Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.

Бірінші тәртіп - мүмкіндігінше күйген жерді құрғақ таза жаймамен немесе жаялықпен тезірек жабу.

Есіңізде болсын!

Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түюге болмайды.

Екінші тәртіп - целлофан пакеттері, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма немесе жаялық төселген күйген жердің үстіне қояды.

Үшінші тәртіп - зардап шегушіге екі - үш таблетка анальгин беру (оның есі болған жағдайда).

Төртінші тәртіп - зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.

. Күйген жерді жылдамырақ суық судың астында қойып 10-15 минут ұстау.

2. Таза құрғақ матамен жабу.

. Көпіршік үстіне суық зат қою (мұздық қаптама, мұзды су құйылған немесе қар салынған пакет).

2,4дәрежелі көмек көрсету кезінде жасауға болмайды:

. Сумен шаюға.

2. Күйген жерді құрғақ таза матамен кешіктірмей жабуға.

. Құрғақ матаның үстіне міндетті түрде суық зат қоюға.

23 Сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай

1,2Дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету Үсік шалу.

Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдалуы үсік шалу деп аталады. 60отан жоғары температурада пайда болатын күйіктерден ерекшелігі үсік шалу әртүрлі температураларда пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуімен қоршаған орта ылғалдығының өсуіне сәйкес атта түседі.

Органдарда болып жатқан өзгерістер ауырлығы мен тереңдігі бойынша 4 дәрежеге бөлінеді.

Алғашқы медициналық көмек - зардап шегушіні әсіресе дененің үсінген бөлігін жедел жылыту болып табылады. Үсік шалған адамды мүмкіндігінше тезірек жылы жайға апару қажет. Ең алдымен дененің үсіген жерін жылытып, ондағы қан айналымын қалпына келтіру керек. Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылайды, кейде бұны жасауға тұра келеді. Ысқылауды дененің үсіген бөлігінде сезімталдық, қызару және ысыну пайда болған кезде ғана тоқтатуға болады. Дененің үсінген бөлігін қармен ысқылау қазіргі уақытта теориялық тұрғыдан негізсіз және практикалық тұрғыдан қауіпті теріске шығарылды, өйткені суықты күшейтеді, ал мұздақ теріні жаралап, үсінген төңіректі асқындырады.

Жылытуды жылы ваннаның көмегімен жүргізуге болады. Судың температурасын 20-30 минуттың ішінде 20-40о дейін біртіндеп арттырған жөн. Бұл жағдайда аяққолды кірқоқыстан мұқият жуған дұрыс. Ваннадан кейін ысқылау жүргізіп, зақымданған жерді сүртіп таза таңғышпен жауып, қандай да бір жылы жамылғымен қымтау қажет.

Сырқатқа ыстық шай, кофе жүрек тамыр дәрілерін (корвалол, кордиамин, кофеин) береді.

Бет үсінген кезде үлбіреген жерлерді иіс сумен сүртіп, вазелин немесе антисептикалық крем жағады, одан кейін иіс сумен шайылған таңғыш қояды.

Бірінші дәрежедегі үсік шалған және екінші дәрежедегі үсікке едәуір шалдыққан сырқаттарды емдеу (саусақ, қол, мұрын, құлақ) амбулаториялық тұрғыдан яғни таза таңғыш қою, физиотерапия жүргізу жолымен жүргізіледі.

Аяққол үшінші, төртінші дәрежедегі ауқымды үсікке шалдыққан кезде стационарлық ем қажет.

Күннің өтуі және ыстық тию.

Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құйылуы байқалады (гиперемия).

Беттің қызаруы және бастың қатты ауыруы күннің өтуінің алғашқы белгілері болып табылады. Сонан соң жүрек айныйды, бас айналады, көз қарауытады және құсқысы келеді. Ауру естен танады, тыныс алу жиілей түседі, жүрек қызметі әлсірейді.

Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады.

Денеге ыстық тиюдің үш себебі:

. Жоғары сыртқы температура;

2. Дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім;

. Ауыр жұмыс істеу.

Қатты ысынған және терлеген кезде организм ылғалды жоғалтады, қан қоюланады, организмдегі тұздың мөлшері азаяды, осының нәтижесінде ыстық тию пайда болады. Бұл организмдегі әсіресе мидағы оттегі тапшылығына әкеп соқтырады.

Ыстық тиюдің алғашқы белгілері  аурудың әлсіздігі қалжырағандығы, жүрегінің айнуы, басының ауыруы, айналуы. Дененің ысынып, температурасы 38-40 дейін көтерілген кезде ауру құсады, талықсиды, кеуде құрсуы пайда болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек: зардап шегушіні жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тамақ береді. Жүрек тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, мл 10% кофейн ертіндісін, мл кордиамин, мл 10% лобелин ертіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.