Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_tekhnikaly_1179__1179_aza_1179_tili_1.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Ақпарат

Бақылау сұрақтары :

1. Қоршаған әлемнің ең маңызды мәні не болып табылады?

2. Ақпарат қандай салаларда пайдаланылады?

3. Ақпараттты ненің көмегімен бейнелеуге болады?

4. Ақпарат қасиеттеріне не жатады?

5. Ақпарат өзінің сипаты бойынша қалай жіктеледі?

6-апта. 17-тәжірибелік сабақ

238-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, қазақ тіліне тән дыбыстардың сауатты оқылуына назар аударыңыздар.

239-тапсырма. Мәтіннің алғашқы төрт абзацын орыс тіліне аударыңыздар.

240-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

241-тапсырма. Мәтіннен бес термин сөздерді теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

А қ п а р а т т ы к о д т а у

Әр түрлі ақпарат тасуыштарда әр түрлі ұсыну (көрсету) тәсілдері

қолданылады.

Ақпараттарды келесі түрде сақтауға болады:

  1. Қағазда, таңбалар түрінде, перфокартада, перфолентада, таста, ағашта, матада, кілт бедерінде т.б.

  2. Электрмагниттік сигналдар түрінде: дискіде, дискетте, кассетада, кинопленкада т.б.

  3. Құрылымдық комбинациялар түрінде: биологиялық объектілердің клеткалары мен гендерінде.

Ақпарат беру мына түрлерде жүргізіледі:

1. Сигналдар түрінде. Техникалық құрылымдарда да, адамдар қарым-қатынасында да, телекоммуникацияларда, да, қоғам өмірінде, де, тірі жәндіктерде де.

  1. Адамдар қарым-қатынасында, техникалық

құрылғыларда. Механикалық жолмен.

Ақпаратты сақтау, беру және өңдеу техникалық құрылғыларына мыналар жатады: түрлі дискілер, дискеттер, аудио және бейне кассеталар, перфокарталар, перфоленталар, кинопленкалар, телекоммуникация объектілері (радио, теледидар, телефон, телеграф, ДК мен компьютерлік желілер т.б)

ЭЕМ – көптеген техникалық құралдарының

арасында ақпарат сақтау, беру және өңдеу елеулі орын алады. ЭЕМ – бұл ақ электр сигналдарын қолданып, ақпаратты өңдейтін әмбебап есептеуіш машина.

Компьютерлер шықпай тұрып та ақпаратты беретін, өңдейтін және сақтайтын аспаптар болған. Мұндай аспаптарды қолдану үшін ақпарат кодталған түрде болуы

керек. Бұған ақпаратты Морзе әліппесінің көмегімен кодтау мысал бола алады.

242-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыздар.

243-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Ақпаратты сақтау. 2. Компьютерлік желі. 3. Ақпаратты өңдеу. 4. Әр түрлі тәсіл. 5. Техникалық құралдар. 6. Сигналдар қолдану. 7. Морзе әліппесі. 8. Таңбалар түрінде.

9. Ақпаратты кодтау. 10. Ақпаратты беру.

244-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне қарсы мағыналы сөздерді жазыңыздар.

1. Ұсыну – ...............................................................

2. Ақпарат өңдеу – .................................................

3. Тірі жәндік – ........................................................

4. Сақтайтын аспап – .............................................

5. Кодталған ақпарат - ............................................

6. Ақпарат алу - ......................................................

245-тапсырма. Сөйлемдерден табыс, жатыс септіктеріндегі

сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

1. Ақпараттарды келесі түрде сақтауға болады: қағазда, таңбалар түрінде,

перфокартада, таста, ағашта, матада.

2. Электромагниттік сигналдар түрінде: дискіде, дискетте, кассетада.

3. Ақпарат беру адамдар қарым - қатынасында, телекоммуникацияларда,

қоғам өмірінде, тірі жәндіктерде жүргізіледі.

246-тапсырма. Ақпаратты кодтау үшін қандай символ мен алфавитті

білу керек? Тақырып төңірегінде әңгімелесіңіздер.

247-тапсырма. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ү л г і : Сақта-у; Құжатты сақтау.

248-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып

жазыңыздар.

1. Ақпарат ... түрде болуы керек. 2. Ақпаратты өңдейтін және ... аспаптар болған. 3. ЭЕМ – бұл ... өңдейтін әмбебап есептеуіш машина.

4. Техникалық ... дербес компьютерлер мен компьютерлік ... жатады.

Тиісті сөздер: сақтайтын, ақпаратты, құрылғыларына, желілер,

кодталған.

249-тапсырма. Суретке қарап, сұхбат құрастырыңыздар.

250-тапсырма. Берілген

сөйлемдерге иә, жоқ деп жауап беріңіздер.

1. Ақпарат тасуыштарда әр түрлі

тәсілдер қолданылмайды.___

2. Ақпарат беру техникалық

құрылғыларда жүргізіледі.___

3.Ақпараттарды электромагниттік

сигналдар түрінде сақтауға

болмайды.___

4. ЭЕМ – бұл электр сигналдарын қолданбайтын есептеуіш машина.___

5. Компьютерлер шықпай тұрып ақпаратты беретін, өңдейтін, сақтайтын

аспаптар болмаған.___

6. Ақпарат кодталған түрде болмауы керек.___

Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер.

1. Ақпараттарды электрмагниттік сигналдар түрінде қайда сақтауға болады?

2. Ақпарат беру қандай түрде жүргізіледі?

3. Ақпаратты сақтау, өңдеу техникалық құрылғыларына не жатады?

4. Қандай аспаптар болған?

5. Аспаптарды қолдану үшін, ақпаратты не істеу керек?

6-апта. 18-тәжірибелік сабақ

251-тапсырма. Есептеуіш техниканың даму тарихынан мәлімет алыңыздар.

252-тапсырма. Мәтінге сөздік жасаңыздар.

253-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

254-тапсырма. Мәтіндегі терминдермен жұмыс жасаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]