Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкмд каз для мп.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
1.16 Mб
Скачать

1. Биосфера тұжырымдамасының қалыптасуы. В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Компоненттері.

2. Тірі зат тұжырымдамасы.

3. В.И. Вернадскийдің негізгі биохимиялық заңдар

Қолданатын әдебиеттер

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

Биосфера туралы түсінік және оның компонентттері.

«Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады. Егер «биосфера» түсінігімен, Зюсс бойынша, жер қабығының 3 сферасындағы (қатты, сұйық, газ тәрізді) тірі ағзалары байланыстырылса, ал В. И. Вернадский бойынша ең басты роль тірі ағзаларды геохимиялық күштерге бөлінеді.

Биосфераның негізгі қасиеттері.

1) Биосфера- орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм)

2) Биосфера-ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі.

3) Биосфера-өзін-өзі реттелуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.

4) Биосфера-көп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты.

5) Биосфераның маңызды қасиеті – заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы.

Биосфераның еркшелік сипаттамалары. Атмосфера, гидросфера және литосфера, олардың қысқаша сипаттамасы, компоненттері. Биосфераның шекаралары. Биосферадағы заттардың айналымы. Ғаламдық биогеохимиялық айналымдар. В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Тірі зат тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық маңызын анықтау. Күшті геологиялық және геохимиялық фактор ретінде антропогенді әсерлердің тұжырымдамасы. Қазіргі кездегі биосфера. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Атомдардың биогенді өрісі заңы. Биосефраның биогенді, негізді (косное вещество), бионегізді (биокосное вещество) және тірі заттары. Күрделі динамикалық өзін-өзі реттеуші жүйелер ретінде Жердің ішкі және сыртқы қабаттарының өзара әрекеттері. Заттың механикалық, физикалық-химиялық биогенді және техногенді өрістері. Үлкен және кіші геохимиялық айналымдар. Үлкен айналымның ашықтығы және оның геохимиялық салдары. Жердің энергетикалық тепе-теңдігінің негізгі ерекшеліктері.

Биосфера ұғымын 1876 жылы австралиялық гелог Эдуард Зююс өзінің альпі тауларының шығу тарихы туралы кітабының соңғы тарауында жер шарының қабаттары жайында баяндағанда ең аташ пайдаланды. Бірақ оның ғылым ретінде дамытады. Биосфера концепциясының негізгі қағидаларын 1926 жылы В. И. Вернадский тұжырымдады.

Жердегі энергия көзі күн болғандықтан, күш тірі организмдер жердің екі қабығы литосфера мен гидросфераның жоғарғы қабаттарына тараған. Литосфера тірі организмдер болмашы ғана тереңдкте енеді.

Тірі организмдер литосфераның бетінен атмосфераның төменгі, бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейінгі биіктіктегі қабатарна тараған.

Гидросферада ең беткі қабатынан табанына дейін тіршілік тараған.

Биосфераның әуеге қарай өршуін негізінен сұйық күйіндегі судың тапшылығы мен көмірқышқыл газының парционалдық қысымының төмендігі шектейді.

Биосфераның әр түрлі бөліктерінде тіршіліктің дамуын әр түрлі заттар шектейді. Шөлді жерлерде су күйіндегі сутегі мен оттегінің тапшылығы шектейді. Ашық мұхитта игерілуі тың гирототық түріндегі кездесетін темір. Биосфераның биотикалық бөлігі, абиотикалық бөліктің басқарушысы болады. Биотикалық жүйеде басқару қызметін комсулинттер атқарады. Өйткені жүйенің тұрақтылығы осы консулинттерге байланысты.

Жр бетіндегі биомдар ретінде тундралардың , ормандардың, шөлдердің және т. б. жеткілікті болуы қажет.

Акад. В. И. Вернадскийдің «Биосфера- ноосфера» концепциясы. Жүз жылдан астам ауқыт бұрын 1875ж. Австралиялық геолог Эдуард Зюсс «биосфера» терминін алғаш рет қолданған болатын. 1926ж. Орыс минералогы В. И. Вернадский 2 лекциясы жарыққа шықты. Сол лекцияларда ол Зюсстың еңбектерінен кейін 50 жылдан соң биосфера концепцияларының негізгі қағидаларын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тричы бойында тірі оргаизмдердің әсеріне ұшырыған барлық қабаттарын түсінді.

Биосфера – Жер шарының айрықша қабығы. 1-ден биосфера сұйық күйдегі судың мөлшері айтарлықтай көп. 2- ден, оған Күн энергиясының тасқыны ықпал етеді, 3- ден , биосфера үшін сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну беттерінің болуы тән.

Жердегі энергия көзі күн болғанда, күллі тірі организмдер жердің 2- щі қабығы литосфера жіне гидросфераның жоғарғы қабаттарында таралған. Бірақ биосфера жарық жететін жерлермен шектелмейді. Литосфераға тірі организмдер болмашы тереңдікте ғана енеді. Олардың негізгі бөлігі топырақтың жоғарғы, қалыңдығы ондаған сантиметр қабатында шоғырланған, тек бірен – сарандығы ғана бірнеше метрге төмендейді (өсімдік тамыр, жауын құрты). Жарық болмағандықтан жасыл өсімдіктер литосфераның терең, қабаттарына ене алмайды. Тірі организмдер литосфераның бетінен атмосфераның төменгі қабаттарына таралады. Атмосфера мен литосферадай емес, гидросфера ең беткі қабаттарынан табанына дейін тіршілікке толы.

Ноосфера – ақыл қабаты. Ноосфера гректің «ноос»- ақыл сөзінен шыққан, ақыл қабаты деген ұғымды білдіреді. Адам биосфераға әсер етеді және адам ақылынан жиі ауып кетеді. Ноосфера туралы ілім Вернадскийдің ғылымы іс- әрекеттерімен байланысты. Француз математигі Э. Леруа 1927 жылы ноосфера туралы ұғымды енгізді. Вернадский биосфераны оқытуды дамыта отырып ноосфера ұғымына терең ғылыми маңыз берді. Ол ортаны және қоғамды құруда маңызды рөл атқарды. Ноосфера биосфера дамуының жоғары стадиясы деп қарау керек. Ол ондағы адамзат қоғамының дамуымен байланысты. Адамзат табиғат заңдарын таниды, техниканы жоғарғы деңгейіне дамытатын тұғырлы планеталық күш.

Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.

Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".

1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.

В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті. Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді. Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.[3]

Негізгі терминдер

Ноосфера- ойлау қабаты.

Тақырып бойынша тест сұрақтары

1. «Биосфера» терминін ұсынған ғалымды атаңыз:

А) Э. Зюсс.

B) В.ВДокучаев.

C) В.И.Вернадский.

D) Э. Геккель.

E) Ю. Одум.

2. Жеке заттардың айналымын В.И.Вернадский қалай атады?

А) Биологиялық.

B) Биогеохимиялық цикл.

C) Шөгу циклі.

D) Геологиялық

E) Химиялық.

3. Биосфера ғылымының авторы:

А) Зюсс.

В) Тунелли.

С) Дарвин.

Д) В. И. Вернадский

Е) Э. Геккель.

4.Ақыл-ой сферасы:

А) Биосфера.

В) Тропосфера.

С) Ноосфера.

Д) Атмосфера.

Е) Гидросфера.

5. Биосфераның абиотикалық бөлігі – бұл:

А) Топырақ, жер беті жануарлары.

B) Тропосфера және стратосфера.

C) Топырақ, су, ауа ортасы.

D) Микроағзалармен байытылған топырақ түрі.

E) Гидробионтті су ортасы.

6. Биосфера-бұл:

А) Биосфераның ең жоғарғы сатысы адамның саналы іс-әрекеті.

B) Жер планетасында тіршілік тараған орта.

C) Адам әрекеті тараған аймақ.

D) Жер планетасында өткен дәуірдегі тіршілік тараған аймақ.

E) Қазіргі жерде тіршілік жоқ орта.

8. Биосфераның биотикалық бөлігі – бұл:

А) Жердегі тіршілік жиынтығы

B) Тропосфера және стратосфера.

C) Топырақ, су, ауа ортасы.

D) Топырақ түрі.

E) Вулкандар.

9. "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе"-деп айтқан кім?

А) Э. Зюсс.

B) В.ВДокучаев.

C) В.И.Вернадский.

D) Э. Геккель.

E) Ю. Одум.

10. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км ал терең максимальді тереңдік Мариан шұңғыламасында қанша? Бұл жерде тіршілік көзі бар.

А) 11022м.

B) 44022м.

C) 10011м.

D) 22022м.

E) 33022м.

Сабақ № 6 Тұрақты даму концепциясы (тұжырымдамасы).

(1 сағат)

Дәрістің мақсаты мен жоспары

Тұрақты даму тұжырымдамасы туралы түсінік алу.

Жоспар:

1. Тұрақты даму факторлары. Экологиялық фактор. Экономикалық фактор. Әлеуметтік фактор.

2. Тұрақты даму стратегиясымен принциптері. Тұрақты даму деңгейлері.

3. Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі

4.Тұрақты дамудың бірден-бір аспектіліренің бірі табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.

5. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары.

6. Биологиялық ресурстар және азық түлік қауіпсіздігі. Табиғатты қорғау. Табиғатты ұтымды пайдалану.

7. Экологиялық тұрғыдан таза альтернативті энергия көздерін пайдалану экожүйелермен қоғамның тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі.

Қолданатын әдебиеттер

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

 «Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады.» (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, «Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейіуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін. Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. 1972 жылы басылған "Өсу шегі". Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі   және әлемнің орнықты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді  көшіру, зиянды өндірістерді жабу (көмір шахталары, тілімдер, карьерлер және т.б.) және басқалар  басталды.  1980-ші жылдары «орнықты даму» термині экологиялық проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу мақсатында БҰҰ қалыптастырылған  Брундтланд комиссиясының есебінде қолданылды. 1987 жылы бірнеше жыл бойындағы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешілуінсіз  экологиялық проблемаларды шешу мүмкін емес және орнықты даму жөнінде кең мағынада айту қажеттігі туралы тұжырымға келді.  Комиссия БҰҰ ұсынған баяндамасында орнықты даму келесідей болып анықталады: «Тұрақты даму - Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады».  Анықтамаға келесі түсіндірме берілген болатын: «Тұрақты және ұзақ мерзімді даму өзгеріссіз үйлесімдік жағадйы емес, керісінше өзгерістер процесі, онда ресурстартды пайдалану, капитал салымдарын бағыттау, техникалық дамуды   бағдарлау  және институционалды өзгерістер ағымдағы және болшақтағы қажеттіктермен үйлеседі».

XXI ғасыр күн тәртібі  — әрекеттер жоспары

 1992 жылы БҰҰ Қоршаған орта және даму комиссия эгидасымен өткен Әлемдік жер Саммитінде Планетаның орнықты даму проблемалары талқыланды. Әлемнің  179 елдерінің басшыларымен XXI ғасыр күн тәртібі қабылданды, ол теңдесі жоқ Тұрақты даму мүддесін қолдаудың ғаламдықжоспары болып табылады және біркелкі стратегия негізінде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды кешенді қарау тұрғысынан алғанда ірі жетістік болып табылады. XXI ғасыр күн тәртібі 2500 астам ұсынымдардан тұрады, оның ішінде тиімсіз тұтыну құрылымдарды өту әдістеріне, кедейшілікпен күрес, атмосфераны, мұхиттарды және билогиялық әркелкілікті   қорғау және орнықты ауыл шаруашылығын қолдау. XXI ғасыр күн тәртібі баяндалған ұсыныстар БҰҰ халықты орналастыру, әлеуметтік даму, қалалар және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша бірнеше ірі конференцияларында, атап айтқанда  2002 жылы Йоханесбургте өткен Әлемдік орнықты даму бойынша саммитте толықтырылды және жетілдірілді. Тұрақты даму планетаның барлық тұрғындарының өмір сапасын арттыруды, табиғи ресурстарды пайдалану көлемін Жердің экологиялық жүйе ретіндегі мүмкіншіліктерінен аспайтын шектен арттырмауды болжайды. Тұрақты даму өмір салтын қалыптастыру бойынша күш салу үш басты саладағы қызметке кещенді әдісті қоладануды болжайды: Экономикалық өсім және әділеттілік – ұзақ мерзімді экономиклық өсімді ынталандыруда кешенді әдістерді қолдану. Табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау – ресурстарды тұтынудың азайту проблемаларын экономикалық тұрғыда қабылданатын шешімдерін іздеу, қоршаған ортаны ластауды тоқтату және өмір сүру ортасын сақтау.

Әлеуметтік даму  – адамдарды жұмыс орындары, азық-түлік, білім, энергия, медициналық көмек, су, және санитария қажеттіктерін қанағаттандыру; бай мәдени және әлеуметтік әрікелкілікке деген ұқыпты қарау және еңбеккерлер құқықтарын сақтау; қоғамның барлық мүшелерінің олардың одан арғы тағдырына әсер ететін шешімдердің қабылдануына қатысу мүмкіншілігімен қамтамасыз ету.

Қала тұрғысында даму 

Тұрақты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалардың орнықты дамуы бойынша Еуропалық конференцияда   атап өтілді, онда «Орнықты даму үшін Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы)» қабылданды. Бұл құжатта «әрбір қала басқа қалаға ұқсас емес болғандықтан, біз бәріміз орнықты дамуға апаратын өз  жолымызды табуымыз керек. Жергілікті саясаттың барлық бағыттарында орнықтылықтың принциптеріне негізделген жөн және әрбір нақты қаланың күшті жақтарына сүйене отырып жергілікті орнықты даму стратегияларын әзірлеу керек» делінген. 1994 жылғы маусымда өткізілген  Екінші «Қалалар және орнықты даму» проблематикасы бойынша әлемдік самитте (Манчестер, Ұлыбритания) көлік, кедейшілікті жеңу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, қаржы және ресурстарды бөлу міндеттерімен  байланысты қалалардың орнықты даму бағыттары талқыланды. Әлем қауымдастығының берілген проблематикаға назар аударуының нәтижесі  БҰҰ елді мекендер орталығы қолдайтын «Қалалардың орнықты дамуы» арнайы бағдарламасының пайда болуы болып табылады.  Бұл бағдарламада әлемнің  80 астам елдері қатысады. БҰҰ анықтамасы бойынша «орнықты қала, онда қоғамдық, экономикалық және физикалық дамудағы жетістіктер тұрақты болып табылады. Тұрақты қала, орнықты дамуы тәуелді болатын  табиғи қазбалармен тұрақты қамтамасыз етілген. Тұрақты қала тұрғындарының қауіпсіздігін, соның ішінде табиғи аппаттардан да ұзақ мерзім бойында сақтайды.». Басқа сөздермен айтқанда, қаланың орнықты дамуы оның халқының қауіпсіздігін және жоғарғы өмір сапасын қамтамасыз етеді. Тұрақты даму стратегиясы аясында қалалық деңгейде әртүрі қызмет салаларындағы, жекелеген аудандарғы проблемалар шешіледі. Тұрақты даму бағдарымен жүріп келе жатқан әлемнің барлық қалаларында онда миссия және/немесе қаланың көруі, орта немесе ұзақ мерзімді перспективаға анықталатын  қаланың тіршілігінің  барлық негізгі салаларын дамытудың жалпы тұжырымдамасы айқындалатын стратегияларды (стратегиялық жоспарларды) әзірлеу тәжірибесі қабылданған. Мұнымен бірге, қаланың жалпы жағдайының  ерекшелігі ескеріледі. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялары бар қалалардың мысалдары:

1. «Оттава - 2020» Өсуді басқару стратегиясы

2. Канберра – 30 жылға арналған қаланы дамыту жоспары, үш өзара байланысты бөлімдерден тұрады   – Әлеуметтік жоспар, Аумақтық жоспар және Экономикалық даму жоспары

3.2006 жылға дейінгі Праганы дамытудың стратегиялық жоспары

4. Мельбурнды 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары

5. Софияның 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы.

Әлемнің  кейбір қалаларындағы онықты дамуды қамтамсыз ету бойынша жобаларды іске асыру мысалдары [4].  

 Қоршаған орта

 Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында,   Осло қаласында  (Норвегия), ол 2003 жылы БҰҰ «Еуропаның орнықты қаласы» болып танылған, 20 ғасырдың 90 –шы жылдардың бойында  атмосфераға  қатты заттардың, күкірт қышқылының, қорғасын және азот оксидінің шығарылыуын төмендету бойынша бағдарлама іске асырылды. Шығарылулар көлемін азайту қажеттігін туғызған себеп, ол жекелеген аудандардағы ауаның газдануы деңгейінің артуы салдарынан балалар арасында   астама және басқа да тыныс өкпе ауруларының ұлғаю болып табылды. Ластанудың негізгі себебі қаладағы қарқынды автомобиль  қозғалысы болып табылған. Берілген проблеманың неігзгі шешімі  қоғамдық көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда, пайдалануға трамвайларды, жерасты қоғамдық көлігінің жүйесін және электотоғымен жұмыс істейтін монорельсті поездарды енгізу болып табылды (тоқ көзі – гидроэнергетика). Сондай-ақ жеке автокөлікке шығыс газдарын каталитикалық өртеушілер орнату міндетті болды. Осло қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін  жақсарту үшін, атап айтқанда, метро желілерін кеңейту үшін қала әкімшілігі орталық үкіметтен қаржыландыру алады. Германия жел энергиясын пайдалану бойынша әлемде бірінші орын және күн энергиясын пайдалану бойынша екінші (Жапониядан кейінгі) орын алады. «Жаңаратын энергия туралы» заң әрекет етеді: күн немесе жел көмегімен өндірілген әрбір киловатт-сағат үшін үкіметі өндірушіге 48 цент төлейді, бұл көмір есебінен өндірілетін энергияның нарықтық бағасынан - 5 цент,  әлде қайда артық. Нәтижесінде қазіргі уақытта елде 14 мың жел және 80 мыңнан астам күндік өндірісітікқондырғылар орналасқан және жыл сайын баламалы энергия көздеріне инвестициялар шамамен  6 млрд. евродан құралады. Геттеборн ауылының маңында  2008 жылға арай әлемдегі ең ірі күн электрстанциясы салынады, қуаттылығы 8,2 МВт құны 35 млн. евро. Үкімет кіші қуатты күн көзімен су жылытатын қондырғыларға инвестицияларды салуды жалғастыруды жоспарлауда.  Күн көзімен су жылытатын қондырғыларға ие болғысы келетін неміс отбасы  күн колеккторлары орналастырылған әрбір шаршы метр үшін  110 евродан алуы мүмкін. 1999 жылдан бастап ГФР мемлекеттік бюджетінен бұл бағдарламаны іске асыру мақсатында   2,7 млрд. евро бөлінген. Күн энергетикасын дамыту тек қана қана қоршаған ортаны қорғауға көмектеспейді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құрады. 2004 жылы саладағы жұмыспен қамтылғандардың  саны 4 мың адамға артып, 16 мыңадамға дейін жетті. Перспективада, неміс мамандарының есебі бойынша, күн энергетикалық қондырғыларын салу, жөндеу және қызмет көрсету ГФР шамамен 100 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамаыз ете алады. Цюриха имиджі күн энергиясының биржасын құру идеясынының арқасында  жаңа экологиялық сипат алды. 1997 жылдың мамырынан бастап Цюриха электростанциясының клиенттері электр энергиясының орнына күн энергиясын алу мүмкіншілігін алды, осылайша олар қаражаттың алты есе үнемделуін қамтамасыз етті және экологиялық энергетиканы қолдауда өз үлесін қосты. Ұсынысты халық өте жақсы қабылдады, өте қықа мерзмінің ішінде алғашқы күн қондырғылары өндіруі мүмкіндігіенен екі есе асатын мөлшерде күн энергиясына тапсырыс түсті. Электростанция клиенттерінің 3% күн энергиясының биржасына қатысады. Үлкен сұраныстың арқасында алғашқы биржаның басталуынан кейінгі 20 ай ішінде   жалпы қуаты  365 мың квт.с. болатын 16 жаңа күн қондырғыларын қосу мүмкін болды, осы сияқты жалпы желіге қосулар одан әрі үздіксіз жалғасуда. Цюрих электростанциясы өзіне жеткізушілер мен клиенттер рарасындағы белсенді делдал ролін алады. Ол күн энергиясын сатып алады, сонан кейін оны қосмыша құнсыз барлық жеткізулердің аралас бағасымен сатады. Күн энергиясын жеткізушілер өз қондырғыларын салады және оларды қала  ішінде саылнған алаңдарда өз қалауы бойынша орналастырады. Бұл үшін электростанция 20 жыл мерзімінде күн энергиясын тұрақты бағамен сатуды кепіл етеді. Раухалахти (Финляндия) қаласында мақсаты жылу мен электр тоғын стандартты (көмір, газ) және баламалы (торф, биомасса, өнірістік қалдықтар) көздерді пайдалан отырып өндіру әдістерін біріктіру болып табылатын жоба  іске асырылды. Жоба  целлюлоз-қағаз өнеркәсібі және басқа да өңдеуші өнеркәсіп өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті билік органының қатысумен іске асырылды. Кәсіпорындардың шығыс тесіктеріне қойылған фильтрлер атфмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін екі есеге азайтуға көмектесті. Жоба жылу көзі ретінде өндірістікжәнеқаланың тіршілік әрекеті қалдықтарын қолданудың негіздемесін растады. Азғана инвестицияларға қарамастан, мұндай кәсіпорындар  рентабелді және үздіксіз энергия өндіру тұрғысында сенімді болып шықты.

Әлеуметтік сала  

Ұлыбританияда балалар орталығын құру бойынша пилотты жобалар сәтті енгзілді. Мұндай орталықтар балаларға күндізгі қарау бойынша қызметтер көрсетеді;   яслилері бар; ата-аналармен оқу сабақтарын жүргізеді, балалардың мектеп өміріне белсенді қатысады және белсенді және мүдделі ата-аналарды балаларға блім беру және тәрбиелеу сапасын арттыру бойынша мәселелерді шешуге тартады. Сондай-ақ мектеп ғимараттарын (және бірқатар басқа мекемелер) салуға және жабдықтауға қойылатын талаптар әзірленген.   Мысалы, көп қабатты мектептерде әрбір қабат ойындарға арналған құралдар мен орын-жайлармен жабдықталуы тиіс. Халық саны 1,3 млн. тұрғынды құрайтын, Ресифе (Бразилия) қаласында қаладағы жұмыспен қамту санының өсуіне көмектескен қатты қалдықтарды жинау және жою бйоынша жоба іске асырылды. Жоба бойынша жауапты тұлға тазалақыты сақтауды қамтамасыз ететін және қала инфрақұрылымына қызмет көрсететін   Urban Cleaning and Maintenance коммуналық ұйымы тағайындалды. Жобаны әзірлеу және іске асыурдың себебі, үй шаруашылықтарының өз тіршілік әрекетінің қалдықтарымен  өзен бассейндарын ластаудың жоғарғы деңгейі  болды. Жоба мақсатына адамдардың қоршаған ортаға қатынасын өзгерту,  жергілікті жерлерде қалдықтарды бөлуді ұйымдастыру, оларды одан әрі жою болып табылды. Жобаны іске асырудың екі жылынан кейін өңделетін материалдардың   көлемі ұлғайды, өзендік су қоймаларына түсірілетін қатты қалдытар көлемі азайды, өз кезегінде бұл ауыз су сапасының жақсаруына әсер етті. Халықты экологиялық және гигиеналық оқыту нәтижесінде адамдар қалдықтарды бөлуді үйренді, кейбіреулер үшін бұл табыс көзіне айналды (жинап алып, өңдеуші кәсіпорындарға сату).

Қалалық жоспарлау және даму 

Ванкувер (Канада) қаласында жергілікті басқару оргнадары  қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қалық дизайн, әлеуметтік бағдарламалар және т.б. жөнінде шешім қабылдауға қатысудың кең мүмкіншіліктерін ұсынады. Атап айтқанда, Ванкуверде және Канаданың басқа қалаларында олардың ойы бойынша олар тұратынауданның пролемаларын шешетін жерглікті жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін  қала тұрғындарына ақшалай қаражат бөлу тәжірибесі қолданылады. Финляндиияда пәтерлерге арналған мемлекеттік жәрдемақылардың екі түрі бар. Біріншілеріне табысы жоғары емес адамдар үміт арта алады. Бұл жәрдемақы пәтерді жалдау шығындарын жабуға арналған. Екінші жәрдемақы түрі пәтерді сатып немесе салу үшін ұсынылады. Ол банк несиесінің пайыздары бойынша жеңілдіктер болып табылады. Егер  финн мұндай жәрдемақы түрін пайдалануды шешсе, ол онда өзіне ірі пәтер алуға мүмкіншілігі болмайды. Сонымен бірге ол өз жанұясы үшін сатып алатын немесе салатын, сонымен бірге несие бойынша жеңілдіктерді пайдалануды шешкен адам үшін  пәтер көлемін банк белгілдейді. Мемлекет сондай-ақ пәтерді алғашқы рет сатып алатын жастарды несиелік пайыздар бойынша жеңілдіктермен қолдайды. Бүгін көппәтері үйлерді қайта жаңарту бойынша жобалар ел бойынша іске асырылуда, кейбір кездерге қайта жаңартылуға бүкіл шағын аудандар қойылады.Тұрғын-үй қорын жаңартуға мемлекетте қатысады. Оның көмегі ол банктегі несие бойынша кепіл болып табылады. Үйді күрделі жөндеу үшін жөндеуге қажет шығындардың  80% мөлшерде жеңілдетілген  несие алыға болады. Мемлекет қолдануының арқасында 16 жылдық мезімге алуға болатын мұндай несиенің пайыздық өлшемі  жылына 3,5% аспайды.

Берлин – автомобильдер емес,  тұрғындар мен қонақтар үшін қала, бірақ замануи коммуникациялармен. Берлиннің қала құрылсы тұжырымдамасы (бұрыңғы шығыс германия аумағында) өз күшін дәстүрлі еуропалық қалаларға тән деңгейге дейін құрылыс тығыздығынжоғарлату арқылы «қысқа жолдар қаласын»  құруға талпынуда. Бұл кең автотрассаларды «кері салуды» қажет етеді және өмір деңгейі мен қала орталығында болу сапасын   арттырады.  Бұл тұжырымдаманы іске асырудың мысалы жүздеген жылдар бойында Потсдам алаңы мен Александерплатцты қосатын торап болып саналған   Шпителльмаркт ауданын жаңарту боып табылады. Шпителльмаркт ауданындағы  біріккен Берлинге мұраға қалған сегіз жолақтық автокөлік қозғалысын «кері салу» арқылы қысқарту жөнінде шешім қабылданды. Бұл қалалық алаң  қала тұрғындары мен қонақтары үшін коммуналдық торап болды. Біріккен қаланың жүк және жолаушылар тасымалындағы қажеттіктерін қанағатандыру үшін төрт көлік құралын бірыңғай желіге біріктіруге шешім қабылданды: бағдарларының ұзындығы 300 км  электричка; желілерінің ұзындығы 167 км болатын  метро; ұзындығы 411 км болатын  трамвай жолдары, автобус бағдарлары  (1855 км). Қайта жаңарту және бағдарлар желілерін кеңейту арқасында Берлин орталығындағы жолаушылар тасымалы  80% муниципалды жолаушы көлігімен, ал  20% -  автомобильде іске асырылуы тиіс берлин Сенатының қаулысын іске асыру мүмкін болды. Техникалық инновация ретінде аспалы магнитті  «Трансрапид» жолын салу болады (федералды өкімет  2 млрд. евро қаржы бөлді), оны салу 2005 жылы аяқтаулы тиіс. Бұл жол  Гамбург және Берлинді қосады, жол уақыты бір сағаттан кем болады. Ұлыбританиядағы орнықты және қауіпсіз ғимаратар жөніндегі 2004 жылғы Актіге сәйкес ғимараттар орнықты даму талаптарына сәйкес боуы тиіс, атап айтқанда ғимараттарды салу кезінде экологиялық нормалар сақталуы тиіс, энергия мен суды аз пайдалануға көмектесетін материалдар қолданылуы тиіс.

Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған. Гру Харлем Брундтланд – 1980-ші жылдары Норвегияның қоршаған ортаны қорғау министрі, кейіннен Премьер-министр, қазіргі уақыта – Халықаралық денсаулық ұйымының атқарушы директоры.

Тұрақты даму бойынша Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы), Аалборгте (Ольборге), Дания, өткізілген ірі және кіші қалаларды орнықты дамыту бойынша Еуропалық конференциясында қабылданған, 1994 жылғы  27 мамыр. Тұрақты даму жөніндегі комиссиясы  «Сәтті хикаялар» атты ақпраттықжинақтар шығарады – оларда осы саладағы қалаларда іске асырылған сәтті жобалардың қысқаша сипаттамасы беріледі. Әрбір жинақ ішінде  - әртүрлі елдерде іске асырылған ондаған жоблардың сипаттамасы. Бұл материалдар әлем бойынша үлгі алатын мысал ретінде таралады

Мәселе

Мәселенің қысқаша мәні

Кедейлікпен күрес

Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын өзгерту

Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----

Халық және тұрақтылық

1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.

Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту

Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

- СПИД-пен күреске жұмылдыру;

- туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;

- бала өлімін кеміту;

- халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

- еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

- халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- балалардың денсаулығын қорғау;

- қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.

Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация)

2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау

Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану

Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес

Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.

Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес

Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану

Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану

Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;

- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

- барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою.

Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды жою

Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі

Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру

Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген

Тақырып бойынша тест сұрақтар

1. Тұрақты даму дегеніміз-бұл:

А) Келешекке ұрпақтың қажеттіліктерін шектеп, бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

B) Бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыр.

C) Демографиялық, әлеуметтік дамудың жоғары көрсеткіші.

D) Келешек ұрпақтың қажеттіліктерін шектеместен, бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

E) Экономикалық өркендейдің жоғары сатысы.

2. Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі немен байланысты?

А) Рим клубының баяндамасы болып табылады.

В) Стокгольмдегі конференциямен

С) Киота хаттамасымен

Д) КСРО-ң құлдыраумен

Е) Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясымен

3. Табиғи ресурстарды кешенді пайдалану: А) Пайдалы қасиеттерін табиғатқа зиян келтірмей пайдалану. В) Басым түрлерді пайдалану.

С) Ұтымды пайдалану.

Д) Барлық түрлерін біркелкі пайдалану.

Е) Табиғат ресурстарын қорғау.

4. Тұрақты даму түсінігі қай жылдары кеңінен тарала басталды

А) 80-90жж

В) хх1 ғ

С) 1990ж

Д) 90-95жж

Е) хх-хх1 ғ

5. Тұрақты даму түсінігі қай тілден алынды?

А) Ағылшын

В) Араб

С) Грек

Д) Латын

Е) Қазақ

6. Тұрақты даму үлкен жетістіктерге жету экономикалық дамуы мен қоршаған ортаны қорғау,бірігу қажет-деген ұран ұстанған қай ел?

А) Ақш

В) Франция

С) Қазақстан

Д) Жапония

Е) Қытай

7. Тұрақты даму туралы концепция қай жылы қабылданды?

А) 2003ж 3-желтоқсан

В) 1999ж 3-желтоқсан

С) 2005ж 8-қаңтар

Д) 1980ж 3-қыркүйек

Е) 1989ж 3-қазан

8. Тұрақты даму туралы қабылданған концепция неше бөлімнен тұрады?

А) 5

В) 3

С) 2

Д) 6

Е) 8

9. Рио-де-Жанейро БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау ж/е дамыту туралы шешім қай жылы қабылданды?

А) 1992ж

В) 1989ж

С) 2000ж

Д) 2002ж

Е) 2004ж

10. Эколог,социологтар тұрақты даму концепциясын қай жылдары қолға ала бастады?

А) 70ж 2-ші жартысында

В) хх ғ басында

С) 2000-2001жж

Д) 91ж 2-ші жартысында

Е) 70 ж басында

Сабақ № 7.Биосферада тұрақсыздықтың пайда болуының антропогендік факторлары.

1. Қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақтың өркениет түрлерінің олардың олардың даму сатыларына байланысты жіктелуі.

2. Табиғат пен қоғам қарым-қатынасының тарихы: негізгі кезеңдері (биогенді, аграрлы, өндірістік, ақпараттық).

3. Климаттың өзгеруі. Озон қабатының проблемасы. Қышқылды жаңбырлар

4. Атмосфералық ауаның ластануының экологиялық зардаптары.

5. Атмосфераны қорғау.

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе. Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды. Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.

Бірінші кезең — бастапқы тас (палеолит) дәуірін қамтиды. Бұл кезенде алғашқы кауымдық қоғам қалыптасып, адамдар аң аулауды және өсімдіктерді жинауды кәсіп етті. Осы дәуірдің өзінде-ақ адамның өсімдіктер мен жануарларға әсері байқала бастады. Мысалы, ретсіз көптеп аулаудың нәтижесінде мамонттар, алып бұғылар, жүнді мүйізтұмсықтар және т.б. аңдар жойылды. Екінші кезең — неолит дәуіріндегі (VIII—VII б.з.д. мыңжылдық) егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуымен ерекшеленді. Мұндай шаруашылықтар үшін бұрын пайдаланылмаған жаңа жерлер игерілді, орманды алқаптар қырқылды, шалғындықтар жыртылды және т.б. Осындай іс-әрекеттердің әсерінен бір кездегі табиғаты шұрайлы жерлер (Сахара, Гоби, Қарақұм, Қызылқұм өңірлері) бірте-бірте шөлге айналды. Бұл дәуірдің соңында адамдар жаңа жерлерге саяхаттар ұйымдастырып, бұрын белгісіз құрлықтарға қоныстанып, сол аймақтардың табиғатын игере бастады.Үшінші кезең — өнеркәсіптің қарқынды дамуымен ерекшеленді. Бұл кезең XVII ғасырдан бастап XX ғасырдың орта кезіне дейінгі аралықты камтиды. Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін жаңа шикізат көздері пайдаланыла бастады. Соның нәтижесінде жаңа отын мен пайдалы қазба түрлерін пайдалану еселеп арта түсті. Бұл кезеңде адам санының артуы, түрлі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының кең өріс алуы, адамның табиғатқа әсер етуін күшейтіп, пайдалы қазбалар қорының азаюына, биосфераның ластануына ықпал етті.

Экологиялық дағдарыс (немесе төтенше экологиялық жағдайлар) кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас шиеленісе түседі. Бұл кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар биосферадағы тарихи қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді. Мұның өзі түптеп келгенде адамзат өміріне қауіп төндіре бастады. Экологиялық дағдарыс — қайтымды процесс. Оны адамның белсенді түрде жүргізілген іс-әрекеттері арқылы біртіндеп жоюға болады. Мысалы, экологиялық таза энергия (жел, Күн, су) көздерін кеңінен пайдалану немесе пайдалы казбаларды әрі тиімді, әрі кешенді пайдалану және т.б. Тірі организмдердің сирек түрлерін қорғау жұмыстарын қатаң қадағалау, ормандарды қалпына келтіру, топырақ құнарлылығын арттыру және т.б. жұмыстар арқылы да экологиялық дағдарыстарды тоқтатуға болады.

Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынас әбден шиеленісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік мүлдем бұзылады, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан да экологиялық апат қайтымсыз процесс болып саналады. Экологиялық апат көбіне адамның тікелей немесе жанама іс-әрекеттерінің нәтижесінен пайда болады. Бұл кезде кейбір өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері мүлде жойылады.

Адамдардың іс-әрекеттерінен соңғы 300 жылда құстардың 140- қа жуық, ал сүтқоректілердің 106 түрі біржола жойылып кеткен. Антропогендік факторлардың жануарлар дүниесіне әсер етуі жылдан-жылға айқын байқалуда.

Ғаламдық экологиялық мәселелер — мұндай мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 млрд т-дай көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәулелер жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады. Кері шағылысқан бұл сәулелерді көмірқышқыл газы, метан, фреондар және т.б. газдар өздеріне сіңіреді де, температура көтеріледі. Күннің кері шағылысқан жылуын сіңіретін газдарды парниктік (жылыжайлық) газдар деп атайды. Парниктік газдардың атмосферада біртіндеп жинақталып, атмосферадағы жылу балансының өзреуін парниктік эффект деп атайды. Аймақтық экологиялық мәселелер — жер бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады. Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және Ертіс өзендерін және т.б. қорғау мысал бола алады. Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады. Жоғарыда аталған экологиялық мәселелердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Өйткені кейде жергілікті мәселелер аймақтыққа, ал аймақтық мәселелер ғаламдық мәселелерге ауысып кетуі де мүмкін.

Атмосфералық ауа құрылымы және оның негізгі ингредиенттерінің экологиялық маңызы. Біздің дәуірімізге тән ерекшеліктердің бірі өнеркәсіп өндірісінің ғылыми – техникалық прогресі болып табылады. Химия өнеркәсібінің мекемелері атмосфераны көмір сутектерімен, күкүртті ангидритпен, азот тотықтарымен, хлор және фтордтың әр түрлі қоспаларымен, және т. б. ластықтармен ластайды. Химиялық зауыттар құбырынан шығатын шаңтозан құрамында марганец, хром, қорғасын, қалайы, сынап және басқа металлдар жи кездеседі.

Жылу станцияларында электр энергиясын өндіру күдің, күйенің, күкіртті қоспалардың және азот тотықтарының орасан зор мөлшерде атмосфераға қосылуына себеп болады.

Атмосфералық ауа_ көптеген газ тәрізді заттардың қоспасы болып табылады. Ауаның негізгі массасын құрайтын азот және оттегі болып табылады. Бұлардан басқа онда көмір қышқыл газ, аргон, неон, гелий және т. б. газдар бар.

Кесте 1. Атмосфералық ауа құрамы

Газдар

Мөлшері

1

Азот

78,15

2

Оттегі

20,78

3

Көміртегі оксиді

0,03

4

Инертті газдар

1- ге жуық

Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды.Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі.Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады.   Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшеріе жабылуымен түсіндіріледі.Соңғы жылдары ғалымдавр озон тесіктерінің пайда болуы адам қызметіне байланысты емес деген пікірлерді жиі айтып жүр.Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың ертеде де орын алғанын және олар тек  табиғи процестерге байланысты,соның ішінде күн белсенділігінің он бір жылдық циклімен ,екені туралы жорамал айтады.   Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі, ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады.Сонымен қатар ,Антарктиданың үстінде озонның тарлуына әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер айтылуда.   Атмосфераның төменгі қабаттарындаозон күшті антитоксикант және бактериоцид болып табылады.Ол жағымсыз иістерді,кейбір канцерогенді заттарды бұзуға қабілетті.Бірақ,жоғары концентрацияда күшті у болып табылады.Адамда ол тыныс алуды қиындатады,көзді тітіркіндіреді,өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап,хлорофиллді бұзады.   ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалады.Мәселен,1987-шы жылы Антарктида тұсында байқалып озонның мөлшері күрт азайып,ол жеті млн км2 аумақты қамтыған.Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған.Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «озонның жұқару» себебін зерттеу басталды.Нәтижесінде, оның негізгі көзі – хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды.Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырып, хлор тотығын түзеді.Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады.Нәтижесінде озонның жұқару процессі басталып, костостан келетін зиянды ультракүлгін сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.   Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлеметі бойынша атмосферадағы  озонның бір пайызға азаюы ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған, адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жұқпалы аурулардың меңдеп кетуіне жол ашатыны дәлелденген.Осыған орай 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конфенция қабылданды.Оның мақсаты – озон қабатың бүлдіретін заттарды шығаруды тоқтату, осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар ұжымы еңбек етуде.

Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Алғашында бұл проблема радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты пайда болды. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, азот оксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн. Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3, күкіртті газ - 50 мкг/м3 - ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Қыналардың кейбір түрлері күкірт қышқылының концентрациясы 10-30 мкг/м3, қылқан жапырақтылар - шекті мөлшерден бар болғаны 3-4 есе көбейгенде тіршілігін жояды. Тұщы сулардың қышқылдығы рН < 5,5 (табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер шарының кейбір аудандарында, әсіресе Европада, Солтүстік Америкада антропогендік күкірттің түсуі көп мөлшерге жетті. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына алып келуде. Атмосфераны күкірт диоксидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан басқ а жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет. Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс - улы туман (тұман мен түтіннің қосылысы). УЛЫ тұмандар үш түрлі - ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) - газтәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы түрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200 метр биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі. Құрғақ улы тұман (Лос-Анджелестік тип) - озонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық ауаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың тұман емес, көкшіл түтін түзеді. Улы тұманның үшінші түрі - мұзды улы тұман (Аляскалық тип). Ол Арктика мен Субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тұратын қалың тұманның пайда болуына алып келеді. Сондай-ақ улы тұман шұңқырлы жерлерде орналасқан қалаларға, мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк, Братск, Мехико және т.б. тән. Улы тұман кезінде, жарықтың әсерінен зиянды заттардың ауа, ылғал компоненттерімен фотохимиялық реакциялары нәтижесінде қосымша улы өнімдер (альдегидтер, кетондар) түзіледі. Атмосфералық ауаның тұмандануы қала микроклиматының нашарлауына - тұманды күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына, мөлдірлігіне әсер етеді. Мысалы, 1948 жылы 26 қазанда Донора (АҚШ, Пенсильвания) қаласында қалың тұман мен түтіннің қосылуынан (улы тұман) жолдың көрінуі өте нашарлап қаланы қара күйе басып қалған. Адамдардың тыныс алуы қиындап, тамақтары ауырып, көздері ашып, құсқылары келген. Сөйтіп жаңбыр жауғанға дейін 3-4 күннің ішінде 14000 қала тұрғындарының 6000 тұрғын ауырып, 20 адам қайтыс болған. Сонымен қатар көптеген құстар, иттер мен мысықтар да өлген. 1952 жылы желтоқсанда Лондон қаласында улы тұманның әсерінен 3-4 күн ішінде 4000 адам қайтыс болды. Себебі ауасы лас қалада жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы күкіртті ангидридтің мөлшері қатты көбейіп кеткен. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Лос-Анджелес қаласында да жылдың ЖЫЛЫ маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялык, тұман деп атайды. Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары (ит, құс) еле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап, көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың қозуына алып келеді. Улы тұман өсімдіктерге, әсіресе бұршақ, қызылша, астық тұқымдастар, жүзім және сәнді өсімдіктерге де зияны көп. Алдымен жапырақтары ісініп, біраз уақыттан кейін жапырақтың төменгі жағы ақшылданады және сарғаяды да, өсімдік қурай бастайды.

1. Атмосферада біріншілік ластанулардан пайда болатын өнім:

А) Екіншілік ластанулар

В) Қосалқы қалдықтар

С) Бір мезгілде

D) Бір мезетте

Е) Біріншілік ластанулар

2.Биосфераны құрайтын атмосфера қабаты:

А) Тропосфера

В) Стратосфера

С) Мезосфера

D) Ионосфера

Е) Магнитосфера

3.Озонды қабаты ненің құрамына кіреді:

А) Стратосфера

В) Ионосфера

С) Тропосфера

D) Магнитосфера

Е) Мезосфера

4. Табиғи ластануға жатады:

А) Жер сілкінісі, су алу және т.б.

В) Өндіріс қалдықтары

С) Атомдық станциялар шығындары

D) Шулық ластану,су алу және т.б.

Е) Химиялық ластану

5. Физикалық ластану былай бөлінеді:

А) Ортаның физикалық параметрінің өзгеруіне байланысты

В) Жылулық параметрлеріне байланысты

С) Шулы параметрлеріне байланысты

D) Жарықтық параметрлеріне байланысты

Е) Электромагниттік параметрлеріне өзгеруіне байланысты

6. Жер қыртысының жоғарғы бөлігі не деп аталады:

А) Литосфера

В) Биосфера

С) Атмосфера

D) Ноосфера

Е)Гидросфера

7. Атмосфераның антропогендік ластануы:

А) Адам араласу арқылы атмосфера ауасының ластануы

В) Белгіленген тәртіп бойынша атмосфера құрамында ластайтын заттардың болуы

С) Адамға әсер ететін дәрежені анықтайтын физикалық ,химиялық атмосфера қасиетінің жинағы

D) Атмосфера құрамының қоспалар арқылы өзгерілуі

Е) Табиғи процесстердің әсері арқылы атмосфераның ластануы

8. Атмосфераның ең төменгі қабаты:

А) Тропосфера

В) Стратосфера.

С) Озонды қабат

D) Ионосфера

Е) Мезосфера

9.Озондық қабат мынадай биіктікте орналасқан:

А) 25-40 км

В) 12-25 км

С) 10-12 км

D) 40-50 км

Е) 50-120 км

10. Тропосфера шекарасы мына аралықта жатыр:

А) 8-14 км

В) 2-4 км

С) 14-18 км

D) 6-9 км

Е) 1-2 км

Сабақ № 8. Биосфераның тұрақсыздығының туындауына антропогендік факторлардың әсері

1. Судың жалпы қасиеттері және кұрамы. Су ресурстарын пайдалану.

Суды тазарту жолдары.

2.Суды тазарту әдістері.

3.Ауыл шаруашылығымен өнеркәсіптің қарқынды дамуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар.

4. Қоршаған ортаның физикалық биологиялық химиялық ластануы және олардың экологиялық генетикалық зардаптары.

Қолданатын әдебиеттер

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. [1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді; 2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).Гидросфераның ластануы — ластағыш заттардың гидросфераға мол мөлшерде түсуі, олардың өзен, су қоймалары, көлдер мен теңіздер, мұхиттар мен жер асты суларын ластап, су ортасының қалыпты жағдайын бұзуы.Гидросфера — Жер шары суларының жиынтығы, агрегаттық күйіне (сұйык, қатты және газ) қарамастан, химиялық байланыспаған барлық суды қамтитын Жердің сулы қабығы. Ылғал айналымы процесінде судың барлық турі бірінен екін- шісіне өтеді. Гидросфера мұхиттардың, теңіздердің, құрлықтың жер асты және жер үсті суларын қамтиды. Судың біршама мөлшері атмосфера мен тірі организмдерде болады. Көбінесе Гидросфера деп жер бетінің 71%-ын құрайтын теңіздер мен мұхиттарды ғана санайды. Гидросфера көлемінің 96%-ын теңіздер мен мұхиттар, 2%-ға жуығын жер асты сулары, шамамен, 2%-ын мүздар мен қарлар (негізінен, Антарктида мен Гренландияның), 0,02%-ын құрлықтың жер үсті сулары (өзендер, көлдер, батпақтар) құрайды. Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін. Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады. Төменгі қабатта судың ең кіші көлемі болады. Үлкен көлемді су жоғарғы қабат бойынша үйлестіріледі. Бұл жердің төменгі деңгейіне судың өтуі өте қиын, ал жоғарғысында – су жинақтала алатындығмен түсіндіріледі. Жоғарғы қабат әлі де үш деңгейден қалыптасады – жоғарғы, ортаңғы және төменгі, әрқайсысы өзінің суды өткізу ерекшелігімен сипатталады. Жоғарғы аймақта адам шаруашылықта қолданатын су жинақталады. Ортаңғы аймақта, әдеттегідей минералдық сулар орналасады. Ал төменгі, іс жүзінде су алмасу болмайтын аймақта жер үсті тұздығы деп аталатын көптеген құрауыштар мен элементтер ерітілген су болады.Жер асты сулары қандай қабатта жатқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының үш түрі белгілі.Бұл – жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады.Екінші атауы – артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты.Жетекші сулардан төмен топырақ сулары орналасады. Әдеттегідей, топырақ сулары шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады.Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болатыны сендерге белгілі. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады.Дистильденген су — айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады.Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды.Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды.Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады.Әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат. Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар.Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген.Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады.Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі.Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Ластанудың масштабын мына мәліметтерден көруге болады: жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген. Әсіресе Персия және Аден шығанақтарының сулары және Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің сулары да қатты ластанған. 1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Судың әсерінен қазіргі кезде химиялық оқ - д ә р і л е р д ің корпустары қатты зақымдалды, ал мұның арты жақсылық қа апармайтыны белгілі.Мұхитты қатты ластаушылардың бірі мұнай жоне мұнай өнімдері. Әлемдік мұхитқа жыл сайын орта есеппен 13-14 млн тонна мұнай өнімдері төгілуде. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады. Әсіресе радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) көму кезіндегі радиоактивті ластану өте қауіпті болып табылады. Алғашында радиоактивті қоқыстардан арылудың жолы РАҚ-ды мұхиттар мен теңіздерде көму болды. Әдетте бұлар 200 литрлік бөшкелерге салынып, үстіне бетон құйып теңізге тастайтын белсенділігі төмен қалдықтар болды. Алғашқы РАҚ-ды АҚШ Калифорния қаласынан 80 км қашықтықта көмді. 1983 жылға дейін РАҚ-ды ашық теңіздерге көмуді 12 ел жүргізіп келді. Тынық мұхит суына 1949- 1970 жылдары арасында РАҚсалынған 560 261 контейнер көмілген.Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды.

Ауылшаруашылығындық ластану — ауыл шаруашылығы өндірісі процесінде ортаға улы химиялық қосылыстарды немесе патогенді микроорганизмдерді енгізу. Ауылшаруашылығындық ластанудың негізгі көздеріне пестицидтер, тыңайтқыштар, мал шаруашылығының ағындылары жатады. Топырақты пестицидтермен және олардың қалдықтарымен ластау топырақтағы тіршілікті азайтады, сондай-ақ органикалық қалдықтар ыдыраған кездегі қоректік элементтердің рециклинг процесін баяулатады. Тамаққа пестицидтердің түсуі адамда ауру туғызады. Топыраққа және ауыл шаруашылығы өнімдеріне фосфор тыңайтқыштарымен бірге едәуір мөлшерде ауыр металдар (кадмий, кобальт, мырыш) түсіп, жиналуы мүмкін. Ауыр металдар (әсіресе, қорғасын) жол бойындағы топыраққа этилденген бензинмен жұмыс істейтін көліктің шығаратын газынан да түзіледі. Ортаның (ең алдымен, су қоймалардың — өзендер мен көлдердің, сондай-ақ грунт суларыны) мал шаруашылығы ағындыларымен, әсіресе шошқа шаруашылығы кешендерінен шығатын ағындылармен ластануының қауіптілігі өнеркәсіптік және тұрмыстық ластанудан кем емес. Өйткені, мал бордақылайтын ірі кешен (100 мың бас) ортаны 100—200 мың халқы бар қала сияқты ластайды. ірі қара малдарды бордақылайтын кешендердің, көбіне жеткіліксіз жабдықталған және едәуір мөлшерде сұйық (төсенішсіз) көң жинайтын кең қоймасы да қауіп туғызады. Бұл көңді тиісті өндеусіз тыңайтқыш ретінде пайдалануға болмайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нитраттармен ластануы адам денсаулығына үлкен зиянын тигізеді.

Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі. Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай: физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы), химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары), биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты) және механикалық Ластану (агенттердің өз арасындағы Ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді. Ластану көздеріне қарай: өндірістік, көліктік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді. Қоршаған ортаның ішіндегі ең көп ластанатын атмосфералық ауа, су, топырақ. Ауаны негізінен: жылу электрстансалары, түсті және қара металлургия өнеркәсіптері, зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа мен топырақты, көбінесе, мал және құс өсіретін шаруашылықтар, ет және сүт өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге қолданылатын улы химикаттар, пестицидтер және минералды тыңайтқыштар ластайды. Ірі қалаларда негізгі Ластану көзі — автокөліктер, себебі олар шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде зиянды заттар (көміртек және азоттың тотықтары, көмірсутектер, қорғасынның токсиндік байланыстары, канцерогенді заттар, т.б.) кездеседі. Мысалы, бір жеңіл автокөлік ауаға сағатына шамамен 6 — 10 м2 улы газ бөліп шығарады. Қоршаған ортаның Ластану дәрежесі әр түрлі қалыптар (стандарттармен) мен нормативті көрсеткіштер арқылы бақыланады; қара Қоршаған ортаның ластануы. Елдің негізгі табиғи байлығы – оның жер ресурстары, әрі ол елдің экономикалық және әлеуметтік игілігінің негізі.Осыған орай Қазақстан Республикасында саяси және экономикалық құрылысты реформалау процестері – жер қатынастарын түбегейлі өзгертуді және жер реформасын жүргізу жағдайын бақылауды қажет етеді.Жерге орналастырудың тарихи тәжірибесі мен даму заңдылықтарын зерттеу методологиясының екінші ерекшелігі жердің өндіріс құралы ретіндегі ролімен байланысты. Жер, шүбәсіз, ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы. Бірақ, көшпелі шаруашылық жүйесінде оның өндіріс құралы болуының маңызды бір өзгешелігі бар. Бұнда жер малмен қосылғанда ғана ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы бола алады. Жалпы схема түрінде бұл байланысты жер+мал деп бейнелеуге болады. Әрине бұл жүйеде бірінші элементтің (жердің) орны ерекше басым.Көшпелі шаруашылық жүйесі жағдайларында жерді өндіріс құралы және меншік объектісі ретінде қарастырғанда, бірінші кезекте, жайылыдар алынады, өйткені бұнда ғасырлар бойы жер үшін жүргізілген күрес, жайылымдарды иелену үшін талас деуге болады. Малмен бірге олар көшпенділердің негізгі байлығы болып табылады. Жалпы мағынада жайылымдар көшпелі қауымның тіршілік ету кеңістігін құрады. Суармалы егіншілік аймақтарында да жер аса маңызды өндіріс құралдары қатарына жатады. Дегенмен, ондай рольге ол сумен қосылғанда ғана ие болады.Осылармен бірге республика территориясында мал және өсімдік шаруашылықтарының салалары аралас өтпелі формалар да болған. Бұл формалар орын алған аймақтарда көшпелі шаруашылық жүйесіне, сонымен қатар егіншілікке тән жер қатынастарының күрделі формалары қалыптасып отырды.Әр түрлі тарихи кезеңдерде республика территориясында қалыптасқан шаруашылық жүйелерінің осы табиғи-тарихи және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктерін міндетті түрде ескеріп отырғанда ғана, жер қатынастары мен жерге орналастырудың даму заңдылықтарын, мақсат-міндеттері мен мазмұнын толығырақ және дұрыс түсініп зерттеуге қол жете алады. Осындай методологиялық тәсіл бұрынғы болған жер қатынастары мен жерді реттестіру формаларын сенімді түрде ұдайы бейнелеуге, жерге орналастырудың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан дәлірек анықтауға мүмүкіндік береді.Нарықтық экономикаға көшу жерге әр түрлі меншік нысандарын енгізу, жер пайдаланудың ақылы болуын, жердің, оның өндіріс құралы, кеңістіктік базис және шектелген маңызды табиғи ресурс сияқты басты функцияларын сақтай отырып, жылжымайтын мүлік және құқықтық реттеу нысаны ретінде оны заң тұрғысынан танудың обьективті қажеттілігін туғызды.Облыс аумағындағы жер нарығын қалыптастырып, тәжірибеге ендіру үшін Басқарма мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізуде. Жерді жеке меншікке беру және жерді ұтымды пайдалану үшін аукциондар мен конкурстар арқылы жер учаскелерін сату жұмыстары атқарылуда.Кепiлдiк жарна аукцион өткiзу туралы хабарламада белгiленген нысанда әрi тәртiппен және заңнамаға сәйкес енгiзiледi. Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлуi мүмкiн емес. Кепiлдiк жарнаны қатысушының атынан кез келген басқа жеке немесе заңды тұлға енгiзуi мүмкiн.Аукционды жеңiп шыққан және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесiлi төлемдердiң есебiне жатады.Жалпы елдің жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану мен қорғаудың негізгі стратегиялық бағыттарын белгілеу бүгінгі күннің ең  өзекті мәселесі болып отыр.Облысымызда да жер қорын тиімді пайдалана отырып, топырақтың құнарлығын сақтау, жер ресурстарын қорғау, нарықтық экономика жағдайында қоршаған ортаны басқа да шаралармен бірге қорғау, жер ресурстарын экономикалық, техникалық ұйымдастыру-шаруашылық және құқықтық шаралармен біріктіре отырып аумақтық бағдарлама жасақтау қажеттігі көтеріліп отыр. Осы көтеріліп отырған мәселелер Батыс Қазақстан облысы жер қатынастар Басқармасының  негізгі мақсаттар қатарынан орын тауып келеді.Басқа да табиғат қорғау іс – шаралары кешенінде Батыс Қазақстан облысының жерлерін ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығынын арттыру және жер ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық 2007-2009 жылдарға арналған осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылдың 10 шілдесіндегі №1149 Жарлығы,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы 2005 жылғы 5 қаңтардағы №3  қаулысы мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» туралы Жолдауын аймақтық шеңберде жүзеге асыру бағытында әзірленді.Бағдарлама жер ресурстарын басқару саласында жерді тиімді пайдалануды бір-біріне тығыз байланысты экономикалық, техникалық, ұйымдық-шаруашылық және құқықтық шараларға негізделіп жасалған.Бағдарламада атқарушы органдар мен шаруашылық құрылымдарының жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғауда іс-әрекеттерін үйлестіру белгіленген.Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі мәселелер 2005 жылдың 10 желтоқсанында өткен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 24-4 сессиясында  «Батыс Қазақстан облысының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың» аймақтық бағдарламасында ерекше орын алды.

  • Негізгі терминдер

Коагуляция - су құрамындағы коллоидты және жүзіп жүрген майда бөлшектердің ірілену процесі.

1. Нейтрализация су тазалаудың келесі әдісіне жатады: А) Химиялык.

В) Физико-химиялык

С) Қьвдыру аркылы.

Д) Биохимиялық.

Е)Термиялық

2. Табиғи су ресурстарын кешенді пайдалану: А) Пайдалы қасиеттерін табиғатқа зиян келтірмей пайдалану. В) Басым түрлерді пайдалану.

С) Ұтымды пайдалану.

Д) Барлық түрлерін біркелкі пайдалану.

Е) Табиғат ресурстарын қорғау.

3. Тірі ағза сыртқы ортамен биотикалық және абиотикалық қарым- .

қатынасын Ч. Дарвин қалай атады? .

А) тіршілік үшін күрес

В)мониторинг

С) мутңия

Д) аменсализм

Е) метаболизм

4. Қалдық сулар иісін жою процесс қалай аталады?

А. Дезодорация

В. Коагулияция

С. Сорбция

Д. Кристализация

Е. Флотация

5. Жер шарының сулы аудандарының жиынтығын не деп атайды?

А. Гидросфера

В. Коагулияция

С. Сорбция

Д. Кристализация

Е. Флотация

6. Парниктік эффекттің пайда болу себебі қандай?

А) көміртегі (II) тотығының концентрацийсының артуы

В) фреондар мен метан қалдыктарының тығындыларының артуы

С) «озон тесікгерінің» пайда болуы

Д) жауын-тамшысы

Е) ауаның ылғалдылығының өзгеруі

7. Эрозия - бұл:

А) топырактың беткі құнарлы қабатының жойылуы

В) орман төсенішінің түзілуі

С) топырақтағы минералды заттардың түзілуі

Д) радиоактивті ластану

Е) карашіріктің минералдануы

8. Қышқылдық жауынның пайда болуында қандай зат айтарлыктай рөл

аткарады?

А) Күкірт диоксиді

В) Метан

С) Көміртегі оксиді

Д) Көмірқышқыл газы

Е) Фреондар

9. Атмосфералық ауаны негізгі ластаушы заттар:

А) Күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, қатты бөлшектер

В) Формальдвгид

С) Қышқыл жаңбырлар

В) Мұнай өнімдері

Е) Радиоактивті изотоптар

10. Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді не деп атайды?

А) Ластағыштар

В) Формальдвгид

С) Қышқыл жаңбырлар

В) Мұнай өнімдері

Е) Радиоактивті изотоптар

Сабак №9. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық проблемалары және тұрақты даму

Дәрістің мақсаты мен жоспары

Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму жолдарын қарастыру.

Жоспар:

1. Халық санының өсуі және оның сапалық көрсеткіштерінің өзгеру.

2. Кедейлік және табыстың әділетсіз бөлінуі.

3.Энергетикалық дағдарыс проблемалары және олардың шешілу жолдары

4. Әлемдік азық-түлік проблемасы, шешу жолдары.

5. Жер генофондының өзгеруі.

Соғыстар және лаңкестіктің экологиялық зардаптары.

6.Әскери өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы. (1 сағат)

Қолданатын әдебиеттер

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды. Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру. Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі. Адамзаттың шығу тегі мен жер шарында таралуы. Жер шарында адамзаттың пайда болған орны мен мерзімі жөніндегі мәселе ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас тудырып келеді. Адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейтін антропология ғылымында адамзаттың тегі туралы қарама-қайшы көзқарас қалыптасқан. Осыған сәйкес, антропологияда бүкіл адамзаттың ататегі ортақ деп есептейтін "моногенизм" бағыты және керісшше, әр нәсіл дербес ататектен тарағандығы туралы пікірді үстанатын "полигенизм" бағыты бар. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, алғашқы адамдар Шығыс Африкадағы Ұлы жарықтар маңында пайда болған. XX ғасырдың 70-жылдарында Кения азаматтары болып есептелетін әйгілі ғалымдар Луис және Мэри Лики Танзанияның солтүстігіндегі Олдувай шатқалынан өздері зинджантроп деп атаған ежелгі адамның қаңқасын тапты. Оның жасы шамамен, 1,7 млн жыл деп анықталды. Кейінгі археологиялық қазба жұмыстары барысында Рудольф көлінің шығыс жағалауынан табылған қаңқалар адамның ата- тегінің одан да ерте (шамамен 5 млн жыл бұрын) пайда болғанын дәлелдеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар адамзаттың пайда болған орны Шығыс Африка болған деген қорытындыға келді. Дегенмен полигенизм бағытын ұстанған ғалымдар адамзаттың әр нәсілдің жеке дүние бөлігінде дербес пайда болып, дамығаны туралы болжамдар келтіреді. Саналы адам (Homo sapiens) осыдан, шамамен, 50—100 мың жылдай бұрын пайда болған. (Адамның ататегінің даму сатылары туралы биология сабақтарынан алған білімдеріңді еске түсіріңдер.) Ғалымдардың көпшілігі алғашқы адамдар палеолиттің соңында Африкадан алдымен Еуропа мен Азияға, кейіннен Азиядан Америка мен Аустралияға, одан соң Мұхит аралдарына таралған деп есептейді Уақыт өте келе, қоршаған орта жағдайларына бейімделу нөтижесінде дүние бөліктерінде тіршілік ететін адамдар әзіндік антропологиялық ерекшеліктерге ие болды.Халық саны туралы нақты ақпарат ұйымдасқан түрде жүргізілетін халық санақтары нәтижесінде ғана белгілі болатындықтан, ерте кезеңдердегі ғана емес, тіпті орта ғасырлардағы адам саны жөніндегі мәліметтер де тек шамамен алынады. Ғалымдар 15 мың жыл бұрын ғаламшарымыздың тұрғындарының саны 3 млн адамнан аспаған деп шамалайды. Мемлекеттің әскери және салық саясатына орай, алғашқы халық санақтары б.з.д. III мыңжылдықта Ежелгі Қытайда және Египетте жүргізілген. Жан-жақты сипат алған халық санақтары XVIII ғасырдан бастап жекелеген мемлекеттерде (Австрия-Венгрия, Скандинавия елдері, АҚШ) жүргізіле бастады. Ал XIX ғасырда еуропалық елдер мен Ресей империясының, Үндістан мен Латын Америкасындағы кейбір елдердің халық саны жөнінде ресми мәліметтер алынды. XX ғасырда барлық елдерде дерлік халық санағы жүргізілді: көптеген Азия елдерінде алғашқы санақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өткізілді. 1950 жылы дүниежүзі халқының шамамен 80%-ы халық санағына қамтылды. Африка елдерінде халық санағы 1950 жылдарда халықаралық ұйымдар арнайы бөлген қаржының көмегімен жүзеге асты. Қаржы тапшылығынан мешеу елдердің кейбірінде сол кезеңнен бері санақ жүргізілмеген. Мысалы, алғашқы халық санағы Ауғанстанда 1979 жылы, Оманда 1993 жылы өткізілген. Соның нәтижесінде XX ғасырдың соңына қарай Жер шары халқы түгелімен дерлік ресми халық санағына қамтылған. БҰҰ ел ішінде халық санағын әрбір он жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды, бірақ бұл шараны аталған мерзімде қаржы қоры жеткілікті елдер ғана жүзеге асыра алады. Қазақстанда халық санағы Кеңес дәуірінде әрбір он жыл сайын өткізіліп тұрған, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі халық санағы 1999 жылы өтті. Кезекті халық санағы 2009 жылы өткізілді. 2009 жылғы хальық санағы бойынша еліміздегі халық саны 16 млн 196 мың 180 адамға жетті. Жалпы алғанда, дамушы елдерде қаржының жетіспеуі, елдін ішкері аудандарында жол қатынасының қиындығы, жергілікті халықтың сауатсыздығы бұл елдердегі халық саны жөнінде нақты мәліметтер жинақтауға бөгет болады. Сонымен қатар дамушы елдер де ресми мәліметтердің іс жүзіндегі халық санынан улкен ауытқушылық жасауы да жиі ұшырасады.Демографиялық көрсеткіштер. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәелділігімен , жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш тарихи кезеңдерде үлкен өзгерістерге ұшырап отырған.Жеке елдердегі адамның өмір жасынын орташа ұзақтығы 25—30 жыл өмір сүрсе, XX ғасырдың орта шенінде дүниежүзі бойынша бұл көрсеткіш 46 жасқа, ал 2008 жылы 68 жасқа жетті. Қазақстан Республикасында адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 67 жасқа тең: әйелдерде — 72, ер адамдар үшін 61 жасты құрайды. Қазіргі кезде өмір жасының орташа ұзақтығы женінен андорралықтар алдыңғы орында болса, Африканың мешеу елдерінде бұл көрсеткіш өте төмен.Демографиялық саясат. Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерітң жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.Ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жқұпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен апштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады. Мысалы, 1984—1985 жылдарда болған құрғақшылық нәтижесінде Эфиопияда аштықтан миллиондаған адам қайтыс болды. Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр.

1. Адамзат тіршілігіне қажетті табиғи қорлар:

А) Азық-түлік

В) Энергетикалық

С) Шикізаттық

D) Экологиялық

Е) Орман

2. Ауыл-шаруашылығында су объектісін ластайтын қайнар көздер:

А) Тынайтқыш

В) Пестицидті

С) Гербицидті

D) Детергентті

Е) Қышқылды

3. Рекультивация -қандай маңызды шараларға жатады:

А) Жер өнімділігін қорғау және сақтау

В) Топырақ тұздандырылғандығын жою

С) Топырақ эрозиясын болдырмау шаралары

  1. Топырақ улануын болдырмау шаралары

Топырақ ылғалдылығын болдырмау

4. Ауыл-шаруашылығында су объектісін ластайтын қайнар көздер:

А) Тынайтқыш

В) Пестицидті

С) Гербицидті

D) Детергентті

Е) Қышқылды

5. Рекультивация -қандай маңызды шараларға жатады:

А) Жер өнімділігін қорғау және сақтау

В) Топырақ тұздандырылғандығын жою

С) Топырақ эрозиясын болдырмау шаралары

  1. Топырақ улануын болдырмау шаралары

  2. Топырақ ылғалдылығын болдырмау

6. Халық тұрғындарының өсу қарқыны неге әкеп соғады:

A) Қоршаған ортаның жақсаруына, ғылым мен техниканың дамуына,

жұмысыздыққа.

B) Жұмыс орындарының босауы, экологиялық жағдайдың жақсаруы.

C) Әр түрлі ауруларға шалдығу, мұздықтардың еруіне, табиғи ресурстармен қамтамасыз ету.

D) Табиғат ресурстарының сарқылыуы, қылмыстың өсуіне әкер соғады.

E) Озон тесігінің үлкеюіне, жер бетінде экономикалық мәселелердің дамуы.

7. ХХІ-ғасырға дейін тұрғындардың сан мөлшері келесі жылдамдықпен өсіп отырды:

A) Бір ғасырда1 %.

B) Бір ғасырда 2 %.

C) Бір жылда1 %.

D) Бір жылда 2 %.

E) Бір ғасырда1,5 %.

8. Қазақстанда жалғыз ғаламдық экологиялық мәселеге жатады:

A) Арал теңізі.

B) Каспий теңізі.

C) Балқаш көлі.

D) Кіші өзендердің ластануы.

E) Радиоактивті қалдықтардың сақталуы.

9. Халық тұрғындарының қарқынды өсуі аталады:

A) Биосфералық жаратылыс.

B) Популяциялық жаратылыс.

C) Экожүйелік жаратылыс.

D) Демографиялық жартылыс.

E) Демографиялық апат.

10. Экологиялық дағдарыс дегеніміз:

A) Биосфераның өзгеруі немесе олардың бейімделуі, жаңа саланы ортадағы трасформациясы.

B) Экожүйенің күрделі жағдайы шөлдену процесіне әкеп соғады.

C) Экожүйенің биологиялық өнімділігінің қайтымсыз жойылу жағдайы.

D) Тепе-теңдік жағдайы.

E) Ағзалардың сандық баланысы, бақыланатын тепе-теңдік жағдайы.

Сабак №10. Қоршаған ортаны қорғаудың біәр формасы қорғалатын территориялар

(1 сағат)

Дәрістің мақсаты мен жоспары Қоршаған ортаның қорғау принциптері мен әдістерімен таныстыру.

Жоспар: