Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

30.19Ғ. Аяғ Германия мен Италияның бірігу үрдістері:салыстармалы сараптау

Италияның бірігу үрдісі.1840-ншы жж. Италияның бірігу мәселесі айналасында көптеген даулар туындады:1)тарихи қалыптасқан суверениттер мен дәстүрлердің көптігі,б)елдің солт/к және оңт/к әлеметтік құрылымдары ара/ғы терең айырмашылықтар,в)католиктік папаның өз қарамағындағы жерлерді бермеуі.19ғ.50жж.соңында елді біріктіруде екі негізгі ағым нақтыланды:1 – рев/қ-демок/қ,Гарибальди басшылығында,2 – байыпты,Сардин корольдігінің премьер-министірі К.Кавур бас/да.Кавур елді біріктіруде Франция қолдауына сүйенбек болды.Бұл кездері Австрияның ықпалы әлсіреп,Ресей,Англия,Пруссия өз бейтараптылығында болды.1858ж.20 шілдеде Наполен3 мен Кавурмен кездесіп,оның толық қолдауына ие болады.Н/де 1859ж.19 ақпанда келісімге қол қойылып,Ресей өзінің бейтараптылғын сақтайтыны туралы айты.Алайда орыстар екіжүзді саясаты – 1859ж.3 наурызда Австриямен келісімге келуімен көрінді.1859ж. 29 сәуірде Австрия Тичиноға басып кірді.Көп кешікпей-ақ австриялық әскерлер жеңіліс табады.Біріккен француз-сардин әскерлері бірінен кейін бірі жерлерді иемдене бастайды.Алайда француз басшысы наполеон3 Италияның бірігіп,күшейіп кетуінен сескеніп,Франц Иосифпен алдын-ала бейбіт келісім туралы келіседі.1859ж. 11 шілдеде Австрия мен Франция ара/да Виллафранк келісімі жасалынады.1859ж.16 қазанда Цюрихте конференция ашылып,10 қарашада Цюрих келісімдеріне қол қойылады:1)австро-француз келісімі,2)франко-сардин келісімі,3)австро-француз-сардин.Олар б/ша:а)Австриядан Ломбардия Сардинияға өтті,б)Моден,Парма,Тоскан герцогтарына жерлері қайтарылды,в)итальян мем/н конфедерация құру,г)Венеция Австрияда қалды.Франция Италияның бірігуіне қарсы болды,ал Англия керісінше,француз ықпалындағы Италия конфедерациясының құрылуына наразы болып,ондағы елдердің тәуелсіздіктерін қолдады.Осылайша,1860ж.наурызда франко-итальян келісімі жасалынды,Наполеон3 Парма,Моден,Тоскана,Романьидің Пьемонтқа қосылуын мойныдап,Кавур Савойа мен Ниццаны Францияға берді.Артынша бұл жайт бүкіл ел бойынша халық наразылығын тудырып,Гарибальди халық қаһарының шоқпарын шебер пайдалана отырып,Италияның бірігу үрдісін сәтті нәтижеге жеткізді.1861ж. 14 наурызда Туринде барлық итальян корольдықтардың бас қосуында Виктор Эммануил король болып сайланды.1866ж. австро-прус соғысы н/де 21 қазанда Венеция да Италияға қайтарылды.1870ж. бастап өмір сүруін тоқтатқан Папа мемлекетінің астанасы Рим – енді 1871ж. Бастап біріккен Италияның астанасына айналды.Рим папасы өз билігін тек ВАтиканда сақтап қалды.

Германияның бірігу үрдісі.19ғ.ортасына қарай Германия әлі де бөлшектенген түрінде болды.Вена конгресі шешімдері б/ша – 34 неміс мем/і Австриялық Габсбургтер қол астына беріліп,4 еркін қала жарияланды.1848-1849жж. Революциялар барысында ұлттық бірігу мәселесі қайта көтерілді.Мұндағы ең басты проблема – елдің бірігуін кім басқарады,Австрия немесе Пруссия.1862ж. Пруссия үкіметінің басшысы болып Отто фон Бисмарк келді.Ол өзінің басты мақсаты ретінде Пруссия басшылығындағы біріккен Герман үкіметін құруды көздеді.Германияның бірігу үрдісі үш соғыс-Австро-прус-дат,австро-прус және франко-прус нәтижесінде жүзеге асты.Мәселе өз бастауын шлезвиг-гольштейн проблемасынан басталды. Шлезвиг пен Гольштейн солтүстік және балтық теңіздерінде стратегиялық маңызды нүктелер болды. Англия,Франция ж\е Австрия бұл екі маңызды жерлердің Пруссияға қосылуынан қауіптенді. Себебі,ол Пруссияны күшейтіп жіберетін еді.Алайда Бисмарктың тамаша дипломатиясының жемісінің нәтижесінде Гольштейн мен Шлезвиг Пруссияға қосылды(1964.30.04). 1865ж 14 тамызда австрия ж\е Пруссияның қатысуымен Гольштейн мен Шлезвиг герцогствасы туралы мәселені реттеу бойынша Гаштейн конвенциясына қол қойылады. Ол бойынша:Гаштейндегі әкімшілік билік Австрияға берілді,ал Шлезвигтегі билік Пруссияға берілді. Алайда Бисмарктың есебі дәл келді. Австриядан тым алыс тұрған Гольштейн билігі бірте бірте Пруссияға өтті.Осылайша 1866жылға келгенде Австро-прусс қарама-қайшылығы шырқау шегіне жетті. Австро-прусс соғысында Бисмарк ең алдымен өзіне одақтастар іздеуді алдына қойды. Бұл тарапта Франция өте қауіпті қарсылас болды. Бисмарк Францияға Люксембургты беру арқылы оны соғысқа арластырмады. Англия мен Ресей бейтараптылық позициясын ұстанды. Италияны австрияға қарсы соғысқа тарту үшін Бисмарк оған Венецияны қайтыруды шешті. Соғыстың нәтижесінде Пруссия герман бірігуінің көшбасшысына айналды. Алайда бірқатар Оңтүстік герман мемлекеттер-Бавария,Саксония,Вюртенбург,Боден әлі қосылмады. Шамадан тыс күшейіп бара жатқан көршілес Пруссиядан Франция өте қорықты.1867ж 7 мамырда орыстардың бастамасымен Люксмебруг мәселесі бойынша Лондонда конференция ашылады.Нәтижесінде компромисске қол жеткізілді- Наполеон 3 Люксембургке претензияларынан бас тартты. Люксембургтің нейтралитеті жарияланды. Ендігі кезде Пруссияның алдында Франция сынды ең басты қарсыласты жолдан алып тастау болды. Соғысқа сылтау – Испан тағына мұрагер болып Леопольд Гогенцоллерн кандидатурасын Франция қолдамады,артынша оны Пруссиядан да талап етеді.Оған өте қатаң түрде жауап келеді.Н/де 1870ж. 20 шілдеде Франция Пруссияға соғыс ашады.Ойсырата жеңілген Франция үшін соғыс нәтижелері тым қайғылы сипат алды. 1871ж.18 қаңтарда бұрыңғы француз корольдарының резиденциясы Версаль айналы залында Герман империясы құрылғаны жарияланды.Бірінші император – прус королі Вильгельм 1.Герман империясы 22 мем/т және 3 еркін қала – Любек,Бремен,Гамбургты біріктірді.1871ж. сәуірде Герман конституциясы қабылданды.1871ж.26 ақпанда Тьер мен Бисмарк ара/да прелиминарлық келісімге қол қойлыды,ол б/ша Эльзас пен Лотарингия Германияға қайтарылды.1871ж.10 мамырда екі ел ара/да Франкфрут келісімі жасалынады.О б/ша екі ел ара/да жаңа шекара сызығы анықталды.Бұл өз кезегінде алдағы уақытта жаңа соғыс қауіпін туғызуы әбден мүмкін еді. Осылайшы Германияны біріктіру үрдісі «үстінен» басқыншылық соғыс арқылы өз дегеніне жетті.Бұрынғы кезде әлсіз әрі шашыранқы итальян және герман князьдықтарының орнында күшті біріккен Италия және Герман империялары болды.Бұл Франция,Австро-венгрия,Ресей,Англия мем/і үшін мазасын алатын оқиға еді.Алайда ол кездері ол өзінің дұрыс бағасын алмаған еді.Салыстыру:Негізінен келгенде екі мемлекеттегі де бірігу саяси және дип/қ айла тәсілдер мен қару күшімен келген еді.Италияда – бірігу үрдісі «жоғарыдан» басталып, «төменнен» қолдау тапты десе болады,ал Германияда бұл халықтың қатысуынсыз Бисмарк шебер дип/ң жемісі болды.Сонымен қатар Италияның бірігуі сол кездегі қолайлы х/а қат/жағдайымен түсіндіруге болады – Австро-венгрия әлсіреп тұрды,Англия мен Ресей бейтараптылық ұстанды,ал Франция толық қолдау көрсетті.Германия бірігу үрдісі – саяси құралдар мен соғыс н/де мүмкін болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]