III. Қорытынды.

 

Кіріспе

Ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты программалау тілдері   үнемі жаңарып, өзгеріп отырады. Ал соның ішінде   Турбо Паскаль программалау тілі - оқып үйренушіге өте жеңіл әрі түсінікті. Паскаль тілі программалауды  үйретумен   қатар,   басқа  прогрммалау  тілдеріне   кіріспе болып    та    табылады.    Турбо    Паскаль    тілінің    сызықты    графикалық мүмкіндіктеріде  бар.  Программалау оқушылардың  білімін,  іскерлігі  мен дағдысын қалыптастырумен бірге, олардың шығармашылық қабілеті мен ақыл-ойын дамытудың маңызды құралы болып табылады. Турбо Паскль прогрммалау тілі қазіргі кезде жоғары оқу орындарымен мектептерде кеңінен оқытылуда. Мұнда есептерді шешуде алгоритмдік құрылымдарды қосымша құрал ретінде қолдану, есептің қойылымына сәйкес математикалық модель құру, алгоритм жазу, нәтижені талдау кезеңдерін қарастырады.

Курстық жұмыстың мақсаты - сызықтық тармақталған және циклді алгоритмді программалау негіздері тарауында оқушыларға алгоритм  ұғымын, қасиеттерін, турлері мен берілу тәсілдерін үйрету арқылы логикалық ойлауын, алгоритмдік білімін дамыту. Оқушыларды алгоритмдік тілдің ережелерін білуге, өз бетінше алгоритм құрып, оған программа жазуға және компьютерде теріп, орындау іскерлігін қалыптастыру. Компьютерде есептер шығару кезеңдерін, программалау тілдерінің құрылымын, командалары мен операторларының қызметін түсініп, оларды тиімді пайдалана білу мәселелерін қалыптастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспеде сызықты тармақталған және циклді тармақталған алгоритмді әзірлеу және программалауды оқытудағы мәселелері мен курстық жұмыстың мақсаттары қарастырылды.

 

1. Алгоритмшң уғымы мен жазылу қасиеттері және блок-схема щру

тәсілі

Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген көрнекті математик Әл-Хорезмидің латын тілінде бұрмаланған аты. Ол бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.

Алгоритм дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі. Бұл анықтамада алгоритм мен оның қасиеттерін байланыстыратын негІзгі ұғымдар беріліп отыр.Орындаушы - бұл объект (немесе субъект), құрылған алгоритмді басқарады. Орындаушының негізгі әрекеті оның командалар жүйесін басқаруынан көрінеді. Кез келген есепті шешудің кірісінде берілгендер мен алгоритм командалары тұрады, шығысында нәтиже тұрады.

Алгоритмнің келесідей қасиеттері бар:

1) Алгоритмнің үздіктілігі. Информацияны өңдеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке нұсқаулардан құралған тізбектен тұруы тиіс.

2) Алгоритмнің түсініюпілігі және аньщтылыгы. Алгоритм жалпы түрде қабылдаған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, арындай алатын болуы керек. Орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.

3)  Алгоритмнің жалпылыгы. Алгоритм неғұрлым әмбебап болуы және көпшілік пайдалана алуы тиіс.

4) Алгоритмнің нәтижелгі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижелі болуы тиіс.

Алгоритмді жазудың немесе берілу тәсілдерінің 3 түрі бар:

1. сөзбен ауызша беріледі.

2. блок-схема түрінде.

3. алгоритмдік тілде.                                                                                    - Алгоритмдік  тіл  -  алгоритмді  жазуға  арналған  тіл.   Оның   алфавиті, синтаксисі, семантикасы болады. Алфавит - тілдегі символдардың жиынтығы. Синтаксис - алгоритмді жазу ережесі. Семантика - сөйлемнің дұрыс құрылуы.

Алгоритмнің жазылуының жаппы түрі: алг <алгоритм аты> (<айнымалылар мен олардың типтерінің тізімі>)

арг <аргументтер тізімі>

нәт <нэтижелер тізімі> басы <көмекші айнымалыларды енгізу>

<Бастапқы мәнге меншіктеу>

<Алгоритмге сәйкес эрекеттер тізбегі> шығару <баспаға берілгендерді шығару> соңы

Мұндағы алг , нәт, арг, басы, соңы , шығару сөздерін қызметші сөздер деп атайды.

 

 

І.І.Сызықтық алгоритмдерді әзірлеу

Орта және жоғары оқу орындарына тарналған барлық информатика оқулықтарында алгоримтдік тіл берілген.

Е-практикум жүйесінде алг, арг, нәт, басы, соңы қызметші сөздері бірден экранға шығады, бүл сөздер өшірілмейді. Мұнда оқушылардың көңілін атқарушы ұғымына, оның командалар жүйесіне аудару қажет.

Е-практикум алгоритм тақырыбының жазылуының жалпы түрі төмендегідей:

алг атауы (типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)

арг аргументтер тізімі нәт нэтижелер тізімі

Алгоритм үшін бастапқы берілгендер болып табылатын шамаларды аргументтер деп атайды. Олардың тізімі арг қызметші сөзінен кейін жазылады.

Алгоритмдегі аргументте, нэтижеде болмайтын шамаларды аралық шама деп атайды, ол алгоритм тақырыбынан кейін басы қыфзметші сөзінен кейін жазылады. Енді алгортмнің жазылуының жалпы түрін көрсетейік:

алг атау (типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)

 арг аргументтер тізімі

нәт нәтижелер тізімі

басы типтері көрсетілген аралық шамалардың тізімі серия

соңы

1 -мысал. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу. S=J(P*(p-a)*(p-b)*(p-c)), p=(a+b+c)/2

алг аудан (нақ а,Ь,с)

арг а,Ь,с

нәт S басы нақ р

р:=(а+Ь+с)/2                                                                                         

        S:=sqrt(P*(p-a)*(p-b)*(p-c))

соңы

Бұл алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады, алгоритмдегі командалар жазылу реті бойынша бірінен соң бірі орындалады. Бұл командалар алгоитмдік тілдегі қарапайым командалар. Периметрді және ауданды есепдеу меншіктеу командасы деп аталады. Меншіктеу командасының жалпы жазылу түрі төмендегідей: атау:= өрнек

Бұл команда төмендегідей ережемен орындалады: Алдымен меншіктеу белгісінің оң жағында жазылған өрнек есептеліп, меншіктеу белгісінің сол жағында орналасқан айнымалыға меншіктеледі.