Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_tekhnikaly_1179__1179_aza_1179_tili_1.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдары

Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісі техникалық және өндіріс технологиясының тез өркендеуіне және еңбек өнімділігінің артуына жағдай туғызды.

Совет мемлекетінің ең алғашқы күндерінде, яғни 1918 ж. В.И.Ленин «Совет өкіметінің кезекті міндеттері» атты жұмысында біздің отанымыздың жер байлығының орасан зор екендігін айта келіп «Жер байлығына қатысты барлық элементтер Қазақстанда бар. Қазіргі жаңарған техника күшімен пайдалану өндіргіш күштердің бұрын соңды болып көрмеген қарқынды өсуінің негізі», – деп атап көрсеткен. ХХ ғасырдың 30 жылдарында Совет Одағында көмір өндірудің жаңа техника мен технологиясын жасады, сонымен қатар іс жүзінде пайдалану жұмыстары да жүргізіліп жатты.

Тау-кен өндірісінде Ұлы Отан соғысына дейін кен бір тұтас забойлар және камералық жүйемен өндірілетін. Кен алынған забойлар сол күйінде бос қалатын.

Қазіргі уақытта жер асты кен өндіруде, әсіресе өте бай (құнды) кендерді, екі түрлі тәсілмен құрастырылған тысқары заттармен толтыру процесі (комбинированный) қолданылады.

Көрнекті ғалым энциклопедист Бируни өзінің зерттеу жұмыстарында ұдайы математикалық талдау әдісін, физика жетістіктерін, тарихи жаратылыс тәсілін, табиғаттың құбылыстарын зерттеуде қолданған. Ол ең бірінші болып минералдың, кендердің және қоспалардың салыстырмалы салмақтарын анықтады. Бирунидің маңызды шығармаларының бірі «Асыл тастарды тану мағлұматтары жинағы» кен өндіру істерінің дамуына ерекше әсерін тигізді. ХІ ғасырда темір кенінің көптеген өндірісінен оны байыту күрделі мәселеге айналды. Бируни осы мәселені шешті: оның магнитті сепараторлар арқылы темір кенін байыту тәсілі қазіргі заманның өзінде алға басу әдістерінің бірі болып есептелінеді.

ХІХ ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Оған өлкеде қолайлы жағдайлар болды: жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен, күші мол болды.

Патшалы Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға ерекше назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін өңдеу кәсіпорындарын дамытуға күш салды. Алтын, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібі пайда болды. Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Екібастұз, Қарағанды, Саранда көмір кен орындары жұмыс істеді. Батыс Қазақстанда Орал-Ембі аймағында мұнай шығарылды. 1912-1914 ж.ж. мұнай мен кен орындары ағылшын капиталистерінің қолында болды.

Жұмысшылардың, әсіресе жергілікті қазақ жұмысшыларының жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа дейін созылды. Жалақы Ресейдегі кәсіпорындағыдан екі-үш есе кем болды.

Сөздік:

өнімділік – продуктивность; производительность; урожайность

өндіргіш күштер – производительные силы;

жаратылыс – натура; природа; создание

тәсіл – прием; способ; уловка; тактика; средство

байыту – обогощать; обогащение

байыту комбинаты – обогатительный комбинат

барлау жұмыстары – разведочные работы

мырыш – цинк

40-тапсырма. Мәтінге берілген сөздікті жаттаңыздар.

41-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін негізге алып, осы

шақтың түрлеріне (нақ, ауыспалы) мәтін құрастырыңыздар.

Өте бай тіл, тәрбиелеудің құралы, мәдениеттің гүлденуі, тарихи қалыптасу, туған тіл, сүйіспеншілік, ұғым, қазақ халқының, ғылыми тіл, мемлекеттік мәртебе, мемлекеттік міндет, қарым-қатынас тілі, тіл комитеті, тілдің салалары, ресми тіл, ауызекі және жазбаша қолдану, тілді қолдану мен дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілі – қазақ халқының этникалық тілі.

42-тапсырма. Өлең жолдарындағы тілеймін, тілдесем, қараймын сөздерінің қай шақта тұрғанын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

43-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.

Басқа таяқ тілден.

Беда голове от языка.

* * * * *

Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Слово камни разбивает, а если не камни, то головы.

* * * * *

Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады.

Болячки через руки передаются, беда – через слово.

44-тапсырма. Берілген модаль сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тәрізді, секілді (похоже), екен (оказывается), шамасы (скорее всего, вероятно), рас, шын (правда, верно), әйтеуір (когда-нибудь, всегда).

Ү л г і: Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

45-тапсырма. Өлеңнің мағынасын түсіндіріңіздер. Өлең жолдарындағы етістіктің шақ категориясын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Ана тілі – ұрпақ тілі

Батар, кетер келмеске күнім менің, Сол тіліммен дүниені атадым,

Қалар, бірақ, киелі тілім менің. Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Қасіретті шақтарда түңілгенде Жатты онда аманаты ананың,

Қасиетті тілімнен түңілмедім. Жатты онда аманаты атаның.

(М. Мақатаев) (С. Мәуленов)

* * * * *

Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта, Дей алмас қайдан әкелді,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа! Бар тілден үйрен білімді.

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел Ұмытсаңдағы бөтенді,

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса. Ұмытпа ана тіліңді.

(Ә. Сәрсенбаев) (А. Тоқмағамбетов)

46-тапсырма. Нақ осы шақтың астын сызып, олардың түрлерін (дара, күрделі) ажыратыңыздар.

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту – Қазақстан Республикасы халықтарының көкейкесті проблемаларының бірі болып отыр. Болашақ мамандар үшін қазақ тілін білу міндетті болып отыр. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу қолға алынып, іске асырылып жатыр. Мейман сол баяғы сұлқ қалпы үнсіз жатыр. Шеке тамыры әдеттегідей білемденіп тұр. Құрт қайнап, буы бұрқырап, ірімшік пісіп жатыр (Ә. Кекілбаев).

Адамдар мен түйелер міз бақпай, сап түзеп тізіліп тұр. Ертең күзде Хиуаға жылқы сатуға жүргелі отырмын. Орнынан ыршып атып тұрды. Бүгінгі сөзіңізге таң қалып отырмын. Екі шатқалдың арасында тұрмыз. (Ғ.М.).

47-тапсырма. Көп нүктенің орнына нақ осы шақ (дара, күрделі) жасап тұрған сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында .......... . Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе ......... .......... . Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда .................... . Тіл құрыса, оның халқы да жер бетінен жоғалып кететіндігі туралы ............. .............. . Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру үшін көптеген шаралар жүргізіліп, іске .............. ............... .

Сөйлемдерді толықтыруға керекті сөз және сөз тіркестері: тұр, беріліп отыр, жатыр, айтылып жүр, асырылып отыр.

48-тапсырма. Сұрақтарға нақ осы шақтың дара (жалаң) формасында жауап беріңіздер.

  1. Cен қайда отырсың? .......................................................................

  2. Ол кімде отыр? .................................................................................

  3. Біз қайда отырмыз? ........................................................................

  4. Олар кімде отыр? ............................................................................

  5. Біз кімде отырмыз? .........................................................................

  6. Сіз қай жерде тұрсыз? ....................................................................

49-тапсырма. Төмендегі етістіктерді нақ осы шақтың дара (жалаң) және күрделі формасына салып жіктеңіздер.

Ү л г і :

I. Мен отырмын (Я сижу) Мен жаз+ып отыр+мын (Я пишу)

II. Сен отырсың (Ты сидишь) Сен жаз+ып отыр+сың (Ты пишешь)

Сіз отырсыз (Вы сидите) Сіз жаз+ып отыр+сыз (Вы пишете)

III. Ол отыр (Он сидит) Ол жазып отыр (Он пишет)

Сөйлесу, қарау, айту, оқу, бару, зерттеу, тыңдау, дәлелдеу, сипаттау.

50-тапсырма. Сөйлемдердегі осы шақта тұрған

етістіктердің астын сызып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар.

Тіл екі түрлі жолмен қызмет етеді. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу тілі көбіне диалог түрінде өтеді. Жазба тілде сөйлем ойды нақты да толық білдіре алатындай жүйелі, әрі түсінікті етіліп құрылады. Тілдің қызметі мен ойдың айтылу мақсатына қарай сөйлем құруда соған сәйкес сөздер, грамматикалық тұлғалар, тіркестер сұрыпталып, талданып қолданылып жүр. Әркімнің сөз қолдану ерекшеліктері әр түрлі болады. Көсіліп сөйлейтін көсем де, таңдайынан бал тамған, тыңдаушысын тамсандыратын шешендер де сөйлегенде сөзді сұрыптап қолданады, сол арқылы ойын дәл де әсерлі жеткізіп жүр.

51-тапсырма. Сол жақ бағанадағы сөйлемдердегі көп нүктелердің орнына оң жақ бағанадағы сөздерді мағынасына қарай іріктеп, тиісті орындарына қойып жазыңыздар.

Ү л г і : Мен университетте оқып жүрмін (нақ осы шақтың күрделі түрі).

Мен .................................оқып жүрмін.

Сен .............................. оқып отырсың.

Біз ..............................оқып жатырмыз.

Мен ........................... жазып отырмын.

Сіздер ....................жазып отырсыздар.

Сіз ...............................жазып отырсыз.

Мен ......................ұйықтап жатырмын.

Олар ........................... ұйықтап жатыр.

Сендер ................... көріп отырсыңдар.

Олар ................................. айтып отыр.

а) баяндама

ә) әңгіме, мақала

б) кітап

в) төсек, кереует

г) диван

д) кино, спектакль

е) әңгіме

ж) хат, газет

з) оныншы сынып

й) университет

52-тапсырма. Тау-кен саласында кездесетін сол жақ бағанадағы сөздер мен сөз тіркестерін оң жақ бағанадағы баламаларымен сәйкестендіріңіздер.

1. Атылыстық бұрғылау

а) Воздухосборник

2. Бұрғылық желдетпе қазба

ә) Бурильщик

3. Еңкіштік алап

б) Работа открытая

4. Асыра бұрғылау

в) Взрывное бурение

5. Аршу жұмыстар орны

г) Заходка

6. Арақабаттық құлата қазу

жүйесі

ғ) Буро-вентиляционная выработка

7. Атпақауіпсіздік

д) Поле уклонное

8. Ауажиғыш

е) Перебур

9. Ашық (кен) жұмыс

и) Фронт вскрышных работ

10. Бұрғылық кескіш

й) Система разработки подэтажным

обрушением

11. Бұрғышы

к) Резец буровой

12. Енбе

қ) Взрывобезопасный

53-тапсырма. Жақшаның ішіндегі етістіктерді нақ осы шақтың күрделі формасына қойып, көшіріңіздер.

1. Донбаста осы тәсілді қолдану арқылы көмір қопсыту үшін арнайы шахта (салыну). 2. Тау-кен өндірісінде кен біртұтас забойлар және камералық жүйемен (өндірілу). 3. Кен алынған забойлар сол күйінде (бос қалу). 4. Қазіргі уақытта жерасты кен өндіруде екі түрлі тәсілден құрастырылған заттармен толтыру процесі (комибинированный) (қолданылу). 5. Бұл кітап керекті нұсқау ретінде 200 жылдан астам уақыт ішінде тау-кен өндірісі дами бастаған елдерде (қолданылу).

54-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктердің шақ формасын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Ресейдегі геология мен минералогияның дамуына үлкен көңіл бөл+е+міз. «Бөл» – түбір етістік, «е» – ауыспалы осы шақ жасайтын жұрнақ, «міз» – жіктік жалғауы.

Англия, Германия, Ресей және т.б. елдерде болат қорытуды жаңа әдістермен алумен шұғылданады. Өте жоғары сапалы болат алудың сырын шешесіңдер. Осындай кен қорын Баянауыл мен Петропавл уездерінде де (тас көмір, алтын, мырыш, т.б.) пайдаланасыңдар. Мыс, алтын, темір және басқа да қазба байлықтарын шығаратын тау-кен өнеркәсібі орындарын акционерлік қоғамдардың қолына көшіреміз.

55-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, көшіріп жазыңыздар.

Патшалы Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға ерекше назар ... . Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін өңдеу кәсіпорындарын дамытуға күш ... . Алтын, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібі пайда ... . Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда ... . Екібастұз, Қарағанды, Саранда көмір кен орындары жұмыс ... . Батыс Қазақстанда Орал-Ембі аймағында мұнай ...

56-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Көрнекті энциклопедист ғалым Бируни өзінің зерттеу жұмысын неге арнаған? 2. Ол ең бірінші болып нені анықтады? 3. Оның қай еңбегі кен өндіру істерінің дамуына әсерін тигізді? 4. Бируни өзінің зерттеулерінде не мәселені шешті? 5. Батыс Европа мемлекеттерінде жинаған тәжірибелерінің негізінде қандай еңбегін жарыққа шығарды? 6. Бұл еңбегінде нақты қандай жұмыстарға нақты тоқталған?

2-апта. 4-тәжірибелік сабақ

57-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

58-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен мамандыққа қатысты термин сөздерді теріп жазып, оларға түсініктеме беріңіздер.

59-тапсырма. Мәтіндегі тау-кен өнеркәсібінің өркендеу тарихымен танысып, мазмұндаңыздар.

Тау-кен өнеркәсібінің өркендеу тарихы

Біздің еліміздің халық шаруашылығының дамуында кен кәсіпорындарының және олармен байланысты пайдалы кен орындарын іздеу мен барлау кезіндегі жұмыстарының маңызы өте зор. Сирек кездесетін және түрлі түсті металл рудаларын, минералдық отынды және химия өнеркәсібінде шикізатты, құрылыс материалдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да пайдалы қазындыларды өндіру өнеркәсібінің техникалық дамуын қамтамасыз етеді, еліміздің экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайтады, халықтың тұрмысын көтереді.

Халық шаруашылығын шикізаттармен қамтамасыз ету үшін жаңа кен орындарын ашу қажет. Сондықтан жер туындыларын барлаушылардың негізгі міндеттері жаңа кен орындарын ашу, пайдалы қазындының мөлшері мен сапасын анықтау және оның геологиялық және гидрогеологиялық жатыс жағдайларын зерттеу.

Пайдалы қазындылардың жер қойнауында жатыс жағдайлары, олардың сапасы мен қоры және кенді өндірудің экономикалық тиімділігін бұрғылау скважиналары және қазбалары арқылы анықталады.

Құрамындағы пайдалы компоненттері тұрақты емес және руда заттарының қалыңдығы біркелкі емес кеннің қорын бұрғылау арқылы анықтауға болмайды. Сондықтан бұндай жағдайда кен жөнінде толық мәліметтер алуға болатын және кеннің қорын анықтайтын негізгі тәсіл болып қазбаларды жүргізу есептеледі. Жер қыртысында жүргізілген тау қазбаларын кеннің геологиялық жағдайын жан-жақты зерттеуге, оның жатысын және элементтерін бақылауға, сапасын және қорын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Бұрғылау скважиналары негізінен сұйық және газ тәрізді пайдалы қазындыларды барлау және өндіру үшін қолданылады. Сондай-ақ оларды түрлі-түсті металл қазындыларын барлаған кезде қолданады. Полиметалл қазындылары және сирек кездесетін асыл рудалар әдетте біріктірілген тәсілмен, яғни бұрғылау скважиналарымен қатар қазбалары да жүргізілу арқылы барланады.

Жұмыстары негізінен уақытша болатындықтан, кен өнеркәсіптеріне қарағанда көлемінің аздығына байланысты, өнеркәсіпті орталықтардан қашық орналасқандықтан және көбінесе қатынасу қиын аудандарда болғандықтан, қазбаларын жүргізуде озат технологиялар мен механикаландыру әдістерін енгізу әлі де өз үлесін таппай келеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай жағдайда еліміздің экономикасы мен қорғаныс

қабілеті және халықтың тұрмысы жақсарады?

  1. Халық шаруашылығын шикізаттармен қамтамасыз ету үшін

не қажет?

  1. Қандай кен орнын бұрғылау арқылы анықтауға болмайды?

Сөздік:

оқпан – ствол

өрлеме – восстающий

60-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Қандай қазындылар мен металл рудалары өнеркәсіптің техникалық дамуына және еліміздің экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайтады? 2. Халық шаруашылығын шикізаттармен қамтамасыз ету үшін не қажет? 3. Пайдалы қазындылардың жер қойнауында жатыс жағдайлары және сапасы мен қоры нелер арқылы анықталады? 4. Қандай кендерді бұрғылау арқылы анықтауға болмайды? 5. Бұрғылау скважиналары негізінен нені барлау үшін қолданылады? 6. Полиметалл қазындылары және сирек кездесетін асыл рудалар қандай тәсілмен барланады?

61-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар. Сын есімнің шырай түрлерін ажыратыңыздар.

Жас адам, жас жігіт, жас қыз, жас ет, жас дәрігер; ақ халат, ақ көйлек, ақ сүт, ақ нан, ақ қағаз; ұзын қарындаш, ұзын мойын, ұзын көйлек, ұзын аяқ; жақсы бала, жақсы оқушы, жақсы кітап, жақсы тамақ; жаман етік; көк қарындаш, көк көз, көк көйлек, көк дәптер; ыстық су, ыстық күн, ыстық тамақ, ыстық сүт.

62-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, салыстырмалы шырайдың жасалу жолын айтып беріңіздер.

Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшаңырақ. Ниетқабылдың отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады. Өзгелерінен гөрі сергектеу Ыбыраш – түскі ұйқыдан жеңіл оянды. Жігіттің бетіне ажар кіріп, ақшылдау жүзі алқызылдана бастады. Дымқыл шалғынның арасында, бозғыл тұманның ішінде барлаушы бала да көрінбейді.

63-тапсырма. Төмендегі сын есімдерді қазақ тіліне аударып, салыстырмалы шырай жасаңыздар.

Ү л г і: Үлкен – үлкенірек, кіші – кішірек.

Большой, маленький, прямой, кривой, пожилой, молодой, широкий, далекий, худой, короткий, длинный, высокий, горячий, холодный, твердый, мягкий.

64-тапсырма. Берілген сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.

1. Менің әріптесім сенен биігірек. 2. Меніңше, мына жігіт жалқаулау сияқты. 3. Сіңлімнің көзі менің көзімнен үлкенірек. 4. Баласының аяғы әкесінің аяғынан кішірек екен. 5. Мен кезекте толықтау апайдан соң тұрдым. 6. Жеңгей, маған ыстығырақ шай керек. 7. Манат Айдостан аласалау екен.

65-тапсырма. Мәтіннен тау-кен саласында қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: кен кәсіпорындары, сирек металдар, минералдық отын, сапасын анықтау, кеннің қоры т.б.

66-тапсырма. Мәтіндегі инженер мамандығының қажеттілігі мен олардың салаларын оқып, меңгеріңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]