Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛАБОР. ЖУМ. ЭТ.docx
Скачиваний:
967
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.05 Mб
Скачать

6.3 Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Синусойдалы токтың үш фазалы жүйесіне анықтама беріңіздер.

2. Үш фазалы ток қалай анықталады?

3. Фазалары жұлдызша жалғанған кезде үш фазалы қорек көзінің фазалық және желілік кернеулері мен токтарының ара қатынасы қандай?

4. Нөлдік сымның рөлі қандай және ол қай жағдайда қажет?

5. Зерттелген режимнің тұрғызылған векторлық диаграммасының ерекшелігін атап беріңіздер.

6.Амперметрдің көрсететін тогын есепте, егер Uж =380 В, Ra=10 Ом, Rb=10 Ом, Rc=10 Ом тең болса.

№7 Зертханалық жұмыс электр қабылдағыштары үшбұрышша қосылған үшфазалы электр тізбегін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: тәжірибе арқылы үшфазалы тізбектің үшбұрышты қосылған жүктемеден өтетін токтардың, фазалық кернеулер мен қуаттардың ара қатынасын зерттеу.

Кернеулер мен токтардың векторлық диаграммасын тұрғызып үйрену.

7.1. Қысқаша іліми мағлұматтар

Егер үшфазалы қорек көзі үшбұрышша жалғанса, оның желілік кернеу мен фазалық кернеу өзара тең болады, яғни , өйткені, мысалы А-В фазаларында,, бірақ, ал- желілік кернеу,- фазалық кернеу, яғни, басқа фазаларда да осы сияқты (7.1-сурет).

7.1-сурет

, .

Кешенді түрде олар былай жазылады:

,

,

,

Фазалық токтар Iab , Ibc , Ica – Ом заңы бойынша анықталады:

Кирхгофтың бірінші заңы бойынша желілік токтарды келесі формулалар арқылы анықтайды:

Симметриялық үшфазалы тізбекте кедергілер мен кернеулер симметриялы болатын болса, онда токтар да симметриялы болады.

- фазалық ток,

- желілік ток.

Осыны векторлық диаграмма арқылы анықтайды (7.2-сурет).

7.2-сурет. Симметриялық жүктемелі тізбектің векторлық диаграммасы.

7.3-сурет. Бейсимметриялық жүктемелі тізбектің векторлық диаграммасы.

Үшбұрышша жалғанған үшфазалы жүктемелі тізбектің қуаты (∑P) фазалардың қуаттарының қосындысына тең болады:

∑P=Pab + Pbc + Pca

Егер тізбекте тек қана симметриялық активті кедергілер болса

∑P=3Pф =3UфIф .

Тізбекте симметриялы активті- индуктивті не активті-сыйымдылықты жүктеме болса

∑P =3UфIф cosφ=

Үшфазалы тізбектің реактивті қуаты

∑Q =3UфIф sinφ=

Тізбектің толық қуаты

∑S =3UфIф =

7.3. Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі

7.3.1. Үшбұрышша жалғанған симметриялы және бейсимметриялы электр қабылдағыштың кернеулері мен токтарын мультиметр не виртуалды аспаптар арқылы өлшеп, қуаттарды есептеу керек.

7.3.2. Тәжірибені жүргізу тәртібі: 7.4-суретте келтірілген сұлба бойынша тізбекті жинастырыңыз. Жүктеме ретінде үш кедергіні (Rab =Rbc=Rca =1кОм) дайындап алыңыз. Алты токты өлшеу үшін тізбекке үш виртуалды амперметрлерді және үш мультиметрді қосыңыз. Өлшеу деректерін 1-кестеге жазыңыз.

7.3.3. Бейсимметриялы электр қабылдағышты (Rab=680 Ом, Rbc=1 кОм, Rca=330 Ом ) қорек көзіне қосып, кернеулер мен фазалық және желілік токтарды өлшеңіз. Өлшеу деректерін 1-кестеге жазыңыз.

7.3.4. Фазалық және толық активті қуаттарын есептеп, 1-кестеге жазыңыз.

1-кесте

«Үшбұрышты » сұлба

Симметриялы жүктеме

Бейсимметриялы жүктеме

Желілік токтар, мА

IA

IB

IC

Фазалық токтар, мА

Iab

Ibc

Ica

Фазалық және желілік кернеулер, В

UAВ

UBС

UCА

Фазалық қуаттар, мВт

Pab

Pbc

Pca

Толық қуат, мВт

P

7.4-сурет. Тәжірибеге арналған сұлба.

7.3.5. 7.4-суретке масштабтарын қолданып, векторлық диаграммаларын сызу керек.

Токтардың және

кернеулердің диаграммасы

Кернеулер

диаграммасы

а)

Симметриялы

жүктеме

б) Бейсимметриялы

жүктеме

Мu=…в/дел

МI=…мА/дел