Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умкмд каз для мп.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
1.16 Mб
Скачать

1. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.

2. Қызыл кітап және оның биологиялық әралуандылықты сақтаудағы рөлі

3. Экологиялық білім және экологиялық сауаттылықтың адамзаттың тұрақты дамуының қамтамасыз ететін рөлі.

Қолданатын әдебиеттер

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

Ерекше қорғалатын территориялар

    Ғылыми – техникалық прогреспен, адамның қоршаған ортаға әсерiнiң күшеюiмен байланысты «жабайы» табиғаттың кейбiр бөлiктерiн, жойылу шегiнде тұрған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң мекен ету ортасын қорғау, тұтас табиғи комплекстер, су көздерi, табиғаттың ұлттық жетiстiгi болып бағаланатын ерекше ескерткiштерiн сақтау қажеттiгi артты. Экологтар әрбiр Ресей тұрғыны жылына шамамен 58-65 сағатын табиғатта өткiзетiнiн есептедi. Халқы көп европалық мемлекетте орманның әрбiр гектарында адам жылына орта шамамен 44 сағат болады. Үлкен қала маңында орманда демалушылар концентрациясы жоғары. Бұл қоршаған ортаға жоғары антропогендi күшi туралы айтады, соның iшiнде табиғаттың «қолтигiзбеген» жерлерiне де, әрине Жер биосферасының қалыпты қызметi қатысуынсыз жүрмейтiн, ландшафтар, кейбiр табиғи территорияларды ерекше қорғаудың маңыздылығын да көрсетедi.Толық немесе жекеленген, үздiктi немесе уақытша адамның қалыпты – қарқынды шаруашылық алмасуынан шектелген және экологиялық тепе – теңдiктi сақтауға адамзаттың тiршiлiк ортасы мен денсаулықты ұстап тұруға, табиғи ресурстарды тарихи, шаруашылық немесе эстетикалық мағынасы бар бағалы табиғи және жасанды объектiлер мен құбылыстарды қорғауға арналған биосфера аудандары – ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөнiнде айтып отырмыз.Дүниежүзiнде мұндай территорияның үш мыңы белгiлi. Олардың көпшiлiгiнiң ауданы үлкен. Мысалы, дүниежүзiнде ең үлкен Гренландия ұлттық паркi, ол Гренландия аралының солтустiк – шығыс бөлiгiнде орналасқан. Ауданы 7 млн.га. Ол жерде арктикалық шөлдер ландшафты, кейбiр жануарлар – бұқалықой, ақ аю, морж, тюлень, поляр түлкiсi, ақ қоян және басқаларды қорғалады.

    Одан кiшiрек Ботсвандағы (Африка) Орталық – Калахер резерваты – 5,3 млн.га. Монголиядағы Үлкен Гобий қорығы – 4,3 млн.га. және Канададағы Вуд – Баффало ұлттық паркi – 4,5 млн.га.Тек құрлық бөлiктерi емес, акваториялар да қорғалады – 200 ден астам акваториальдi (сулы) табиғи комплекстер. Мысал ретiнде ресей қорықтары – Астрахань (Волга дельтасында), Қиыр Шығыс теңiздi (Приморы аймағы), Кивач (Карелиядағы Суна өзенiндегi сарқырамамен бiрге).Дүниежүзiнде ұлттық парктер мен оларға тән территориялардан бес категорияны бөлiп қарастырамыз: 1) ұлттық парктер; 2) провинциальдi парктер; 3) толық резерваттар немесе бағытталған тәртiп резерваттары, 4) табиғи парктер және әртүрлi профилдегi заказниктер; 5) тарихи, мәдени – тарихи және археологиялық заказниктер. Ұлттық парктер – негiзгi мiндеттерi – табиғи комплекстердi қорғаумен бiрге, рекреациялық мақсатқа арналған ерекше қорғалатын табиғи ландшафтар немесе олардың бөлiктерi кiретiн, үлкен территория. Ұлттық парктiң барлық территориясында және оның қорықтық аймағында жер қорын пайдалануды басқаратын әкiмшiлiк басқармасы бар. Дүниежүзiнде 4 млн. км алып жатқан, шамамен 2 мың осындай парктер бар.

    Ұлттық парктер территориясы экологиялық, тарихи және эстетикалық жағынан бағалы, және табиғи мәдени ландшафтарды бiрiктiредi. Бұл территорияларда: кiруге болмайтын қорықтық аймақтар; туристердiң реттелген саяхатына ашылған, рекреакциялық аймақтар; шектелген шаруашылық қызметтер жүргiзiлетiн аймақтар. Ұлттық парктер өлi және тiрi табиғат объектiлерiмен бiрге ерекше бағалы табиғи комплекстердi қорғайды, және тарихи және мәдени ескерткiштердi де қорғайды. Олардың қорықтық аймақтарында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi. Дүниежүзiндегi тұңғыш ұлттық парк – 1872 жылы, АҚШ – да, Вайоминг, Монтана және Айдахо штаттарының территориясында құрылған Йеллоустан паркi. Оның ауданы – шамамен 900 мың.га. Ол жер шарындағы ең үлкен гейзерлi аудан: бұл жерде 3000 гейзерлер, көптеген ыстық көздерi бар. Ол жерде шыршалы ормандар, альпiлiк шалғындар, прериялар бар. Бизондар, вапиттер, аюлар (қара және қоңыр), құстардың 200 түрi және басқалар қорғалады.

    Ресей федерациясында мұндай парктер аз. 1993 ж басында жалпы ауданы 3,6 млн.га болатын, 17 парк бар. Олар тек 1980 жылдардан бастап құрала бастады. 1991 жылы 5 парк ұйымдастырылды. Олардың территориясы негiзiнен орман және су объектiлерден құралған. Жердi пайдалану белгiсi бойынша, провинциальдiге ұқсас, олар орталық емес, жергiлiктi әкiмшiлiк орындарға бағынады. Толық резерват және бағытты тәртiбiнiң резерваттарға келсек, Қазақстанда оларға қорықтар - бiздiң елiмiздегi ұйымдасу түрi сәйкес келедi.Қорықтар – табиғи комплекстердi бұзылмаған түрiнде сақтау үшiн, жануарлар мен өсiмдiктер түрiн қорғау және табиғи процестердi басқару үшiн кез келген шаруашылық қызметтен толық босатылған, заңмен ерекше қорғалатын кеңiстiк. Оның бiр түрi – биосфералы қорық, яғни әлемдiк масштабта биосферадағы болатын өзгерiстердi анықтауға көмектесетiн, ғасырлық процестер жүретiн, адам қайта құрған ландшафтар әсерiне түспейтiн, қатаң қорғалатын табиғи аймақ. Бұл түрдiң түзiлулерi биосфералы қорықтардың дүниежүзiлiк торына ЮНЕСКО құрамына бiрiктiрiлген.

    2012 жылдың соңына қарай Қазақстанда 10, ал Ресейде 75 қорық қызмет жасады (оның iшiнде 16 биосфералы) жалпы ауданы 20 млн.га, олардың 4-нiң ауданы 500 мың.га, олар 1991 жылы ашылды. Сонымен бiрге халықаралық ресей-фин қорығы «Дружба - 2» қызмет жасай бастады; шекаралық аудандарда жаңа халықаралық қорықтар ұйымдастырылды: ресей – норвегия, ресей – монгол, ресей – қытай – монгол.

    Бiздiң елдегi үлкен Қорғалжын қорығы (ауданы шамамен 240 мың.га.), ол жерде қызғылт фламинго ұялары, тыпшақ – шөлдi далалар, батпақтанған Қорғалжын және Теңiз көлi және олардың ихтиофаунасы қорғалған. Қазақстандағы ауданы жағынан екiншi қорық – Үстiрт, ол жерде Тұран ойпатының ландшафты шөлi және Үстiрт платосы, муфлон, гепард, жайран және сайғақ қорғалады.

    Қорғаудың қатаң тәртiбi бар территриялар резерваттар деп аталады. Оларға кең қорғалатын территориялардың орталық, бағалы бөлiгi – қорықтар мен ұлттық парктер кiредi. Резерваттарда кез келген шаруашылық қызметi толық тыйым салынады, және олар экскурсанттар мен туристер үшiн жабық. Қазақстандағы ерекше қорғалатын территориялардың кең тараған түрi – бұл жекеленген немесе уақытша қорғау тәртiбi бар территориялар (немесе акваториялар). Оның жеке табиғи ресурстары пайдаланылады. Олар шаруашылық қызметiнiң жеке түрлерiнiң және табиғи ресурстарды пайдалануымен шектелуi болатын табиғатты территориальдi қорғау қызметiн атқарады. Ерекше әдемiлiгi және тарихи бағалылығы бар жеке табиғи объектiлер, қорғалатын табиғи объектiлер – табиғат ескерткiштерi деп аталады. Қазақстанда 24 табиғат ескерткiшi бар, Мысалы, Шарын шетен тоғайы, Пожарная Сопкасы, Синегорск пихталы тоғайы және т.б. Республикада алғашқы мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер құрылған. Қазiр олар төртеу - Алтын – Эмель, Iле – Алатау, Баянауыл және Көкшетау. Болашақта тағы 12-сi ашылады. Ботаникалық саябақ, зоологиялық және дендрологиялық парктер географиясы кеңеюде. Олар Астана, Қызылорда және Атырау қаласында ұйымдастырылады

Негізгі терминдер

Биосфера – тіршілік иелерімен тіршілік көздерінің Жер бетіндегі белгілі бір қабаты.

Биологиялық айналым – организм мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз зат-энергия алмасуы нәтижесінде организмдердің түзілуі, яғни олардың пайда болуы және жойылуы.

Биотикалық фактор – тіршілік иелерінің ықпалы.

Биохимиялық цикл – күн сәулусінің энергиясын пайдалану нәтижесінде бейорганикалық заттардың өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесіне айналып, қайтадан бейорганикалық заттарға өту барысындағы химиялық реакциялар тізбегімен жүретін өзгерістер.

Тақырып бойынша тест сұрақтар

1. Қызыл кітапқа тіркелген организмдердің ерешеліктерін атаңыз:

A) Анықталмаған, сирек, жойылып кеткен, жойылып бара жатқан.

B) Саны азайып бара жатқан, сирек, жойылып кеткен, селекциондық.

C) Сирек, жойылып бара жатқан, жойылып кеткен, қалпына келу.

D) Анықталмаған, сирек, жойылып бара жатқан, саны азайып бара жатқан.

E) Қысқартылған, сирек, эндемдік түр.

2. Түрлердің орташа өмір ұзақтығы:

A) 10-30 млн жыл.

B) 10-30 мың жыл.

C) 10-30 жыл.

D) 100-300 млрд жыл.

E) 10-30 млрд жыл.

3. Түрлердің азаюының себептері:

A) Биосфералық апат.

B) Мекен ету орнының бұзылуы, шектен тыс пайдалану.

C) Систематикадағы жаңа критерилердің пайда болуы.

D) Экожүйеге байланысыты.

E) Бір түрдің екінші түрге ауысуы.

4. Түр әртүрлігінің азаюының салдары:

A) Бір түрдің жойылып, жаңа түрдің пайда болуына себеп болады.

B) Бір түрдің жойылып кетуі жаңа ұрпақтардың дамуына әкеледі.

C) Бір түрдің жойылуы популяциядағы осы түрдің көбеюіне әкеп соғады.

D) Бір түрдің.жойылуы 4-5 түрдің өмір сүруіне қауіп тудырады.

E) Бір түрдің жойылуы, оның азықтық қажетілігімен қамтамасыз етуіне әкеледі.

5. Халықаралық дәрежеге ие болған қорықтарды атаңыз:

A) Халықаралық.

B) Ұлтаралық.

C) Биосфералық.

D) Ноосфералық.

E) БҰҰ кіретін мемлекеттер территориясында орналасқан.

6. Қорықтар және демалыс орындарына ие болған территориялар аталады:

A) Қорықтар.

B) Ұлттық парктер.

C) Қорықшалар.

D) Табиғат ескерткіштері.

E) Биосфералық қорықтар.

7. Келесі территорияда қорғаудың қатал режимі қолданады:

A) Қорықтар.

B) Ұлттық парктер.

C) Қорықшалар.

D) Табиғат ескерткіштері.

E) Биосфералық қорықтар.

8. Организмдердің бір бірлестіктерінің белгілі кезектілікпен басқаларымен алмасу процесі аталады:

A) Рекреация.

B) Мелиорация.

C) Сукцессия.

D) Популяция.

E) Дефляция.

9. Жер шарындағы ормандардың жалпы ауданы құрайды (млн.гA):

A) 169.

B) 1746.

C) 6208.

D) 4184.

E) 2005.

10. Биогеоценоздың бір түрі басым болып келетін табиғи-территориялық кешен аталады:

A) Ландшафт.

B) Агробиоценоз.

C) Биоценоз.

D) Зооценоз.

E) Фитоценоз.

«Экология және тұрақты даму» бірінші аралық бақылау сұрақтары

1. Экология ғылымы туралы түсінік.

2. Тұрақты даму ұғымының пайда болу тарихы.

3. Рим клубы, және Медоуз және Форестор еңбектері.

4. БҰҰ-ң Қоршаған орта жөніндегі бірінші конференциясының Декларациясы (Стокгольм 1972)

5. Рио-де-Жанейродаға (1992 ж.) және Йоханнесбургтегі (2002 ж.) Дүниежүзілік саммиттер.

6. Тұрықты даму факторлары (экологиялық фактор, экономикалық фактор)

7. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.

8. Экологияның негізгі түсініктері мен бөлімдері.

9. Экологияның мақсаты мен міндеті және зерттейтін проблемалары.

10. Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.

11. Фактор туралы түсінік.

12. Абиотикалық факторлар

13. Биотикалық факторлар

14. Антропогендік факторлар

15. Биоценоз туралы түсінік.

16. Экологиялық жүйе туралы түсінік.

17. Экожүйе концепциясы.

18. Экологиялық жүйедегі қоректену типтері.

19. Экожүйе гомеостазы.

20. Биосфера туралы түсінік және оның компоненттері.

21. В.И. Вернадскийдің Биосфера-ноосфера концепциясы.

22. Биосферадағы заттар айналымы және энергия ағыны.

23. Тіршілік орталары (су)

24. Тіршілік орталары (жер беті, жер асты)

25. Тіршілік орталар ( ауа)

26. Тіршілік орталары (ағзалық)

27. Табиғи ресурстар

28. Популяция және оның құрылымы.

01.09.12 ж. № 1 Хаттамасы

Кафедра мәжілісінде бекітілді

Кафедра менгерушісі

т.ғ.к доцент Кусаинова Ж.Д.

Са6ақ № 11. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары.

Жоспар:

1 Қазақстан Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процесстері себептерімен салдары

2. Арал аймағының әлеуметтік-экологиялық проблемалары.

3. ҚР территориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге де полигондар

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның  негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

-         жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

-         ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

-         суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;

-         жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;

-         табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның  біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

1.     Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2.     Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3.     Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4.     Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

5.     Жер асты суларын пайдалану.

6.     Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық. Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры  - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған   байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлауц себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу. 2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру. 3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту. 4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу. Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы. 

Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі – 380 мың км 2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысты субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады.

Каспий теңізі Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді.

Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн. құстар қыстан қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді. Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.

4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.Осындай апаттарды болдырмас үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.1997 жылы 24 шілдеде АҚШ президенті Клинтон атақты ғалымдарды жинап (оның ішінде 3 Нобель сыйлығының лауреаты бар) «парниктік эффекті» тудыратын газдарды азайтуға бағытталған заңды қабылдап, глобальдық жылынуға қарсы күресетін ұлттық компанияны құрып, бұл мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырды. 1997 жылы 29 шілдеде «Вашингтон папкасы» қабылданды.  «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жан-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді. Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады. Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар жөніндегі перспективалары ашады.Киото хаттамасын біткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады. Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

1. Қоршаған табиғи ортаны қорғауда жалпы бақылау іс-шаралары қарастырылады:

A) Экологиялық мониторингте.

B) Экологиялық сараптамада.

C) Экологиялық бақылауда.

D) Экологиялық бағдарларда.

E) Экологиялық мерекелерде.

2. Қоршаған ортадағы химиялық ластану адамға келесідей қауіп төндіреді:

A) Бас айналу, құсу, жөтел.

B) Созылмалы аурулардан жазылады.

C) Жалпы жағдайының жақсаруы.

D) Биоәртүрліліктің жоғарылауы.

E) Тұщы су жетіспеушілігі проблемасының шешілуі.

3. Ластану – бұл:

A) Химиялық агенттердің ортаға енуі.

B) Физикалық агенттердің ортаға енуі.

C) Биологиялық агенттердің ортаға енуі.

D) Негізгі деңгейдің орта агенттерінен жоғарылауы.

E) Физикалық, биологиялық және химиялық агенттердің ортаға енуі.

4. Жылдық радиациялық мөлшердің адамға түсу ауыртпалығы келесіге байланысты:

A) Жасанды құрылыс материалдарын қолдану.

B) Пестицидтерді қолдану.

C) Қоршаған орта сапасын жоғарылату.

D) Тазалатқыш құралдарын қолдану.

E) Электро –тұрмыстық приборларды қолдану.

5. Атмосфералық ауа құрамында азот мөлшері (%):

A) 78,08.

B) 101.

C) 15.

D) 48,2.

E) 25,31.

6. Биологиялық су ластаушыларына жатады:

A) Марганец тұзы.

B) Фенол.

C) Радионуклид.

D) Балдырлар.

E) Мұнай.

7. Каспий теңізінде бекіре балығының азаюына не себеп:

A) Су деңгейінің төмендеуі және теңіз түбінің көрінуі.

B) Су деңгейінің көтерілуі және жағалауды су басу.

C) Браконьерлік аулану.

D) Климаттың ғаламдық жылынуы.

E) Улы тұманның түзілуі, смог.

9. Аралдың экологиялық проблемасы анықталады:

A) Су деңгейінің төмендеуі.

B) Су деңгейінің көтерілуі.

C) Түрлік құрылымның көбеюі.

D) Биологиялық әртүрліліктің артуы.

E) Озон тесіктерінің пайда болуы.

10. Арал маңының экологиялық жағдайын келесідей сипаттауға болады:

A) Экологиялық апат.

B) Экологиялық қатер.

C) Коллапс.

D) Экологилық дағдарыс.

E) Тепе – теңдік жағдайы.

Са6ақ № 12. Коршаған ортаны бағалаудың тәсілдері. Қоршаған ортаны қорғайтын халықаралық ұйымдар.

1.Қоршаған ортаның күйін бағалаудың әдістерімен критериялары.

2. Химиялық физикалық биологиялық мониторинг.

3.Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Экодаму мәселелері.

4. Қазақстан Республикасындағы халыққа экологиялық білім және тәрбие беру.

5. Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.

Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады.Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 2009-2010 жылдары бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген бақылау аясында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының 7,6 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 27,4 млн. теңгеге бұзылғаны анықталды.Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241  Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды.Қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында көзделген.Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында:төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамыту;2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын төмендету;

cу үнемдеу;

шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;

халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;

байырғы ластануларды жою;

өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;

әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру жоспарланғанын айта кету керек.Алайда, тек екі бағдарлама ғана, атап айтқанда, «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың  2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» және ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1224 қаулысымен күші жойылған «Халықтың көшi-қоны мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы» дайындалған.Байырғы ластануларды жою жөнiндегi, сондай-ақ өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi арнайы бағдарламалар әзірленбеген.Ал әзірленеді деп жоспарланған қалған бағдарламалар жекелеген мәселелер түрінде «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) көрініс тапты.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру саларалық өзара іс-қимылдарда көптеген мәселелерді шешу үшін көзделген, соның ішінде:  қызған газдардың шығарындылары, атомосфералық ауаның ластануы, экологиялық апат аймақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіп және тұтыну қалдықтары, су ресурстары, жасылдандыру және басқалар.

Даму үрдістері мен перспективалары. Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің даму барысы өткен ғасырдың 80-ші жылдары ең жоғары шарықтау шегіне жетті. Бірақ кейін жағдай күрт өзгерді. 1983-99 жылдары Қазгидромет метеорологиялық станциялардың 35%, гидрологиялық бекеттердің 65%, агрометеорологиялық бақылау пункттердің 55%, аэрологиялық станциялардың 47% жабуға мәжбүр болды. 2000 жылдан бастап бұрынғы жабылған бақылау бекеттері қалпына келтіріліп, жаңа бақылау желілері мен талдау зертханалары ашылды. Болашақта жаңа бақылау пункттерін ашу, бар пункттерді жаңғырту, автоматты метеорологиялық станцияларды орнату, ақпараттарды жинақтау, өндеу және таратудың базалық технологиясын, қоршаған ортаның жай-күйін болжау әдістерін дамыту, сонымен қатар ақпараттарды өңдеу мен тарату жүйесін жетілдіру ұйғарылып отыр. Трансшекаралық өзендердің мониторингіне ерекше назар аударылатын болады.

Гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның жай-күйі мониторингін дамыту нәтижесінде қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды алдын ала ескерту ұлғайып, гидрометеорологиялық болжамдардың өзін-өзі ақтауына, қоршаған ортаның жай-күйі жөнінде ақпараттардың дәлдігін көбейтуге мүмкіндік береді.

Ескі болжау әдістерін жетілдіру және жаңаларын енгізу әкімшілік аудандар бойынша метеорологиялық болжауларды жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Қазақстанның таулы өзендерінде айлық гидрологиялық болжамдар жылдың жылы мезгілінде жасалады, сонымен қатар өсімдік және мал шаруашылығына қатысты агрометеорологиялық жаңа болжамдардың түрлері енгізілетін болады.

2008-2010 жылдары «Экологиялық паспорттарды құру мақсатымен ауылдық аймақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу» жобасы бойынша 1603 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) зерттеліп, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары округтерінің 473 экологиялық паспорттары құрылды. 313 ауылдық округтегі экологиялық жағдай қанағаттанарлық, ал 160 елді мекенде алаңдаушылық туғызарлық деген бағаға ие болды. Бұл ретте, ауылдық тұрғындарды сумен қамсыздандыруды қанағаттарлық деп санауға болмайды. Әзірленген АЕМ экологиялық паспорттарында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынылған.

2008-2009 жылдарда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының 572 ауылдарында радиациялық мониторинг жүргізілді. Ауылдардағы радиациялық жағдай жалпы қанағаттанарлықтай, сонда да, 203 ауылда ауыз судағы альфа-активтіліктің шектен асуы анықталды, 123 ауылда тұрғын және қызметтік үй-жайлардың ауасында радонның шоғырлануы шектен асады және 24 ауылда судағы радонның шоғырлануы шектен асады. 2010 жылы 325 ауылда радиациялық мониторинг жүргізілді.

Қазақстан тұрғындарының табиғи радиоактивті көздерден сәулелену тәуекелін төмендету 2012-2017 жылдардағы зерттеу бойынша қамтамасыз етіледі, оның мақсаты Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында 8000 үйдің ауасында (жылына 2000 үйден) радон шоғырлануын анықтау болып табылады.

Азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларын қауіпсіз, тұрақты және тиімді жүзеге асыру мақсатында нақты метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету және ауа райының қауіпті құбылыстарының туындауын алдын ала ескерту қажет.

2007, 2010 жылдары «Қазаэросервис» АҚ жарғылық капиталын толықтыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге көлемінен астам қаражат бөлінді, бұл 13 әуежайлардағы метеорологиялық жабдықты жаңғыртуды және техникалық қайта жабдықтауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта осыған ұқсас метеорологиялық жабдықпен Орал, Талдықорған, Балқаш, Петропавл және Семей қалаларындағы әуежайларды жабдықтау жоспарлануда.

Ауа райының қауіпті құбылыстарының туындауын ертерек ескерту және болжамдардың ақталу деңгейін арттыру бойынша ұшулардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін еліміздің барлық аумағы бойынша қос поляризациялы доплерлік локаторлар жүйесін құру қажет.

Халықаралық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүйесін жетілдіру аясында елдің авиаметеорологиялық мәліметтер банкін құру және Қазақстан Республикасының әрбір әуеайлағының климаттық сипаттауын әзірлеу қажет.

Аталған іс-шара Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы стандарттарына сәйкестендіруге, сонымен қатар халықаралық және отандық авианавигациялық пайдаланушыларды метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету аясында авианавигациясына қызмет көрсетудің сапалы жаңа әдістеріне көшуге мүмкіндік береді.

Негізгі проблемаларды талдау

Қазақстан экологиясы саласындағы негізгі проблемалық мәселелерге мыналар жатады:

1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың ауа бассейнінің ластануы. Каспий және Балқаш өңірі;

2) жерүсті және жерасты суларының ластануы, трансшекаралық сулар проблемасы;

3) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы;

4) суды бұру және кәріздік тазарту құрылыстары жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы;

5) жердің шөлейттену және тозу үдерістері;

6) экологиялық апаттың Арал және Семей аймақтары;

7) «тарихи» ластанулар.

Түзілетін қалдықтар көлемінің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, оларды қайта өңдеу төмен деңгейде қалуда: түзілген қалдықтардың 20 % жуығы кәдеге жаратылады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30 % асады. Өндіріс қалдықтарын, оның ішінде улы қалдықтарды қайталама қайта өңдеу Қазақстанда тәжірибеге алынбаған. Қалдықтар техногенді қарқынды ластанатын ландшафттарды құра отырып, арнайы полигондарда, жинақтағыштарда және үйінді сақтағыштарда қоймаланады. Сонымен, мысалы, республикадағы электростанциялардың күл-шлак қалдықтарын кәдеге жарату және қолдану 1 % аспайды, ал Еуропада бұл көрсеткіш орташа есеппен алғанда 60 % құрайды.

Республика үшін ТОЛ, ескірген пестицидтер және онымен ластанған аумақтар мәселесін шешу өзекті проблема болып табылады. Бұл мақсаттар үшін ТОЛ-ды және басқа да қауіпті қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жою жөніндегі зауыт салу, сондай-ақ ластанған жерлерді қалпына келтіру қажет.

2010 жылы БҰҰДБ/ ЖЭҚ «Қазақстанда ескірген пестицидтер және полихлордифенилдер қорларын және қалдықтарын жинау және жою бойынша зерттеу және ұсыныстар» жобасы аяқталды. Жобаны іске асыру барысында 14 ластанған аумақтар (10 ПХД бойынша, 4 пестицидтер бойынша) анықталды.

Стокгольм конвенциясы бойынша ұлттық міндеттемелерді орындау мақсатында Министрлік ТОЛ-дармен ластанған аумақтарды оңалту үшін жекелей алғанда Дүниежүзілік банктің жобасын іске асыру арқылы халықаралық инвестицияны тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дүниежүзілік банктің жобасы осындай ұсыныстардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Жаһандық экологиялық қор Қазақстанда тұрақты органикалық ластағыштарды жою жөніндегі зауыт салудың техникалық экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) дайындауға құны 200 мың АҚШ долларын құрайтын грантты растады. Жобаның әкімшісі ретінде Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны бірлесіп қаржыландырған жағдайда (50%-ға дейін) зауытты салуды қаржыландыруға қаражат бөлетіндігі туралы ниетін растады. Ұсынылған жоба республикалық бюджеттен, Дүниежүзілік банк займынан және Қазақстан Республикасы үшін сомасы 10,35 миллион АҚШ долларын құрайтын ЖЭҚ грантынан қаржыландырылатын болады.

Жобаны іске асыру туралы инвестициялық шешім қабылдау үшін жобаның ТЭН дайындау көзделген. ТЭН зауыт салуға және басымдық берілген ластанған учаскелерді қалпына келтіру бағдарламасына қатысты жобаның оңтайлы техникалық шешімін және техникалық, қаржылық, экономикалық және экологиялық/әлеуметтік жүзеге асырылуын көрсетеді.

Белсенді қорларды анықтау және миллиондаған аршынды жыныстардың үйінділері мен үйінді сақтағыштарын кәдеге жарату мәселесін шешу мақсатында техногендік минералдық түзілімдерді (бұдан әрі – ТМТ) түгендеуді жалғастыру қажет.

Экономикалық өсім, эмиссия көздерінің көбеюі және өнеркәсіптік қызмет көлемдерін кеңейту шамасы бойынша ластану деңгейін төмендету үшін негізгі шарт табиғат қорғау саясатын үздіксіз арттыру болып табылады.

Бұл ретте, жылу энергетика секторының, кен өндіру және кенді қайта өңдеу салаларының кәсіпорындарын ең озық қолжетімді технологияларды ендіру жолымен техникалық қайта жарақтандыру мәселесі маңызды болып қалады.

Табиғи ресурстар және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің болмауы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және басқа мүдделі мемлекеттік ұйымдар арасындағы экологиялық ақпараттың жүйелі алмасуына мүмкіндік бермейді. Көп пайдаланушылар жүйесін көбейту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында, оның ішінде ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға жағдай жасайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан гидрометеорологиялық қызметін дамыту өзекті мәселе болып табылады. Республика аумағының мониторингпен қамтамасыз етілуі, метеорологиялық мониториг - 61%, агрометеорологиялық мониторинг - 66%, гидрологиялық мониторинг- 57%, атмосфералық ауаның жай-күйіне мониториг – 31% құрайды.

Еліміздің барлық аумағындағы инфрақұрылым объектілері (қызметтік ғимараттар) мүшкіл жағдайда, қызметкерлердің жұмыс орындары қанағаттанарлықсыз, еңбекақыларының төмен болуы, кадрлармен қамтамасыз ету қиындығын туғызады. Бақылау пункттерінің көпшілігінде бақылаулар қолмен жүргізіледі.

1. Тұрақты даму дегеніміз:

A) Жануар немесе өсімдіктің бейімделуінің морфологиялық типі.

B) Тұрмыстық қолданыстан алынған табиғи объектілер мен құбылыстар.

C) Биоценоз жүйесіндегі түрдің сипаты, қорек пен жауынға қарым – қатынасы.

D) Болашақ ұрпақтың өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне соқпай, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті.

E) Адамдармен пайдаланылатын табиғи объектлер мен құбылыстар.

2. Денсаулықты қорғау, өндірісті, ғылым ресурстары келесі классификация бойынша анықталады:

A) Қолдануға байланысты.

B) Адам әрекетінен шектелуіне қарай.

C) Табиғаттың тікелей және жанама түрлеріне байланысты.

D) Континенттер бойынша.

E) Биосфера компоненттері бойынша.

3. Қоршаған табиғи ортаны қорғауда жалпы бақылау іс-шаралары қарастырылады:

A) Экологиялық мониторингте.

B) Экологиялық сараптамада.

C) Экологиялық бақылауда.

D) Экологиялық бағдарларда.

E) Экологиялық мерекелерде.

4. Қоршаған ортадағы химиялық ластану адамға келесідей қауіп төндіреді:

A) Бас айналу, құсу, жөтел.

B) Созылмалы аурулардан жазылады.

C) Жалпы жағдайының жақсаруы.

D) Биоәртүрліліктің жоғарылауы.

E) Тұщы су жетіспеушілігі проблемасының шешілуі.

5. Ластану – бұл:

A) Химиялық агенттердің ортаға енуі.

B) Физикалық агенттердің ортаға енуі.

C) Биологиялық агенттердің ортаға енуі.

D) Негізгі деңгейдің орта агенттерінен жоғарылауы.

E) Физикалық, биологиялық және химиялық агенттердің ортаға енуі.

6. Жылдық радиациялық мөлшердің адамға түсу ауыртпалығы келесіге байланысты:

A) Жасанды құрылыс материалдарын қолдану.

B) Пестицидтерді қолдану.

C) Қоршаған орта сапасын жоғарылату.

D) Тазалатқыш құралдарын қолдану.

E) Электро –тұрмыстық приборларды қолдану.

7. Атмосфералық ауа құрамында азот мөлшері (%):

A) 78,08.

B) 101.

C) 15.

D) 48,2.

E) 25,31.

8. Биологиялық су ластаушыларына жатады:

A) Марганец тұзы.

B) Фенол.

C) Радионуклид.

D) Балдырлар.

E) Мұнай.

9. Тұрақты даму дегеніміз:

A) Жануар немесе өсімдіктің бейімделуінің морфологиялық типі.

B) Тұрмыстық қолданыстан алынған табиғи объектілер мен құбылыстар.

C) Биоценоз жүйесіндегі түрдің сипаты, қорек пен жауынға қарым – қатынасы.

D) Болашақ ұрпақтың өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне соқпай, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті.

E) Адамдармен пайдаланылатын табиғи объектлер мен құбылыстар.

10. Белгілі бір аймақта ғана тіршілік ететін организмдерді атаймыз:

A) Реликтілер.

B) Доминанттар.

C) Эдификаторлар.

D) Пионерлер.

E) Эндемиктер.

Сабақ №13. Шекарааралық табиғи ресурстар

Жоспар: