Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
02.09.2019
Размер:
137.73 Кб
Скачать

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Астанадағы археологиялық мұражай.

Астанадағы археологиялық мұражайда көптеген құнды ескерткіштер сақтаулы. Мысалы, «Алтын адам» ескерткіші. Ол 1970 жылы Есік қорғанынан табылды. Оны қазақ археологі Кемел Әкішев тапты. «Алтын адамды» ғалымдар біздің заманымызға дейінгі 5-6 ғасырлар ескерткіші дейді. Оның киімі алтыннан жасалған. Ескерткіштен төрт мыңнан аса алтын бұйымдар табылды. «Алтын адам» ескерткішінің көшірмесі Алматыда Орталық мемлекеттік мұражайда тұр. «Алтын адам» ескерткішінен көптеген ыдыстар, қару-жарақ, әшекей бұйымдар табылды.

2. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

3.Сөздерді құрамына қарай талдаңдар: табылады, заманымызға, мемлекеттік.

7 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.

Патша заманында салынған көне ғимараттар алпысыншы жылдары қиратылғанда аман қалған ескі қоныстардың бірі – Т.Аркель деген көпестің екі қабатты үйі, осыдан 35 жыл бұрын облыстық өлкетану мұражайы орналасқан тамаша ғимарат. Екі қабатты бұл қоныстың пішіні әжептәуір күрделі. Ол 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезіне тән эклетика стилімен салынған. 19 ғасырдың соңында осы үйге жапсарлас салынған Стрелов деген көпестің бұрынғы дүкені де қазір мұражай кешенінің бір бөлігіне жатады. Өлкетану мұражайы барлығы 2,7 мың шаршы метр алаңды алып жатыр. Бұл қоныс Қызылжардың ескіні еріксіз елестететін бір бұрышы болып табылады.

2.Жыл мезгілдері туралы диалог құрастырыңдар.

3.Морфологиялық талдау жасаңдар: облыстық, Қызылжардың.

8 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі Елбасының Жарлығына сәйкес құрылып, Астана қаласындағы бұрынғы Резиденциясында орналасқан. Музей экспозицияларында егеменді Қазақстанның тарихына байланысты және елдің Тұңғыш Президентінің өмірінің барлық кезеңдерінің алуандығын, қоғамдық және мемлекеттік қызметін толық ашып көрсететін мұрағаттық құжаттар, ғылыми еңбектер, кітаптар, сыйлықтар коллекциялары мен наградалар, басқа да материалдар қойылған.

Ғимараттың сыртқы бейнесі нақтылық және үйлесімділігімен ерекшеленіп, жақын орналасқан алаңымен қоса, бірыңғай әсем сәулеттілікпен үндесіп тұрғандай. Нақ осы жерде шетелдік ресми тұлғалар мемлекеттің әнұранының бастауымен біздің еліміздің Басшысын, қазақ жерін, республиканың көп ұлтты халқын қошаметтеді.

Кешегі өткен және қазіргі, бүгінгі күннің оқиғаларымен бөлінбестей тығыз байланысты. Сондықтан экскурсия осы жерден бастау алады.

2.Мемлекеттік рәміздері туралы диалог құрастырыңдар.

3.Фонетикалық талдау жасаңдар: бірыңғай.

9 билет

1.Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар.

Назарбаев Университеті.

2010 жылы Елбасының жобасы бойынша Астана қаласында «Назарбаев Университеті» құрылды. Астананың жаңа университеті бірізділікті, үздік халықаралық білім беру моделін жоспарлайды. Университеттің негізгі мақсаты – ең үздік инженерлік қызметкерлерді, генетика, биохимия, биофизика бағытындағы ғылыми қызметкерлерді дайындау.

Жаңа Университеттің аясында Астанада үш бағыттағы ғылыми орталық құрылады. Олар: өмір туралы ғылымдар орталығы, энергетикалық зерттеулер орталығы, пәнаралық аспаптық орталық.

Бұл Университеттің миссиясы: еліміздің зиялы ғылыми-техникалық және инженерлік элитасын қалыптастыру және халықаралық деңгейдегі беделді университет құру.

2.Еліміздің мемлекеттік тілі туралы диалог құрастырыңдар.