Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
02.09.2019
Размер:
137.73 Кб
Скачать

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қазақ отбасы.

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке- отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.

Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.

Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.

2.«Денсаулық – басты байлық» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше, себебі әке – отбасының тірегі.

22 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Абайдың мұражай-үйі.

Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі - ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.

1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 жыл толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссиясының шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай-үйіне айналды.

Ол 1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс- келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді.Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте-қазанаспа.Оған екі қазан орнатылған.Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағамдар әзірленген.Қазанаспаның жанында екі самауыр тұр.Оң жақ босағада асадал мен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы екі бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген.

Ас үйдегі мұнан өзге тарихи мұрағаттардың бірі –суреттер. Қонақ үйде Абайдың орыс достары Е.П. Михаэлис, С.С.Гросс, Н.И. Долгополовтың суреттері бар.

Мұражайдың температурасы қысы- жазы бірқалыпты. Оның қабырғалары таспен қаланған.

2.Өзіңе ұнайтын бір өлеңді немесе прозалық шығарманың үзіндісін оқы.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Жидебай Абайдың туған жері болғандықтан, бұл өңірде ақынның мұражайы ашылды.

23 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Келін – отбасының берекесі.

Кім де болса ұлымен өсіп, қызымен көгереді. Отбасына ұл бала келсе, әкесі қуанып, «шаңырақ иесі» туды деп қатты қуанады. Қыздарын да шет көрмейді, бірақ «Қыз бала –жат жұрттық » деп, ерекше қадірлеп құрметтейді.

«Ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырды » деген аталы сөз де ұл өз ұясында,өз

мекенінде қалады дегенді білдіреді. Сол ұлымыз өседі, азамат болады, өзінің жылы ұясына өмірлік серігін тауып әкеледі.

«Ұл - өз қуанышың, келін - көз қуанышың » дегендей, келін алғашқы немерені сүйгізеді.

«Жақсы келін – құт, жаман келін - жұт»,- дейді халық. Берекелі келін күйеуінің табысын ұқсатып, дастарқанын жайып, туған-туысқандарымен тату-тәтті өмір сүреді. Мұндай келінді үйдің құты, ағайынның ардақтысы дейді.

2. «Қазақстан мұражайлары» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Отбасына ұл бала келгенде, әке-шешесі қатты қуанады.

24 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Азиада – 2011.

Алматыда 7-Қысқы Азиада ойындарының жабылу рәсімі өтті.

Азиаданың жабылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда 7-Қысқы Азия ойындарының салтанатты жабылу рәсіміне қатысты. Елбасы өз сөзінде

7-Қысқы Азия ойындары халықаралық өмірдегі ірі оқиға болғанын атап өтті.

Астана мен Алматының спорттық алаңдарында 27 мемлекеттің ең үздік атлеттерінің арасында таза бәсеке өтті. Алғаш рет 69 комплекті медальдар сарапқа салынды. Бұл - қысқы Азиада үшін рекорд. Қазақстан осындай жоғары деңгейдегі жарысты өткізуге қабілетті континенттік елдер қатарына қосылды.

Мемлекет басшысы VII Қысқы Азия ойындарын жабық деп жариялады.

Азиаданың қорытындысы бойынша, Қазақстан жалпы командалық есепте 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль иеленіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынға - 13 алтын, 24 күміс, 17 қола медальдармен Жапония, ал үшінші орынға - 13 алтын, 12 күміс, 13 қола медаль алған Оңтүстік Корея ие болды. Төртінші орынды - 11 алтын, 10 күміс, 14 қола алған Қытай иеленді.

2. «Өңіріміздің ұлы ғалымдары» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Ойымды жалғастырыңдар: Адам – табиғат баласы, сондықтан ... .

25 билет

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы - 2011

Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.

Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды.

Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде.

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз.

Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар.

2020 жылға қарай біз оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін боламыз. Ол үшін біз 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаржысы есебінен кемінде екі жүз мектеп салып, осынша мектепті жергілікті бюджет есебінен тұрғызамыз.

Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс.

2. «Ақ қайың өлкесі» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Морфологиялық талдау жасаңдар: көктемгі, бағасын.

1 билет

1.«Манаш Қабашұлы Қозыбаев» мәтінін әңгімеле, оқы, аудар, сұрақтар қой.

2. «Менің сүйікті пәнім» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар: заман талабы, көп тіл білу, ана тілім, мемлекеттік тіл, менің болашағым, әке-шешемнің арманы.

2 билет

1. «Қонақасы» мәтінін әңгімеле, оқы, аудар, сұрақтар қой.

2. «Менің отбасым» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Қазақ халқының ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлық.

3 билет

1.«Домбыра» мәтінін әңгімеле, оқы, аудар, сұрақтар қой.

2. «Менің Отаным»тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Еліміздің қай түпкіріне барсаңыз да, әр үйдің төрінен домбыра көресіз.

4 билет

1.«Әбілхан Қастеев» мәтінін әңгімеле, оқы, аудар, сұрақтар қой.

2. «Менің мектебім» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Әбілхан Қастеев 1904 жылы Талдықорған облысы Жаркент қаласында дүниеге келген.

5 билет

1.«Мұражайға саяхат» мәтінін әңгімеле, оқы, аудар, сұрақтар қой.

2. «Туған қалам» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Мұражай-үйінде қала тұрғындары, қонақтар жиі болып тұрады.

6 билет

1.«Астанадағы археологиялық мұражай» мәтінін әңгімеле, оқы, аудар, сұрақтар қой.

2. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Сөздерді құрамына қарай талдаңдар: табылады, заманымызға, мемлекеттік.

7 билет

1.«Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» мәтінін әңгімеле, оқы, аудар, сұрақтар қой.

2.Жыл мезгілдері туралы диалог құрастырыңдар.

3.Морфологиялық талдау жасаңдар: облыстық, Қызылжардың.

8 билет

1.«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мәтінін әңгімеле, оқы, аудар, сұрақтар қой.

2.Мемлекеттік рәміздері туралы диалог құрастырыңдар.

3.Фонетикалық талдау жасаңдар: бірыңғай.

9 билет

1.«Назарбаев Университеті» мәтінін әңгімеле, оқы, аудар, сұрақтар қой.

2. «Еліміздің мемлекеттік тілі» тақырыбына диалог құрастырыңдар.