Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР Төтенше жағдайлары туралы заңы, Алматы,  ж

3. ҚР Азаматтық қорғаныс туралы заңы. Алматы,  ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. .

12. Николаев Н.С. ГО на объектах АПК  М.  90.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности Курс лекций.

Алматы. .

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. М. .

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационнометодический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски , АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе сельском и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7. Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002. [kgl]

[gl] №7 САБАҚ. Тақырып: Жер ciлкiнici кезіндегі жағдайда инженерлік, медициналық және өрт жағдайын бaғaлay. [:]

Сабақ мақсаты: Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен қорғау және ол болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шараларын қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay.

2. Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi.

3. Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары.

  1. Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay.

Жер сiлкiнiсi – бұл жер қыртысында немесе мантияның, үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түpiндe үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпyi мен жер астының қозғалысы.

Жер сiлкiнiсi – дүлей зiлзаланың ең жойқындағыш түpi. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай–ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бiрiншi орынды алады.

Жыл сайын дүние жүзiнде 100 мың жер сiлкiнiсi болады, олардың көбiсi елсiз, оларды тек сейсмограф құралы арқылы ғана байқауға болады.

Алматы қаласы мен Алматы облысында жыл сайын сейсмографтар 400 жер үстi дүмпуiн байқайды.

Жер сiлкiнiсi жер қыртысында немесе жер мантиясында болады.

Жер сiлкiнiсiнiң төрт түpi бар:

Тиктониалық жер сілкінісі – жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.

Жанартаулық жер сілкінісі – жанартаулардың басталу кезiнде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.

Oпыpылмa жер сiлкiнicі – жердiң опырылуынан, қопарылуынан болады.

Техногендік жер сілкінісі – адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күштi жарылыстардан болады.

Орталық нүкте – жердiң астында жер сiлкiнici бастaлғaн (болған) орын.

Кiндiк орталығы – бұл орталық нүктенiң тура үстiнде орналасқан жер бетiндегi нүкте.

Ошақтың тepeңдiгі – орталық нүкте мен кiндiк орталығының аралығы. Терең емес жер сiлкiнiсi болған жағдай да ошақтың тepeңдігi 5-40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500 км дейiн болады.

Жарықтың айналған бөлiгiнiң көлемi (ұзындығы) ­сезiлмейтiн жер сiлкiнiстерiнде бiрнеше метр және ipi жел сiлкiнicтерiнде бiрнеше км дейiн жетедi. Айырылған жарық жер асты қабатының терең бөлiктерiнде тоқтап қалуы мүмкін, сондай-ақ жер бетiне де жетуi мүмкін.

Қатты дүмпудiң ұзақтығы- орташа жер сiлкiнiстерiнде 2 секундтан 5 секундтқа дейiн, ал күштi жер сiлкiнiстерiнде 20 дан 90- секундтқа дейiн болуы мүмкін.

Жер сiлкiну ауданының радиусы – орташа жер сiлкiнiстерiнде 5-15 км, ал күштi жер сiлкiнiстерiнде 50-160 км болады.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы – көлемдi толқындардың eкi түpi бар. Бұл Р толқыны (латын тiлiндегi PRIMAE – бiрiншi ) және S (SECONDAE – екiншi). Р толқындары 3-8 км/ceк, S толқындары 2-5 км/ceк жылдамдығымен таралады. Сондай ақ жер қабатының бетiмен, оның астындағы аздаған тepeңдікке таралатын жер бетiндегi толқындардан болады.

Жер сiлкiнiсiнiң қарқындылығы – белгiлi бiр орындағы жер сiлкiнiciнен болған шығындардың дережесi. Балл түрiнде арнайы шкалалардың көмегi арқылы анықталады:

-12 балдық шкала ММ (1902 жылы Итальян вулканолог Меркалли әзiрлеген, түрлендiрiп АҚШ-та қабылданған).

-12 балдық MSK шкаласы-64 (1964 жылы С.В. Медведев (КСРО), В. Шпонхойер (ГФР) және В.Карник (ЧССР) әзiрлеген), еуропаның кейбiр елдерi мен ТМД-да қабылданған.

Жер сiлкiнiсiнiң қарқындылығы салыстырмалы мөлшер болып саналады және ол мыналарға байланысты:

- жер сiлкiнici кiндiгiнiң ара-қашықтығынан – жер сiлкiнiсi кiндiгiне жақындаған сайын қарқындылығы жоғары;

- жер сiлкiнiсi ошағының тереңдiгiнен – тepeңдігi аз болған сайын қарқындылығы көбiрек бола түседi;

- топырақ жағдайына байланысты – кеуептi жыныстар және жер асты суларының жоғары жату, жер сiлкiнiсi қарқындылығының бiр балға көбеюiне әсер етедi.

Магнитуда – жер сiлкiнiсi дүмпулерiнiң сейсмикалық қуатын сипаттайтын мөлшер (жер сiлкiнiсi кiндiгiнен 100 км қашықтықта сейсмогроф жасаған жер дүмпудiң микрон түрiнде белгiленген ең жоғарғы амплитудасы логарифм түрiнде анықталады ).

Магнитуда идеясын әзiрлеуге көптеген ғалымдар үлес қосты, бiрақ оны тек Калифорния технологиялық институтының профессоры Чарлз Ф. Рихтер ғана iскe асырды (1935ж).