Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкмд каз для мп.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
1.16 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасындағы бұұ биологиялық сан алуандығы туралы Конвенциясының орындалуы

Биосаналуандықты тиімді қолдану және сақтау мәселелеріне елдің негізгі стратегиялық құжаттары «Қазақстан 2030» Стратегиясы. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы және т.б енген. Экологиялық және ауылшаруашылық бағыт бойынша ғылыми-зерттемелік жұмыстар жүргізілуде. «Жасыл ел» және «2005-2007 жылдарға арналған ақ бөкендердің және жоғалып жатқан және сирек жабайы тұяқты жануарлар түрін сақтау және қайта көбейту» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Елде, биологиялық сан алуандықты сақтауда және экологиялық білімді артыруда және биоресурстарды тұрақты қолдануға қолдау жасау бойынша мықты мемлекеттік емес ұйымдар жұмыс жасауда. Биологиялық ресурстарды қолдану және қорғау саласында ұлттық заңнама бар. Ол Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау жөнінде», «Жануар әлемін тиімді пайдалану және қайта орнын толтыру, қорғау жөнінде», «Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар жөнінде» Заңдарында негізделген.

Жойылып кету қауі бар түрлер және қорғалатын түрлер

Бұл көрсеткіш жоғалып кету қауіпі бар биоәралуандылықты санының және түрлердің бағалық жағнайын бағалауға мүмкіндік береді , сонымен қатар елдегі ұлттық және дүние жүзілік әралуандылықты сақтап қаліу бойынша қолданылып жатқан шаралардың тиімді екенін куәландырады.

Биоәралуандылық ажырағысыз құндылықты білдіреді және оны сақтап қалу адам өмірі үшін және орнықты даму үшін маңызды рөль атқарады. Көптеген биологиялық ресурстардың қазыргі уақытта видео өзгеріс, зиян шегу және жоғалу қауіпі бар. Көп жылдар бойы МСОП және басқа халық аралық ұйымдар стандартты сандық критерия негізінде ақпаратты жете бағалаудың арқасында түрлер классификациясы арқылы биоәралуандылықтың құлдыраудың қарқынын және деңгейін мониторинг жүргізуде. МСОП ғаламдық жойылып кету қауіпі бар түрлердің «қызыл тізімін» ойлап тапты. 2006 жылы шығарылған басылымда жалпы алғанда 16118 түр кіргізілді. Елдер, ұлттық деңгейде жоғалып кету қауіпі бар, оның ішінде сирек кездесетін түрлер «қызыл кітабын» ойлап тапты, сонымен қатар, осы түрлерді қорғау бойыншс сәйкес шараларды қолдануда. Ғаламдық масштаб бойынша жоғалып кету қауіпі бар кейбір түрлер, ұлттық деңгейде, елдегі жоғалып кету қауіпі бар түрлер ретінде жіктелмеуіне болады. Солай бола тұра, елдер осы түрлерді қорғауды қамтамасыз етуге міндетті, егер сол елдің территориясында жоғалып кету қауіпі төнбеген жағдайда.

Ұлттық саясат жауапкершілігінің деңгейі туралы, табиғат ортасын және биоәралуандылықты қорғау саласында ақпарат куәландырады, онда көрсеткіш жалпы саны және ғаламдық деңгейде және катысып отырған және елде қорғалатан жоғалып кету қауіпі бар түрлер саны туралы деректер бар.

Осы көрсеткіш ғаламдық және ұлттық деңгейде жоғалып кету қауіпі бар түрлердің санын және поуляциясының санын сипаттайды, сонымен қатар елде қорғалады. Өлшем бірлігі ретінде түрлердің саны және ересек особьтардың саны бірлік бойынша қолданылады, сонымен қатар трендтер үшін пайыздық көрсеткіш.

Шекарааралық Жайық өзені

Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарынан өтеді. Өзеннің ұзындығы 2534 км. Қазақстан Республикасы ішінде - 1084 км. Суды жинау көлемі – 220 мың км². Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі.Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды(төменгі ағыс,аралығы 840 км.).Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м..Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады.Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған . Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді.Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады.Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады . Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді.Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км.Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала – Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді,бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті- дала және шөл.Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев , Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400км-ге созылады.Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды.

Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік – теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км ² тең. Өзен атырауы көлемі 600 км².Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінде Оралдан төмен теңізге кұйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа сала жоқ.Жайық өзенінің балық шаруашылығында зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен.Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады.Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орнынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді.Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі.Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ланшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады.Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайындар таралады және шағын тоғайлар құрайды.Жайылмалардағы өсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы үлкен әсер келтіреді. Өзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары беткейінің экологиялық қатарын мына өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Облыстың солтүстігінде өзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар өседі, ал Қызыл – Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан.Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың өнбойы мен ескі арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды.Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай жоғалады.Экологиялық қатардың жоғарғы бөлігін емендер алады. Мұнда тасқын сулардың тұру ұзақтығы үш аптадан аспайды. Еменді ағаштар тек өзеннің солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады.Өзен жайылмасындағы экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып отыратындығы, су қорларының көптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен сақталуына өсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Өзен жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен сілеусіндерді кездестіруге болады. Өзеннің солтүстік бөлігінде қоныс аударған камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бөгеттері кездеседі.Әсіресе, құсқанаттылардың саны мен түрлері ерекше көп.

1. Түрлердің орташа өмір ұзақтығы:

A) 10-30 млн жыл.

B) 10-30 мың жыл.

C) 10-30 жыл.

D) 100-300 млрд жыл.

E) 10-30 млрд жыл.

2. Түрлердің азаюының себептері:

A) Биосфералық апат.

B) Мекен ету орнының бұзылуы, шектен тыс пайдалану.

C) Систематикадағы жаңа критерилердің пайда болуы.

D) Экожүйеге байланысыты.

E) Бір түрдің екінші түрге ауысуы.

3. Түр әртүрлігінің азаюының салдары:

A) Бір түрдің жойылып, жаңа түрдің пайда болуына себеп болады.

B) Бір түрдің жойылып кетуі жаңа ұрпақтардың дамуына әкеледі.

C) Бір түрдің жойылуы популяциядағы осы түрдің көбеюіне әкеп соғады.

D) Бір түрдің.жойылуы 4-5 түрдің өмір сүруіне қауіп тудырады.

E) Бір түрдің жойылуы, оның азықтық қажетілігімен қамтамасыз етуіне әкеледі.

4. Халықаралық дәрежеге ие болған қорықтарды атаңыз:

A) Халықаралық.

B) Ұлтаралық.

C) Биосфералық.

D) Ноосфералық.

E) БҰҰ кіретін мемлекеттер территориясында орналасқан.

5. Қорықтар және демалыс орындарына ие болған территориялар аталады:

A) Қорықтар.

B) Ұлттық парктер.

C) Қорықшалар.

D) Табиғат ескерткіштері.

E) Биосфералық қорықтар.

6. Келесі территорияда қоғаудың қатал режимі қолданады:

A) Қорықтар.

B) Ұлттық парктер.

C) Қорықшалар.

D) Табиғат ескерткіштері.

E) Биосфералық қорықтар.

7. Организмдердің бір бірлестіктерінің белгілі кезектілікпен басқаларымен алмасу процесі аталады:

A) Рекреация.

B) Мелиорация.

C) Сукцессия.

D) Популяция.

E) Дефляция.

8. Жер шарындағы ормандардың жалпы ауданы құрайды (млн.гA):

A) 169.

B) 1746.

C) 6208.

D) 4184.

E) 2005.

9. Биогеоценоздың бір түрі басым болып келетін табиғи-территориялық кешен аталады:

A) Ландшафт.

B) Агробиоценоз.

C) Биоценоз.

D) Зооценоз.

E) Фитоценоз.

10. Өсімдіктерді отырғызу арқылы жерлерді жақсарту бойынша іс-шаралар аталады:

A) Фитомелиорация.

B) Эвтрофикация.

C) Сукцессия.

D) Мелиорация.

E) Орманды мелиорация.

14 Сабақ. Қалдықтарды өңдеу аспектілері.

Жоспар:

1. Базель Конвенциясы

2. Қалдықсыз, және аз қалдық технологиялар.

3. Қазақстандағы әрекететуші және жабылған полигондар.

Сабақтың мақсаты:Трансшекаралық сипаттағы мәселелерді қарастыру

Трансшекаралық экологиялық проблемаларға су бөлу, трансшекаралық су объектiлерiн, атмосфералық ауа мен топырақты ластау, қауiптi технологияларды, заттар мен қалдықтарды өткiзу, пайдалы қазбалардың шектес жатқан кен орындарын игеру, бiрегей табиғи кешендердi сақтау мәселелерi жатады. Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық шарттар шеңберiнде көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi. 2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн белгiлеуге және кейiннен олардың қайталама шикiзат пен өнiм түрiнде республика аумағына олардың қайтадан түсуiн болдырмауға мүмкiндiк бередi. Қазақстан трансшекаралық өзендердi ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бiрыңғай құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендердi қорғау мен пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық Азия өңiрiнiң қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан, трансшекаралық ағын сулар ағыны дұрыс та әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi заттардың құйылуынан ықтимал трансшекаралық әсердiң алдын алу, "ластаушы төлейдi" қағидатын орындау жөнiнде шаралар қолданған жоқ. Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қатерлердiң алдын алу және жою үшiн: 2005 - 2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң шекаралас аудандарын экологиялық бағалау жөнiндегi бiрлескен зерттеулер жүргiзу; Орталық Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки конвенциясына қосылуы жөнiндегi Қазақстанның бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу; бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында 2005 - 2006 жылдар барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық биосфералық аумақтар құру қажет. Қабылданған шаралардың нәтижелерi ықтимал трансшекаралық экологиялық қатерлердi анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетiн болады. Әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондарының әсерi . Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының аумағында төрт әскери сынақ полигоны және "Байқоңыр" кешенi жұмыс iстейдi. Зымырандардың жерге түскен және құлайтын бөлiктерi, аса улы отынның төгiлуi және қоршаған орта мен тiкелей жақын жерде тұратын халыққа қолайсыз әсер ететiн басқа да факторлар нақты экологиялық қауiп төндiредi. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыру бөлiнетiн бөлшектер құлайтын жалпы ауданы 12,24 млн. гектар аудандармен қамтамасыз етiлген. Осы жағдайларда қоршаған ортаның жай-күйiн бағалау ғарыш құралдарын, әскери техниканы және әскери объектiлердi шығару, сынау, сақтау және пайдалану орындарында, сондай-ақ өнеркәсiп ұйымдары орналасқан, зымыран-ғарыш қызметiн жүзеге асыратын әскери бөлiмшелер мен құрылымдар тұрған орындарда техногендiк ықпалдың алдын алу мен оны жою проблемасын шешуде маңызды орын алады. Қазiргi уақытта "Қазақстан Республикасы аумағының зымыран-ғарыш қызметiмен байланысты учаскелерiнiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 қаулысымен бекiтiлген Елдiң минеральдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде әскери-сынақ полигондарының аумақтарын кешендi гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерттеулер басталды. Бiрқатар мiндеттердi шешуде ғарыш құралдарына балама жоқ болғандықтан, зымыран-ғарыш қызметiнiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн азайту, зымыран-ғарыш кешендерiнiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету барған сайын өзектi болуда.

1. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конференциясында қабылданған құжаттарды көрсетіңіз:

A) Барлық орман түрлерінің басқару; сақтау және тұрақты даму бойынша ғаламдық консенсустың қағидалары туралы өтініш.

B) «Біздің болашағымыз» өтініші.

C) Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы.

D) Озон қабатын қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы.

E) «Өсу шектері» бағдарламасы.

2. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конференциясында қабылданған құжаттарды көрсетіңіз:

A) Қоршаған орта мен даму бойынша Рио декларациясы.

B) «Біздің болашағымыз» өтініші.

C) Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы.

D) Озон қабатын қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы.

E) «Өсу шектері» бағдарламасы.

3. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конференциясында қабылданған құжаттарды көрсетіңіз:

A) «Өсу шектері» бағдарламасы.

B) «Біздің болашағымыз» өтініші.

C) Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы.

D) Озон қабатын қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы.

E) XXI ғасырға күн тәртібі

4. Алыс кеңістікте ауаның трансшекаралық ластануы туралы Конвенция қабылданды:

A) 1992 ж.

B) 1979 ж.

C) 2000 ж.

D) 1972 ж.

E) 1986 ж.

5. Қоршаған ортаны қорғаудың әлемдік күні:

A) 5 мамыр.

B) 5 мауысым.

C) 10 қыркүйек.

D) 1 қаңтар.

E) 6 тамыз.

6. Монреаль конференциясы өтті:

A) 1986 ж.

B) 2000 ж.

C) 2002 ж.

D) 1987 ж.

E) 1972 ж.

7. Гринпис ұйымның қалыптасу жылын көрсетіңіз:

A) 2002 ж.

B) 1992 ж.

C) 1986 ж.

D) 1972 ж.

E) 1971 ж.

8. Италия, Англия, АҚШ мен КСРО арасындағы Антарктида туралы келісімге келді:

A) 1980 ж.

B) 1959 ж.

C) 2000 ж.

D) 1983 ж.

E) 1966 ж.

9. Ауыл шаруашылық бойынша БҰҰ мүшесін көрсетіңіз:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) БДСҰ.

E) МАГАТЭ.

10. Озон қабаты бойынша Веналық келісімге қол қойылды:

A) 1995 ж.

B) 2000 ж.

C) 1985 ж.

D) 1970 ж.

E) 1990 ж.

15 сабақ. Атмосфераның ауа райы, ғарыштың, климаттың, озон қабатының шекарааралық қорғауы,

1. Қазақстандағы қазiргi кезеңдегi атмосфералық ауаның ластану мәселесі. Ластайтын заттардың шекарааралық тасымалдаулары.

2. Жердің озон қабатын қорғайтын халықаралық-құқық жолы, оның тарихы.

3. Озон қабатын қорғайтын Вена конвенциясы. 1985 ж.

4. Монреаль хаттамасы 1987 ж . оған енгізілген түзелістер.

Халықаралық келісімдер

Үлкен қашықтықтарда ауаны трансшекаралық ластау туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы ластайтын заттардың шығарындыларын алдын-алу, бақылау, қысқарту бойынша іс-шаралар қабылдауды және олар туралы ақпаратпен алмасуды талап етеді. Конвенцияда және оған қатысты сегіз хаттамасында ластайтын заттардың шығарындыларын қысқартудың мақсатты көрсеткіштері анықталған, ластау көздері үшін жол берілетін шығарындылардың қатаң нормативтері белгіленді, ластанудың деңгейін қысқарту бойынша нақты іс-шаралар ұсынылды және ластайтын заттардың шығарындылары туралы деректерді ұсынуға қатысты нормалар әзірленді.

Тотығумен, эвтрофикациямен және жерге жақын озонмен күресу туралы Гётеборг хаттамасында SOх, NOх, NH3 және НМЛОС шығарындыларын қысқарту бойынша мақсатты көрсеткіштер анықталды.

Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі, шешімдерді қабылдау үдерісінде қоғамның қатысуы және әділеттілікке қол жеткізу мүмкіндігі туралы Конвенцияға қатысты Шығарындылар тіркелімдерін және ластауыштарды тасымалдау (ШТЛТ) туралы хаттамасы атмосфераға шығарындыларды шығару туралы деректерді жинау мен ұсынуды талап етеді.

Тұрақты органикалық ластауыштар туралы Стокгольмдік конвенцияда тиісті шекті мәндер және жаһандық деңгейде есептілікті ұсыну талаптары анықталды.

2003 жылы «Европаның қоршаған ортасы» Министрлердің Киевтегі конференциясымен бекітілген ШЕКОА елдерінің экологиялық стратегиясы атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларын қысқартуға септігін тигізетін заңнамалық, нормативтік, экономикалық, қаржылық, техникалық және т.б. іс-шараларды енгізуді ескереді.

Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсыныстар

Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларының жалпы көлемі стационарлы және жылжымалы ластау көздерінен төгінділердің сомасы ретінде анықталады.

Шығарындылардың стационарлы көздері үшін күкірт диоксиді (SO2), азот оксиді NOx (диоксид азотына қайта есптегенде), аммиак (NH3), қатты бөлшектер (ҚБ10, ҚБ2,5 және қатты бөлшектердің (ҚБ) сомасы), көміртегі оксиді (СО), буға айналатын метанды емес органикалық қосылыстар (БМОҚ), тұрақты органикалық қосылыстар (ТОҚ, полихлорбифенилдерді қоса (ПХБ), диоксиндер/фурандар және полициклді хош иісті көмірсутектер (ПХК)) және ауыр металдар (ең алдымен кадмий (Сd), қорғасын (Pb), және сынап (Hg)), сондай-ақ спецификалық ластайтын заттар (хлор, фенол, бензол және оның қосылыстары) шығарындылары бойынша деректерді қадағалауды ұсынылады.

Жылжымалы көздер үшін көміртегі оксиді (СО), азот оксидтері NОx (диоксид азотына қайта есптегенде), көмірсутектер (СН), күйе, күкірт диоксиді (SO2), қорғасын қосылыстары, тұтастай транспорт құралдарының түрлері (автомобильік, теміржолдық, әуе, су, жол-құрылысы транспорты) бойынша формальдегид және бензапирен шығарындыларын қадағалау қажет.

Осы көрсеткішті тоннамен өлшеуге ұсынылады (үтірден кейін үш ондық санмен).

Көрсеткішті тұтастай және «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» (ЭҚЖЖ) сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша қадағалау қажет.

Мемлекет аралық салыстырулар үшін көрсеткішті мемлекет территориясының км2, жан басына және жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) бірлігіне шығарындылардың саны ретінде қалыптастырған жөн. ЖІӨ тұрақты бағаларда ұлттық валютада және АҚШ долларында, сондай-ақ АҚШ долларындағы сатып алу қабілеттілігінің паритетінде көрсетіледі. Осы көрсеткіш өндірілетін өнімнің бірлігіне (тонна, кВт-сағ және т.б.) шығарындылардың килограммында (кг) көрсетілуі мүмкін.

Осы көрсеткішке одан әрі толық талдау жүзеге асыру мүмкіндігі үшін ауланған және залалсыздандырылған, соның ішінде кәдеге жартылған ластайтын заттардың көлемі туралы деректерді қадағалау қажет. Бұдан басқа, шығарындылардың ағымдық көлемін белгіленген жол берілетін шекті мәндермен салыстыруды жүргізген жөн.

Қазіргі кезде стационарлы көздерден атмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары көрсеткішін қалыптастыру үшін ҚР Статистика агенттігі жүргізетін атмосфераға ластайтын заттардың жалпы шығарындыларының мөлшеріне және ластау көздерінің тазарту қондырғыларымен жабдықталғаны мен жабдықталмағанына тәуелсіз ауаны ластаудың стационарлы көздері бар барлық заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері жартыжылдық кезеңділікпен қамтылатын 2-тп (ауа) нысаны бойынша статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.

Көрсеткішті қалыптастыруға кәсіпорында ұйымдастырылған алғашқы есепке алу, ластаудың стационарлы көздері мен олардың сипаттамаларын есепке алу журналдары, газдан тазарту және шаң ұстайтын қондырғылардың жұмысын есепке алу журналдары, сондай-ақ кәсіпорынның экологиялық паспортының деректері негіз болады.

Өнімді өндіру үдерісінде шикізат немесе жартылай фабрикат түрінде пайдаланылатын газдармен бөлінетін заттардың саны туралы деректер, егер бұл осы технологияның жобасымен басынан бастап қарастырылған болса атмосфераға ластайтын заттар шығарындыларының жалпы көлеміне жатқызылмауға тиіс. Атап айтқанда, техникалық көміртегі зуыттарындағы күйені өндіруде реакторлардан бөлінетін газдарды тазарту, фосфорлық зауыттарда сары фосфорды өндіруде кендік-термиялық пештерден бөлінетін газдарды тазарту, химиялық зауыттарда күкірт қышқылын өндіруде «қайнайтын қабат» пештерінен бөлінетін газдарды тазарту барысында қалыптасатын және кәдеге жаратылатын заттар есепке алынбайды. Технологиялық отын ретінде пайдаланылатын домналық газдардың құрамында болатын көміртегі тотығы қара металлургия кәсіпорындарында есепке алынбайды. «Қос адсорбция» және қос байланысу қондырғылары мен жүйелерімен ауланған, түсті және қара металлургия, химия, мұнайхимия және басқа салалар зауыттарынан бөлінетін газдардан өнімді алу үшін қызмет ететін заттар есепке алынбайды. Заттардың қалыптасуы мен шығарылуы келтірілген жағдайлардың атмосфераға жартылай аулау және технологиялық жабдықтардың герметикалық еместігі салдарынан газдардың жайылып кетуі нәтижесінде шығарылатын ластайтын заттар ғана есепке алынуға тиіс.

Атмосфералық ауаға жылжымалы көздерден ластайтын заттардың шығарындыларын есептеу транспорт түрлері, олардың жасы, жүріп өткен қашықтығы, пайдаланылатын отынның саны мен сапасы бойынша көлік құралдарының санына байланысты іске асыруға ұсынылады. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі есептеулер үшін методологиялық негіз ретінде Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі №100-п. Бұйрығымен бекітілген «Автокөлік кәсіпорындарынан ластайтын заттардың шығарындыларын есептеу әдістемесі» және «Темір жол көлігі кәсіпорындарында атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларын есептеу әдістемесі» әзірленді.

Тікелей өлшеулер мен технологиялық есептеулер деректері жоқ салалар бойынша «Атмосфералық шығарындыларды түгендеу бойынша басшылығына» ЕМЕП/CORINAIR сәйкес қызмет түрлері бойынша статистикалық деректерді пайдаланудағы үлгілеуді (моделдеуді) қолданған жөн.

Парниктік газдардың шығарындылары

Осы көрсеткіш қоршаған ортаға парниктік газдар шығарындыларының бар және күтілетін әсерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар мақсатты көрсеткіштермен салыстырғандағы парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға бағытталған жүргізілетін ұлттық саясаттың тиімділігін, сондай-ақ нақты мақсаттарға жету жолындағы елдің қозғалу дәрежесін айғақтайды.

Мәселенің түп мағынасы парниктік газдардың буға айналатын концентрацияларының, сондай-ақ экожүйелер, елді мекендр, ауыл шаруашылығы және басқа да әлеуметтіік-экономикалық қызмет түрлері үшін осы өзгерістің потенциалды қолайсыз салдарының Жердің жаһандық температурасына және ауа-райына негативті әсері болып табылады. Бұл СО2 және басқа парниктік газдар шығарындыларының көлемі, экономикалық өсудің СО2 шығарындылар санына тәуелділігін төмендету бойынша қол жеткізген белгілі бір үдеріске қарамастан көптеген елдерде бұрынғысынша ұлғаюда. Негізгі мәселелерге СО2 және басқа да парниктік газдардың шығарындыларын шектеу, атмосферада олардың концентрацияларын ауа-райы жүйесіне негативті әсер етпейтін деңгейде тұрақтандыру жатады. Олардың шешімі халықаралық келісімдерге қол қою немесе сәйкес ұлттық стратегияларды іске асыру, қосымша мәселелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ экономикалық өсудің парниктік газдар мәселелеріне тәуелділігін одан әрі төмендетуге бағытталған күштерді біріктіру жолымен парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу жағдайында мүмкін болады. Келешектегі парниктік газдардың шығарындылар көлемі едәуір дәрежеде экономиканың даму тенденциясына, сондай-ақ технологияларды және әлеуметтік қайта құруларды қолдануға байланысты болады. Республикада қабылданатын шығарындылардың негізгі көздері болып табылатын экономиканың басым секторларына ерекше назар аударылатын дамудың мемлекеттік бағдарламалары парниктік газдардың шығарындыларын қысқартудың жорамалданатын тенденциялар мен стратегияларды жүзеге асырудың салдарын талдау үшін материалды білдіреді.

БҰҰ АӨНК Киот хаттаммасының А қосымшасына енгізілген парниктік газдардың тізіміне: көміртегінің қос тотығы (СО2), метан (СН4), азот закисі (N2O), гидрофторкөміртегілер (ГФУ), перфторкөміртегілер (ПФУ), алтыфторлы күкірт (SF6) кіреді.

Көрсеткіш СО2-эквивалентінің миллион тоннасында өлшенеді. Мемлекетаралық салыстырулар мақсатында көрсеткішті сондай-ақ ел территориясының км2 мың тоннамен қалыптастыруға ұсынылады.

Халықаралық келісімдер

БҰҰ АӨНК Жақтарды шығарындыларды қысқартуға, сәйкес ақпаратты жинауды қамтамасыз етуге және ауа-райының өзгеруін, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және жаңа технологияларды әзірлеу саласында қарым-қатынасты реттеу бойынша стратегияларды әзірлеуге міндеттейді. БҰҰ АӨНК барлық Жақтарды парниктік газдардың инвентаризациясын үнемі жүргізуге, ал индустриалды дамыған елдерді – Жақтардың «ұлттық мәлімдемелер» Конвенцияларын үнемі ұсынуға міндеттейді.

Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсынымдар

Парниктік газдардың жалпы көлемін тұтастай экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде қалыптастырған жөн. Бұдан басқа, осы көрсеткішті жарияланымдарда халықтың жан басына және тұрақты бағаларда ұлттық валютада және АҚШ долларында, сондай-ақ сатып алудың қабілеттілік паритетінде (СҚП) АҚШ долларында көрсетілетін ЖІӨ бірлігіне есептеп көрсету қажет.

Парниктік газдардың әрбіреуі атмосферада болу уақытына және жылуды жұту қабілеттілігіне байланысты жаһандық жылудың үдерісіне өз ықпалын тигізеді. Үш парниктік газдың үлесіне, яғни СО2, СН4, N2O ауа-райының өзгеруіне себеп болатын экологиялық салмақтың 98% жуығы сәйкес келеді. Жиынтық эмиссияларды есептеу және ауа-райының өзгеру проблематикасын суреттейтін жалпы графикті қалыптастыру үшін әртүрлі парниктік газдардың шығарындылары туралы деректер жаһандық жылудың потенциалында (ЖЖП) негізделген СО2-эквивалентінде көрсетіледі. ЖЖП бұл белгілі бір уақыт кезеңінде (ереже ретінде 100 жыл) парниктік газдардың Жердің бетінен шығып жаһандық жылуға септігін тигізетін инфрақызыл сәулелерді (жылу радиациясын) жұту қабілеттілігін суреттейтін көрсеткіш. Мысалы, метанның (СН4) ЖЖП мәні 21 құрайды, азот закисінің (N2O) мәні 310 құрайды. Бұл 1 кг метанның жаһандық жылу үдерісіне 1 кг көміртегі диоксидінен 21 есе, ал 1 кг N2O 1 кг СО2 310 есе күшті әсер ететінін білдіреді.

Парниктік газдардың эмисияларын есептеу атмосферада парниктік газардың концентрацияларының өзгеруіне әкеліп соғатын қызмет түрлері бойынша мемлекеттік органдардың статистикалық деректеріне негіздеген жөн (парниктік газдардың көздері мен жұтылуын ескере отырып). Мысалы, отынды өртеу көздерінен парниктік газдардың эмиссиялары туралы жыл сайынғы деректер бір жыл ішінде пайдаланылған отынның көлемі туралы мәліметтер негізінде есептелуі мүмкін. Ауыл шаруашылығындағы метанның эмиссиялары туралы жыл сайынғы деректер ішек ферментациясымен байланысты әртүрлі жануарлар түрлерінің саны туралы деректер негізінде есептелуі мүмкін. Эмиссияның аудару коэффициенттері шығарындылардың көлемін антропогендік қызмет туралы статистикалық деректермен байланыстырады. Парниктік газдардың шығарындыларының оңайлатылған есептеу әдісін келесідей көрсетуге болады:

Парниктік

газдардың

шығарындылары

=

Антропогендік қызмет туралы деректер

*

Эмиссия коэффициенті

(2)

Есептеу үшін БҰҰ АӨНК шеңберінде әзірленген эмиссиялардың халықаралық деңгейде қабылданған коэффициенттермен қатар, эмиссияның ұлттық коэффициенттерін қолдану ұсынылады. Парниктік газдар көлемдерінің мәндерін жыл сайын бағалау ұсынылады, жорамал бойынша 2010 жылға қарай шығарындылардың болжанатын мәндеріне қол жеткізу үдерісі «желілі» түрде, яғни базалық жылдан бастап шығарындылардың азаю және тұрақтану үдерісі біркелкі іске асырылатын болады. Нақты жыл үшін болжанатын желілі мәндер мен нақты мәндердің арасындағы айырмашылық «+» (прогресс) және/немесе «-» (артта қалуды) білдіруі мүмкін.

Халықаралық стандарт ретінде осы көрсеткішті қалыптастыру барысында парниктік газдардың шығарындыларының есептілігін сандық анықтауды, ұсынуды және тексеруді ұсыну үшін ISO 14064 стандартын пайдалану ұсынылады. Халықаралық деңгейде танылған және экономиканың әртүрлі секторларында парниктік газдардың шығарындыларының қысқамерзімдік және ұзақмерзімдік сценарийлерді есептеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көптеген модельдер бар. Ауа-райының өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобы (АӨҮСТ) сценарийлердің үш түрін жариялады: «қандай да бір іс-шаралары жоқ сценарийлер», «шараларды қолдану шарты бар сценарийлер» және «қосымша шараларды қолдану шарты бар сценарийлер». Шығарындылардың өзгеру сценарийлерін ұлттық деңгейде әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламалары негізінде әзірлеген жөн, олардың ішінде парниктік газдардың негізгі көздері болып табылатын экономиканың басым секторларына ерекше назар аудару қажет.

Қазіргі кезде Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларының инвентаризациясы кәсіпорындар деңгейінде жүргізіледі. Парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Қоршаған орта министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №251-ө бұйрығымен бекітілген. Кәсіпорындар үшін парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесінің негізіне БҰҰ АӨНК 1 қосымшасындағы елдердің секретриатқа ұсынатын парниктік газдардың шығарындылары және төгінділері туралы есептіліктер ұсынымдарына және қағидаларына сәйкес келуге міндетті барлық елдер үшін қабылданған әдіснама болып табылатын 1996 және 2006 жж. АӨҮСТ парниктік газдардың ұлттық инвентаризацияның басшылық қағидаттары енгізілген. Әдістемені жыл сайынғы инвентаризацияларды жүргізу барысында парниктік газдардың шығарындыларын есептеу үшін, сондай-ақ атмосфераға парниктік газдардың шығарындыларына квотаны алу өтініштерін қалыптастыру үшін пайдалануға ұсынылады.

Кәсіпорындардың парниктік газдардың инвентаризация паспорттары, оларды тіркеуді жүзеге асыратын және сәйкес тіркеу номерін беретін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ұсынылады. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі паспортты тексеруге құқығы бар. Тіркеу номерінің негізінде Кәсіпорынның парниктік газдар инвентаризация паспортының деректері Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі анықтайтын ведомстволық бағыныстағы ұйымы үргізетін парниктік газдардың мемлекеттік кадастрына енгізіледі.

1. Қазақстан Республикасы 1997 ж.15 шілдеде келесі шешім қабылдады:

A) ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы.

B) ҚР «Білім туралы» заңы.

C) ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы.

D) Экологиялық білім беру концепциясы.

E) Орта-кәсіби және жалпы білім беру мектептеріндегі «Экология» пәні бойынша бағдарлама

2. БҰҰ табиғатты қорғау әрекетінің координаторын көрсетіндер:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) ДДҰ.

E) МАГАТЭ.

3. «Рим клубын» жаратудың инициаторын атаңыз:

A) Дж. Форрестер.

B) Д. Медоуз.

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

4. «Рим клубының» бірінші «Өсу шектері» баяндамасының авторын атаңыз:

A) Б. Миллер.

B) Д. Медоуз.

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

5. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Халыкаралық Комиссияның төрағасын атаңыз:

A) Дж. Форрестер.

B) Х. Брунтланд

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

6. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конвенциясының өту уақыты мен орнын көрсетіңіз:

A) Йоханнесбург, 2002 ж.

B) Рио-де-Жанейро, 1992 ж.

C) Вашингтон, 1973 ж.

D) Стокгольм, 1972 ж.

E) Севилья, 1995 ж.

7.Қоршаған ортаны қорғау облысында халыкаралық ынтымақтастықтың негізгі қағидалары жасалған:

A) Рио-де-Жанейрода, 1992 ж.

B) Минскте, 1983 ж.

C) Йоханнесбургте, 2002 ж.

D) Стокгольмде, 1972 ж.

E) Севильяда, 1995 ж.

8. Қоршаған орта бойынша декларация қабылданған Декларация по окружающей среде была принята:

A) Рио-де-Жанейрода, 1992 ж.

B) Минскте, 1983 ж.

C) Йоханнесбургте, 2002 ж.

D) Стокгольмде, 1972 ж.

E) Севильяда, 1995 ж.

9. Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттікті көрсетіңіз:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) БДСҰ.

E) МАГАТЭ.

10. Озон қабаты бойынша Веналық келісімге қол қойылды:

A) 1995 ж.

B) 2000 ж.

C) 1985 ж.

D) 1970 ж.

E) 1990 ж.

16 сабақ. Флорамен , фаунаны қорғайтын шекарааралық мәселелерi.

Жоспар;

1. Қазақстандағы биологиялық әр түрлiлiктiң сақтауы. ҚР Қызыл кітабі.

2. «ЮНЕСКО-ның» «Адам және биосфера» бағдарламасы бойынша жасалған бүкiләлемдiк жұйе.

3. Биосфера резерваттарының 1992 жылдың биологиялық әр түрлiлiгi туралы конвенциясы. 2000 ж. қауiпсiздік туралы Картахен хаттамасы. Құстарды қорғауы туралы халықаралық конвенция 1950 ж.

1971 ж. су құстары, су - батпақ қоныстағы құстар туралы халықаралық маңызы бар, конвенция.

«Адам және Биосфера» атты ЮНЕСКО бағдарламасы (“Man and Biosphere”, MAB) жергілікті және ғаламдық деңгейде адамдар мен қоршаған орта арасындағы қатынастардыжақсарту үшін ғылыми негізді белгілеуге бағытталған ЮНЕСКО-ның үкіметаралық ғылыми бағдарламасы болып табылады. Экожүйелік және биологиялық әртүрлілікті, сондай-ақ адам мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынастарын сақтау мәселелерін зерттеуге бағытталған тәртіпаралық зерттеулер жүйесін құрайды. Бағдарлама қызметінің негізгі бағыттарының бірі биосфералық резерваттардың ғаламдық желісін дамыту болып табылады. «МАБ» атауы «Адам және Биосфера» бағдарламасының ағылшын атауы орыс фонетикалық аббревиатурасын құрайды (“Man and Biosphere”, MAB). МАБ бағдарламасы ресми түрде 1970 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының XVI сессиясында қабылданды. Бағдарламаның басқарушы органы Халықаралық үйлестіру кеңесі (ХҮК, ағылш. - International Coordination Council, ICC), құрамына ЮНЕСКО Бас конференциясының сессияларында әрдайым қайта сайланып тұратын 30 мемлекет кіреді. ХҮК сессиялары арасындағы кезеңде, МАБ бағдарламасының жедел басқаруын ХҮК Бюросы мен Хатшылығы жүзеге асырады, сондай-ақ олар әр елдегі МАБ Ұлттық комитеттерінің қызметін үйлестіреді.Қазақстандағы МАБ Ұлттық комитеті 1978 ж. 30 шілдесінде ҚазССР Ғылым Академиясының Төралқа Қаулысымен 1978 ж. құрылды. Қоршаған ортаның жағдайын және оны қорғауды зерттеп білу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру мақсатымен «Табиғатты қорғау және оның қорларын тиімді пайдалану» мәселесі жөніндегі Ғылыми кеңес болды. Қазақстандағы МАБ комитетінің бірінші төрағасы академик А.Н.Илялетдинов. 2000 ж. 7 тамызында ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссия құрылғаннан кейін Қазақстандық МАБ комитеті осы комиссияның құрылымдық бірліктерінің бірі болды.Қазіргі уақытта қазақстандық МАБ ұлттық комитеті «ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссия жанынан «Адам және Биосфера» (МАБ) ЮНЕСКО бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитет туралы Ереже» негізінде өз қызметін атқарады. Комитет қызметінің ортақ мақсаты - Қазақстан Республикасында биосфералық резерваттардың ұлттық желілерін дамыту, оларды биосфералық резерваттардың ғаламдық және аумақтық желілеріне ықпалдастыру, ерекше қорғаудағы табиғи аймақтарды дамытудың халықаралық тәжірибесін талдау және жалпылау, сондай-ақ биологиялық және экожүйелік әртүрлілікті, адам мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасын сақтау мәселелерін зерттеп білу және «Адам және Биосфера» ЮНЕСКО бағдарламасы аясында экологиялық білімдерді тарату.МАБ комитетінің жаңартылған құрамы б.ғ.д. Р.В. Ященконың төрағалығымен 2001 ж. 24 мамырынан бастап өз жұмысына кірісті. Комитеттің қазіргі құрамына дала географиясы мен биология саласындағы 17 жетекші мамандар кіреді. 2011 ж. қыркүйектің басында «Қорғалжын биосфералық резерваты» алғашқы қазақстандық биосфералық резерват номинациясына мәлімдеме өңделіп, Париж қ. МАБ бағдарламасының Хатшылығына бекітілуге жіберілді.

Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді.Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлердің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды.Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.Биоәртүрлілікті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-ін құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10%-ті құрайтын әлемдік стандарттардан төмен.Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-ін құрайды.Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында биоәртүрлілік объектілерінің жай-күйін бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін ұлғайту және қазіргі табиғи және антропогендік процестерді ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтіру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет.Республика аумағының небәрі 4,2%-ін алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі олардың орасан рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін 2006 жылға дейін мемлекеттік биосфералық резерваттардың желісін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу қажет.Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді әкелу Қазақстан үшін елеулі сыртқы қатер болып отыр. Бүкіл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдердің кең таралу қауіптілігін ескере отырып, Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияның Биоқауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық өткізуімен байланысты қызметті жүзеге асырудағы жауапкершіліктерін арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ісінде өзара көмекті, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерін іске асыру қоршаған орта объектілерін сақтауды, оны белгілі бір тұрақтылық деңгейінде ұстап тұруды, өзін-өзі реттеу қабілеті мен жанды және жансыз табиғат түрлерінің, оның ішінде жойылу қаупі төнген тіpі организмдер геноқорының көптүрлілігін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi. Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды. Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi. Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн құрайды, бұл биологиялық әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн құрайды. Қазақстанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске асыру қажет. Республика аумағының небәрi 4,2%-iн алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнiн, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктiң табиғи резерваттары ретiндегi олардың орасан рөлiн ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiне көшiру жөнiндегi шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшiн 2006 жылға дейiн мемлекеттiк биосфералық резерваттардың желiсiн қалыптастыру бағдарламасын әзiрлеу қажет. Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi әкелу Қазақстан үшiн елеулi сыртқы қатер болып отыр. Бүкiл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердiң кең таралу қауiптiлiгiн ескере отырып, Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияның Биоқауiпсiздiк жөнiндегi Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердiң бiздiң елiмiздiң аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi трансшекаралық өткiзуiмен байланысты қызметтi жүзеге асырудағы жауапкершiлiктерiн арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзiрлемелер iсiнде өзара көмектi, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерiн iске асыру қоршаған орта объектiлерiн сақтауды, оны белгiлi бiр тұрақтылық деңгейiнде ұстап тұруды, өзiн-өзi реттеу қабiлетi мен жанды және жансыз табиғат түрлерiнiң, оның iшiнде жойылу қаупi төнген тipi организмдер геноқорының көптүрлiлiгiн сақтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

1. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конференциясында қабылданған құжаттарды көрсетіңіз:

A) Барлық орман түрлерінің басқару; сақтау және тұрақты даму бойынша ғаламдық консенсустың қағидалары туралы өтініш.

B) «Біздің болашағымыз» өтініші.

C) Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы.

D) Озон қабатын қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы.

E) «Өсу шектері» бағдарламасы.

2. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конференциясында қабылданған құжаттарды көрсетіңіз:

A) Қоршаған орта мен даму бойынша Рио декларациясы.

B) «Біздің болашағымыз» өтініші.

C) Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы.

D) Озон қабатын қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы.

E) «Өсу шектері» бағдарламасы.

3. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конференциясында қабылданған құжаттарды көрсетіңіз:

A) «Өсу шектері» бағдарламасы.

B) «Біздің болашағымыз» өтініші.

C) Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы.

D) Озон қабатын қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы.

E) XXI ғасырға күн тәртібі

4. Алыс кеңістікте ауаның трансшекаралық ластануы туралы Конвенция қабылданды:

A) 1992 ж.

B) 1979 ж.

C) 2000 ж.

D) 1972 ж.

E) 1986 ж.

5. Қоршаған ортаны қорғаудың әлемдік күні:

A) 5 мамыр.

B) 5 мауысым.

C) 10 қыркүйек.

D) 1 қаңтар.

E) 6 тамыз.

6. Монреаль конференциясы өтті:

A) 1986 ж.

B) 2000 ж.

C) 2002 ж.

D) 1987 ж.

E) 1972 ж.

7. Гринпис ұйымның қалыптасу жылын көрсетіңіз:

A) 2002 ж.

B) 1992 ж.

C) 1986 ж.

D) 1972 ж.

E) 1971 ж.

8. Италия, Англия, АҚШ мен КСРО арасындағы Антарктида туралы келісімге келді:

A) 1980 ж.

B) 1959 ж.

C) 2000 ж.

D) 1983 ж.

E) 1966 ж.

9. Ауыл шаруашылық бойынша БҰҰ мүшесін көрсетіңіз:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) БДСҰ.

E) МАГАТЭ.

10. Қызыл кітапқа тіркелген организмдердің ерешеліктерін атаңыз:

A) Анықталмаған, сирек, жойылып кеткен, жойылып бара жатқан.

B) Саны азайып бара жатқан, сирек, жойылып кеткен, селекциондық.

C) Сирек, жойылып бара жатқан, жойылып кеткен, қалпына келу.

D) Анықталмаған, сирек, жойылып бара жатқан, саны азайып бара жатқан.

E) Қысқартылған, сирек, эндемдік түр.

17 сабақ.Қазақстан республикасының шекарааралық мәселелерi.

Жоспар

1. Қазақстан, Ресей, Қытай: шекарааралық өзендердiң экологиялық мәселелерi.

2. Арал мәселесiнің жергілікті тұрғындардын генофондына, өсiмдiк және жануарға ықпалы. Олардың зардаптарын төмендету бойынша халықаралық шаралар.

3. Қазақстанмен Қытайдың арасындағы шекарааралық өзендердiң реттеуiндегi Шостің рөлі.

Қазақстан республикасының экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көпшiлiгiнде елдiң су қорларымен қамтамасыздығына тәуелдi болады. Қазақстанның жер бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100, 5 км3 құрайды, оның 56,5 км3 республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44, 0 км3 су көршілес мемлекеттерден түседi: Қытайдан - 18, 9 Өзбекстаннан - 14, 6 Қырғызстаннан-3, 0 Ресейден-7, 5 км3. Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдердi арасында соңғы орынды алады. Меншiктi сумен қамтамасыздандыру 1 км2жерге 37 мың м3 және бiр кiсiге 6,0 мың м3-ке тең. Республиканың әр түрлi аймақтарында климаттық ерекшелiктерiне қарай, су қорының 90% көктемдегi мерзiмде өтеді. Сонымен қатар, жер беті сулары аумақ бойынша бір келкі орналаспаған, жылдар бойында және жылдың ішінде өзгеріп отырады, осыған байланысты әр түрлi облыстарда және экономика салаларында сумен қамту әртүрлі. Сумен жақсы қамтамасыз етілген Шығыс - Қазақстан облысы 1 км2 жерге - 290 мың м3. Сонымен бiрге судағы дефицит Атырау, Қызылорда облысында болса, Манғыстау облысында iс жүзiнде тұщы су жоқтың қасы. Өзеннiң су қорларын экономика салалардың мұқтаждықтары үшiн толық қолдану мүмкiн емес, өйткенi: • Сырдария, Орал, Тобыл, Іле, Ертiс, Есiл, Торғай, Шу өзендерi бойынша экологиялық, балық шаруашылығы және санитарлық талаптарды қанағаттандыру үшiн жылына берілетін судың жиынтық көлемi, 29, 0 км3 құрайды; Ертiс бойынша қажетті су мөлшері көлiк-энергетиялық шығындар мен бiрге Ресейдiң үлесін қосқанда 13, 1 км3 құрайды; • өзендердiң су қоймасы және алаптарындағы булану және фильтрлеуге кететін шығындары 13, 5 км3 бағаланады; • сонымен бiрге Орталық Қазақстанның жазық өзендерiнiң көктемдегi су қоры, оның толық реттеуiн мүмкiн еместiктен жол жөнекей жоғалатыны шамамен 4, 5 км3 құрайды. Сайып келгенде, жылына жоғарыда көрсетілген қажетті су шығыны 57, 9 км3болса, республиканың экономикасында қолдануға болуы мүмкiн су қорлары орташа сулылықта жылына 43 км3 аспайды. Өзеннiң орташа су аз (75% қамтамасыздықтар және су аз болғандағы (95% қамтамасыздық) жылдардағы өзендердің жалпы суы 76 және 58 км3-ке дейiн төмендейді, осыған сәйкес 32-33 км3 қолдануға мүмкiн су қоры 25-26 км3ке дейiн төмендейдi. Сондықтан, жылдардағы сулылыққа қарай республика бойынша қолданыстағы су қорлары, 25 км3 - тан 43 км3 –қа дейінгі аралыққа ауытқиды Iс жүзiнде елміздің барлық аумақтарында су қорларының жетіспеушілігінен және интенсивтi өнеркәсiптiң өсуінен су шарушылығында оның ластануы орын алады. Қалпына келтiруге табиғи ортаның қабiлеттiлiгiнің жетіспеушілігі және жасанды жүктеменiң аралығындағы алшақтық, еліміздегі барлық негiзгi өзен алаптарының экологиялық жағдайын төмендетуге әкеп соқты. Қазақстанның экономика салаларының қазiргi деңгейiндегi су тұтыну 35, 3-тен 19, 5 км3ке дейін ауытқиды. Судың пайдалынатын көлемдерiнiң ауытқуы жылдың сулылығына, сонымен қатар экономика салаларындағы ұйымдастыру - құрылымдық өзгерістерге байланысты. Суармалы егiн шаруашылығының қарқынды және тиімсіз дамуы, сонымен бiрге су ресурстарының аридті ауа райына қарамай реттелуі кіші және iрi өзендердiң бассейнінде су дефицитін тудырды. 1990 жылдан бастап алынатын су көлемдерiнiң азаю тенденциясы байқалады, соған сәйкес, табиғи су көздерінен ауыл шаруашылығына, өнеркәсiпке, шаруашылық-ауызсуға пайдалынатын су тұтыну мөлшері де төмендеуде. Бұл ССРО ыдырауымен және жоспарлы шаруашылықтың нарықтық әдiстерге өтуіне байланысты шарттар. 2000 жылдардағы табиғи су көздерінен алынған судың көлемi 1990 жылдардағы су тұтынумен салыстырғанда 918 м3 азайды және 20, 057 км3 құрады. Су тұтыну көлемінiң төмендетуi ауыл шаруашылығында суармалы аудандардың қысқартумен байланысты. Қазіргі кезде (жүйелi және жайылма) суландыруға 15 км3 жуық көлемде су қолданылады. Соның өзінде суармалы егiн шаруашылығы дамыған Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарындағы су тапшылығы сақталынады, соның iшiнде өте ылғал тартқыш - күрiштiң өндiрiсi. Экономика салаларының 85% (27, 5 км3) жер беті суымен қамтамасыз етлсе, қалған бөлiгі жер астындағы, теңiздегi және сарқынды сулармен iске асады. Ауылшаруашылық саласы – бұл су қорларының негізгі су көлемін (ауыл шаруашылығының мұқтаждығында 70-90% барлық тұтынылатын суға дейiн қолданылады) пайдаланатын сектор. Бұл жерде су тұтынудың дара салмақтары суармалы егiн шаруашылығына, одан кейін малдың жем-шөбін даярлау үшін жайылымды суландыру, сонымен бiрге жайылма суландыруға және ауыл тұрғындары мен малды сумен қамтуға жұмсалады. Жүйелi суландыру жер беті суларымен, негiзiнде оңтүстiкте және республиканың оңтүстiк-шығысында – Сырдария, Іле, Шу, Талас, Ертiс және басқа өзендер бассейнінде өте жақсы дамыған. Жайылма суландыру негiзiнен, солтүстiк және батыс Қазақстанда көктемгі суды пайдалану арқылы жүзеге асырылады, ол Есiл, Торғай, Тобыл, Жайық, тағы басқа өзендер. Елде су қорларының жетіспеушілігі, жалпы еліміздегі қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты, республикада су тұтынуды қысқартуға алып келедi. 2000 жылдары ауыл шаруашылығына алынатын су 15 м3 қысқарды (1992 жылы 26 м3 болған), жүйелi суландыру ауданы екi есе азайды. Аагротехниканың әлсiз енгiзілуi, ирригация және су жiберушi жүйелердiң қанағаттанарлықсыз техникалық күйi, су сақтайтын технологиялардың жабдықтарының тозуы, жоқтығы судың сапасының нашарлауына, суармалы аумақтардың тұздалуына, шөлдену процесстерiнiң шапшаң дамытуына әкеп соғуда. Су тұтынудың көлемдерiнiң төмендеуi өнеркәсiп салалары үшiн де тән жағдай және 2000 жылдағы суды тұтыну 2, 2 км3ке дейiн қысқарған (1992 жылда – 4,8 км3). Судың көп мөлшері теплоэнергетика, түстi металлургия, мұнай өндiрiстерi кәсiпорындары пайдаланады.

Кейбiр iрi өзендер бассейнінің жеке проблемалары және олардың су қорларының қолдануы.

Сырдария өзенi бассейіні күрделi жағдайлармен ерекшеленедi, әсiресе оның төменгi жағында. Өзеннің төменге ағысына түсетін табиғи су қорының қысқаруы және оның жоғарғы деңгейде ластануы, табиғи ортаның сапасының және Арал маңайындағы тұрғындардың өмiр жағдайларының төмендетуiне әкеп соқты. Арал теңiзi үшiн де, төменгi жағының табиғи кешенi де өзеннiң дельтасы реттейтiн мәнін жоғалтты. Шөлдену процессі 2 миллион гектар аумақты қамтыды. Коллекторлы - дренажды және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын Сырдарияға тастау оның химиялық және бактериялық ластануына және тұрғындардың денсаулығына үлкен әсер етті. Өлкедегi су мәселесi шешiмiнiң күрделiлiгi сол, жалпы бассейін бойынша жер беті су қорының толық игерілгендігінде. Бұл дефицитті жоюдың бірден-бір жолы, қазiргi деңгейде шаруашылық құрылымдарда су сақтайтын және үнемдейтін шараларды енгізу, суды көп шығындататын және пайдалануы мүмкiн шараларды қысқарту. Ол үшiн негiзiнен.экономика, бастысы егiн шаруашылығында принципті өзгеріс енгізу және мемлекетаралық кооперацияны күшейту керек болады. Орал өзенiні бассейні өте суы тапшы, бұл жерде экономика салаларын орналастыру және дамыту экономиканың бар шикiзат қорлары және қажеттiктерiне сәйкестендірілмей iске асырылған. Нәтижесінде суға деген қажеттілік оның қанағаттандыруының нақты мүмкiндiктерiн едәуiр жоғары болуына, әсiресе сусыз жылдарда орын алады. Мұның бәрі Орал бассейнінің суларын қарқынды ластануына әкеп соғады. Орталық және Солтүстiк Қазақстан өзендерiнiң бассейіндері шамамен су көлемінің аздығымен және жылдың iшiнде бір қалыпсыздығымен ерекшеленеді: су қорының негізгі 90 % көктемнің 1-2 айларын да өтедi. Су қорларының жетіспеушілігі еліміздегі маңызды орын алатын өнеркәсiптiң дамуына кері әсерін тигізетін бөгет болып табылады. Бұл аймақта электрэнергияның 76%, көмірдің 98%, темiр кенінің 99%, мыстың негізгі бөлігі өндіріледі. Өлкеде көмiр, темір және мыстан басқа химия өнеркәсiбiнiң дамытуы үшiн маргандық және қорғасын-мырыш кендердiң үлкен қоры, вольфрам, молибден, бокситтер шығарылады. Келешекте жоғарғы потенциалдық шикiзат қорларын игеру үшін мұнда көршілес өзен бассейіндерінен су қорларының тартылу мүмкiндiктерiн анықтауды қажет етеді. Мұндай жағдайда бұл өлке үшiн су көзі болып Ертiс өзенi табылады. Одан Орталық Қазақстандарға су беру үшiн, Қанышы Сатпаев атындағы (Ертiс - Қарағанды) канал құрастырылған, дегенмен оның нашар техникалық күйі оның қуатын төмендетіп, су тұтынушыларың экономикалық қатынастарын қалыптастыруды реттей алмауда. Ертiс өзенiнi бассейні, оның сулығының жоғарылығына қарамастан, су жетіспеушілік орын алады және су шаруашылығы балансы өте шиеленіскен. Сонымен қатар, өзеннiң бассейіні өте күштi өнеркәсiптiк ластануға ұшыраған. Ертiс өзенiнiң бассейніне Қытай, Қазақстан және Ресейдің аймақтары енеді, олардың әрқайсысы оның суын қолдануда өз мүдделерiн ойлайды. Ертiс өзені бассейнінің су қорлары мәселелерiн мемлекетаралық тұрғыда қарастырғанда негізінен оның ластануын болдырмау, мемлекет шекарасында берілетін су қорының сапасының сақталуын, одан алынатын су көлемінің шығын келтірмейтін жағын анықтау керек. Балқаш көлі бассейні Іле өзенінен алынатын қайтарымсыз су қорының өсуінен экологиялық жағынан және елімізді сумен қамтамасыз етуде ең сәтсiз бассейін болып табылады және ол қарқынды ластануда. Балқаш көлін сақтау және ондағы табиғи объекттердi сақтаудағы негізі мәселенiң шешiмi суды үнемдеу, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын тастауды тоқтатуға арналған шаралардың шұғыл жүзеге асыру болып табылады. Іле өзенінің суының балансы көпшілігіңде Қытай тарапымен су қатынастарының реттелуімен анықталады. Елімізді сумен қамтамасыз етудің негізгі шешiмi, пайдаланатын су қорларының жеткiлiктi етіумен қатар, көпшiлiгiнде су шарушылық жүйелердiң жағдайына тәуелдi болады. ССРО-ның ыдырауынан кейін және 2000 жылға дейін елдiң күрделi экономикалық жағдайына байланысты, су шарушылық объекттердiң қаржыландырылуы қалдық қағида бойынша iске асты. Жоғарғы деңгейде пайдалану, жөндеу жұмыстарына және қызмет көрсетуге қаржыландырудың қысқартылуы көптеген өлкелердегі су объектлері мен гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайының, халықтың және экономиканың қауіпсіздігін сақтаудың төмендей бастауына жағдай тудырды. Өндiрiстiң төмендеуі және тұщы суды пайдалану көлемдерiнiң төмендеуiне қарамастан, су пайдалану мәселесіндегі ұқыпсыздық жойылмауда. Мәселен, жыл сайын таза суды тасымалдау кезінде жоғалтылатын су шығыны 4, 94 км3, оның мішінде қайтарымсыз су тұтыну, табиғи су объекттерiмен салыстырғанда 15, 28 км3 құрайды. Осылай суды тиімсіз пайдалану суармалы жерлердің тұздануы мен лайлануына әкеп соқтырады. Қалалардағы жоғалан су сумен жабдықтау және канализация жүйелерінде су басу, үйлердің фундаменті мен астындағы су құбырларын шірітуге әсер етеді. Тұрмыстық-коммуналды секторларда су тасымалдау кезіндегі жоғалатын су көлемі алынған су көлемінің 35% құрайды, әр адамға сөткесіне 240-420 л су жұмсалады. Республикадағы 100 км су құбырының желiлерiнде жалпы саны 70 астам апат тіркеледі, еуропалық деңгейде бұл көрсеткiш небәрі 3 апатты құрайды. Ауыл шаруашылығы негiзгi су тұтынушы болып табылады, жалпы су қорының 80% суармалы жерлерді суландыруға жұмсалады. Өнеркәсiп. Соңғы жылдары өнеркәсiптiк сектордың су тұтынуы 4, 0 км3 дейiн қысқарды. Сырт және қайта сумен жабдықтауды қолданудың жеткiлiксiз деңгейi, жүйелерiнiң қанағаттанарлықсыз күйi су беру және су пайдалану коэффицентінің (ПӘК) төмендігі өндірілетін өнімге жұмсалатын таза су шығынының өте жоғары болуына әсер етуде. Бүгінгі күні ауыз су деңгейіне дейінгі тазартылған судың 40% өндірістік қажеттілікке жұмсалады. Судың тиімсіз пайдалануы барлық өзендер бассейнінде су қорларының жетіспеушілігіне және ластануына, қоршаған табиғи ортаның азып-тозуына, көл және өзеннiң экосистемалардың кеуiп кетуi, тұрғындардың ауруының өсуіне алып келедi.

 

Елдi сумен қамтамасыз етудiң негізгі мәселелері

1. Сумен жабдықтау су беруді қамтамасыз ету және ауыз су сапасының талаптарына сай емес Тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтау мәселелерi еліміздің барлық облыстары және қалалары, Астананы қоса қамтиды. Республика бойынша орташа қала халқының 70-75% су құбырлары суымен, 15-18 % - орталықтандырылған су бастауларының суымен, қалған бөлiгi ашық суаттардан және басқа жақтан әкелiнген тасымал (500 мыңнан астам адам) сумен қамтамасыз етіледі. Су құбырларының көпшiлiгi 20-25 жыл, Қазақстанның солтүстiгiнде 30 жылдан астам бұрын пайдалануға берілген немесе күрделі жөндеуден өткізілген. 2. Айналмалы қолданудың және қайтадан сумен жабдықтаудың деңгейі төмен. Өнеркәсiптiк өндiрiс салалары және бөлек алған кәсiпорындарда су пайдалану көпшiлiгiнде жоғары шығынды болып қалуда және оны қайта пайдалану тәсілдері қолданылмайды. 3. Су шарушылық объектілері және жүйелердiң техникалық күйi өте төмен деңгейде. Күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігінен каналдар мен гидротехникалық құрылыстардың су жоғалту көрсеткіштері жоғары болуда. 4. Шекарааралық мәселелер. Бүгінгі күні мемлекетаралық су қатынастарын реттеу бұрынғы одақ кезінде игерiлген су қорларын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейнді схемасы негiзінде іске асырылады. Сондықтан кез келген шекараға шектес елдер су бөлісу, яғни су қорларының көлемдерi шарттарының қайта қаралуы туралы ұсыныстар енгізе алады. Бұл әсіресе Арал теңiзi бассейнінде орналасқан елдер үшiн көкейкестi мәселе. 5. Су қорларының ластануы. Түгелдей дерлiк iрi өзендердiң суы сапа жағынан қазiргi талаптарға сәйкес келмейдi. Су қорларының ластануы елді мекендердегі сарқынды, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, суармалы жерлердегі коллекторлы - құрғату сулардың тасталуына байланысты. Көп қалаларда канализациялық суды тазартатын арнайы құрылыстар жоқ. Сарқынды суларды жинақтағыштар шектi белгiлерге дейiн толтырылып, бөгеттерде жұлып кету қаупін тудырады. 6 Арал теңiзiнiң мәселесi 30 жылдан астам уақыт зерттеушiлердің назарында. Арал маңайындағы шаруашылықтың тиімсіз жүргізілуінен Арал теңізі бассейніндегі елді мекендерде әлеуметтiк және экологиялық мәселелер ұлттық деңгейге көтерілді. Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су қорларының дефицитi жылына 1, 2 - 3, 5 текше км-ге жетедi. Ол Сырдария дельталарындағы экосистемалардың азып-тозуына әкеп соқты.

1. Қазақстанда жалғыз ғаламдық экологиялық мәселеге жатады:

A) Арал теңізі.

B) Каспий теңізі.

C) Балқаш көлі.

D) Кіші өзендердің ластануы.

E) Радиоактивті қалдықтардың сақталуы.

2. Бұзылған жерлерді түбегейлі жақсартуды атаймыз:

A) Эрозия.

B) Дефляция.

C) Минерализация.

D) Мелиорация.

E) Рекультивация.

3. Бүкіл гидросферадағы су айналымының белсенділігі құрайды (жыл):

A) 30 жыл.

B) 100 жыл.

C) 200 жыл.

D) 1 жыл.

E) 3000 жыл.

4. Топырақтың құнарлы қабатының (гумустың) қалыптасуы үшін қажет:

A) 10-30 жыл.

B) 100-200 жыл.

C) 300-400 жыл.

D) 1-2 жыл.

E) 1000 жыл.

5. Дефляция – бұл:

A) Су эрозиясы.

B) Сызықтық эрозия.

C) Жазықтық эрозия.

D) Көлбеу эрозия.

E) Жел эрозиясы.

6. Жел эрозиясының түрлерін атаңыз:

A) Мелиорация және дефляция.

B) Рекультивация және мелиорация.

C) Аэрация және дефляция.

D) Дефляция және дауыл.

E) Дефляция және шаңды-дауыл.

7. Энергия алудың таза жолы:

A) Атом-электр станциясы.

B) Жылу элктр станциясы.

C) Гидроэлектростанциясы.

D) Жанар-май қолдану.

E) Шымтезек жағу.

8. Шөлейттенумен күресудің тиімді әдісін таңдаңыз:

А) тоғайлар

Б) минералды тыңайтқыштарды енгізу

В) солондық топырақтарды гипстеу

Г) суландыру және гидромелиорация

Д) егістер

9. Теңіздің көтерілуі мен кері кетуінің себебі неде?

А) ай мен жердің өзара тартылуы

Б) жердің айналуы

В) жердің геотермальды энергиясы

Г) су бетіндегі ауа қабатының қозғалысы

Д) климаттың өзгерісі

10. Халықаралық деңгейде іске асырылатын мониторинг:

А) глобальды

Б) халықаралық

В) планетарлық

Г) ұлтаралық

Д) аймақтық

18 сабақ. Дүниежүзілік мұхиттың ластанудан шекарааралық қорғауы.

Жоспар:

1. Каспий теңізінің мұнаймен ластануы.

2. Дүниежұзілік мұхит халықаралық-құқықтың объекті ретінде.

3. 1972 ж. Теңіздерді радияциялық қалдықтардан қорғайтын конвенция

Сабақтың мақсаты; Дүниежүзілік мұхиттың ластанудан шекарааралық қорғау шараларын қарастыру.

Каспий теңiзi бассейнi мемлекеттерiнiң көмiрсутегi ресурстарын кеңiнен игеруi теңiз және жағалау маңы экожүйелерiне терiс әсер ауқымын ұлғайтады. Теңiз мәртебесiнiң айқындалмаған жағдайында трансшекаралық сипаттағы сыртқы экологиялық қатерлер елеулi мәнге ие болады. Теңiздiң қазақстандық секторында көмiрсутегi шикiзатын алдағы кезде баса игеру елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне ықтимал қатер төндiредi. Каспий теңiзiнiң қоршаған теңiз ортасын қорғау жөнiндегi үлгiлiк конвенциясы және басымдық iс-қимылдардың өңiрлiк стратегиясы Каспий теңiзiнiң коммерциялық ресурстарын пайдалану және Каспий маңы елдерiнiң Каспийдiң экожүйесiн қорғау жөнiндегi алдағы iс-шараларға қатысты өзара ортақ iс-қимылы бойынша негiзгi бағыттарын айқындайды. Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында 2005 жылдың аяғына дейiн теңiз және жағалау маңы экожүйелерiне залал келтiрместен көмiрсутегiн өндiрудiң мүмкiн болатын шектi деңгейiн айқындау жөнiндегi арнаулы зерттеулердi жүргiзу, геодинамикалық мониторингтi iске асыру, иесiз мұнай ұңғымаларын және басқа да байырғы ластануларды жою, iлеспе газды алауларда жағуды және мұнай құбырлары мен радиоактивтi ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмудi тоқтату жөнiнде шаралар қабылдау көзделедi.

Зерттеулер нәтижесi Каспий қорық аймағын аймақтарға бөлудi қоса алғанда, теңiздегi экологиялық қауiпсiз шаруашылық қызметiн қамтамасыз ететiн нақты нормативтiк экологиялық талаптар әзiрлеу болуы тиiс. Жер шарының су қабаты – дүниежүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361,3 млн км2 (жер бетінің 71%), орташа тереңдігі 3,7 км , көлемі – 1 370 000 000 км3( гидросфера көлемінің 94%) . Жердің беті бойынша Мұхиттың суын біркелкі етіп жайғанда оны 2700 метрдей қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердің көлемімен салыстырғанда бұл қабат мардымсыз, аз, бірақ географиялық қабықша-дағы әртүрлі процестер үшін маңызы орасан зор. Құрлықтар мен мұхиттар жер бетінде біркелкі таралмаған. Оңтүстік жарты шар мұхиты – оның ауданының 81% -ын , солтүстік жарты шардың 61% -ын алып жа-тыр. Планетамызда құрлықтар мен мұхиттардың біркелкі таралмауы Жер бетінің табиғи ерекшеліктерінің қалыптасуындағы негізгі фактор болып есептеледі. Шартты түрде Дүниежүзілік мұхит бір- бірінен оқшауланған , жеке бөліктерден – мұхиттардан тұрады. Алғаш рет Дүниежүзілік мұхитты жекелеген бөліктерге жіктеуді 1650 ж. Голландия ғалымы Б. Варениус өткізген. Ол Дүниежүзілік мұхитты бес бөлікке бөлген: Солтүстік мұзды мұхит , Атлант, Тынық , Үнді және Оңтүстік мұхит. Кейбір шетелдік географтар осы уақытқа дейін бұл классификацияны пайда-ланады. Үнді, Атлант және Тынық мұхиттардың оңтүстік бөлігінің физикалық, химиялық, биологиялық және динамикалық қасиеттеріне байланысты Оңтүстік мұхтииың бар екендігін ТМД ғалымдары да мойындайды, бірақ оның шекарасының айқын анықталмауы мен зерттелмегендігінен қазіргі мұхиттар классификациясында Оңтүстік мұхит бөлінбеген. Сондықтан жер шарында төрт мұхит бөлінеді. Әрбір жекеленген мұхит бірнеше тармақтардан тұрады:олар теңіздер мен шығанақтар. Теңіз дегеніміз – көршілес бөліктерден физикалық және химиялық қасиеттері-мен, ( тұздылығы, температурасы, мөлдірлігі т.б.) экологиялық жағдайымен, ағыс-тары мен толысуларының сипатымен ерекшелінетін мұхиттың азды- көпті оқшау-ланған бөлігі. Морфологиялық және гидрологиялық ерекшеліктеріне байланысты теңіздер шеткі , жерорталық (ішкі құрлықтық және құрылық аралық ) және арал аралық деп жіктеледі. Шеткі теңіздер өтпелі зоналарда немесе материктердің шетіне жақын орналасады, тереңдігі 200 метр , сирек – 200 метрден асады. Мұхиттардан олар аралдар тізбегімен , сирегірек түбектермен бөлініп жатыр. Материктік қайраңдағы (шельфтік) теңіздердің суы терең емес. Мысалы Сары теңіздің максимальды терең-дігі 106 метр, өтпелі зонадағы теңіздердің тереңдігі 3500-4000 метп(Беринг, Охотск, Жапон). Шеткі теңіздер Дүниежүзілік мұхит суымен қатынасып жатқандықтан физикалық қасиеті мен химиялық құрамы бойынша мұхит суларынан айырма-шылығы жоқ. Жерорталық теңіздер құрлыққа еніп жатады, мұхит суларымен салыстырмалы ені тар бұғаздармен бөлініп жатады. Жерорталық теңіздердің оқшаулануы, мұхит суымен су айырбасының күрделенуі салдарынан бұл теңіздердің гидрологиялық режимі мұхит суларынан өзгеше. Олар: ішкі құрлықтың және құрылық аралық деп бөлінеді. Құрылық аралық теңіздер ірі, тектоникалық активтілігі жоғары зоналарда пайда болғандықтан терең, жағалауы қатты тілімденген, сейсмикалық және вулкан-дық процестер тән. Олар құрлықтардың аралық бөлігінде орналасқан: Евразия мен Африка құрлықтарының арасындағы – Жерорта теңізі . Ішкі құрлықтық теңіздердің жағалаулары бір құрылық шеңберінде (мысалы, Балтық, Ақ, Қара теңіздер) және құрлықтық қыртыста орналасқан , онша терең емес , таяз. Мысалы, Балтық теңізінің ең максимальды тереңдігі -470 м, Ақ теңіздікі 350 м, Азов теңізі -13 м. Арал аралық теңіздер мұхиттардан жекеленген аралдар немесе арал тізбектері арқылы бөлініп жатады. (Филиппин, Банда, Сулу т.б). Саргасова теңізі де арал аралық теңіз болып табылады. Мұхиттың ортасында орналасып , айқын шекарасы жоқ болса да өзіндік гидрологиялық режимі, жануарлары мен өсімдік түрлері арқылы көршілес территориялардан ерекшеленеді. Шығанақтар – судың құрлыққа еніп жатқан бөлігі . Шығу тегіне , жағалау-ларының құрлысына , формасына қарай шығанақтар: фьорд, бухта, лиман деп те аталады. Тарихи сонау ерте кезден бастап қалыптасып кеткен түсініктер бойынша кейбір теңіздер шығанаққа (Парсы, Мексика, Бенгаль), ал шығанақтар , режимі жағынан айырмашылығы болса да , мұхиттарға жатқызылып кеткен (Босфор теңізі, Линкольн теңізі). Мұхиттарды, теңіздерді және шығанақтарды бір- бірімен бұғаздар жалғастырып жатыр. Өте енді және терең бұғаз – Дрейк бұғазы (Оңтүстік Американың оңтүстігін-де ) –орташа ені 986 км , орташа тереңдігі 3111 км , ал ең ұзын бұғаз Мозамбик бұға-зы – 1760 км. Дүниежүзілік мұхиттың еркін жатқан беті деңгейлік деп аталады. Тыныш күйде бұл геоид бетімен сай келуге тиіс. Алайда көптеген себептердің жиынтықтарының әсері: температура, атмосфера қысымы, жел, толысу түзетін күштер, су баланысы, жер қыртысының қозғалыстары – оның ауытқуын тудырады. Мұхит деңгейінің үздіксіз өзгерістері кезеңді және кезеңсіз де болуы мүмкін. Ауытқу кезеңдері өте қысқа (бірнеше сағат) және өте ұзақта (ғасырлық ауытқулар) болады. Мәселен, жазда мұхит суының жоғарғы қабатының қызуы деңгейінің көтерілуін, қыста оның суынуы төмендеуін тудырады. Мұхит деңгейінің баяу түсуі мен көтерілуі екі түрлі себепке байланысты. Мұхит деңгейінің көтерілуі немесе түсуі мұхиттағы судың азаюмен, көбеюмен – су балансының өзгерісімен (гидрократтық себептер) тууы мүмкін. Мысалы, Антарктиданың мұз жамылғысының толық еріп кетуі Мұхит деңгейінің шамамен 60 метрге көтерілуін туыдырады. Сірә, құрлықта мұздықтардың пайда болуы Мұхит деңгейінің төмендеуін тудырса керек. Мұхит деңгейінің жағдайы жер қыртысы қозғалысына да байланыстыөзгеріп отырады(геократтықсебептер) мысалы, Голландия мен Дания жағаларының осы кездегі төмен түсуі салдарынан Мұхит құрлыққа өріс жаяды, ал керсінше, Скандинавия түбегінің көтерілуі салдарынан Швеция жағаларында шегінеді. Соңғы жарты ғасыр аралығында Дүниежүзілік мұхит деңгейі 10 см-ге көтерілді , бірақ көтерілу деңгейі мұхиттардың әртүрлі бөлігінде әрқалай. Мұхит деңгейінің ауытқын отыруын бақылауды арнайы постар зерттейді. Осындай алғашқы постар XҮII ғасырда ашылған (1682ж. –Амстердамда, 1704ж. –Кронштадтта); қазіргі күні Дүниежүзілік мұхиттың су деңгейінің өзгерісін бақылайтын осындай постардың саны 1500-ден артық. Сонымен, дүниежүзілік мұхиттың деңгейі үздіксіз өзгеріп отырады және оның әртүрлі бөлігінде әрқалай. Жалпы өзгеру механизмі күрделі, 1500-ден артық бақылау нүктелерінен алынған көп жылдық мәліметтердің өзі жеткіліксіз. Мұхиттың орташа тереңдігін есептеп шығаруға мүмкіншілік аз. Сондықтан орташа көп жылдық деңгей көрсеткішін әрбір жекелеген нүкте үшін жеке-жеке есептеп шығарады. Осы деңгейлер құрлықтардың абсолюттік биіктігі мен мұхиттардың тереңдігін анықтаудағы алғашқы нүкте болып табылады. Әрбір елде бір нүкте алынады. ТМД елдерінде тереңдік пен биіктікті есептеу Кронштадттағы Фин шығанағы деңгейі (Кронштадт футштогының нолдік деңгейі), Батыс Европа елдерінде Солтүстік теңіз деңгейінен есептеледі.

1. Қандай жағдайларға байланысты Семей облысын ҚР Үкіметі экологиялық апат аймағына жатқызады

А) барлық факторды қосып алғанда

Б) ауру түрлерінің өршуі

В) өлім жағдайларының өршуі

Г) онкологиялық ауруларының өршуі

Д) ауру потологияларының өршуі

2. Атмосфераның ауаның сапасы әсер етеді

А) халықтың денсаулығына

Б) космосқа

В) көйлекке

Г) адамның сытқы киіміне

Д) шалбарға

3. Каспидегі ит балықтардың қырылуының ресми нұсқасы

А) созылмалы токсикоз

Б) иммундық жүйеннің төмендеуі

В) инфекциялық арулар

Г) паразитарлық аурулар

Д) табиғи аномалиялар

4. Каспий теңізінің ластану көздері

А) сұрғылау шламдарының тасталынуы

Б) иммундық жүйеннің төмендеуі

В) сұрғылау шламдарының тасталынбауы

Г) онкологиялық ауруларының өршуі

Д) ауру потологияларының өршуі

5. Каспийдегі бекіре балықтардың санының күрт төмендеу себептері

А) броконерлік

Б) каспий суларының мұнай өнімдерімен ластануы

В) теңіздегі су деңгейінің көтерілуінен жойылу

Г) каспий суларының бұрғылау шламдарымен ластануы

Д) балықтарды нормадан асырып аулануы

6. Каспийдегі бекіре балықтарын қорғау әрекеті

А) құқық қорғаушылардың броконерлермен күресуі

Б) құқық қорғаушылардың күресуі

В) лицензиясыз балықтармен уылдырық сатқан үшін айып санкцияларын жоғарлатпауы

Г) зиянды заттрадың нольдік ласталыну принципін қатаң түрде сақталмағаны

Д) үкіметтен тыс экологиялық ұйымдаструдың белсенділігін жоғарлатпауы

7. Топырақтың негізгі маңызы

А) құнарлығы

Б) күрделі құрамы

В) аз қозғалуы

Г) қайта жаңғыруы

Д) деградацияға бейімділігі ұшырауға

8. Ұзақ мерзімге көмілген қауіпті зиянды заттарды бар материалдардың жинақтаушылары

А) могильник

Б) полигондар

В) қоқыс

Г) жинақтаушы-сақтаушы

Д) рекуперациялық шығарылуы

9. Автокөліктер қалалардың ластаушылардың жалпы мөлшерінің неше % құрайды

А) 60-80

Б) 40-60

В) 20-40

Г) 1-20

Д) 10 дейін

10.Топырақ эрозиясы түрлері

А) жел

Б) улы

В) техногендік

Г) тұзды

Д) ауылшаруашылық

19 Сабақ. Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықтарға қатысуы.

Жоспар;

1. Қазiргi заманның глобалдi экологиялық мәселелер шешiмiндегi Қазақстанның рөлi.

2. Қазақстан Республикасындағы Орхусс конвенциясы.

3. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы.

Сабақтың мақсаты; Қазақстанның Республикасының халықаралық ынтымақтастықтарға қатысу мәселерін қарастыру.

Экология  мәселесі  -  бүгінгі  таңдағы  адамзат  өркениетінің  аса  ауқымды  проблемаларының   бірі  болып  отыр.  Аталмыш  проблеманың  пайда  болуының  басты  алғышарты  -  қоршаған  ортаға  адамзат  перзентінің  антропогендік  һәм  техногендік  ықпалдарының  ұзақ  жылдар  бойы  тигізіп  келген  әсері  деп  тұжырым  жасауымызға  болады.  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың  басында  адамзаттың  шаруашылық  әрекеттері  мен  өндірістік  қатынастарының  ғылыми-техникалық  жаңару  биігіне  көтерілуі  -  экономикалық  реформалардың  ерекше  сипат  алуына  (модернизациялануы  мен   интеграциялануына)  түрткі  болды.Экономикалық  дамудың  кешенді  стратегиялық  бағытын  таңдауға  мәжбүр  болған  көптеген  мемлекеттердің  жоспарлы  әрекеттері -   әсіресе  табиғат  ресурстарының  байлықтарын   ысырапсыз  игеру  үрдістерін  қалыптастырды. Соңғы  жылдары  шаруашылық-өндірістік  нысандарында  экологиялық  қауіпсіздік  шараларын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  әрекеттерге  қарамастан,  антропогендік-техногендік  ықпалдар — глобальді  масштабты  қамтып,  Жер  планетасының  табиғи  балансының  ауытқуына  қауіп  төндіруде.Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  бастамасымен өткен Ү  Халықаралық экологиялық  конгресс (Жапония, 1990),  Қоршаған  ортаны  қоғау  жөніндегі конференция (Бразилия, 1992),  ХХҮІІ  Халықаралық  географиялық  конгресс (АҚШ, 1992)  және  Йоханнесбург  (ОАР,  2003)  қаласында  өткен  бүкілдүниежүзілік  экологиялық  форум  -  аталмыш  мәселенің  өзектілігін  көрсетіп  отыр.Экология  ғылымы  жөнінде  батыс  ғалымдары:  Ю. Одум,  Р. Дажо,  Н.Ф. Реймерс,  П. Троян, Р.Риклефс, К. Армс,  П. Кемп,  У. Линден,  Ж.Леме,  ресейлік  ғалымдар:  В.А.Вронский,  Ю.Н. Куражковский,  Д.Ж. Маркович,  К.С. Лосев,  Н.М. Чернова,  А.М. Былова  және  қазақстандық  ғалымдар  Ә.С. Бейсенова,  С. Әубәкіров,  А. Әбдірахманов,  Ұ.М.Ысқақов,  Н. Сейітов,  В.С. Слащев  және  басқа  эколог  ғалымдардың  еңбектері  құнды. Экология  сондай-ақ:  география,  химия,  биология, табиғаттану,  жаратылыстану  және  басқа  пәндермен  тығыз  байланысты.  Экология  ілімінің  түпнамасын  жұмыр  Жер  жаратылысының  тарихынан  бастап  таратқан  дұрыс.  Оның  себебі:  әуел  бастағы  Жердің  протобиологиялық  эволюция  дәуірлерін  геохронология  тұрғысынан  сараптайтын  болсақ,  даму  мен  қалыптасу  эраларындағы:  эндогендік,  экзогендік  және  тектоникалық  табиғи  апаттар  күштерінен  пайда  болған  экологиялық  құбылыстарды  байқауымызға  болады.  Антропогендік  ықпалға  дейінгі  қалыптасқан  орасан  сыртқы  және  ішкі  күштер  жиынтықтары (космостық,  вулкандық,  магмалық,  сейсмикалық,  геосинклинальдік,  гидрокатастрофалық  т.б.)   жер  ландшафтысы  мен  биосферасын,  рельефін  қатты  өзгерістерге  ұшыратумен  бірге,  айтарлықтай  экологиялық  проблемаларды  туындатқаны  анық.

Экономикалық  қажеттіліктерден  туындаған  адамзат  перзентінің  ғылыми  техникалық  жетістіктерге  сүйене  отырып,  жер  қойнауындағы  байлықтарды  молынша  игеруге  күш  салуы  -  экологиялық  сауатсыздықтың  белгісі  екені  анық.  Аталмыш  үрдістер,  қазба  байлықтарды  ысырапсыз   пайдаланумен  шектелмей,  ғарыш  кеңістігін  игеруде,  атомдық  станциялар  мен  электр  желісі  жүйелері  өнеркәсібін  дамытуда,  шикізат қорларын  өңдейтін  химиялық  өндірістік  орындардың  ашылып,  қарқынды  түрде  жүргізілуін  жеделдетті.  Адамзаттың  ғарыш  айлағын  зерттеп,  атомдық  кешенді  қондырғыларды    іске  қосуы — ғылыми-техникалық  прогрестің  бұрынғыдан  гөрі  қарыштап  дамуын  жеделдеткенімен  -  ол  жетістіктер  экологиялық  проблемаларды  шешудің  басты  алғышарттары  бола  алмады.Әлем  кеңістігінде  белең  ала  бастаған  экологиялық  апаттар  ареалдары  жыл  өткен  сайын  кеңейе  түсуде.  Әсіресе,  жер  шарындағы  атмосфералық  жауын-шашын  мөлшерін  реттеп  отыратын  әлемдік  мұхит  экожүйесінің  ластануы  -  биогеоценоз  айналымының    тежелуіне  ұйытқы  болуда.  Сондай-ақ,  ірі  өнеркәсіп  орындарының   зиянды  қалдықтарының  ауа  қабатына  араласуы,  жасыл  желек  алқаптарының  жойылуы,  флора  мен  фауна  дүниелерінің  деградациялануы  сияқты  көріністер  жыл  өткен  сайын  жиі  қайталануда. Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.Оқу орындарының бiлiм беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс.Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi.Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап келгенi де рас.Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде:

-табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы.

-табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану құқығы.

Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда “экология” ұғымының негiзiн алғаш қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: “қоғам мен табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған табиғи орта — адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе, ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ.Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты.Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады. Экология проблемасы апатқа апарып соқтырары хақ.Осы орайда, экологиялық бiлiм берудiң мақсаты — жеке адамның бойында табиғатқа деген iзгiлiк қатынастарды қалыптастыра отырып, “адам-қоғам-табиғат” арасындағы толық үйлесiмдiлiк рухында тәрбиелеу турасында айқындалып, бiлiм жүйесiнде экологиялық бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасының жобасы да жасалып қойылған.Соның нәтижесiнде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған.

Оларға:

1) экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетiлдiру және оларды бұлжытпай орындау;

2) табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту;

3) қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестiгiн сәйкестендiрудi;

4) үздiксiз экологиялық бiлiм берудi ұйымдастыруды тездетудi;

5) елдегi экологиялық жағдайлар мәлiметтерiнiң көпшiлiкке жетуiн қамтамасыз етудi жатқызуға болады [5, 33 б.].

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын-алудың негiзi кез-келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын аңғартса да, жаңа ғасырдың экологиялық дағдарыс пен табиғи дүлей апаттармен басталуы бүгiнгi қоғам үшiн экологиялық құқықтық сананың жетiлу толғағында ойланарлық жағдайды қалыптастырып отыр.Бұл бағытта елiмiз келешекте экологиялық қауiпсiздiк мүддесiне үмiт артып, “Қазақстан-2030” даму стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және ХХI — ғасырдағы күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын, сондай-ақ Иоханнесбургте өткен (2002 жылы) тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiгi Тұжырымдамасын бекiтуi.Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған келелi мәселе. Дархан табиғат қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм берудi заңдастыру ұстанымы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында экология кодексiн қабылдау ұсынысы еңжарлыққа бой алдырмай, көзi қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық тұжырым деп бiлемiз.Ал, бұл iс-шара халықтың жаппай экологиялық мәдениетiн көрсететiн белсендiлiк қабiлетiнсiз мүмкiн емес. Сондықтан да экологиялық бiлiм мен тәрбие қоғамның әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен қарамауды үйретiп, қоғам мүшесiн әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейдi.2000 жылы 23 қазанда Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғауға қатысты ақпаратқа қол жеткізу жұртшылықтықтың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуы мен әділ сотқа жүгінуі туралы конвенцияны ратификациялады (Орхусс конвенциясы). Конвенция 2001 жылы 30 қазанда күшіне енді. Осы күннен бастап, конвенцияның барлық ережелері, оның тараптары үшін заң жүзінде міндетті болып табылады.Тек бір бірінің алдында ғана қатысушы елдер міндеттемелерін орындайтын басқа халықаралық келісімдерден айырмашылығы, осы конвенция мемлекеттік органдарға жұртшылық алдындағы айқын міндеттемелерін жүктейді.2004 жылы «Зеленое спасение» экологиялық қоғамы, өзі сотта мүдделерін қорғаған азаматтармен бірге Орхусс конвенциясын сақтау мәселелері жөніндегі Комитетке арыз - өтінішін жолдады. Осы арыз өтініштер (АССС/С/2004/01, АССС/С/2004/02) комитет бірінші болып қараған құжаттардың бірі болды.Комитет Қазақстанның конвенцияда қойылатын бірқатар талаптарын сақтамағанын және шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мен қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділ сотқа жүгінуде азаматтардың қүқықтарының бұзылғанын таныды. Комитеттің шешімдерін Конвенция тараптарының Екінші кеңесі растады (мамыр 2005, Алматы).

Кеңесте Қазақстан жөнінде арнайы шешім қабылданды, шешім бойынша 2005 жылға қарай Республикамыз Комитетке оның стратегиясы мен орындау іс-шараларының жоспарын ұсынуға тиіс еді.

Содан кейін бір жарым жыл уақыт өтті, бірақ:

- жұртшылықтың арыз-өтініштері бойынша қабылданған Комитет шешімдері орындалған жоқ;

- Екінші Кеңесте қабылданған шешімдерді іске асыру жөніндегі стратегия мен іс-шаралар жоспары бекітілген жоқ;

- Соттар өз қызметінде бүрынғысынша Конвенцияның ережелерін басшылыққа алады және олар Комитет шешімдері ұсынбалы сипат алады деп есептейді;

- ¥лттық табиғат қорғау заңнамасы осы уақытқа дейін халықаралық қүқықтың ережелеріне бейімделмеген.

2006 жылы Алматы қаласының түрғындары Л. Гатинаның , А. Гатинның және Л.Г. Конышкованың (АССС/С2004/06) арыз-өтініштері бойынша азаматтардың әділ сотқа жүгінудегі құқықтарының бүзылғанын Комитет тағы да растады.

Орхусс Конвенциясының бес жылдық мерейтойын еліміз өзінше атап өтті. «Зеленое спасение» экологиялық қоғамының қүқық қорғау практикасы, қазақстандықтардың Комитетке қүқықтарды сақтау мәселелері жөніндегі жүгінулері алаң туғызатын үрдістерді анықтап берді. Әділ сотқа жүгіну сотқа жүгінумен шектеледі. Шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу пікірді еркін айту мүмкіндігіне саяды. Ақиқат ақпарат бүркемеледі, ал ұсынылатын жалпы мәліметтер құзырлы шешімдер қабылдау үшін жеткіліксіз. Жағымды да лайықты қоршаған ортаға қатысты азаматтардың қүқықтарын жаппай бұзу әлеуметтік шиеленістің, кедейліктің, аурулардың өсу себептеріне айналды.  

Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясы­ның 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша бел­сенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.БҰҰ Бас Ассам­блеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.Қазақстанның БҰҰ жүйесі жұмысына қатысуы еліміздің көпжақты дипломатиясының басты бағыттарының бірі, ол елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік-саяси, экономикалық және қоғамның т.б. салаларында қолайлы халықаралық жағдайларды туғызады. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді.Мемлекетіміздің басшылығы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды салаларындағы БҰҰ-ның рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның қызметін қолдай отырып, ҚР-ның осы беделді ұйым, оның мамандандырылған мекемелері, қорлары және бағдарламаларымен ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бағдар ұстануда.Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы тарихындағы басты шаралардың бірі БҰҰ Бас Хатшысы К.Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17-18 қазандағы ресми сапары болды, ол Қазақстанның БҰҰ-мен онжылдық ынтымақтастығының нәтижелерін бекітіп, ықпалдастықтың болашағын айқындады. Мемлекеттікті құру сатысында Қазақстанға сарапшылар, техникалық және қаржы көмегін тарту ісінде БҰҰ Даму Бағдарламасы, Балалар Қоры, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар.БҰҰ-ның Жарғысын мүлтіксіз орындау негізінде, Қазақстан Ұйымды нығайту мен БҰҰ басшылығымен әлемдік қауіпсіздік жүйесін құруға күш-жігер жұмсауды толық жақтайды.БҰҰ-ның қазіргі таңдағы маңызды мәселелерді шешудегі басым рөлін тани отырып, Қазақстан осы ұйымда орын алып отырған үрдістерден тыс қала алмайды. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері бүкіл әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне үлкен үлес қосып келеді. Ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім шараларын орнату, Еуразия кеңістігінде интеграциялық үрдістерді нығайту, өркениеттер мен діндер диалогын шақыру – осының бәрі біздің мемлекетіміздің БҰҰ Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерінің әлі де толық емес тізімі.Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін және оның бітімгершілік әлеуетін нығайту жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсете отырып, БҰҰ-ның резервті келісім-шарттар жүйесі мандатын кеңейту шараларын оң бағалайды. Қазақстанның осы бағытта белсенді қызмет атқаруының дәлелі Қазақстандық бітімгершілік батальонының (Қазбат) құрылуы, әрі осы батальон сарбаздарының Иракта тұрақтандыру күштері қатарында қызмет көрсетуі болып табылады.Қазақстан 2003 жылы БҰҰ-ның дайындық іс-шаралары жүйесіне үлес қосу жөніндегі Өзара түсіністік меморандумына қол қойып, қазіргі таңда бітімгершілік операцияларға Қазбат батальонының адам, бронетехника және көлік ресурстарын бөлуге дайындығын, әрі БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары үшін сатып алулар жүйесінде неғұрлым белсенді қатысуға ынтасын білдіреді.Біз БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты кеңейтуді, әрі аймақтық ұйымдардың өздері арасындағы ұйымдасқан қылмыс, есірткі қаупі, заңсыз миграция, діни экстремизм, жоқшылық пен АҚТҚ/ЖҚТБ таралуымен күресте серіктестік байланыстарын кеңейтуді қуаттаймыз.Қазақстан БҰҰ-ның және оның мамандандырылған мекемелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ алаңының радиоактивті ластануы, ауыз-су көздерінің ластануы секілді техногендік және экологиялық апаттардың экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалануды көздейді. Осы тұрғыда жеке назарды Мыңжылдық даму мақсаттары мен орнықты даму ұстанымдарын жүзеге асырудағы Қазақстанның белсенді қатысуына аудару керек.1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олардың қызметі техникалық, кеңес және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған.Қазіргі уақытта БҰҰ-ның Қазақстанда келесі 15 ұйымы жұмыс істейді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ Халық қоныстану қоры (ЮНФПА), БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ), БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЖКББ), БҰҰ Еріктілері (БҰҰЕ), Әйелдер қоры (ЮНИФЕМ), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), БҰҰ өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Дүниежізілік Банк (ДБ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент (ҚАД).

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - жалпы құзыры бар, ашық түрдегі халықаралық, мемлекетаралық әмбебап ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай арасындағы келісім негізінде құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 жылдың 26 маусымында қабылданып, 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді.Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптері Жарғының 1-2 баптарында бекітілген. Осыған сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы мына мақсаттарды көздейді: • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • ұлттардың теңдігі және өзін-өзі басқару принципін құрметтеу негізінде халықтар арасында достық қарым-қатынасты дамыту; • экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын дамыту мен қолдауда әріптестікті жүзеге асыру; • ұлттардың осы мақсаттарға жету жолында үйлестіруші орталық болу. Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі принциптерге сүйеніп әрекет етеді: • оның барлық мүшелерінің егеменді теңдігі; • олардың мойнына алған барлық халықаралық міндеттемелерді адал орындауы; • олардың арасында туындайтын халықаралық дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу; • басқа мемлекеттерге қарсы күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоқы көрсетпеу; • олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес жүргізілетін барлық шараларға жанжақты кәмек көрсетуі керек; • Біріккен Ұлттар Ұйымы оған мүше емес барлық мемлекеттердің осы принциптерді ұстануын талап етеді, өйткені бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет; • Біріккен Ұлттар Ұйымына Жарғы ешқандай жағдайда мемлекеттердің ішкі ісіне жататын әрекеттерге араласуына құқық бермейді. Кез келген бейбітшілік сүйгіш, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын мойындап, ондағы міндеттемелерді орындауға келіскен мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бола алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері: қытай, ағылшын, француз, орыс, испан тілдері. Бұлардан басқа Бас Ассамблеяда, Қауіпсіздік Кеңесте және Экономикалық және әлеуметтік кеңесте ресми тіл ретінде араб тілі қосылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы алты басты органнан тұрады. Ол: Бас Ассамблея (БА), Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК), Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес және Секретариат.

1. РИО 92 негізгі қорытындылары:

А) ХХΙ Ғ арналған күн тәртібі

Б) ХХ Ғ арналған күн тәртібі

В) ХΙХ Ғ арналған күн тәртібі

Г) Қарусыздандыру бағдарламасын қабылдау

Д) ХVIII Ғ арналған күн тәртібі

2. РИО 92 негізгі қорытындылары

А) тұрақты дамудың концепциясын қабылдау

Б) бастапқы көтерілуі

В) экотоптың концепциясын қабылдау

Г) қарусыздандыру бағдарламасын қабылдау

Д) бәрі дұрыс

3. РИО 92 негізгі қорытындылары

А) климаттың өзгеруіне байланысты рамалық конвенциясын қабылдау

Б) бастапқы көтерілуі

В) экотоптың концепциясын қабылдау

Г) қарусыздандыру бағдарламасын қабылдау және протоколын өзгерту

Д) бәрі дұрыс

4.Тұрақты Дамуға кіреді:

А) кедейшілік пен жоқшылықты жою

Б) экономиканың өспеуі

В) қаруларды сақтау ж/е күшейтпеу

Г) экологиялық экономикалық мәселелерге саяси деңгейге көтерілмеуі

Д) әлеуметтік және мәдени өспеу

5. Тұрақты Дамуға кіреді:

А) экологиялық экономикалық мәселелерге саяси деңгейге көтерілу

Б) экономиканың өспеуі

В) қаруларды сақтау ж/е күшейтпеу

Г) экологиялық экономикалық мәселелерге саяси деңгейге көтерілмеуі

Д) әлеуметтік және мәдени өспеу

6. Казакстаннын территориясынын канша пайызы шөлейт экожүйес1нен тұрады

А)23%

В)24%

С)25%

Д)26%

Е)27%

7. Қоғамның ж/е биосфераның ара-қатынасын сақтап тұратын орталықтандырылған басқару?

А) Нарықтық қатынас тауар айналымы

В)Қоғамдық қатынас тауарлық кәсіпкерлік

С)Жалпылама деңгей,тауар айналымы

Д)Ұлттық ж/е бүкіл адамзаттық деңгей

Е)Экологиялық кәсіпкерлік.

8. Қоршаған орта туралы 1-ші дүниежүзілік конференция қай жылы, қай жерде болды?

А)Стокгольм,1972ж

В)АҚШ,1989ж

С)Жапония,1980

Д)Алматы,1990

Е)Санкт-Петербург,1979ж

9. Тұрақты даму концепциясы қандай ойды білдіреді?

А) Экодаму туралы

В) Биология туралы

С) Табиғатты қорғау туралы

Д) Қоғам туралы

Е) Саясат туралы

10. Тұрақты даму туралы түсінік қашан баяндалды?

А) 1980ж

В) 1979ж

С) 1990ж

Д) 1993ж

Е) 1999ж

20 сабақ. Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы.

Сабақ жоспары;

1. БҰҰ табиғи ортаны қорғау органдары.

2. Қоршаған орта бойынша БҰҰ (Юнеп ) бағдарламасы және оның халықаралық-құқықтық негізі.

3.Магатэның қызметiндегi қоршаған ортаны сақтау мәселелері.

Сабақ мақсаты: Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

  • Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.

  • Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.

  • Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.

Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:

  • Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.

  • Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.

  • Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.

  • Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.

  • Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы және т.б.) ластау;

  • табиғи объектілерді бұлдіру, бұзу, жою (жерді бұлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту және т.б.);

  • табиғи қорлардың азып-тозуы;

  • табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану және т.б.).

Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы шарт. Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құқық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, коршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бұлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өңдеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазакстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі органдары және т.б. қарастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мулкін тәркілейді Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық қылмыстардың барлық түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бұлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар.

1. Қазақстан Республикасы Елбасының қаулысымен 1996 ж.30 тамызда келесі шешім қабылданды:

A) ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы.

B) ҚР «Білім туралы» заңы.

C) ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы.

D) Экологиялық білім беру концепциясы.

E) Орта-кәсіби және жалпы білім беру мектептеріндегі «Экология» пәні бойынша бағдарлама.

2. Қазақстан Республикасы 1997 ж.15 шілдеде келесі шешім қабылдады:

A) ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы.

B) ҚР «Білім туралы» заңы.

C) ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы.

D) Экологиялық білім беру концепциясы.

E) Орта-кәсіби және жалпы білім беру мектептеріндегі «Экология» пәні бойынша бағдарлама

2. БҰҰ табиғатты қорғау әрекетінің координаторын көрсетіндер:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) ВОЗ.

E) МАГАТЭ.

3. «Рим клубын» жаратудың инициаторын атаңыз:

A) Дж. Форрестер.

B) Д. Медоуз.

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

4. «Рим клубының» бірінші «Өсу шектері» баяндамасының авторын атаңыз:

A) Б. Миллер.

B) Д. Медоуз.

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

5. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Халыкаралық Комиссияның төрағасын атаңыз:

A) Дж. Форрестер.

B) Х. Брунтланд

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

6. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Конвенциясының өту уақыты мен орнын көрсетіңіз:

A) Йоханнесбург, 2002 ж.

B) Рио-де-Жанейро, 1992 ж.

C) Вашингтон, 1973 ж.

D) Стокгольм, 1972 ж.

E) Севилья, 1995 ж.

7.Қоршаған ортаны қорғау облысында халыкаралық ынтымақтастықтың негізгі қағидалары жасалған:

A) Рио-де-Жанейрода, 1992 ж.

B) Минскте, 1983 ж.

C) Йоханнесбургте, 2002 ж.

D) Стокгольмде, 1972 ж.

E) Севильяда, 1995 ж.

8. Қоршаған орта бойынша декларация қабылданған Декларация по окружающей среде была принята:

A) Рио-де-Жанейрода, 1992 ж.

B) Минскте, 1983 ж.

C) Йоханнесбургте, 2002 ж.

D) Стокгольмде, 1972 ж.

E) Севильяда, 1995 ж.

9. Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттікті көрсетіңіз:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) БДСҰ.

E) МАГАТЭ.

10. Озон қабаты бойынша Веналық келісімге қол қойылды:

A) 1995 ж.

B) 2000 ж.

C) 1985 ж.

D) 1970 ж.

E) 1990 ж.

«Экология және тұрақты даму» екінші аралық бақылау сұрақтары

1. Биосфераның дамуы, биосфераның қасиеттері, биосфераны қорғау.

2. Биосфера құрамы және шегі.

3. Биосферада тірі организмдердің таралу схемасын сызу.

4.Табиғаттағы зат айналымы. Кіші айналым мен үлкен айналым.

5. Көміртек, азот, оттегі биогеохимиялық циклы.

6. Фосфор мен күкірт биогеохимиялық циклы.

7. Зат пен энергияның таралу схемасын сызу.

8. Экожүйе концепциясы (тұжырымдамасы).

9. Көлдегі қоректену тізбегін сызу.

10. Табиғатта өнім шығуы және ыдырау процестері.

11. Экожүйе гомеостазы. Экожүйе энергиясы.

12. Экожүйедегі организмдердің қоректену байланысын сызып көрсету.

13. Экожүйенің биологиялық өнімділігі.

14. Экологиялық пирамидалар. Экожүйенің циклдығы.

15. Экологиялық сукцессия. Сукцессиялық процестер және климакс

16. Атмосфераның ластану себебін талқылау. Негізгі ластану көздері.

17. Гидросфера туралы түсінік алу, гидросфераны тазарту жолдарын қарастыру. Гидросфераның ластануы.

18. Литосфера туралы түсінік алу, литосфераны тазарту жолдарын қарастыру.

19. Топыраққа әсер. Топырақ эрозиясы және ластануы.

20. Топырақтың қосымша тұздануы және батпақтануы.

21. Шөлейттену (құрғақтану) процестері. Жер қойнауына әсер

22. Қоршаған ортаның ластануы ж/е оның адам денсаулығына әсері.

23. Урбанизацияның адам денсаулығына әсері.

24. Экологиялық қауіпсіздік.

25. Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы.

26. БҰҰ табиғи ортаны қорғау органдары.

27. Қоршаған орта бойынша БҰҰ (Юнеп ) бағдарламасы және оның халықаралық-құқықтық негізі.

28.Магатэның қызметiндегi қоршаған ортаны сақтау мәселелері.

29. Дүниежүзілік мұхиттың ластанудан шекарааралық қорғауы.

30. Каспий теңізінің мұнаймен ластануы. 18.2. Дүниежұзілік мұхит халықаралық-құқықтың объекті ретінде.

31. 1972 ж. Теңіздерді радияциялық қалдықтардан қорғайтын конвенция