Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_tekhnikaly_1179__1179_aza_1179_tili_1.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Геологиялық зерттеу әдістері

Жер қыртысының жоғарғы қабаттарын зерттеу жұмыстары негізінен табиғи ашылымдар мен (өзен аңғарында кездесетін құлама жар, жыра, карьер, шахта) зерттеу арқылы жүргізіледі. Ал жердің ішкі, терең қабаттарын зерттеп білу үшін бұрғылау скважиналары мен геофизикалық зерттеу әдістері қолданылады.

Геологиялық процестердің орасан зор мөлшері мен өте ұзақтығы - жердің даму тарихының ең басты ерекшеліктері болып саналады.

Жер қойнауын зерттеу әдістері. Жердің құрамы мен құрылысы әр түрлі әдістер арқылы зерттеледі.

Геологиялық әдістер. Геологиялық әдістердің ішіндегі ең негізгісі - жер қыртысын құрайтын заттарды тікелей бақылау және талдау арқылы жан-жақты зерттеу болып табылады. Жер қыртысын құрайтын заттар, тау жыныстары түрінде табиғи жағдайда жер бетіне шығып жатады. Ал жердің ішкі қабаттарының геологиялық құрылысын жыра, ор немесе шурф, карьерлер мен шахталарды зерттеу, тау жыныстарының жатыс элементтерін талдау арқылы анықтап білуге болады. Жер қойнауының терең қабаттарын зерттеуде бұрғылау скважиналарының маңызы өте зор.

Жердің терең қабаттарының геологиялық құрылыс ерекшеліктерін табиғи скважиналарды (атап айтқанда, кимберлит түтіктерін) зерттеу арқылы білуге болады. Олармен бірге кездесетін алмас кристалдары жердің ішкі 200 км. тереңдігінде пайда болады.

Сөздік:

жар – обрыв; крутой берег; супруга; жених

жыра – канава; лобжина; овраг; большое ущелье

талдау – анализ; анализировать, разобраться

183-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Жер қойнауының ... зерттеуде бұрғылау скважиналарының маңызы өте зор. Геологиялық әдістердің ішіндегі ең негізгісі - жер қыртысын құрайтын заттарды тікелей ... және ... арқылы жан-жақты зерттеу болып табылады. Жер қыртысын құрайтын заттар, ... түрінде табиғи жағдайда жер бетіне шығып жатады.

Геологиялық процестердің орасан зор мөлшері мен өте ұзақтығы - жердің ... ең басты ерекшеліктері болып саналады.

184-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Геологиялық әдістің ішіндегі ең негізгісін атаңыздар. 2. Жердің ішкі қабаттарының геологиялық құрылысын не арқылы анықтауға болады? 3. Жердің ішкі, терең қабаттарын зерттеп білу үшін қандай әдістер қолданылады? 4. Жер қыртысын құрайтын заттар жер бетіне не түрінде шығып жатады? 5. Жер қойнауының терең қабаттарын зерттеуде ненің маңызы зор?

185-тапсырма. Берілген керекті сөздердің көмегімен сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Геологиялық байқаулар кезінде жиналған ---------------ғылыми болжамның негізі болып қалыптасады. Жердің Ғарыш әлемінде ---------------- және оның басқа планеталармен -------------- жөніндегі алғашқы ұғым өте ерте кезден бастап-ақ қалыптасты. Коперниктің ------------ ---------- адамдардың дүниеге деген көзқарастарында үлкен төңкеріс жасап, астрономия ғылымының ---------- ---------- дамып жетілуіне көп әсерін тигізді. Жер - шексіз әлем --------- толып жатқан сансыз көп ғарыштық денелердің бірі ғана. Жерді планета ретінде ---------- ғылымы зерттейді.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті сөздер: ашқан жаңалығы, байланысты, кеңістігінде, астрономия, жаңа бағытта, алғашқы деректер, алатын орны.

186-тапсырма. Өлеңді жаттап, мазмұнын айтып беріңіздер. «Геолог» деген тапқырыпқа мәтін құрастырыңыздар.

Геологқа сәлем

Рюкзакпен арқалап әлем жүгін, Қайдасың сен?

Тас терумен жүрсің бе, сан қыр асып Пысылдап терлеп тегі

Сәлем саған, геолог, сәлем бүгін Барасың ба өрмелеп қотыр шыңға?

Әріптесім, істесім, «қаңғыбасым»! Бал-бұлаққа өлердей шөлдеп

Қалпағыңмен су ішіп отырсың ба?

Қайда жүрсең, үмітті тербетумен

Шыдам шіркін бітуге шақ қалады

Ал еңбегің бұл жұмыр жер бетінде

Тарихта қала болып сақталады.

Білем, ылғи ойыңды халқың болып,

Сен тартасың белес-белес, биіктерге.

Ақ таңдарда ашасың алтын қорын,

От кездерде оқ беріп сүйікті елге.

Қай маманың саған тең келе алады?

Дала кезсең, тау ассаң - тер төгілді.

Сен зерттейсің тарихын Жер-Ананың,

Ал іздесең, іздейсің ертеңіңді ....

(Нәсіпқали Сейітов)

187-тапсырма. Геологиялық зерттеу әдістерімен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар. Мәтіннің негізінде сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]