Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_tekhnikaly_1179__1179_aza_1179_tili_1.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Инженер мамандығының қажеттілігі және оның салалары

Қазақстан даласының қойнауында кен байлықтарының мол көздері бар. Оларды ашып, халық игілігіне жұмсау негізгі міндеттердің бірі.

Ал жер қойнауынан кен өндіру, оны байыту, олардың металлургиялық қорыту құпияларын зерттеу мамандардың ісі. Кенді қазу алдында алдымен барлау жұмыстары жүргізіледі, кен қоры мен сапасы анықталады. Өндіру жүйесі мен байыту тәсілі тағайындалып, тиісті жұмыстар жүргізіледі. Бұлар белгіленген соң кенді ашу, жер үсті құрылыстары мен жер асты қазбаларын жүргізу жұмыстары атқарылып, тек содан кейін ғана арнайы тәсілмен кен қазыла басталады.

Міне, осындай қиындығы мен құпиясы мол өндіріс орындарына білімді де, білікті мамандар, яғни инженерлер қажет.

Инженер мамандығы түрлі салаларға бөлінеді:

  1. Пайдалы қазбаларды іздеу, барлау, суретке түсіру т.б. салаларындағы инженер-геологтар.

  2. Тау-кен ісі саласындағы пайдалы қазба кен орындарын өндірудің барлық циклі бойынша жұмыс жүргізетін инженерлер.

  3. Пайдалы қазбаларды байыту, металлургия, түсті, сирек және асыл металдарды тану, композициялық және ұнтақ материалдар салаларындағы инженерлер.

  4. ҚР-ның басты байлықтарының бірі – оның көмірсутекті шикізат қоры. Мұнай-газ кешені саласындағы инженерлер.

  5. Машина жасау инженерлері.

  6. Автоматика және басқару жүйелері инженерлері т.б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жер қойнауынан кен өндіру, оны байыту, олардың

металлургиялық қорыту құпияларын зерттеу кімдердің ісі?

  1. Кенді қазу алдында қандай жұмыстар жүргізіледі?

  2. Инженер мамандығының салаларын атаңыздар.

Сөздік:

қойнау – ложбина, лощина

ұнтақ – порошок; присыпка; толокно

кен – месторождение; недра; полезные ископаемые

шикізат – сырье; сырое вещество

асыл – благородный; высококачественный

кешен – комплекс

игілік – благо; благородство; доброжелательность

байлық – богатство

білікті – знающий; квалифицированный

құпия – секрет; тайна; таинственный

білімді – знающий; обладающий знанием

тәсіл – прием; способ; тактика

қазба – ископаемые; раскопка; выработка

67-тапсырма. Мәтіннен сын есімнің күшейтпелі және асырмалы шырайларын тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Қазақстан даласының қойнауында кен байлықтарының аса мол көздері бар. Оларды ашып, орасан зор мақсатпен халық игілігіне жұмсау негізгі міндеттердің бірі. Ал жер қойнауынан кен өндіру, оны байыту, тым жақсы етіп қорыту құпияларын зерттеу маман-дардың ісі.

Кенді қазу алдында өте жақсы барлау жұмыстары жүргізіледі. Жап-жақсы кен қоры мен сапасы анықталады.

Міне, осындай қиындығы мен құпиясы өте мол өндіріс орындарына аса терең білімді мамандар, яғни инженерлер қажет.

Пайдалы қазбаларды іздеу, барлау, суретке түсіру жағдайларын біздің инженер-геологтарымыз жап-жақсы меңгерген.

68-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.

Тау-кен инженері болу, менің ең бір асыл арманым. Қ.Сәтбаев – аса дарынды, өте талантты ғұлама ғалым, біз әрдайым ол кісінің рухының алдында бас иеміз. Инженер мамандығын меңгеру өте қиын, дегенмен де қиындықтарды жеңе білу керек.

Құрбымның қасында шашы қап-қара, көзі үп-үлкен, еріні қып-қызыл бойжеткен болды. Автоматика және басқару институтының студенттері жап-жарық дәрісханаларда сабақ оқиды. Оның құрбысы аузы оймақтай, бойы өте биік емес қыз екен.

2-апта. 5-тәжірибелік сабақ

69-тапсырма. Кен орындарын қазудың болашағы туралы өзара пікір алмасыңыздар.

70-тапсырма. Пәнді меңгеру үшін студенттерге қойылатын талаптарды сабақ барысында талқылаңыздар.

71-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің сөздігін жасаңыздар.

72-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]