Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

67.Еқыұ және оның халықаралық қатынастардағы рөлі

Еуропа континентінде бейбітшілік пен тұрақтылыққа бірден бір кепілдік болған Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің(қазіргі ЕҚЫҰ) мүше мемлекеттері 1975ж тамыз айында Хельсинки Қорытынды Актісін қабылдаған болатын. Бұл құжат мүше елдердің ұйым аясында атқаратын мақсаттары мен міндеттерін,ынтымақтастықтарын халықаралық құқықта бекітілген қағидалар негізінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Аталмыш Кеңеске мүше елдер халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында ұйым шеңберінде өзара ынтымақтасты БҰҰнда белгіленген мақсаттар мен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. Қорытынды Актіде орын алған принцептер Декларациясы мүше мемлекеттердің арасындағы ынтымақтастық қағидаларына арналған. Халықаралық құқықта белгіленгендей, мемлекеттер арасындағы қарым қатынастар 10 ынтымақтастық қағидалары негізінде іске асады.

Егеменді теңдік қағидасы-мүше мемлекеттер өзіндік егеменді теңдіктерін және егемендіктеріне қатысты барлық құқықтарды құрметтейді;

Күш қолданбау және күш көрсетпеу қағидасы-мүше елдер аумақтық тұтастыққа және саяси тәуелсіздікке қарсы ешқандай күш қолданбау және күш көрсептеу қағидасын ұстанады;

Шекара мызғымастығы-мүше мемлекеттер өздерінің шекаралары мызғымас екендігін ескере отырып, Еуропаның барлық мемлекеттерінің шекаралары да мызғымас екендігін атап өтеді;

Мемлекеттің аумақтық біртұтастығы қағидасы- мүше мемлекеттер бір бірінің аумақтық тұтастығын құрметтейді;

Дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы-мүше мемлекеттер мүмкін болатын даулардың барлығын халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндірмейтін бейбіт құралдармен шешеді;

Мемлекеттің ішкі істеріне араласпау қағидасы- мүше елдер өзара қарым қатынастарына қарамастан, өзге мемлекеттің ішкі компетенциясына кіретін сыртқы не ішкі істеріне тікелей, жанама, жеке тұлғалық не ұжымдық араласудан бас тартады;

Адамның басты құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеу қағидасы- мүше мемлекеттер нәсіліне,жынысына,тілі мен дініне қарамастан адамның негізгі құқықтары мен еркіндіктерін,оған қоса ойлау,сөз,ар,дін және сенім еркіндігін құрметтейді;

Халықтар теңдігі және өзін/өзі анықтау қағидасы- мүше мемлекеттер БҰҰның басты мақсаттары мен қағидаларына,сондай/ақ халықаралық құқық нормаларына сәйкес халықтар теңдігін және өз тағдырларын өздері анықтау құқығын құрметтейді;

Ынтымақтастық қағидасы- мүше мемлекеттер бір бірімен ынтымақтастығын өзге мемлекеттермен де БҰҰның мақсаттары мен қағидаларына сәйкес барлық салаларда жүзеге асырады;

Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы- мүше елдер халықаралық құқық бойынша өз міндеттемелерін әділетті және адал орындауға міндеттеледі.

ЕҚЫҰ – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын,әлемдегі ең ірі аймақтық ұйым.Ол жалпы алғанда 1 млрд.адам тұратын Солтүстік Америка,Еуропа және Орталық Азияда орналасқан 56 елді біріктіреді.ЕҚЫҰ мүше-мем/н ортақ құндылықтар,мақсаттар және міндеттемелер біріктіреді.

ЕҚЫҰ өз қызметінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ортақ құндылықтар мен міндеттемелерге сүйенеді.С.қ. қақтығыстарды алдын-алу,оларды уақытысынан бұрын анықтау,дағдарысты жағдайларды реттеу және посткризистік қайта қалпына келтірумен айналысады.Ұйымға мүше әрбір мемлекет тең мәртебеге ие және шешім қабылдауда теңдей дауыспен өзара ынтымақтастық,келісім,консенсус негізінде мәселелерді қарастырады.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үш фактормен анықталады:

әскери-саяси - өзара сенім шаралары және қауіпсіздікті нығайту;қарусыздануға бақылау орнату;Жауапты органдар:қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша форумы (әскери мәс),Тұрақты кеңес,министрлер кеңесі,хатшылық және жергілікті құрылымдар(саяси мәс); экономикалық-экологиялық – кәсіпкерлік,орта және шағын бизнесті қолдау,қоршаған ортаны сақтау,экологилық қауіпсіздік.Жауапты органдар:Тұрақты кеңес,Хатшылық,экономика және қоршаған орта саласындағы ЕҚЫҰ қызметін үйлестіруші Бюросы,жергілікті құрылымдар.

гуманитарлық немесе адам өлшемі – адам құқықтыарны негіздеу,заң жоғарылылығын бекіту,адам саудасымен күресу,демократиялық үрдістерді басқару тәжірибесін енгізу.Жауапты органдар:БДИПЧ,БАҚ еркіндігі мәселелері бойынша Өкіл,хатшылық, жергілікті құрылымдар.

Экономикалық және экологиялық мәселелер ЕҚЫҰ күн тәртібінің құрамдас бөлігі болып табылады,мұның өзі ұйымның қауіпсіздік мәселелеріне жан-жақты әдістер арқылы назар аударатындығының дәлелі.

1975 жылғы Хельсинки Қорытынды Актісінде Еуропалық Қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесіне (қазіргі ЕҚЫҰ) қатысушы-мемлекеттер келесідей тұжырымдаған болатын:

«сауда, өнеркәсіп, ғылым мен технология, қоршаған ортаны қорғау және өзге саладағы экономикалық қызметтерді дамыту мақсатындағы күш салулар Еуропада және бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуына жағдай жасайды».

Бұл экономикалық және экологиялық мәселелер Хелсьники Қорытынды Актісінің екінші қоржының құрайды және сол уақыттан бастап ЕҚЫҰ – ң үш өлшемі ретінде атақты болды (алғашқысы - әскери-саяси мәселелерге қатысты, екіншісі – экономикалық және экологиялық мәселелер, үшіншісі – адам өлшемі атауына ие болды). 1997 жылы қарашада ЕҚЫҰ Хатшылығының шенберінде экономикалық және экологиялық координатор Бюросын құру ұйғарылды.Бүгінгі таңда координаторлық қызметті 18 көмекшіден тұратын команда жүзеге асырады.

Негізгі мақсаты: экологиялық және экономикалық мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы ЕҚЫҰ аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту.

Бюро Тұрақты Кеңеспен,Экономикалық және экологиялық комитет, Экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша Далалық миссиялар мен ынтымақтаса отырып,қауіпсіздікке төнетін қатерлерді бейтараптандыру және мониторинг жасау қызметін жүзеге асырады. ЕҚЫҰ табиғи ресурстарды қолдануда тұрақты даму,қауіпті қалдықтарды қайта өндеуде дұрыс басқаруды қолдау,экологиялық мәселелерде қоғамның білім деңгейін көтеру,экологиялық ақпараттармен қоғамды қамтамасыз етілуін және олардың қоршаған ортаны қорғауға қатысты шешімдер қабылдауын кеңейту қағидалары арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]