Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛАБОР. ЖУМ. ЭТ.docx
Скачиваний:
967
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.05 Mб
Скачать

2 Сурет

  1. Осы блогтың бетіндегі аспаптардың орналасқанын өзгертуге болады, оны тышқанның сол жақ батырмасымен аспаптың белгіленуіне және ашылған терезедегі керекті аспаптар ретінде таңдаңыздар. Коннектордың каналын бірнеше виртуалды аспаптарды қосуға болады, мысалы, белгілі бір токтың немесе кернеудің әрекеттік, амлитудалық, ортақ мәндерін өлшеу үшін.

  2. «Откл.» терезенің белгісін тышқанның сол жақ батырмасымен таңдап, керекті виртуалды аспаптарды қосыңыз.

  3. «Действующее» терезенің белгісін тышқанның сол жақ батырмасымен ашып, ашылған тізімнен өлшемнің керекті түрін таңдап алыңыз.

  4. Коннектордағы керекті батырманы басып, амперметрдің және вольтметрдің шектеулерін таңдаңыз. Таңдалған шектеулер дағды бойынша керекті виртуалды аспаптардың терезелерінде көрсетіледі. Өлшенетін сигнал берілген каналда керекті шектен артып кетсе, виртуалды аспап көрсеткіші қызыл түспен белгі береді, ал жоғары панель бөлігінде келесі жазба көрсетіледі «Перегрузка! Перейдите на больший предел» немесе «Перегрузка! Бұдан үлкен шектеуге ауысыңыз». Өлшем бірлігі өлшем шегінен асқан кезде, ол өшеді.

  5. Виртуалды аспаптың терезесін жабу үшін, міндетті түрде «Выкл.» пернесін басу керек.

«Приборы I» - дегі «меню» арқылы «Приборы II» позициясын таңдап алып, тізбектегі кедергілерді, қуаттарды және фазалық ығысу бұрыштарын өлшейтін үш түрлі аспаптары бар блогын ашу керек.

Бұл блогқа кіретін екі аспаптың өз менюлері бар, олар арқылы өлшем бірліктері таңдалады. «Приборы II» блогының оң беті 3-суретте көрсетілген.

3 Сурет

Аспаптарды активтендіру үшін келесі терезелерден сәйкес екі шаманы таңдап, олар арқылы негізгі шаманы анықтау керек. Мысалы, егер тізбектің кіріс кернеуі мен тогын өлшеу үшін вольтметр V0 және амперметр A1 қосылса, онда тізбектің қуаттарын (P, Q, S), кіріс кедергілерін (R, X, Z) және ток пен кернеудің арасындағы фазалық ығысу бұрышын өлшеу керек болса, «Приборы II» панелінің жоғарғы терезесінде V0 және төменгі терезесінде A1 шамаларын алу қажет. I1 және I4 – токтардың арасындағы фазалық ығысу бұрыштарын өлшеу үшін A1 жоғарғы терезеде, ал I4 – төменгі терезеде болулары тиісті. Жиілігін немесе периодын өлшеу үшін жоғарғы терезеден тек қана бір мәнін алу керек.

Виртуалды осциллографтың қасиеті коннектордың кірмелігіндегі режимі «Развертка» не болмаса «XY» режиміндегі бір сигналдың кез келген сигналға тәуелділігін сигналдардың уақыттық диаграммасы арқылы қарап отыруға болатындығын көрсетеді. Осциллографты қосу үшін «Приборы I» - дегі меню бойынша «Осциллограф» жолын таңдап алу керек. Кейін дисплейде виртуалды осциллограф көрінісі шығады. 4- суретте оның барлық терезелері көрсетілген.

4 Сурет

Осциллографтың 5 кірмелігінің кез келгеніне коннектордан сигнал беруге болады. Осы кезеңде осциллографтың кіріс терезесінде коннектордың кірмелік белгісі және экранда сәуле пайда болады, оның түсі зерттелініп отырған сигналдың фонына сәйкес келеді.

«Запись в файл» батырмасы бойынша осциллографтағы көрсеткіштерді файлға түсіріп алуға болады. Одан кейін оларды MATCHAD, Exsel және басқа бағдарламалар арқылы оқып және түзетуге болады.

Өлшейтін шамалардың өзгеріс динамикасын байқау үшін аспап жебесі өте қолайлы. Зертханалық стендте барлық мүмкіндікті қарастыру ретінде «ВП ТОЭ» псевдоаналогтық бағдарламаға бағытталған аспаптар ескертілген. Олар «Приборы I» меню блогынан «Аналоговый прибор» жебесі бойынша тышқанның бір батырмасымен ашылады.

Тәжірибеде қуаттардың, ток пен кернеудің ығысу бұрыштарының шамаларын өлшеу керек болмаса, онда стенд құрамына кіретін мультиметр арқылы қалған тізбектің қасиеттерін өлшеуге келеді.

1 Зертханалық жұмыс