Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21-30.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
29.8 Кб
Скачать

25. Тәуекелді эксперттік талдау әдісі

Жоба тәуекелін және тиімділікті сандық бағалау үшін қажетті ақпарат көлемі жеткіліксіз болса, жобаның бастапқы кезеңдерінде тәуекелдерге эксперттік талдау жүргізіледі (нәтиже қателігі 30 %-дан асуы мүмкін).

Тәуекелді экспертті талдау жетістіктері:

  • алынатын нақты мәліметтердің және қымбат бағдарламалар құралдарының қажетсіздігі;

  • жобаның тиімділігін есептемес бұрын бағалау жүргізу мүмкіндігі;

  • есептеулердің оңтайлылығы

Негізгі кемшіліктері:

  • тәуелсіз экспеттерді тартудың қиындығы;

  • бағалаудың субъективті жүргізілуі.

Тәуекелді бағалау үшін тартылатын эксперттер келесілермен қамтылу қажет:

  • жобаны дайындаушының барлық ақпаратымен қамтылуы;

  • креативті ойлауы;

  • осы сала бойынша қажетті білім деңгейінің болуы;

  • айқындалған тәуекел түрлерінің кез-келген санын бағалау мүмкіндігі.

Тәуекелді эксперттік талдау алгоритмі:

  • әрбір тәуекел түрі бойынша осы жобаны жүзеге асыратын және осы ұйым үшін қолайлы шекті деңгейді анықтайды. Тәуекелдердің шекті деңгейі жүз баллдық шкала бойынша анықталады;

  • қажетті жағдайда құпиялы болып табылатын эксперттердің компетенттілігін дифференциалды бағалау. Бағалау он баллдық шкала бойынша жүргізіледі;

  • тәуекелдер эксперттердің көзқарасы бойынша тәуекел жағдайының туындау ықтималдығымен және осы жобаның жетістікпен аяқталуына ықпал ететін осы тәуекелдердің қауіпті болуымен бағаланады. Жүз баллдық шкала бойынша жүргізіледі;

  • әрбір тәуекел түрі бойынша эксперттердің қойған бағалары жоба дайындаушымен қатеге қойылады. Кесте бойынша әрбір тәуекел түрінің интегралды деңгейі анықталады;

  • эксперттік сұрау нәтижесінде тәуекелдердің интегралды деңгейі салыстырылып, шешім қаыбылданады.

Эксперттік топты ұйым мүшелерін және жоғары білікті мамандарды сырттан шақырғанда эксперттік топ мүшелерінің саны шамамен 5,7, яғни тақ санды болуы тиіс.

26. Тәуекелді төмендету әдістері

  • тәуекелдерді бөлу немесе диверсификациялау;

  • құралдарды резервтеу;

  • тәуекелді сақтандыру

Тәуекелдерді бөлу немесе диверсификациялау. Мұнда жоба қатысушылары арасында тәуекелдер бөлінеді. Жоба тәуекелдерін оның қатысушылары арасында бөлу, сол тәуекелді тиімді төмендетудің бір жолы. Көбінесе нақты бір тәуекел түрі бойынша сол тәуекелді туа және сапалы есептей және бақылай алатын қатысушының біреуін жауапты етіп қою керек. Тәуекелдерді бөлу жобаның қаржылық жоспарын және нақты іс-қағаздарды дайындағанда жасалады.

Алдын ала белгіленбеген шығындарды жабу үшін құралдарды резервтеу-жобадағы кедергілерден өту үшін жоба құнына және шығын мөлшеріне әсер ететін потенциалды тәуекелдер арасындағы қатынас орнатуды қарастыратын тәуекелмен күресуді көрсетеді.

Егер де белгілі бі тәуекел жағдайында жоба қатысушылары өз күштерімен жобаны жүзеге асыра алмайтын болса, онда тәуекелді сақтандыруды жүзеге асыру керек. Тәуекелді сақтандыру бұл негізінде белгілі бір тәуекелді сақтандыру компанияларына ұсыну

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]