Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21-30.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
29.8 Кб
Скачать

27. Тәуекелді басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

Ж оба мақсаты

Ш аруашылық жағдай Тәуекелдер деңгейлері Оқиғаның болу жайлы ақпарат және ықтималдылығы

о ны талдау

Басқару стратегиясын Тәуекел деңгейлерін Тәуекелді

т аңдау төмендету әдістері шешімдерді

психологиялық

қабылдау

Т әуекелдерді төмендету бойынша іс-әрекеттер бағдарламасы

Б ағдарламаны орындауды ұйымдастыру

Б ақылау

Талдау, нәтижелерді бағалау, шешімдерді талдау

Инвестициялық жобаны талдау статикалық, өзгеріссіз тәуекелге қарауды емес, деңгейіне әсер ету мүмкін әрі керекті басқарылушы параметрлі тәуекелге қарауды қарастырады. Осыдан оларды минимализациялау немесе жлю мақсатымен оларға әсер ету қажеттілігі жайлы шешім қабылдау керек. Бұл мүмкіндіктерді талдау және олармен байланысты методологияға мүмкін тәуекелдің концепциясы бағытталады.

Мүмкін тәуекелдің концепциясы негізінде потенциалды себептердің толықтай жойылуының мүмкін еместігі туралы мақұлдауында жатыр. Бұл себептер оқиғалардың жағымсыз дамуына және таңдалған мақсаттан бет алуға алып келуі мүмкін. Бұл деңгей күтілетін табыс пен жоғалтулар қаупі арасындағы белгілі бір балансқа сәйкес келеді және арнайы есептіліктерді қоса ауқымды аналитикалық жұмысқа негізделеді.

Инвестициялық жобаға қатысты қолданылуда мүмкін тәуекелдің концепциясын іске асыру, жобаның тәуекелдерін бағалау және жобалық тәуекелдерді басқару арқылы жүргізіледі.

28. Тәуекелді идентицикациялау және бағалау әдісі

Тәуекелдерді идентификациялау – олардың басталуы жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу және қойылған міндеттерді жүзеге асыру қабілетіне теріс әсер ететін Қоғамның тәуекелдер ықпалына бейілділігін анықтау.

Қоғамның тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі бар тәуекелдер бойынша бүтін бейнесін көрсетуге және жүргізілген тәуекелдерді талдау сапасын көтеруге септігін тигізетін тәуекелдердің кең спектрін табуға және оларды кешенді түрде қарауға бағытталған.

Қоғам тұрақты негізде тәуекелдердің ең көп (максималды) спектрін табу, қоршаған тәуекелдер туралы хабардарлықты арттыру және ұйымның тәуекел мәдениетін дамытуға ынталандыру мақсатында барлық құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуы арқылы тәуекелдерді идентификациялау жүргізеді.

Тәуекелдерді идентификациялау үшін Қоғам тәуекелдерін идентификациялаудың және бағалаудың Ережелерінде егжей-тегжейлі сипатталған алға қойылған мақсаттар мен міндеттер негізінде тәуекелдерді идентификациялау, салалық және халықаралық салыстырулар, саминарлар мен талқылаулар, сұхбаттасулар, болған зияндардың мәліметтер базасы және т.б. секілді түрлі әдістемелер мен құрал-саймандардың комбинациясы пайдаланылады.

Идентификацияланған тәуекелдер мен оқиғалар тәуекелдер тіркелімі түрінде (ныанында, формасында) жүйеленеді. Қоғамның тәуекелдер тіркелімі өз қызметінде Қоғамның ұшырасуы мүмкін, сонымен бірге тәуекелдердің мүмкін болатын жүзеге асырылуының түрлі сценарийлері кіретін тәуекелдер тізімі болып табылады. Әр тәуекел бойынша тәуекел жеке меншік иесі анықталады, яғни өз функционалдық міндеттеріне қарай осы тәуекелмен ісі болатын құрылымдар. Тәуекелдер тіркелімі жаңа тәуекелдерді табу мүмкіндігі бойынша тұрақты негізде Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен толықтырылады.

Идентификацияланған тәуекелдерді жүйелеу келесілерге мүмкіндік береді:

  • тәуекелдер бағдарын (бизнес-процестер, құрылымдық бөлімшелер, жобалар және т.б. бойынша) салыстыруды жақсартуға мүмкіндік беретін тәуекелдердің жіктелімдік және сандық бағалауында дәйектілікке қол жеткізуге;

  • тәуекелдерді сандық бағалау технологиялары және анағұрлым күрделі құрал-саймандар түзудің тұғырнамасын ұсынуға;

  • Қоғамдағы тәуекелдерді келісімді басқару және бақылау мүмкіндігін ұсынуға.

Тәуекелдерді бағалау және идентификациялау нәтижелері іс-шараларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, сыни тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сыни тәуекелдер туралы ақпаратты қамтитын негізгі тәуекелдер туралы Есеп түрінде Қоғамның Директорлар кеңесіне және Басқармасына, сонымен бірге тиісті комитеттерге (Қоғамның тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелерімен дайындалады) ұсынылады.

Тәуекелді бағалау әдістері:

  1. Сезімталдықты талдау

  2. Тұрақтылықты тексеру

  3. Залалсыздық нүктесін анықтау

  4. Жобаның параметрлерін түзету

  5. Белгісіздік жағдайды сипаттау

  6. Сценарийді талдау

  7. Монте Карло әдісі

  8. Шешімдер ағашын құру

  9. Тәуекелді эксперттік талдау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]