Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

VI. Дәріс конспектілері

№ ДӘРІС. Тақырып: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны. Маманды дайындауда курстық негізгі есептері. Заң актілері. ТҚ қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері.

Дәрістің мақсаты: «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мазмұны мен мақсатын және теориялық негіздерін қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны.

  2. Маманды дайындауда курстық негізгі есептері.

  3. Заң актілері.

4. ТҚ қамтамасыз еткенде ұйымдастыру және теориялық негіздері.

  1. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты және мазмұны.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының оқу бағдарламасына енгізілуі қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму логикасына байланысты болып отыр. Бұл курстың өзегі болып, қоғамның дамуының негізі – адам алынған. Кезінде Протагор «Адам – барлық заттың өлшемі» деген екен. Яғни, адамды жұмыс күші ретінде жұмыс процесінде ғана қорғау қажет емес, сонымен қатар оны өмір бойы, қайда тұрса да, кайда жүрсе де қорғау қажет.

Айтылған мәселелерге байланысты «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының негізін жасауға болады:

- адам жерде пайда болғаннан бастап, ылғи да өзгеріп отыратын қауіп пен қатердің арасында өмір сүріп келеді, яғни адамның іс-әрекеті мен тіршілігі әрқашанда қауіпте;

- қауіп-қатер адам өміріне, оның денсаулығына ылғи да зиянын тигізеді (жүйке ауруы, жарақат, ауру, өлім), яғни мемлекеттің, жалпы қоғамның алдында адамдарды қорғау міндеті тұрады;

- толық қауіпсіздік болмайды, әрқашан белгілі бір қауіп қалып отырады, сондықтан, қауіпсіздікті ұйымдастыру жұмысы жоғары деңгейде болуы керек;

Осы алға қойған мақсатқа жету үшін қолданылатын техникалық, экономикалық және басқа да шаралар – егер адамдардың бұл мәселелердегі біліктілгі төмен болса - аздық етеді. Табиғатта болып тұратын қауіп-қатерлер тұрақты, жан-жақты және қуатты, сондықтан жер бетінде қауіп төнбейтін адам болмайды. Бірақ көп адамдар бұл жағдайға көңіл аудармайды, байқамайды, тіпті ойламайды да, сондықтан олардың ойы нақтылы өмірден алшақ болады.

Сондықтан қауіпсіздіктің идеологиясын, нақтылы жайға сай ойлауды, тәртіпті құру үшін, осы «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» оқу бағдарламасы қажет. Сонымен, «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал-жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс, өрт қауіпсіздігі және т.с.с). «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты – қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау – осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының негізгі мақсатына келесі сұрақтар кіреді:

- қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.;

- болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу;

- қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

Тiршiлiк қауiпсiздiгі  адамның төтенше жағдай кезiндегi өмiр сүру ортасымен қауiпсiз қарымқатынасының, шаруашылық объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеу әдiстерiн, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерiн зерттейдi.

Пәнде мынадай мәселелердiң жайкүйi мен жағымсыз факторлары қаралады:

 тiршiлiк ортасының жайкүйi мен жағымсыз факторлары;

 адамның тiршiлiк ортасымен қарымқатынасының қауiпсiздiгiн қамсыздандыру принциптерi, физиология негiздерi және оның қызметiнiң қолайлы жағдайлары

 жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерiнiң анатомиялықфизиологиялық факторлары, оларды бiргейлестiру принциптерi, техникалық құралдар мен техникалық процестердiң қауiпсiздiгiн арттыру;

 шаруашылық объектiлерiнiң төтенше жағдайдағы жұмыс iстеу тұрақтылығын зерттеу әдiстерi;

 ТЖ мен оның салдарын болжау;

 Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектiлерiнiң өндiрiстiк қызметкерлерiн қорғау және ТЖ салдарын жою жөнiндегi шараларды әзiрлеу;

 тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң нормативтiк  техникалық және ұйымдық негiздерi.