Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

71.Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы

арасындағы қатынастар

Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 3 қаңтарда орнатылды.

ҚР-ның ҚХР-дағы Елшісі 2012 ж. сәуір айынан бастап Н.Ермекбаев.

ҚР-дағы ҚХР Елшісі 2010 ж. мамыр айынан бастап Чжоу Ли.

Қазақстан-қытай қатынастарының ең негізгі құжаты – 2002 ж. 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісім болып табылады.

Қазақстан-қытай қатынастары өзінің саяси байланыстардың жоғарғы қарқындылығымен сипатталады. Жыл сайын екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланатын ең жоғарғы және жоғарғы деңгейде келіссөздер мен кездесулер жүргізіледі.

2011 жылы Қазақстан және Қытай ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне - жан-жақты стратегиялық әріптестікке жетті. 2012 жылы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толды.

2011 ж. 21-23 ақпан аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары өтті. Сапар нәтижесінде бірнеше құжаттарға қол қойылды, оның ішінде, Сотталған азаматтарды беру туралы келісім, Трансшекаралық өзен суларының сапасын қорғау туралы келісім және Астана-Алматы жоғарғы жылдамдықты темір жолы құрылысы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

2011 ж. 12-15 маусым аралығында ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысуымен ұштастырылған Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды, олар: ҚР мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту туралы бірлескен мәлімдеме, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, ҚР Ұлттық Банкі мен ҚХР Халық Банкінің арасындағы юань/тенге валюта своп операцияларын жүргізу туралы келісімі.

Сыртқысаяси мекемелер арасында байланыстар белсенді іске асырылуда.

2011 ж. 14 мамырда ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Алматыдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлер кеңесінің отырысына қатысты.

2011 ж. 7-9 қыркүйек аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов ҚХР-ға жұмыс сапарымен барып қайтты.

2012 ж. 11 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов Пекиндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында қатысты.

10 салалы кіші комитеттер мен 2001 ж. қыркүйекте құрылған Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бірлескен комиссиясы кіретін Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай комитеті тиімді жұмыс атқарады. Қазақстан жағынан тең төраға–Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келимбетов, ал қытай жағынан – Мемлекеттік кеңестің вице-премьері Ван Цишань болып табылады. Екі ел арасында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы бар.

Қауіпсіздік және әскери саласындағы ынтымақтастық сәтті дамуда. Осы қатынастар мамандандырылған қызметтердің және құқық қорғаушы органдардың тұрақты байланыстар арқасында жүзеге асуда. Тараптар терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге, нашақор саудасына, заңсыз көші-қонға және т.б. қылмыстық қызметке қарсы күрес саласында ынтымақтасады. 2009 ж. 19 қарашада Пекинде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев пен ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ван Гуанъяның тең төрағалығымен Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай кіші комитетінің 5-ші отырысы өтті.

2012 ж. 11-12 сәуір аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (Пекин қ.) Қауіпсіздік кеңес хатшыларының жетінші кездесуінде ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М.Тәжин қатысты.

Бірқатар халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ және ШЫҰ шеңберінде тығыз байланыс орнатылған. Қытай Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі кеңесті, Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер басшылары съезінің өткізілуін қолдайды.

Парламентаралық қатынастар ұлғаюда.

2011 ж. 23-27 қыркүйек арасында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитетінің төрағасы У Банго Қазақстанға сапармен келді.

2011 ж. 20-24 желтоқсан аралығында Қазақстанның тәуелсіздігіне және ҚР-ҚХР дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толуына арналған шараға қатысу үшін Қазақстанға ҚХР ШҰАА Халықтық саяси консультативтік кеңесінің Төрағасы А.Керімбай келді.

ҚР-ҚХР дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толу мерекесіне арналған салтанатты іс-шараларға қатысу мақсатында ҚХР Төрағасының арнайы өкілі ретінде 2012 ж. 7-10 қаңтарда Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитетінің төрағасының орынбасары Чэнь Чжилидің Қазақстанда сапары өтті.

2011 ж. Қазақстан мен Қытай сауда айналымы 21,3 млрд.долл. құрады (+34,3%) (экспорт – 16,3 млрд.долл. (+38%), импорт – 5,02 млрд.долл. (+22,3%)).

2012 ж. қаңтар-наурыз айларындағы сауда айналымы 5,1 млрд.долл. жетті (экспорт – 3,6 млрд., импорт – 1,4млрд.долл.).

Қазақстан мен Қытай мәдениет және білім саласындағы екіжақты қатынастарға дәстүрлі маңызды мән береді.

Ғылыми-техникалық ынытымақтастық және Жоғарғы оқу құжаттарыныың өзара тану туралы келісімдерге қол қойылған. Қазақстанда Конфуций Институттары жұмыс жасауда. Үкіметаралық келісім негізінде жыл сайын студенттермен алмасу жүзеге асырылады. Жоғарғы оқу орындары арасындағы тікелей байланыстар орнатылған. «Болашақ» президенттік стипендиясы бойынша Қытайға студенттер жіберілуде.

2011 ж. 11-13 қазан аралығында Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігіне орай Астананың Пекиндегі мәдениет күндері өткізілді. Р.Рымбаева, А.Мусаходжаева және Н.Ускенбаеваның сияқты қазақстандық әртістердің қатысуымен гала-концерт өткен.

2011 ж. 7-8 желтоқсанда Пекинде Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті (қазақстандық делегацисының басшысы – А.Бөрібаев).

2011 ж. 22 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында мерекелік шараларға байланысты ШҰАА ансамблінің концерті өтті. Бұл концерт Қазақстан тәуелсіздігі мен ҚР-ҚХР дипломатиялық қатынастарының 20 жылдық мерекесіне арналған еді.

Қытай мұрағаты құжаттарының негізінде екі елдің ғалымдарының қатысуымен ежелгі үйсін тайпалары «Ежелгі үйсін елі», түрік мемлекеті «Ұлы түрік қағанаты» және де Цин династиясы кезіндегі (1644-1911жж.) қазақ-қытай қатынастары жайлы кітаптар жарық көрді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]