Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

28.Қазіргі х/а қатынастардағы Орталық Азия’’

Кешегі Кеңес империясы күйреген соң өз алдына жеке-жеке отау тіккен Орталық Азия елдері әлемнің назарын өзіне аударғаны белгілі. Оның бірнеше себебі бар. Біріншісі – осы мемлекеттердің территориясында жатқан табиғи қазба байлық. Бастысы өте мол көмірсутегі отыны. Бұл шикізат дүниені қозғаушы күш дейтін болсақ, қашанда алпауыт елдер сол майлы бәліштен қарпып қалу үшін сайысқа, бәсекеге түсетіні белгілі. Шындығы керек, осы аймақта жатқан көмірсутегі отынын игеру үшін тартыс сонау өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында-ақ басталып кеткен. Бұл бәсекенің көрігін қыздырып отырған елдер АҚШ, Қытай, Ресей Еуроодақ мемлекеттері және Мұсылман әлемі мен Оңтүстік Шығыс Азиядағы экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдер. Екінші бір мәселе, Кіндік Азия республикалары – әлемдік геосаясатта өзіндік орны, қажет етсе, дүниені кері бұрып жіберуге мүмкіндігі жететін алпауыт Қытай, өз ішінде сапырылысып жатқан, жаһанды есірткімен қамтамасыз етіп отырған, басқаруы қиын Ауғанстан, АҚШ пен Батысқа қырын қараған, әлемде амбициясы өте мықты Иран, тыныштығынан жанжалы көп Қап тауы мемлекеттері һәм қанаты қайта қатайып, империялық тәбеті ашыла бастаған Ресей секілді алып елдердің ортасында жатыр. Десек те, аймақта жатқан елдер Орталық Азияда негізгі саяси ойыншы болатын АҚШ, Қытай және Ресейдің қайсымен жақсы болуы керек, қайсысын ішке тартып, қайсысына салқын қабақ таныту керектігін сарапқа салып, әлі күнге бір шешімге келе алмай жатқаны шындық. Орталық Азияға мұхиттың ар жағынан көз салып, сұңғыла саясатын жүргізіп отырған бір ел, ол – АҚШ. АҚШ-тың аймақта жат¬қан бес елге салған инвес¬тиция¬сы өзгелерді бірнеше орап кетері хақ. Вашингтон Орталық Азия елдеріне экономикалық жа¬ғынан да, саяси жағынан да үл¬кен ықпал ете алар тұлға. «Орта¬лық Азия Ақ үйге не үшін қажет» дегенге келсек, әрине, бірінші орын¬ға сол баяғы көмірсутегі оты¬ны шығатыны анық. Екінші бір мәселе, Орталық Азия АҚШ үшін осы елдермен көрші жатқан һәм саясатта да, экономикада да өзі¬мен бәсекелесе бастаған алып Қы¬тай, Ресей, Иран секілді елдерді тұқыртып отыру саясатын ұстануға қажет. Ал Мәскеумен Бейжің Вашингтонның ондай өктем саясат жүргізіп, Орталық Азияда түпкілікті табан тіреп қал¬ғанын қаламайды. Содан болар, аталмыш екі ел Өзбекстан мен Қырғызстанда тұрған АҚШ-пен оның одақтастарының әскери базаларын жабуға үлкен күш сал¬ғаны анық. Алайда Ақ үйдің ұпайы түгел деуге болады. Осы ап¬тада АҚШ Оңтүстік Кореяны ара ағайын ете отырып Өзбек¬стан¬ның «Навои» әуежайын Ау¬ғанс¬тандағы коалиция күштеріне жүк тасымалы нысаны ретінде пайдаланатыны белгілі болды. Ресми Ташкент рұқсат берді. Де¬мек, көп ұзамай өзбек елінде АҚШ-тың жаңа әскери базасы ашылып қалуы хақ. Екінші бір мәселе, АҚШ-тың қырғыз же¬рін¬де тұрған «Манас» базасының да жа¬былмауы мүмкін. Қазір қы¬р¬ғыз біткен жазда өтетін пре¬зи¬дент¬тік сайлауға даярлануда. Бұл сай¬лауға АҚШ та үлкен үмітпен қарап отыр. Оның себебі бар. Мәскеудің айтқанына көніп, «Манас» базасын жабуға шешім шығарған Бақиевке Ақ үйдің тісі қайраулы. Ақ үй үшін қырғыз билігіне кім келуі міндет емес, ең бас¬тысы, кім келсе де «Манас» әуежайында орналасқан базасын жаптырмау. Кейбір дуалы ауыз саясаткерлер бұл жерде екі бол¬жамды алға тартады. Біріншісі – АҚШ қырғыз оппозициясын қолдай отырып, бүгінгі Бақиев билігін тақтан тайдыру, сөйтіп, өз айтқанынан шықпайтын адамды президент ету. Екіншісі – Бақиев билігімен астыртын келісім жүргізіп, әскери базаны жабу туралы шешімді қайта қарауға мәж¬бүрлеу. Қазір Ақ үй осы екі сце¬нарий бойынша жұмыс істеу¬де. Бір тетік жүзеге аспағанда, екіншісі іске қосылары хақ. Демек, АҚШ Орталық Азияда ұзағынан қала берері анық. Демек, Орталық Азия үшін Қытай, Ресей және АҚШ арасында тартыс жал¬ғаса бермек. Бұл жерде 60 мил¬лионға тарта адам ресурсы және орасан зор табиғи байлығы бар Орталық Азия елдері атал¬мыш үш елдің қайсысының шаужайында кетеді, бұл бір Құ¬дайға аян. Дегенмен үш елдің те¬ке¬ тіресі аймақта жатқан бес елге пай¬далы. Неге десең, аймаққа бір елдің өктемдеу саясат жүргізуіне екін¬шісі мен үшіншісі қарсы тұр¬мақ. Демек, алып елдердің те¬ке тіресі Орталық Азия үшін те¬же¬гіш тетігін атқармақ. Бұдан ата묬мыш бес ел ешқашан ұтыл¬ма-сы анық. Десек те, сыртқы күш¬терге қарсы тұру үшін Астана кө¬терген Орталық Азия одағын құру бастамасының өзекті екенін осы¬дан көруге болады.

Орталық Азиядағы АҚШ және басқада акторлар

Қазіргі кездегі ОА дағы АҚШ тың мүддесі:

 ОА да халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіретін жабық тәртіптердің пайда болуының алдын алу;

 Американдық саяси және әскери саяси үстемдіктің ұзақ мерзімді базасын құру.АҚШ-тың аймақтағы елдердің территориясын Ауғанстанда контртеррористік операцияны жүзеге асыру үшін пайдалану сияқты мүддесі бар. Яғни Қырғызстан мен Өзбекстандағы АҚШ-тың әскери базасы арқылы.

ОА-дағы Ресейдің негізгі мүдделері келесідей:

 ОА-ны өзінің геосаяси, саяси үстемдігі шеңберінде сақтау, ОА елдерінің интеграциялық үрдіске Ресеймен қатысуын қамтамасыз ету;

 Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мүддесі РФ үшін көптеген қауіп біздің аймақпен байланысты,мысалы,наркотранзит,заңсыз миграция,діни экстремизмнің кең етек алуы.

Қытайдың басты мүдделері:

 Біржақты доминионға жол бермеу және ОА-да АҚШ не Ресейдің біреуінің ғана мүддесін нығайту;

 Қытайдың мұнайдың импортына тәуелді болуын ескере отырып,мұнай-газ саласындағы мүдделерін алға жылжыту.

ЕО-ның Орталық Азия¬ға арналған 2007-2013 жылдар аралы¬ғын¬дағы стратегия жобасын талқылау болды. Бұл құжат Еуроодақтың үстіміздегі жылдың маусым айында өтетін саммитінде мақұл¬да¬нады деп күтілуде. Ал күн тәртібін нақтылай түсетін болсақ, оған мынадай қадау-қадау әрі бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері енгі¬зіліп, қаралды:

1) әлеуметтік-экономикалық дамуды, еркін сауда мен инвестицияларды қолдау;

2) ортақ қатерлер және сынақтармен күрес;

3) білім беру және кәсіби дайындық;

4) демократия, заң мен адам құқының үстемдік құруы;

5) энергетика;

6) қоршаған ортаны қорғау.

Алқалы жиында ЕО-ның ОА елдерінің саяси және экономикалық дамуына қатысу деңгейін жоғарылатуға ұмтылып отырғаны да атап көрсетілді. Аталған дамудың біртін¬деп ЕО стандарттарына жақындай түсуіне де баса назар аударылды.

Еуроодақ өкілдері Оңтүстік Кавказ рес¬публикаларын Еуропалық көршілік саясаты (ЕКС) саласына қамтып, олармен 2006 жыл¬дың қарашасында ЕКС аясында ынтымақ-тас¬тық жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қоюы ЕО мен Орталық Азияны география-лық жағынан айтарлықтай жақындатып, өзара қарым-қатынасты белсенді етуге ал¬ғы-шарт жасағанын атап өтті. Осыған байла¬ныс¬ты Б.Ферреро-Вальднер былай деді: “Сіз-дер – біздің көршілеріміздің көршісі¬сіз¬дер”. Сауда-экономикалық қатынас мәселе¬лерін қарау барысында ЕО үштігі Орталық Азия мемлекеттерінің тауарларын Еуропа рыногына шығаруға және Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше емес төрт елдің (Қырғызстан мүше болып табылады) осы ұйымға өтуіне ықпал етуге дайын екендігін білдірді. ЕО жағы сондай-ақ Еуропа Даму және қайта құру банкі өзінің жәрдем мандаты ауқымын кеңейткенін, осының нәтижесінде өңірмен ынтымақтастықты белсенді жүргізетінін хабарлады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]