Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
02.09.2019
Размер:
137.73 Кб
Скачать

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

2010 жылы Елбасының жобасы бойынша Астана қаласында «Назарбаев Университеті» құрылып, еліміздің озат жастары осы білім ошағына оқуға түсуге тырысады.

10 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қасиетті сандар.

Қазақ халқының тарихында 7, 9, 12, 40 сандары қасиетті болып саналады. Жеті санына байланысты: жеті байлық, жеті жұт, аптаның жеті күні деген ұғымдар бар. Ұлы Тәуке хан кезінде жазылған заңның да аты «Жеті жарғы».

Қазақ отбасында адам қайтыс болғанда жетісін береді, жеті шелпек пісіреді.

12 саны да киелі болып саналады. Адам өмірінің алғашқы он екі жылы ең маңызды жылдар болып есептеледі. Содан кейін 12 жылдан қосылып, «мүшел» деп аталады. Осы кез қатерлі кез деп аталады. Осы санға байланысты «он екі мүшең сау болсын», «он екіде бір нұсқасы жоқ» деп айтады.

2.Спорт туралы диалог құрастырыңдар.

3.Мына сөздерге мәндес сөз табыңдар: әсем, ..; халық, ..; шәкірт, ..; дәстүр, ...

Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөз жазыңдар: білімді - ..,тәртіпті - .., жалқау - .., лас - ... .

11 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қара шаңырақ.

Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туған-туысқандары жиналады. Әке-шеше қара шаңырақты кіші ұлына, кенже баласына береді. Қазақ отбасында кенже ұл - шаңырақ иесі. Кенже бала әке-шешесімен тұрады. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады.

Бұл дәстүрдің мәні зор. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.

Елтаңбамыздағы тұлпарлардың мүйіздері жеті буыннан тұрады. Жеті буын

қазақтың «жеті атасын білмеген - жетесіз» дегенін аңғартады.

2.Өзің туралы диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Қазақ отбасында кенже ұл – шаңырақ иесі, сондықтан ол әке-шешесімен тұрады.

12 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қазақ отбасының тәрбиесі.

Қазақ отбасында бала тәрбиесіне көп назар аударған. «Үбірлі-шүбірлі» бол деп бата беріп, көп балалы болуды тілеген. Ата-анасы үшін отбасындағы балалардың бәрі бірдей болғанмен де, дәстүрлі түсінікте әр баланың өз орны болған. Алғашқы бала – тұңғыш аталады. Әке-шеше оны «енші басы » деп

еркелете ұстап, басқа балаларына үлгі етеді. Тұңғыш баланы ата-анасы үйдегі

әже-атасына беріп, бала солардың тәрбиесінде болады. Қазақ шаңырағында кішісі үлкенін сыйлау рәсімі қатаң сақталған. Үлкен адам келе жатса, оның жолын кесуге болмайды. Еш уақытта жасы кіші адам үлкенмен ұрыспайды.

Үйінде тәрбие көрген бала, жаман қасиеттен аулақ болады. Егер бала айтқанды тыңдамаса, «әке-шешенің тәрбиесін көрмеген» деген сөгіске қалады.

2. «Үш жұрт» туралы диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Үлкен адам келе жатса, оның жолын кесуге болмайды.

13 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Үлкен үй және отау.

Қазақ халқында ата-ана ұл баласымен бірге тұрады. Ұлдары бірнешеу болса, үлкендері үйленгенсін олардың әрқайсысына енші беріп, өз алдына бөлек шығарады. Бұл баланың үйі енді «отау» деп аталады. Жағдайына қарап, әке-шешесі баласына мал, мүлік «енші» береді. Әдетте ата-ананың қолында ең кіші ұлы – кенжесі қалады. Бұл үй – үлкен үй, қара шаңырақ деп аталады.

Осы үйде барлық туған-туысқандар, ағайындар жиналады. Алыста жүрген ағайындар ауылға қонаққа келгенде, қара шаңыраққа кіріп, қариялармен амандасу міндетті.

2. «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына диалог құрастырыңдар.