Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_tekhnikaly_1179__1179_aza_1179_tili_1.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы мен зерттелуі

Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан-ақ белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде-ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды (мұнайды) сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ.

1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгінде дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді.

Қарашүңгіл мұнай фонтаны Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.

Қарашүңгіл мен Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісінің тарихы басталды.

Мұнайдың пайда болуы туралы бірнеше теориялар (болжамдар- гипотезалар) бар. Бұл болжамдар екі топқа бөлінеді: органикалық және анорганикалық болжамдар гипотезалар.

Органикалық теория - мұнайдың жәндіктер мен өсімдіктердің және аралас-өсімдік пен жәндіктердің қалдығынан пайда болуының мүмкіндігін дәлелдейді. Ал, анорганикалық теорияда мұнайдың жаратылуы карбид теориясы, жанартау теориясы, космос, т. б. теориялар арқылы дәлелденеді.

Мұнайдың пайда болуын органикалық теория бойынша дәлелдегендердің бірі М. В. Ломоносов еді. Ол алғашқы рет 1763 жылы мұнайдың жер қойнауында жиналған өсімдіктердің жоғарғы қысым әрі температура арқылы көмірленіп, өзгерген қалдықтарынан түзілу мүмкіндігін атап көрсетті. Бірақ мұнай жөнінде нақтылы ынта-ықылас қойылған кез XІX ғасырдың екінші жартысы еді. Осы мезгілде Л. Лекер мұнайды балдырдың шіруімен байланыстырды. Ал, К. Энглер мен Г. Гефер мұнайдың пайда болуын терең білу үшін теңіз жануарларының майын алғызды. Кейінгі кездерде органикалық теорияны қолдағандар - А. Д. Архангельский, И.М. Губкин, В.В. Вебер, Н.Б. Воссаевич, П. Смит болды. Мұнай туралы органикалық теория осылай орныға бастады.

336Тапсырма. Сөйлемдерден түбір мен қосымшаның аралығындағы кейінді ықпалға ұшыраған сөздерді табыңыздар.

№7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Мұнай өнеркәсібі халық игілігі үшін қызмет етуі тиіс. Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстары жүргізіле бастады. Тұрғын халықтың шабатын шөбі жоқ.

337Тапсырма. Мәтінде кездесетін кейбір ұғымдардың анықтамасын тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар.

Кәсіпкер------------------------------ Аймақ----------------------------------

Байлық-------------------------------- Мұнай қоры--------------------------

Тұжырым---------------------------- Өндіріс---------------------------------

Өңір----------------------------------- Халық игілігі-------------------------

Мұнай фонтаны--------------------

338Тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын сақтай отырып, дұрыс орналастырыңыздар.

Тәулігіне фонтаны өнім берді алаңындағы мұнай 20 тонна. Мәлім болған алғашқы тамшылары Қазақстан мұнайының дүние жүзіне бұл. Дүр сілкіндірді, Ресей, шетел кәсіпкерлерін, Қарашүңгіл мұнай фонтаны.Тарихы басталды, мұнай, өндірісінің, Қазақстан.

339-тапсырма. Қазақстан мұнайы жайында бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.

340-тапсырма. Мамандыққа берілген терминдердің мағынасын меңгеріңіздер.

1. Мұнайлы кеніш (нефтяное месторождение). Бір немесе бірнеше мұнай шоғырларынан тұратын кеніш.

2. Мұнайлы-газды кеніш (нефтегазовое месторождение). Газдың жиынтық қоры мұнайдың геологиялық қорынан артығырақ болып келетін кеніш.

3. Қалдық мұнай (нефть остаточная).Мұнайлы қойнауқаттан бүкіл мүмкін болған әдістер көмегімен мұнай қорын өндіріп алғаннан кейін де сол қойнауқат көлемінде қалып қоятын мұнай массасы.

4. Мұнай фонтаны (нефтяной фонтан). Тау жыныстарының физикалық жинауыш қасиеттеріне байланысты түзілімдерде мол шоғырланған мұнайдың және газдың қойнаулық қысымы ұңғыма оқпанын тоғытқан сұйық қоспаның қысымынан басым болған жағдайда, мұнай-газдың атқылауы.

5. Мұнай-газ кәсіптік геология (нефте газопрымысловая геология). Мұнай және газ кендерінің өндірістік маңызын анықтау және жер қойнауы байлықтарын үнемді пайдалану үшін, оларды кеннің ашылу мерзімінен бастап игеру процесі әбден біткенге дейін тиянақты зерттеу шараларын жүзеге асыратын геологиялық ғылым саласы.

341-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ертеде қазақтар мұнайды не үшін пайдаланған? 2. Олар мұнайды не деп атады? 3. Ғалымдар қандай тұжырым жасады? 4. Алғаш мұнай қай жылы алынды? 5. Шетел кәсіпкерлері мұнайды қай аймақтан іздеді? 6. Мұнайдың пайда болуы туралы болжамдар қалай аталады? 7. Қай жылы қай ғалым дәлелдеп көрсетті? 8. Органикалық теорияны қолдап, іске асырған ғалымдарды атаңыз?

9-апта. 27-тәжірибелік сабақ

342-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

343-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты термин сөздерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

344-тапсырма. Мәтіннің соңғы төрт абзацын орыс тіліне аударыңыздар.

Мұнай және газдың қасиеттері

Жер қойнауындағы химиялық элементтердің сан-алуан қосындыларынан пайда болған сұйық каустобиолиттер. Негізінен алғанда көмірсутектерінен тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді, және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр, қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алаңында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіс-су түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері, т.б.

Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы жатады. Салмағына қарай мұнай ауыр және жеңіл болып бөлінеді. Оның тығыздығы артқан сайын қайнау температурасы да арта түседі. Мұнайдың тығыздығы тұщы судың тығыздығымен салыстырылады. Мұнай суда ерімейді. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65 – 0,95 г/см3 . Бұл қасиеті қабатқа су айдау процесінде мол қолданылады. Ал кейбір органикалық – бензин, хлопарм, эфир сияқты ерітінділерде тез ериді.

Жанар газдардың құрамы көмірсутектерінен тұрады. Олардың ішінде метан, этан, пропан, бутан, пентан, т.б. газдар кездеседі. Таза газдан тұратын көлбеулердің құрамында метанның көлемі басымырақ келіп, аумағы 98%-ға дейін жетеді.

Газ құрамында жеңіл газдар (метан мен этан) көп болған сайын оның салмағы болуымен қатар, тез қызу бөледі. Ал ауыр газдардың құрамында метан мен этан аз мөлшерде болады.

Атмосфералық жағдайда (осы температурада) метан мен этан газ күйінде кездеседі. Ал пропан мен бутан газ күйінде кездеседі де, шамалы қысым арқылы сұйық көмірсутегіне тез айналады.

Газ құрамында аздаған көмірқышқыл газы, азот, күкірт, сутегі, гелий, т.б. кездеседі. Газдың физикалық қасиеттерінің қатарына оның тығыздығы жатады.

345-тапсырма. Мәтінді оқып, мұнай туралы қандай жаңа мәліметтер алдыңыздар, баяндап беріңіздер.

346-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Қазір “қара алтын” деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрылығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.

347-тапсырма. Мұнайды газсыздандыру деген не? Анықтаманы өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырыңыздар.

Шығарылып жатқан мұнайдан онда еріген метанды, этанды, пропанды, сондай-ақ, күкірт-сутекті, азотты, көмір-қышқыл газын бөліп алу.

348-тапсырма. Сөз тіркестерімен шағын мәтін құрастырыңыздар.

Мұнай тасымалы, алғашқы өнім, темір құты, халық шаруашылығы, керекті заттар, судың тығыздығы, дербес үйірімдер, меншікті салмақ, алғашқы легі, сарғыш түсті, электр тогы, қайнау температурасы, машина дөңгелектері, саламағына қарай, ауыр және жеңіл, шайыр қосындылары, химиялық элементтер.

349-тапсырма. Мәтіннің мазмұнының негізінде сұхбат құрастырыңыздар.

Қазақ газ өңдеу зауыты

Зауыт газ өндіру басқармалары беретін газ конденсатын қабылдап өңдейді. «Маңғыстаумұнайгаз» Өзен және Жетібай газ-мұнай кендерінің ілескен және табиғи газдары жеткізіледі.

Ол Жаңаөзен қаласында орналасқан. Зауыттың бірінші кезегі пайдалануға 1973 жылы берілді. Өнімнің негізгі тұтынушылары: сұйытылған газды республика халқы, негізінен Алматы облысы және Қазақстанның оңтүстігі. Құрғақ газ Орта Азия – Орталық газ құбырына беріледі. 1996 жылы бастап мұнай өндіруші кәсіпорындар тарапынан газ тарату көлемінің төмендеу бағыты байқалады. 1996 жылы зауыт пен Маңғыстау газ өндіру басқармасының негізінде Газ өндіру және өңдеу басқармасы құрылды. («Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының құрамында)

350-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіздер.

жанғыш газ газ природный

мұнай газы газы редкие

серіктес газ газ горючий

табиғи газ газы сереводородные

жаңартау газдары газ свободный

бейтарап газдар газы благородные

шашыранды газдар газы вулканические

сирек газдар газы рассеянные

майлы газдар газы биохимического происхождения

биохимиялық газдар газ природный

351-тапсырма. Берілген сөздікті жаттап алыңыздар..

жер қойнауы – недра земли керекті заттар – нужные вещи

қоңыр қошқыл – бурый тізіміне кіріпті – вошел в ряд

ақшыл түсті – беловатый цвет алғашқы легі – первая партия

өндіріледі – производится меншікті салмағы – чистый вес

өткізбейді – не проводит

бірнеше темір құтыға – в несколько железных ступ

ауруды емдеуге ғана – только для лечения болезней

халық шаруашылығына – народному хозяйству

Есіңізде болсын!!! Газ ауамен қосылған кезде жарылуға қауіпті қоспаны құрайды.

10-апта. 28-тәжірибелік сабақ

352-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

353-тапсырма. Мәтіннен мамандыққа қатысты термин сөздерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

354-тапсырма. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің сөздігін жасаңыздар.

355-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұхбат құрастырыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]