Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

5. Халықты қәуз бен р3-дан қорғау.

Халықты ҚӘУЗ және РЗ-дан қорғау кешендiк шаралар орындаумен қамтамасыз етiледi, оның негiзгiсi болып аварияны болғызбауды бағыттаған инженерлi-техникалық және ұйымдастыру шаралары болып табылады. Олар нысанда уақытында орындалады және мыналарды қамтиды:

1. ҚӘУЗ және РЗ қалдықтарының ауаға таралуын химиялық және дозиметрлiк бақылау

2. Халықты өзiн қорғау құралдарымен (ӨҚҚ) және олардың әр қашан дайын тұруын қамтамасыз ету.

3. ҚӘУЗ және РЗ жөнiнде шынайы метеодеректер арқылы зақымдану болатын аймақты уақытында болжау.

ҚӘУЗ және РЗ зақымдануы болған нысандардың зардабын жою үшiн мынадай шаралар қолданалады:

- ҚӘУЗ, РЗ қалдықтарынан болатын авариялардың зардаптарын және халықтың зақымдану қаyпiн хабарлау;

- радиациялық және химиялық барлау iciн жүргiзу, ҚӘУЗ РЗ-мен зақымданған ошақтардың шекарасын белгiлеу;

- жеке және ұжымдық, қорғану заттарын пайдалану;

- зардап шеккендердi iздеп, алып шығып бiрiншi медициналық көмек көрсету;

- халықты ҚӘУЗ және РЗ-мен зақымдану қаyпi бар және зақымданған аймақтан көшiру;

- аварияның тарап кетпеуi жөнiнде қауырт шараларды өткiзу;

- зақымданғaн ауаның тарап кетпеyiне бaғытталған, ҚӘУЗ және РЗ-мен зақымданған ошақты газсыздандыру немесе белсенсiздендiру жолдарымен жою, зақымдaнғaн ауаның таралуына жол бермеу үшiн бағытталған, сулы немесе өрт перделерiн орнату.

Hысанға жақын орналасқан тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлердi қорғауды қамтамасыз eтетін жауапты тұлғаларғa жататындар: шаруашылық нысанының AҚ бастығы (директор, бiрiншi басшы), нысанның АҚ штабының бастығы.

Олар ҚӘУЗ және РЗ жөнiндегi шараларды өз yaқытындa өткiзудi және радиациялық, химиялық қауiптi нысанды пайдалану қауiпсiздiгi үшiн қажеттi жағдайды қамтамасыз етедi.

6. АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы.

Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бір қатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарылады. Радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады.

Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді:

Шектеулі авариялар (радиациялық салдары бір ғимаратпен шектеледі, қызметкерлер сәулеге ұшырауы мүмкін).

Жергілікті авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағымен шектеледі).

Жалпы авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағының шекарасына таралады).

АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердің радиациялық ластану аймағының сипаттамасы.

Аймақтар-дың атауы

Авариядан кейінгі бірінші жылдағы сәулелену дозасы

Авариядан кейін бір сағаттан кейін сәулелену дозасының қуаты

сыртқы шекарада

ішкі шекарада

Орта шекарада

Сыртқы шекарада

Ішкі шекарада

Баяу ластану

50 рад

500 рад

160 рад

140 рад/сағ

1400 мрад/сағ

Күшті ластану

500 рад

1500 рад

866 рад

1,4 мрад/сағ

4,2 рад/сағ

Қауіпті ластану

1500 рад

5000 рад

2742 рад

4,2 мрад/сағ

14 рад/сағ