Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

4. Көшіру және қоныстандыру. Көшіру және қоныстандырудың принциптері және көшіру әдістері.

Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету (көшіру) мақсатында, тұрғындарды, жұмысшалар мен қызметкерлерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдіс болып табылады.

Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізіліген көшіру шаралары, яғни Ұлы Отан соғысы кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы, Ұлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама-қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін, қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.

Көшіру шаралары мынаны қамтиды:

- көшіру – төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істенуін сақтау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету;

- қоныстандыру – бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшалары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып ұйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).

Көшіру шараларына, сондай-ақ шекаралас аудандардан, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады.

Қауіпсіз аймақ – бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тыс қару орналасқан, көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

Барлық көшірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыздандырылуға тиіс.

Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері:

- көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;

- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;

- көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;

- көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;

- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

- көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орналастыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;

- өз қызметін жалғастыратын объектілердің үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру.

Республика аумағындағы өндірісті қатты әсер ететін улы заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әр-түрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.

Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқырушы органдар, ұйымдар ұйымдыстырады.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғау шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.

Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің, лицейлердің, мектеп – интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта көшірілетін халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пунктері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келісіледі, және солардың шешімімен (қаулысымен) бекітіледі. Осы шешімдер, (қаулылар) негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.

Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын (пункттерін) Республика үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмысшалар ауысымын тасымалдау үшін жұмысшалар ауысымын жұмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейілінше аз жұмсалуын (2-3 сағаттан көп емес) ескере отырып, темір жолға, автомобиль және су жолына жақын орналасқан орналастыру орындары бөлінеді.

Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады.

Тізімдер ұйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері ҚПИҚҚ бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жұмысшалар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады.

Көшіру тізімдер үш данада жасалады біреуі-ұйымда немесе пәтерлерде иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі – көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен жиналатын көшіру пунктіне (тізімді анықтағаннан кейін) жіберіледі, үшіншісі – бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен көшіру – қабылдау комиссиясына жіберіледі.

Көшіру тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және жабдықтайтын негізгі құжаттар болып табылады.