Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
02.09.2019
Размер:
137.73 Кб
Скачать

1 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Манаш Қабашұлы Қозыбаев

М.Қ.Қозыбаев 1931 жылы 16 қарашада қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл басындағы ауылда дүниеге келген.

1947 жылы Меңдіқара педагогика училищесін, 1953 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді.

М.Қозыбаев – тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Президентінің «Бейбітшілік және рухани келісім» сыйлығының лауреаты.

М.Қозыбаев 800-ден астам ғылыми және ғылыми - көпшілік еңбектерінің, соның ішінде 30 монографияның, 50-ден астам ұжымдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

Академик Манаш Қозыбаев 2002 жылы қайтыс болды. Ұлы ғалымның есімін мәңгілік сақтауға байланысты 30 мамыр 2003 жылдан ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.

2. «Менің сүйікті пәнім» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар: заман талабы, көп тіл білу, ана тілім, мемлекеттік тіл, менің болашағым, әке-шешемнің арманы.

2 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қонақасы.

Қонақасы –салт. Халқымыздың тарихи, әлеуметтік тұрмыстық жағдайындағы ерекше бір қымбат дәстүрі – осы қонақжайлық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасы беру – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі. Қазақ қашанда семіз қойын, басқа да тәтті тағамдарын әдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтіп отырған. Қонақ та кез-келген үйге түспейді, қонақжай, дастарқаны мол,таза, өнегелі ұл-қызы бар үйді таңдайды. Халық дәстүріне қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады. Қазақ оларды арнайы қонақ, құдайы қонақ деп бөледі. Қыдырма қонақ деген де бар. Бірақ ол сыйлы қонақ емес.

2. «Менің отбасым» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Қазақ халқының ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлық.

3 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Домбыра.

Қазақ халқының ежелгі халық аспаптарының саны 40-қа жуық. Олар негізінен шекті, ысқышты, үрмелі, соқпалы болып бөлінеді. Ежелгі халық аспаптарының біріне домбыра жатады. Домбыра мына бөлшектерден тұрады: құлақтары, мойыны, пернелер, ішектер, тиектер, тегеріш.

Домбыра халқымыздың саз өнерінің ажырамас бөлшегіне айналды. Ол қазақтың ғасырлар бойғы жан серігі. Еліміздің қай түпкіріне барсаңыз да, әр үйдің төрінен домбыра көресіз. Соңғы кезде домбыраға қобыз, скрипка, гитара қосып, эстрада сахнасының сәнін келтіріп жүрген топтар мен ансамбльдер көбейіп келеді.

2. «Менің Отаным»тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Еліміздің қай түпкіріне барсаңыз да, әр үйдің төрінен домбыра көресіз.

4 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Әбілхан Қастеев.

Әбілхан Қастеев 1904 жылы Талдықорған облысы Жаркент қаласында дүниеге келген. Ол 1929-1936 жылдары Алматыда және Мәскеудің көркемсурет студиясында оқыды. Ол сурет салуды өнер қылған, өзінің өмірінің өзегіне айналдырған дара туған жан. Әбілхан Қастеевтің қаламынан туған «Жайлауда», «Медеу» атты шығармалары туған жерге деген махаббатын, қазақ ауылының өмірін және әсем табиғатын бейнелейді. Оның азамат соғысына арнаған көркем туындылары көпшілікке танымал. Ә.Қастеевтің адам таңқаларлық портреттерінің бірі – Абай, Амангелді, Жамбылдың портреттері. Әбілханның әр жанрдағы жүздеген туындылары -қазақ сурет өнерінің алтын қазынасы.

2. «Менің мектебім» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Әбілхан Қастеев 1904 жылы Талдықорған облысы Жаркент қаласында дүниеге келген.

5 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Мұражайға саяхат.

Петропавл қаласында қазақтың басын біріктірген ұлы ханы – Абылай ханның мұражай - үйі бар. Ол қаланың Ой қала атты ықшамауданында орналасқан. Мұражай - екі қабатты, бес бөлмелі ғылыми-мәдени орталық. Мұражайда ханның заманында қолданылған үй жабдықтары, төсек-орын, ыдыс- аяқтары жиналған, әйгілі Аңырақай шайқасынан көрініс панносы жасалған. Бұл мұражайда жиналған деректер ханның өмірі мен өткізген саясатынан толық мағлұмат беретін мәдени мекеме.Мұражай-үйінде қала тұрғындары, қонақтар жиі болып тұрады.

2. «Туған қалам» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Синтаксистік талдау жасаңдар:

Мұражай-үйінде қала тұрғындары, қонақтар жиі болып тұрады.

6 билет